Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Құндылықтар әлемі






 

Рух, руханият ұ ғ ымдарын нақ тылай келе біз қ ұ ндылық тар ә леміне келіп тірелеміз. Оны зерттейтін философия саласын аксиология (aksіos, - қ ұ нды, logos, - ілім) дейді. Жалпы алғ анда, қ ұ ндылық тар деп адам ө мірінің бағ ытын анық тайтын, оғ ан керек, мә нді, оның қ ұ рмет тұ татын, керек болса, бас иетіннің бә рін жатқ ызуғ а болады. Қ ұ ндылық тар ә лемінің ө мір сү руінің терең себептері – адамның ө зінде, оның саналы пенделігінде, ө мірдің мә н-мағ насын іздеуінде жатса керек. Ө йткені, адам – ерікті пә нде, ол ө з тағ дырын ө зі кү нделікті ө мірге келетін мү мкіндіктерді таң дау арқ ылы жасайды.

Дү ниенің екі жағ ын – материя мен рухты – бір-бірінен ажыратып бө лек қ арауғ а болмайды, біз оны жоғ арғ ы тарауларда кө рсетуге тырысқ ан болғ анбыз. Адамның ө зі, бір жағ ынан, дене болса, екінші жағ ынан, - рух емес пе? Дегенмен де, қ ұ ндылық тар ә лемін, негізінен, екіге бө луге болады. Олар – материалдық жә не рухани қ ұ ндылық тар. Қ айсыбір рухани қ ұ былыс ө мірге келу ү шін заттанса, яғ ни, материалдық қ абық қ а ие болса, онда шынайы ө мірде материалдық жә не рухани қ ұ ндылық тарды бір-бірінен қ алайша айырып алуғ а болады? Оларды бө лудің негізінде адамдардың сан-алуан қ ажеттіктері жатса керек. Қ ажеттік деп адамның ө мір сү руіне, оның жан-жақ ты дамуына керектінің бә рін айтуғ а болады.

Бү гінгі қ оғ амдағ ы адамдардың қ айсыбірі рухани қ ажеттіктерін оятып, ең жоғ арғ ы сатығ а кө терілді деп айту шындық қ а жатпас еді. Ө кінішке орай, материалдық қ ұ ндылық тарғ а қ ұ мартқ ан кө пшілік бү гінгі таң да соның шырмауынан шығ а алмай жатыр.

Егер қ айсыбір жануардың қ ажеттіктері оның инстинктері арқ ылы берілсе, адамның қ ажеттіктері оның сана-сезімдерінен ө тіп, белгілі бір мү дделерге айналады. Жануарлар бір нә рсеге мү дделі деп айту ақ ылғ а сыймайды, ол тек адамғ а ғ ана тә н нә рсе. Ө з мү дделерін іске асыру ү шін адам алдына неше-тү рлі мақ сат-мұ раттар қ ояды. Соң ғ ыны іске асыру жолында адам ө з ырқ ын шың дап, неше-тү рлі қ иындық тардан ө туге дайын болуы керек. Орындалғ ан мақ сат-мұ рат келесі сатыда жаң а қ ұ ндылық тарғ а бағ ыттайды т.с.с.

Енді жоғ арыдағ ы айтылғ ан ойларды нақ тылай тү ссек, онда, ә рине, бірінші орынғ а ө мір, бү кіл тіршіліктің қ ұ ндылығ ын жатқ ызуғ а болар еді. Ал оның ең биік шың ы – сана сезімі, рухы бар адам. Сондық тан ұ лы И.Канттың моральдық императивтерінің бірі – адамды ә рқ ашанда мақ сат-мұ рат тұ т, оғ ан ешқ ашанда қ ұ рал ретінде қ арама, - деген терең ойы еді. Ал бұ л талаптан “адам бү кіл тіршіліктің патшасы болуы керек”, - деген тұ жырым шық пау керек. Керісінше, ол бү кіл тіршіліктің ең жетілген тү рі болғ аннан кейін, бә рін ө зімен бірге кө теріп (коэволюция), гү лдетіп, ү ндесті (гармония) ө мір сү руі қ ажет.

Ә рине, бү гінгі таң да адамды қ ұ рал ретінде пайдалану ө мірде жиі кездесетін қ ұ былыс. Адам ө мірде кейбір кезде ө з орнын таба алмай, қ иналып, зардап шегеді, тіпті ө мірден тү ң ілуі де мү мкін. Уақ ытында М.Монтень айтқ андай, “кімның басына сартылдап бұ ршақ ұ рып жатқ са, сол бү кіл жер бетін найзағ ай мен дауыл алып кеткендей кө реді”. Ол, ә рине, сол адамның ә лсіздігін, тіпті ақ ыл-ойының тайыздығ ын кө рсетеді дер едік. Ә рине, біз бұ л ө мірге сұ ранып келген жоқ пыз, бірақ, осы ғ ажап Дү ниенің бір кішкентай да болса бө лігі ретінде бармыз. Одан артық қ ұ ндылық бар ма екен?! Ө мір қ иындық тары, кездесетін сә тсіздіктер – уақ ытша, оларды жең е білу керек, ө йткені, сен – адамсың. Тү нде сансыз жұ лдыздар жымың қ ағ ып, Ғ арыштың ақ ылғ а симайтын терең дігін, сонымен қ атар, оның бізге жолдап отырғ ан жылы сә лемін кө рсетпей ме? Кү ннің алқ ызыл атуы мен батуы, асқ ар таулардың жарқ ырағ ан шың дары, шылдырлап бұ лақ тан ақ қ ан мө лдір су, мойынын бізге қ арай бұ рғ ан ақ қ удың ә семдігі, бұ лбұ л қ ұ стың ә ндері, қ ұ мнан қ ашқ ан ақ бө кеннің секіргені, сү йген жардың ә р қ имылы мен қ ылығ ы т.с.с. – бә рі де ғ ажап емес пе?!! Тағ ы да М.Монтень бізге мынадай ақ ыл тастайды – “ө мірді ә р қ ашанда қ уанышты сезіммен қ абылда, ол сенің даналығ ың ды кө рсетеді”.

Адам ө мірінен шығ атын келесі қ ұ ндылық - денсаулық, - оны дана бабамыз “бірінші байлық ”, - деп кеткен. А.Шопенгауер айтып кеткендей, “адамның бақ ытты болуының 9/10-ы оның денсаулығ ымен байланысты”. Расында да, тек денсаулық тың арқ асында ғ ана ө мірде кездесетін ауыртпалық тарды кө теріп жең уге, ішкі табиғ и дарындарды дамытып, шығ армашылық дең гейіне кө терілуге болады. Сондық тан, денсаулық қ а саналы тү рде қ арап, спортпен шұ ғ ылданып, уақ ытында тамақ танып, ө з дене ақ уалың а зә бірлік жасамау керек. Ішімдік, шылым шегу, нашақ орлық жолына тү су – ең зор байлық – денсаулығ ың ды ө з қ олың мен жойумен тең.

Сонымен қ атар, ө кінішке орай, ө мірде мү гедек, табиғ атынан ә лсіз туғ ан жандар да кездеседі. Мұ ндай жағ дайда олар ө з рухының кү ші арқ ылы ө мір мә нділігі мен қ ұ ндылығ ын, қ анша қ иын болса да, аша білуі керек, ол ү шін, ә рине, жақ ындары, жалпы қ оғ ам, мемлекет тарапынан кө мек қ ажет. Дү ниежү зілік тарих мұ ндай адамдардың ө мір қ иындық тарын жең е шығ армашылық дә режеге кө теріліп, ө з ө шпес ізін қ алдырғ аны жө нінде мың дағ ан айғ ақ тар келтіреді. Қ айсыбір қ оғ амның адамгершілік келбетін сол кем-тарларғ а жасағ ан ізгі істерінен кө руге болады. Ө кінішке орай, біз бү гін бұ л жағ ынан мақ тана алмаймыз.

Келесі қ оғ амның қ ұ ндылық тары – еріктік пен тең дік. Кең ес Одағ ы заманында тең дік қ ұ ндылығ ы жө нінде қ аншама кітаптар мен мақ алалар жазылып, болашақ коммунистік қ оғ амның ө зегі ретінде қ аралды. 1985 ж. жарияланғ ан “қ айта қ ұ ру” (перестройка) саясатынан осы уақ ытқ а дейін еріктік ұ раны (либерализм) қ оғ амдық ақ парат қ ұ ралдарының ө зекті мә селесіне айналды. Егер бұ рын партия-кең ес қ айраткерлері тең дік ұ ранымен бү ркеленіп, ө з мү дделерін іске асырса, бү гінгі “либералдар” тең дікті таза ұ мытып, еріктік ұ ранын пайдаланып, ұ лттық байлық ты жекешелендірді. Бұ л саяси сахнадағ ы кө ріністер. Енді біз бұ л қ ұ ндылық тарды философиялық тұ рғ ыдан талдап кө релік.

Біріншіден назар аударатын нә рсе - ә рбір қ оғ ам ө з даму дең гейіне сә йкес еріктік пен тең діктің белгілі бір мө лшерін анық тап, ө мірге ең гізеді. Тұ рпайы қ арапайым сана дең гейінде еріктікті “ойыма не келсе, соны істеймін” мен тең естіреді де, тең дікті – “бә рін тең бө ліп берумен” шатыстырады. Ал шынайы ө мірде ондай еріктік пен тең дік ешқ ашанда тарихта болмағ ан жә не болашақ та да болмайды. Абсолютті (шегіне жеткен) еріктік адамның басқ алардан тә уелдігін жойып, оны жалғ ыздық тың тұ ң ғ иығ ына ә келген болар еді. Екіншіден, ондай еріктік абсолютті тең дікпен ұ ласып, бір-бірін жойып (аннигиляция) жіберер еді. Сондық тан, француз ойшылы А.Камю ондай еріктікті “қ ұ зғ а бара жатқ анын байқ амайтын соқ ыр” адамғ а ұ қ сатты.

Ә рине, еріктік – адамның тектік қ асиеті, адам еріктікке жаратылғ ан пенде. Еріктіктің негізінде ғ ана адам шығ армашылық дә режеге кө теріліп, ө з бойындағ ы қ абілеттерін, талантын іске асыра алады. Адамды зорлап шығ арма тудыруғ а итеру мү мкін емес. Ө йткені, оғ ан шабыт керек. Ал зорлық пен шабыт бір-бірімен ымыраласпайтын нә рселер. ХХ1 ғ. қ ойғ ан талаптарына сә йкес даму ү шін ә р адамның ерікті де шығ армашылық ең бегі керек. Ол ү шін білімнің биік шың дарына жету қ ажет. Сонымен қ атар, адамның тең дікке деген ұ мтылысы да тарихтың қ озғ аушы кү штеріне жататынын ескерген жө н. Тең дік рухы кең етек алғ ан қ оғ амдарда адамдар ө з абыройын, намысын (мен ешкімнен де кем емеспін деген сезім) жоғ ары дең гейде сезінеді. Яғ ни, ол сезім де адамның шығ армашылық іс-ә рекетіне жол ашады.

Тә уелсіз елге айналып, ө з мемлекет іргесін қ алау барысында бұ рынғ ы тұ рпайы тең дікке негізделген қ оғ амды еріктікке баулуда біз біршама қ иындық тардан ө ттік. Біріншіден, лезде жарияланғ ан еріктік ұ ранын пайдаланып қ алғ ан белсенділердің саны аз болды да, талай жылдар “жоғ арыдан тү сетін бұ йрық тың ” негізінде ө мір сү рген кө пшілік жаң а жағ дайғ а таң ырқ ап қ арап, ө з қ амын іске асыра алмай қ алды. Тек талай зардаптан ө ткен қ алың бұ қ ара жаң а ө мірге бірте-бірте бейімделіп, біршамасы іскерлік танытып нарық тың қ ойнауына кіріп жатқ ан жағ дай бар. Жас мемлекеттің шағ ын жә не орта іскерлікті дамыту саясаты да халық тың еріктікті сезініп шығ армашылық ең бегін оятуғ а ө з себебін тигізді.

Бү гінгі таң дағ ы ө зекті мә селе – еріктік шең берін сапалы заң дар арқ ылы анық тап ө мірге ең гізу болмақ. Саясаттану тілінде оны “адам қ ұ қ тары” дейді. Сонымен қ атар, еріктік ұ ранын алғ а тартып, ойына не келсе, соны істегісі келетіндерге, ә сіресе, қ оғ ам ө міріндегі қ айшылық тарды пайдаланып, бә ріне “қ ара кү йе жағ ып” билікке ұ мтылғ андарғ а заң жү зінде тосқ ауыл қ ойылуы керек. Ә сіресе керекті нә рсе, бұ рынғ ы қ оғ амның кө п жетістіктерін қ араламай жаң а ө мірге ең гізу, соның ішінде – халық тың санасында ө шпес орын алғ ан тең дік сезімді тек заң жү зінде ғ ана емес, моральдық қ ұ ндылық ретінде сақ тап қ алу керектігі. Сонда ғ ана қ оғ амның шынайы демократизмін кө руге болады.

Халық тың санасында терең ұ яланғ ан келесі қ ұ ндылық - ә леуметтік ә ділеттілік. Бұ л қ ұ ндылық, сайып келгенде, еріктік пен тең діктің ө лшемін, бірлігін қ ұ райды. Ә леуметтік ә ділеттілікті тұ рпайы тең дікке тең еуге болмайды. Ө йткені, адамдар туа келе ә р-тү рлі, жү ре келе олардың бойындағ ы айырмашылық тары да ө се бастайды. Ө здерінің іскерлігі мен тапқ ырлығ ына байланысты адамдар ә р-тү рлі дең гейде ө мір сү реді. Солай десек те, ақ ыл-ойымызбен оны тү сінсек те, ә ділеттілік сезім кө п нә рселерді ө згертуге ұ мтылдырады, ө йткені, ол адамның жү регінде ұ яланғ ан. Ақ ыл-ой мен жү рек ақ иқ аттарының арасында біршама айырмашылық тар бар, кейбір жағ дайда жү рек шындығ ы тарихи кө кжиекті дә лірек сезінеді. Ә ділеттілік сезім кем-тарларғ а қ ол ұ шын беруді, ә лі ересек ө мірге кірмеген жастардың ө мір бастамасының тең болуын талап етеді. Расында да, ә лі ө мірге ешқ андай ү лес қ оспағ ан жастардың арасындағ ы ә леуметтік айырмашылық болашақ азаматтың жү регінде кө пке дейін жазылмайтын жара қ алдырады.

Ә леуметтік ә ділеттің талаптарын іске асыруда мемлекеттің ролін асыра бағ алау қ иын. Гегель айтқ андай, “мемлекет – адамгершілік идеясының шынайы болмысы”, ө йткені, оның негізгі мақ саты - қ оғ амның біртұ тастығ ын қ амтамасыз ету, тө мендегі ә лсіз ә леуметтік топтарғ а қ амқ орлық жасау. Тә уелсіз жас мемлекет алғ ашқ ы қ адамынан бастап ө зінің “ә леуметтік” мә нін шынайы тү рде кө рсете білді. Экономикадағ ы сан-қ илы қ иындық тарғ а қ арамастан, пенсионер, мү гедектер т.с.с. ә лсіз топтарғ а уақ ытында жә рдемақ ылар тө леніп, олардың кө лемі жыл сайын ө суде.

Сонымен қ атар, қ оғ ам ө мірінде мейрімділік, қ айырымдылық рухы ә рбір азаматтың ішкі дү ниесіне айналуы керек. Бү гінгі таң да неше-тү рлі қ айырымдылық қ орлар ә лсіз топтарғ а кө мек беріп, оларғ а моральдық қ олдау жасайды. Іскер топтардың ө кілдері де бұ л игі істерге жыл сайын кө бірек ү лес қ осуда. Талай жылдар бойы қ орланып қ алғ ан қ иын ә леуметтік мә селелердің бә рін шешуге біршама уақ ыт керектігі айдан анық. Ә леуметтік ә ділеттілік талаптарын мемлекет пен қ атар бү кіл қ оғ ам болып жұ мыла шешу керек.

Жоғ арыда кө рсетілген қ ұ ндылық тарды ө мірге ең гізудегі қ ұ қ ық нормаларының орны ерекше. Жалпы алғ анда, қ ұ қ ық деп біз ә леуметтік нормалар мен қ арым қ атынастардың мемлекеттің кү шімен қ орғ алатын, сондық тан, олардың талаптары жалпығ а бірдей қ адағ аланатын ерекше тү рлерін айтамыз. Олай дейтін себебіміз - қ оғ ам ө мірінде басқ а да ә леуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық, эстетикалық т.с.с. Қ ұ қ ық қ ұ ндылық тары – цивилизациялық даму дең гейінің туындысы, ө йткені, олардың ө мір сү руі мемлекетпен тығ ыз байланысты.

Негізінен, оларды екіге бө луге болады. Біріншісі – табиғ и қ ұ қ ық тар. Олардың ішіндегі іргетасты негізгі қ ұ ндылық - адамның ө мір сү руге деген қ ұ қ ы. Ешбір адам, қ андай лауазымды болмасын, мекеме т.с.с. бұ л қ ұ қ ық қ а қ ол сұ ғ а алмайды. Келесі қ ұ қ ық - адам еріктігі, ө йткені, ол тағ ы да оның рухани пенде ретіндегі тектік қ асиеті. Тең дік қ ұ қ ы да осыларғ а жатады, ө йткені, барлық адамдар бұ л дү ниеге бірдей келіп, соң ында – кетеді.

М.Вебердің айтуына қ арағ анда, табиғ и қ ұ қ тар деп мемлекет қ абылдайтын заң дарғ а қ арсы қ ойылатын, олардан жоғ ары тұ рғ ан ә ділетті қ ұ қ тар жө ніндегі тү сініктерді жатқ ызуғ а болады.

Теологиялық кө зқ арастар оларды Қ ұ дайдың даналығ ы мен еркі арқ ылы адамдарғ а берілген қ ұ қ тар деп есептейді. Мысалы, Орта ғ асырда ө мір сү рген А.Августин оларды қ айсыбір қ оғ амдағ ы тә ртіптің негізінде жатқ ан, ә ділеттіліктің ө лшемін қ ұ райтын Қ ұ дайдың қ ұ діретті кү шінен туғ ан “мә ң гілік заң ” ретінде қ арайды.

Рационалдық философия шең берінде табиғ и қ ұ қ тарды адамның парасатты ой-ө рісінен шығ арады.

Кейбір ағ ымдар табиғ и қ ұ қ тарды адамның терең ішкі дү ниесінде жатқ ан психикалық бастауларынан кө реді.

Қ алай дегенде де, қ азіргі ө мір сү ріп жатқ ан мемлекеттердің қ айсыбірі болмасын адамның негізгі табиғ и қ ұ қ тарын мойындайды.

Сонымен қ атар, қ ұ қ ық қ ұ ндылық тардың пілдей бө лігі мемлекеттік заң дар арқ ылы берілген. Ә дебиетте оларды позитивтік қ ұ қ тар (оң) дейді. Тарихи заң дар таптық қ оғ ам дү ниеге келген кезде алғ ашқ ы қ ауымдық қ оғ амның шең берінде қ алыптасқ ан ә дет-ғ ұ рыптарды жаң а жағ дайғ а сай етіп ө згертіп, оларғ а мемлекеттік қ олдау беру арқ ылы дү ниеге келеді. Заң дардың екінші қ айнар кө зі – сот шешімдері – оларды ә дебиетте прецеденттік қ ұ қ тар дейді. Мысалы, Англияда осы уақ ытқ а дейін ол заң ды дамытудың негізгі қ ұ ралы ретінде пайдаланады. Соң ғ ы ең кең тарағ ан ә діс – заң дарды шығ армашылық жолмен тудыру – ол ү шін арнайы мемлекет билігінің тармағ ы – парламенттер жұ мыс істейді.

Қ ұ қ пен заң ұ ғ ымдары бір-біріне ө те жақ ын, бірақ, тең емес. Заң ды тудыратын адамдар, ал олардың қ ол астынан шығ атын бірде-бір нә рсе кемшіліксіз болмайды. Біріншіден, қ оғ ам ө міріндегі шым-шытырық байланыстардан тұ ратын қ атынастардың бә рін заң дық нормалар қ амти алмайды. Келесі – заң да ә р-тү рлі жағ дайда ө мір сү ріп жатқ ан ә леуметтік топтардың мү дделері қ амтылу керек. Қ айсыбір мемлекетте ол кө бінесе дә улетті топтардың пайдасына шешіледі, ө йткені, олардың парламеттегі ө кілдері заң шығ ару барысында бар кү штерін сол топтардың мү дделерін заң арқ ылы бекітуге жұ мсайды (саясаттануда оны “лобби”- қ олдаушылар, - дейді).

Қ ұ қ ық қ ұ ндылық тардың келесі ерекшелігі – олар саясат пен моральдың талаптарын бір-біріне ымырағ а келтіретін дә некер, қ ұ рал болып табылады. Қ айсыбір саяси бағ дарлама, декларация, - егер ол заң бойынша нақ тыланып бекітілмесе, - жай сө з болып қ ала береді. Екінші жағ ынан, заң моральдық нормалардың талаптарын – аз да болса да - ө з бойында қ амтуы керек, сонда ғ ана оны шынайы ө мірде адамдар қ абылдайды. Сондық тан, заң ды “mіnіmum mіnіmorum”- ең аз кө лемдегі адамгершілік, - дейді. Қ айсыбір заң, бір жағ ынан, саясаттың ө мірге ең гізуге болатын талаптары мен, екінші жағ ынан, аз да болса да, моральдық рухани қ олдаудың бірлігін қ ұ райды. Сонымен, моральдық -рухани сана ө з шегіне жеткен талаптарын ө мірге ең гізе алмай, мемлекеттің ырқ ына кө нуге мә жбү р болып, соның арқ асында ө мірге заң келеді.

Тіпті ө мірге келген сапалы заң ның ө зі жү ре келе ескіріп, ө мірде болып жатқ ан ө згерістерге сай келмей қ алады. Ондай жағ дайда заң ғ а ө згерістер, толық тамалар ең гізілуі мү мкін. Сондық тан, тез қ арқ ынмен тү бегейлі ө згеріске тү сіп жатқ ан Қ азақ стан қ оғ амында заң шығ ару мә селесіне кө п кө ң іл бө лінуде. Біршама заң дар қ айта қ аралып, толық тырылып ө згерілуде (Ең бек заң ы, Мемлекеттік қ ызмет ету заң ы т.с.с.), жаң а заң дар қ абылдануда.

Жоғ арыда айтылғ ан ойлардан шығ атын тү йін – заң ды асыра бағ алап (қ ұ қ тық романтизм), я болмаса, оны ескермеуге (қ ұ қ тық нигилизм) болмайды. Ол қ ателік, біржақ тылық болар еді.

Қ ұ қ тық мемлекеттің бірде-бір негізгі ерекшелігі – заң ө мірге еніп қ абылданғ аннан кейін бұ лжытпай орындалуы керек. Ол, ә сіресе, мемлекеттік қ ызметтегі лауазымды азаматтардың қ оғ ам алдындағ ы парызы. Егер мемлекет ө з шығ арғ ан заң дарын бұ рмалап бұ зып отырса, онда қ арапайым адамдардан не кү туге болады? Екінші жағ ынан, “заң ескірді, ө мірге сай емес, олай болса, оны орындау тіпті қ ажет емес”, - деген ұ ранды бү ркеленіп, тек ө з қ амын кү йттеген адамдарғ а да тосқ ауыл қ ойылуы керек. Егер заң ның кейбір қ ағ идалары ескірсе де, жаң а заң ресми тү рде қ абылданып, я болмаса, ескірген қ ағ идалар жойылып, толық тырулар ең гізілгенше, ескі заң орындалуы қ ажет. Сонда ғ ана қ оғ ам ө мірінде белгілі бір тә ртіп пен тыныштық сақ талады.

Жоғ арыда кө рсетілген қ ұ ндылық тар кү нбе-кү нгі ащы шындық қ а толы ө мірмен байланысты, саяси-қ ұ қ тық маң ызы бар, сол себепті қ оғ амдық санада жиі талданады. Енді мә селені терең детіп рухтың таза қ ұ ндылық тарына назар аударсақ дейміз. Ә рине, осы жолда біз ең алғ ашқ ы – діни қ ұ ндылық тарғ а тоқ талуымыз қ ажет деп есептейміз.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.