Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адамның өлімі мен өлместігі






Қ айсыбір ө мірдің ө ліммен аяқ талатынын ә рбір адам біледі. Бұ л Дү ниеге келгеннен кейін уақ ыты келгенде кету керек. Ол бізге тә уелді емес, қ олымызда тұ рғ ан жоқ, ол - табиғ и заң дылық. Адамзаттың мың дағ ан жылғ а созылғ ан ө мір тә жрибесі бірде-бір ө лген адамның тіріліп ө мірге қ айта келгенін кө рсеткен жоқ.

Ә сіресе, жақ ын адамдардың бұ л дү ниеден кетуі біздің жан-дү ниемізде ауыр жаралар қ алдырады. Енді біз оларды ешқ ашан да кө ре алмай, іштегі сырымызды айтып, бірге қ уанып, сонымен бірге қ айғ ы-қ асіретімізді бө лісе алмаймыз. Бә рі де ө ткен шақ тың қ ойнауына кетті. Сол сә тте біз ө зімізді де сондай тағ дыр кү тіп тұ рғ анын ү рейлене аң ғ арамыз.

Сонымен қ атар, біз ақ ыл-ой таразысына “мә ң гілік ө мір сү ру” мә селесін салсақ, онда оны адамғ а берілген ең ауыр жаза екенін байқ ауғ а болар еді. Ө йткені, егер адам шексіз ө мір сү ре берсе, онда оның еш мә н-мағ насы болмай қ алады. Шексіз ө мір жө ніндегі ой ө рісі бү гінгі кү ннің ашынғ ан ө зекті мә селелеріне немқ ұ райлы қ арауды тудырып, қ оғ ам ө мірі мелшиіп бір орнында тұ рып қ алар еді.

Мә селеге терең қ арағ анда, ө мірдің мә н-мағ насы болуының ө зі оның ө ліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамғ а ө мірдің шектелгені ә рбір кү н мен жылды, минут пен сағ атты бағ алауғ а, тиімді жұ мсауғ а итереді. Ө йткені, ө мірді ешқ андай байлық қ а сатып алуғ а болмайды, бірақ, оның бір ғ ана ө лшемі бар – ол “Ұ лы мә ртебелі Табиғ аттың ” (я болмаса, егер адам сенімде болса - Қ ұ дайдың) ә р адамғ а берген ө мір жасы, яғ ни, уақ ыты. Бұ л дү ниеде бір де бір жасалғ ан ұ лы нә рсені істеген адамдар, ә рине, ө з ө мірінің шектелгенін біліп, сондық тан, асығ ып, “соны ү лгірсем екен”, - деген ой-ү мітпен оларды аяқ тады емес пе?! Егер ол мә ң гілік ө мір сү рсе, сол ұ лы істерді бастамас та еді ғ ой!! Антик дә уіріндегі стоиктер “Ө лімді есің нен шығ арма! ”, - деген болатын. Оның терең мә ні - ө з ө мірің де ә р іс-қ имыл, басқ а адамдарғ а деген қ атынастар, айтайын деген сө зің ді ө мірдің соң ындағ ы сияқ ты сезінуде. Мұ ндай ө мірлік бағ ытты ұ стау - адам ө міріндегі қ айсыбір уақ иғ аны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұ нды ө мір сү руге ә келеді. Жайшылық ты ө мірде байқ алмайтын кіші-гірім нә рселерге кө ң іл бө лініп, Дү ниенің ғ ажаптығ ы айқ ындалып сезіледі.

Бұ л Дү ниеде қ айсыбір тіршілік формасы – соның ішінде адам да – бір ұ рпақ ты екінші ұ рпақ пен ауыстырып ө з ө мірін жалғ айды. Табиғ аттың “даналығ ы” осында. Соның арқ асында алғ а ө рлеу – даму бар.

Ә р адам ө лімді адамның жү регі мен тынысы тоқ тап, санасының ө шуімен тең ейді. Дегенмен де, адамның кейбір жақ тары ә лі де болса талай кү ндер тіршілік жасайды. Мысалы, адамның сақ ал-мұ рты, шашы, тырнақ тары дене толығ ынан шіріп біткенінше ө се береді… Егер адамның жү рек қ ысылымы ө сіп, оның миына қ ан қ ұ йылса, ол ешкімді танымай, ө зіндік санадан айырылғ анмен, талай айлар тө сек тартып, тірі болып қ ала беруі мү мкін. Бірақ, ол тұ лғ алық қ асиеттерден толығ ынан айырылды. Кейбіреулер ондай адамғ а “тірі ө лік” (живой труп) деген ат береді…

Уақ ытында ұ лы Платон философия ғ ылымы бізді абыроймен ө луге ү йретеді, - деген болатын. Бұ л пікірге толығ ынан қ осылуғ а болатын сияқ ты. Кейбіреулер ө мірінің жартысын “гү лге қ онғ ан кө белек” сияқ ты ө ткізіп, қ ырық қ а келіп, ақ ылы тоқ талғ ан кезінде ө з алдына ө мірлік мақ саттар қ ойып, оны асығ а істей бастайды. Бірақ, кө п жағ дайда “Ұ лы мә ртебелі Табиғ ат” оларды аяқ тауғ а уақ ыт бермейді. Ондай адам ө лер алдында бұ лқ ан-талқ ан болып, бү кіл ағ айын-туғ андарын тік тұ рғ ызып, кө п жағ дайда азапқ а салады. Ондай адамғ а ө лер алдында “Ә ттең -ай! ”, - деген ө кініш келіп, сол аянышты сезіммен ө мірден кетеді.

Екіншілерге ө лім ү рейін аттап ө туге діни сенім кө мектеседі. Олар тә ні болмағ анмен, жан-дү нием мә ң гі ө мір сү реді, - деген ү мітпен ө мірмен қ оштасады.

Ү шіншілер бұ л кү йбең ө мірде ішіп-жеу, ойын-сауық қ ұ ру, ә р сә ттен лә ззә т алудан басқ а еш нә рсе жоқ, - деген ө мірлік бағ ыт ұ стайды. Бірақ, оқ тын-оқ тын мешітке барып (кім біледі, мү мкін Алла–тағ ала бар шығ ар, - деген ой кейбір кезде оның жү регін сыздатады) садақ а беріп, намаз оқ ытады. Бірақ, бә рібір ол болашақ ө лімнің мұ здағ ан лебінен қ ұ тыла алмай, жаны тү ршігеді.

Енді Платонның айтқ ан философиялық дайындығ ы бар адамғ а келсек, ол ө з ө мірін бү кіл Табиғ аттың, Ғ арыштың ө мірімен байланыстырып, ө зін телегей-тең іздегі бір ғ ана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны ү лкен тебіреніске ә келіп, ө лім ө мірдің соң ында келетін заң ды табиғ и ү рдіс екеніне кө зі жетеді. Ондай адамды ө лім ү рейлендіре алмайды.

Бесінші адамдар ө з тағ дырының шең берінде тырысып бағ ып ө мірдің шаттығ ын да, зардабын да толығ ынан басынан ө ткізіп, бұ л ө мірде ө зіне тә н із қ алдыру жолында бар кү ш-қ уатын аямай жұ мсап, ө лім алдына ө мірден шаршағ ан сияқ ты сезіммен келеді. Ол ө з ө мірін толығ ынан аяқ тады. Ешқ андай ө кініш жоқ. Орындалмағ ан армандар болғ анның ө зінде, ол оны табиғ и заң дылық ретінде тү сінеді. Ол – нағ ыз адам. Ондай адам кө п жұ рттың есінде мә ң гілік қ алады.

Соң ғ ы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде “аутоназия” (auto - ө зім, nazіa - ө лім) мә селесі қ ызу талқ ылануда. Орыс ә дебиетінде бұ л терминді ө з тілдеріне жақ ындатып “эвтаназия”, - дейді. Ә ң гіме адамның ө з еркімен қ оғ амның кө мегі арқ ылы бұ л дү ниеден кетуі. Яғ ни, оның “суицидтан”- ө зін-ө зі ө лтіруден айырмашылығ ы – ол қ оғ амның рұ қ саты жә не кө мегімен ө з қ алауы бойынша дү ниемен қ оштасады. Тә ндік-сезімдік лә ззә т алу ө мір бағ ытын ұ стағ ан Батыс адамы ө мірінің соң ында да еш зардап шекпей бұ л ө мірден тә тті ұ йқ ығ а шомылып кете барғ ысы келеді. Енді бұ л мә селені біз де талдап кө релік.

Бір қ арағ анда бұ л мә селені Батыс цивилизациясының гуманистік даму жолындағ ы ү лкен жетістіктерінің бірі ретінде қ арағ ың келеді. Расында да, егер адам қ атерлі ісікпен (рак) ауырып, қ атты зардап шегуде, я болмаса, қ артайып, қ олынан кү ш кетіп ешкімге керек болмай қ алғ ан т.с.с. жағ дайда қ оғ ам ондай адамдарғ а ө з еркімен дү ниеден кетуге кө мектессе де болатын сияқ ты.

Бірақ, мұ ндай кө зқ арас бү кіл дү ниежү зілік діндердегі ө мір жө ніндегі терең интуицияларғ а (кө кей кө зге) қ айшы келеді. Бұ л Дү ниеге келген ә р адам Иса пайғ амбардың арқ алағ ан ауыр жү гіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде бір адам ө мір соң ында “қ айғ ылы ү штікті” (зардап, кү нә, ө лім) аттап кете алмайды. Ол да болса ө мірдің соң ғ ы тә жірибелерінің бірі, қ оршағ ан адамдарғ а ой салатын ө неге емес пе?! Соң ғ ы ө мір зардаптарынан ө ту – адам рухын шексіз кү шейтіп, оның ішкі жан-дү ниесін тазартып, адамның абыроймен бұ л дү ниемен қ оштасуына мү мкіндік жасайды.

Мә селеге философиялық тұ рғ ыдан келсек, бұ л Дү ниеде адамнан асқ ан қ ұ ндылық жоқ, сондық тан, ешкімнің де адам ө мірін қ иуғ а (соның ішінде - адамның ө зін-ө зі де) қ ұ қ ы жоқ.

Аутоназияның моральдық -қ ұ қ тық жағ ына келер болсақ, ғ алымдардың айтуына қ арағ анда, заң ды тү рде оны ө мірге ең гізгенде неше-тү рлі басқ а теріс салдарлар пайда болуы мү мкін. Мысалы, адамның дене мү шелерін сату, екіншіден, адам жү регіне ү рей салып ө мірден кету жө нінде шешімге келуге мә жбү рлеу т.с.с. келең сіз жағ дайлардың пайда болуы ғ ажап емес.

Бү гінгі таң да тек Голландия елінде парламент дең гейінде аутоназия жө нінде заң қ абылданып ол іске асуда.

Енді келесі ү лкен мә селені – ө лместікті талдауғ а уақ ыт келген сияқ ты. Бұ л мә селе адам ө мірі мә н-мағ насымен тығ ыз байланысты екенін сол сә тте байқ ауғ а болады. Егер бұ л дү ниеге келген адам ө з ізін қ алдырмаса, онда ол не ү шін келді, оның жаң быр қ ұ ртынан айырмашылығ ы қ андай?, - деген сұ рақ пайда болады емес пе!

Ө лместік мә селесі - қ айсыбір діннің ө зегін қ ұ райды. Қ ұ дайдың бар, я болмаса, жоқ екенін ешқ ашанда ешкім дә лелдей алмаса да, миллиардтағ ан адамдар осы уақ ытқ а дейін Оғ ан сенеді, ө йткені, ө лместікті аң сайды. Ө лместік идеясы сонау кө не заманда адамдардың ө лімнен қ орқ у сезімінен ө з бастауын алады. Кө не Ү нді жә не Мысыр елдерінде адам ө лгенде оның жаны басқ а денеге кө шетіні жө ніндегі идеялар қ алыптасты. Буддизмдегі мойындалатын нә рсе – жан ә рбір жаң а денеге кө шкен сайын ө з кү нә сінен тазара береді.

Кө не гректер адам ө лгеннен кейін оның екінші ө мірі басталады деген пікірде болғ ан. Олардың ойынша, қ ұ дайлар мен адамдардың арасында онша кө п айырмашылық жоқ, ө йткені, жақ сы адам ө лгеннен кейін ө лместік сыйына ие болып, қ ұ дайлардың қ атарына кіреді. Ал қ ұ дайларғ а келсек, олар ө мір сү ріп жатқ ан адамдарғ а келіп, қ арым-қ атынасқ а тү сіп, тіпті жердегі ә йелдер олардан аса кү шті ер балалар, я болмаса, аса сұ лу қ ыз балаларды туады екен. Мысалы, Геракл Зевс қ ұ дайы мен Алкмена деген ә йелден туыпты-мыс.

Бү гінгі таң дағ ы иудаизм, христиандық жә не ислам діндері адам ө лгеннен кейінгі оның жан-дү ниесінің ө лместігін мойындайды. Дегенмен де, бү гінгі таң дағ ы бірде-бір дін ө мір, я болмаса, ө лімнің не екенін тү сінікті ғ ылып адамғ а жеткізе алмайды.

Идеалистік философиядағ ы ө лместік жө ніндегі ойлар діни кө зқ арасқ а ө те жақ ын. Алайда, мың дағ ан жылдарғ а созылғ ан адамзат тә жірибесінде ешкім де қ айта тірілген жоқ жә не қ азіргі білімді адамғ а “о дү ниеде денесіз мә ң гі ө мір сү ретін жанды” кө зге елестету ө те қ иын шаруа екенін ашық айту керек. Кө п адамдар оғ ан сенбейді де.

Олай болса, ө лместік деп нені тү сінуге болады? Бү гінгі таң дағ ы ғ ылыми деректерге сү йене отырып, біз тіпті дене ретінде де мү лде ө шпейтінімізді айтып кетуіміз керек. Ө йткені, ө мір жаң а ө мірді тудырып ө з ө мірін жалғ астыра береді. Біздің бет-ә лпет, мінез-қ ұ лық, сезім, дене бітім, табиғ и дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз – толығ ынан болмаса да – болашақ ұ рпақ тарғ а дариды. Олай болса, біз толығ ынан бұ л ө мірден кетпейміз, бала, немере ө мірі арқ ылы қ ала береміз.

Енді адамның жан-дү ниесі, рухына келер болсақ, ұ лы адамдардың шығ армашылық ісі адамзат тарихында мә ң гілік сақ талады. Абай, Қ ұ рманғ азы, Шоқ ан, т.с.с. мың дағ ан қ азақ халқ ы тудырғ ан асылдар ө з шығ армашылығ ымен тарихта мә ң гі ө мір сү реді. Олардың тудырғ ан рухани қ ұ ндылық тарынан біз мә ң гіліктің қ оң ыр лебін сезінгендей боламыз.

Енді миллиондағ ан қ арапайым адамдардың тағ дырына келер болсақ, олардың ө лместігі - ө з ө мір шең беріндегі жасағ ан басқ а адамдарғ а деген жақ сылығ ымен байланысты болса керек. Ө йткені, ол олардың есінде қ алады. Ол дене ретінде кө з алдымызда жоқ болса да, рух ретінде – бізбен бірге ө мір сү ріп қ ала береді. Ұ лы Конфуцзы айтқ андай, жақ сы адам халық тың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқ ты бір шұ ң қ ырда ұ мыт болып қ алады.

Десек те, ә рине, қ азіргі адам мұ ндай кө зқ араспен келіскісі келмейді, ол шынайы ө лместікті армандап, барлық ү мітін ғ ылымғ а артады. Ә сіресе, тез қ арқ ынмен дамып келе жатқ ан гендік инженерия саласы болашақ та адам ө мірін бейнақ тылы ұ зарта беруге болатынын айтады. Алайда, біздің ойымызша, ол – жалғ ан жол болса керек. Ә рине, гендік инженерияның жетістіктеріне сү йене отырып тұ қ ым қ уатын аурулармен кү рессек - ол жақ сы. Ал адамның ө мірін гендік жолмен ұ зартуғ а бағ ытталғ ан зерттеулер қ андай салдарларғ а ә келуі мү мкін – оны ешкім бү гінгі таң да білмейді. Кейбір ғ алымдардың айтуына қ арағ анда, оның теріс салдары – ядролық бомбаны ойлап шығ арғ аннан да жаман болуы мү мкін. Екінші жағ ынан, адам Дү ниедегі ең тең десі жоқ биік қ ұ ндылық болғ аннан кейін оның ө мірі мен денесіне жасанды тә жірибелер жасау - қ ылмыс болар еді (адам кө лбақ а емес қ ой).

Мә селенің ғ ылыми емес, моральдық жағ ына келер болсақ, бірде-бір жер бетінде ө зі тудырғ ан қ ауып-қ атерді адамзат ә лі шешкен жоқ. Жеке адамның ө мірін ұ зартпақ тү гіл, бү кіл адамзаттың қ ұ рып кету мү мкіндігі (ядролық соғ ыс, я болмаса экологиялық апат) осы уақ ытқ а дейін кү н тә ртібінен шығ арылғ ан жоқ. Осы адамғ а шынайы ө лместіктің керегі қ анша, егер ол кү нбе-кү н соғ ыс-қ ақ тығ ыстарда бір-бірін осы уақ ытқ а дейін ө лтіріп жатса?, - деген заң ды сұ рақ дереу ойғ а келеді.

Қ орыта келе, шынайы ө лместік бү кіл миллиардтағ ан жылдар бойы қ алыптасқ ан іргетасты табиғ ат заң дылық тарына қ айшы келеді, - дер едік. Ә ң гіме бізге берілген тең десі жоқ сый - ө мірді – бақ ытты мү мкіндіктерді іске асыруғ а, ө з ө мір шең берінде ү лкен маң ызды істерді жасап ө з ізің ді қ алдыруда болса керек. Оларды ө лім жоя алмайды.

 

Ө зіндік дайындық қ а арналғ ан сұ рақ тар:

1.Адамның басқ а тіршіліктен негізгі айырмашылығ ы неде?

2.Адамның дү ниеге келуі жө нінде қ андай гипотезалар бар?

3.Адамның биологиялық дене ретіндегі қ ұ рылымы қ андай?

4.Адамның ә леуметтік мә нін сипаттаң ыз;

5.Адам жө ніндегі қ андай ілімді “ә леуметтік редукционизмге” жатқ ызуғ а болады?

6.Адамның ә леуметтік ауытқ у жолына тү суінің себептері қ андай?

7.Адам шығ армашылығ ын қ алай тү сінесіз?

8.Адамның жан-жақ ты дамуы дегеніміз не?

9.Адамның ө лместігі неде?

10. Адам тұ лғ ағ а қ алай айналады? Ұ лы адам дегеніміз кім?

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.