Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу.




Мақсаты: Бастың шашты бөлiгiнде биттер мен сiркелердi жою (бөртпе сүзегiнің алдын алу)

Жабдықтану:

Бикстегi қорғаушы киiм жинағы- медициналық халат, бас орамалы, маска, клеенкалы алжапқыш, перчаткалар. Екi полиэтилен бас орамалдары, клеенкалы жайалық, екi қол-орамалы, мақта тампондары, өзек (стержень), шампунь, 6% уксус ертiндiсi (30С қыздырылған), клеенкалы қап, қайшы, таза тарақ.

Шашты өртеу үшiн леген (таз), сiрiңке.

Кез-келген дезинсекциялы ертiндi (педикулездi):

а) 20% бензилбензоат немесе ниттифор эмульсияларының ертiндiсi

б) бiрдей көлемде 0,5% метилацетафос ертiндiсi мен 6% сiрке қышқылы ертiндiсi

в) 0,25% дикрезил ертiндiсi

Бұлардан басқа таза iшкi- киiмдер болу керек, сырқатнама немесе амбулаторлы карта және педикулезға қарауға арналған журнал, инфекциялық ауру жайлы жедел хабарлама үлгісі.

Қажеттi шарт:Қарсы көрсеткiштердi ескерту. Оларға бас терiсiнiң аурулары бар, жүктi, босанған және омыраумен қоректендiретiн әйелдер, бес жасқа дейiнгi балалар жатады.

Өңдеудi арнайы, жақсы желдетiлетiн бөлмеде жүргiзу.

Науқастың құқығын, инфекционды қауіпсіздігін, конфеденциалдылықты сақтау.

 

Шараға дайындық:

1 Науқасқа онда педикулез бар екенiн хабарлап, өңдеудi өткiзуге рұқсат алу.

2 Қосымша халатты, бас орамалын, аяқ-киiмдер, перчаткаларды, маска, алжапқышты кию.

3 Науқасты клеенкамен жабылған кушеткаға отырғызу.

4 Науқастың иықтарын клеенкамен жайылықпен жабу.

Шараны орындау:

1 инструкцияға сәйкес дезинсекциялы ерiтiндiнiң бiрiмен шашты өңдеу.

2 науқастың шашын полиэтиленді байлауышымен жауып, орамалмен орау (20мин)

3 шашты алдымен жылы сумен жуу, содан кейiн жуғыш ерiтiндiмен, орамалмен құрғату.

4 науқастың жылытылған 6% ас сiрке ерiтiндiсiмен өңдеу.

5 шашты полиэтиленмен байлаушымен жауып, 20 минутқа орамалмен орау.

6 шашты жылы ағынды сумен жуып, орамалмен құрғату.

7 басты ақ қағаз бетiне еңкейтiп, жиi тiстi тарақпен тарау.

8 науқастың шашын қайтадан қарау, биттер мен сiркелердiң жоқтығына көз жеткiзу.



Шараның аяқталуы:

1 қағазды өртеу.

2 науқастың киiмiн және iш киiмiн, медбикенiң арнайы киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу.

3 қапты дезкамераға жiберу, тарақты 70% спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.

4 сырқатнаманың сыртқы бетiнде, амбулаторлы картада, не педикулезге тексеру журналында анықталған педикулез жайлы белгi қою (Р).

5 МОСЭБ-ға инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама жiберу, науқастың мекен-жайы бойынша педикулездiң анықталуын тiркеу.

6 жетi күннен кейiн науқас басының шашты бөлiгiн қайтадан тексеру. Керек болса санитарлы өңдеу жүргiзу.

Ескерту:Егер шашты қию қажет болса, астына елеуiш қойып қияды және қиылған шашты өртейдi.

Педикулезде бастың шашты бөлiгiн механикалық әдiспен өңдеу.

Мақсаты: Бастерiсiнiң аурулары бар жүктi, босанған және омыраумен қоректендiретiн әйелдер, бес жасқа дейiнгi балалар басының шашты бөлiгiнде биттер мен сiркелердi жою (бөртпе сүзегiн алдын алу)

Жабдықтану:

1 Бикстегi қорғаушы киiм жинағы- медициналық халат, бас орамалы, маска, клеенкалы алжапқыш, перчаткалар. Екi полиэтилен бас орамалдары, клеенкалы жайалық, екi қол-орамалы, мақта тампондары, өзек (стержень), шампунь, 6% уксус ерiтiндiсi (30С қыздырылған), клеенкалы қап, қайшы, таза тарақ, мақта тампондары немесе жiктерi.



Шашты өртеу үшiн леген (таз), сiріңке.

Дезинсекциялы (педикулидтi) ерiтiндiлердiң бiрi:

а) 20% бензилбензоат немесе ниттифит эмульсияларының ерiтiндiсi;

б) бiрдей көлемдегi 0,5% метилацитофос ерiтiндiсiмен 6% сiрке қышқылы ертiндiсi.

в) 0,25% дикрезил ертiндiсi

Таза iшкi киiм.

Сырқатнама немесе амбулаторлы карта және педикулезді қарауға арналған журнал

Инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама.

 

Қажеттi шарт:

өңдеудi арнайы, жақсы желдетiлетiн бөлмеде жүргiзу

науқастың құқығын, инфекционды қауіпсіздiгiн, конфеденциалдықты сақтау

Шараға дайындық:

науқасқа онда педикулез бар екенiн хабарлап, өңдеу өткiзуге рұқсат алу

қосымша халат, бас орамал, аяқ-киiм, перчатка, маска, алжапқыш кию.

науқасты клеенкамен жабылған кушеткаға отырғызу.

науқастың иықтарын клеенкалы жайалықпен жабу.

Шараны орындау:

1 Бастың терiсiн емес, шаштарды жылы ас сiрке қышқылымен өңдеп, механикалық жолмен биттiң тiрiлерiн алып жою.

Ескерту:Сiрке қышқылы науқастың көзiне түспеуiн бақылау, ал шаштар бiркелкi сулану керек.

2. Науқастың шашын полиэтилен байлаушымен жауып, орамалмен 20 минутқа орау.

3. Сiрке қышқылында матырылған тарақтың тiстерiнiң арасына мақта талшықтарын немесе жiптi өткiзу және сiрке қышқылына сулау.

4. Шашты алдымен жылы сумен жуу, содан кейiн жуғыш ерiтiндiмен, орамалмен құрғату.

5. Басты ақ қағаз бетiне еңкейтiп, жиi тiстi тарақпен тарау. Тарақты 70% спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.

6. Шашты жылы ағынды сумен жуып, орамалмен құрғату.

Шараның аяқталуы:

1 науқастың киiмiн және iш киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу.

2 науқастың киiмiн және iш киiмiн медбике арнайы киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу

3 қапты дезкамераға жiберу, тарақты 70С спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.

4 сырқатнаманын сыртқы бетiнде, амбулаторлы картада педикулез жайлы белгi қою (Р)

5 МОСЭБ-ға инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама жiберу, науқастың мекен-жайы бойынша педикулездың анықталуын тiркеу.

6 жетi күннен кейiн науқас басының шашты бөлiгiн қайтадан тексеру керек болса санитарлы өңдеу жүргiзу

Ескерту:Егер шашты қию қажет болса, астына елеуiш қойып қияды және қиылған шашты өртейдi.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.013 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал