Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экзистенциализм философиясы






Қ азiргi философиядағ ы ең ық палды ағ ымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia, - латын сө зi, -ө мiр сұ ру) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағ ында екi Дұ ниежұ зiлiк соғ ыстың арасында қ алыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондағ ан мемлекеттер қ атысқ ан қ антө гiсте миллиондағ ан қ ыршын жастар қ аза болып, мың дағ ан қ алалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi ү йлер қ ирап, адамзат тағ ы да варварлық сатығ а қ айта келгендей болды. Бұ л трагедия ойланатын адамдардың санасында ө зiнiң ө шпес iзiн қ алдырып, дү ниетанып оны қ айта ө згертуден гө рi, сол қ айғ ылы замандағ ы адамның ө мiр сү руiне, оның қ айшылық тарғ а толы дү ние тебiренiсiне, оның ө мiрiнiң мә н-мағ насын анық тауғ а т.с.с. сұ рақ тарғ а жете кө ң iл бө лiнуiне ә келiп соқ ты.

Мұ ндай ақ уал, ә рине, ө ткен ғ асырда ө мiр сұ рген дат философы С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң, орыс жазушысы Ф.Достоевскидiң ойларының ө зектiгiн кө рсетiп, олардың ең бектерi экзистенциализм бағ ытының теоретикалық қ айнар-кө зiне айналды.

Экзистенциализм философиясының негiзiн қ алағ ан ойшылдарғ а Мартин Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.) мен Карл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.) ( Германия ), Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.) мен Альбер Камюдi(1913-1960ж.ж.) ( Франция ), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж. пен Л.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.) ( Ресей ), Виктор Франклдi (1900 ж.) ( Австрия ), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955ж.ж.) ( Испания ) жатқ ызуғ а болады.



Сонымен, ХХғ Еуропа цивилизациясының дағ дарысы, зерде мен адамгершiлiк қ ұ ндылық тарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияғ а толы адам мә селесiн тiкелей философиялық таразығ а салды. Бұ л саладағ ы анық талғ ан ең бiрiншi жаң алық - зерденiң негiзiнде ғ ылым мен техника дамығ ан сайын адам болмысының тұ рақ сыздығ ы мен нә зiктiгiнiң ө суi. Мұ ндай кү рделену мен қ атар қ атыгезденiп жатқ ан дү ниеде тұ рақ тану ү шiн адам ең алдымен ө зiнiң iшкi ө мiрiн талдап, соның негiзiнде ө зiнiң мү мкiндiктерi мен қ абiлеттерiн ашуы қ ажет. Мұ ндай адам ө мiрiне қ ас дү ниеде адам ө зiнiң рухы арқ ылы ғ ана қ арсы тұ ра алады. Олай болса, адамғ а ең керектi нә рсе - ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғ анда, - адам философиясы. Ал адамғ а келер болсақ, ол, ә рине, ешқ андай объект, ө ндiрiстiң, я болмаса, танымның қ ұ ралы емес - ол субъект - ерiктi, ө з-ө зiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.

Жоғ арыда айтылғ ан жалпы мiнездеменi нақ тылай келер болсақ, онда экзистенция (ө мiр сұ ру) мен эссенция (мә н-мағ на) ұ ғ ымдарының осы философияның негiзiнде жатқ анын байқ аймыз. Егер бү ү кiл жануарлар ә лемiндегi тiршiлiк ө зiнiң мә н-мағ насымен бiрге бұ л дү ниеге келер болса, адам ең алдымен бұ л дү ниеге келiп, неше-тұ рлi қ иын-қ ыстақ жағ дайлардан ө тiп барып, кө п уақ ыттан кейiн ғ ана ө з ө мiрiнiң мә н-мағ насына ие болады. Яғ ни, адамның ө мiр сұ руi оның мә н-мағ налық қ а жетуiнен анағ ұ рлым алда жұ редi. Мысалы, Африкада, я болмаса, Амазонканың бойында ө мiр сұ ретiн крокодил жағ ағ а шығ ып, жұ мыртқ алап, оларды ыстық қ ұ мның астына кө медi. Уақ ыты келген кезде, жұ мыртқ алардың қ абығ ы жарылып, iшiнен кiшкентай крокодилдер жер бетiне шығ ып, дереу шө лге қ арай емес, суғ а қ арай жұ гiредi. Крокодил осылайша миллиондағ ан жылдар бойы ө мiр сү рiп жатыр. Ол ө з мә н-мағ насымен бiрге ө мiр сү руге келедi! Ал дү ниеге келген сә бидi алар болсақ, ол анасыз ө мiр сү ре алмайды, оны кө п жылдар бойы тә рбиелеп ө сiру қ ажет, содан кейiн ғ ана ол ө з ө мiрi жайлы сұ рақ тарды ө з алдына қ ойып, ө мiрiнiң мә н-мағ насын ашуғ а тырысады.

Экзистенциализм философиясында “ шекаралық ақ уал ² деген категорияғ а кө п кө ң iл бө лiнедi. Ол - ө мiр мен ө лiмнiң екi арасында қ алу, ұ рей мен алаң дау, тү ң iлу мен қ ынжылу, уайымдау мен қ амқ орлық т.с.с. Тек осындай адам ө мiр сү руiне қ ауып тұ скен жағ дайда, оның жан-дұ ниесi терең сiлкiнiске ұ шырағ анда, “ө мiрде-болу² тебiренiсiнiң негiзiнде ғ ана адам тез пiсiп-жетiлiп, ө з ө мiрiнiң қ айталанбайтын ерекше қ алыптасатын мә н-мағ насын терең аша алады.

Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше кө ң iл бө ледi. Ерiктiк - “қ ажеттiктi тану², я болмаса, “табиғ и дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғ ни, ө мiр сү румен тең. Адам дегенiмiз ө зiн ө зiнен жасайтын пә нде. Ол ө зiнiң ө зiндiк жоспар-бағ дарламасы. Бұ л дү ниеде ешнә рсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек ө зiнде ғ ана, ол ө зiне “Causa sui². Ал ерiктiк дегенiмiздiң ө зi - таң дау. Адам ерiктi пә нде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қ атар, ол ө з iстерiне жауапты ө зi ғ ана беруi қ ажет. Сондық тан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамғ а артылғ ан адамгершiлiктiң ауыр жү гi², - деген болатын. Адам тек ө з iсiне ғ ана емес, басқ аларғ а да жауапкершiлiктi. Ол ө з-ө зiн жете тү сiнудiң арқ асында басқ алардың да терең сырын ө зiне аша алады.

Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу, яғ ни ө з шегiнен ө тiп кету. Сонда адам ө з шең берiнен аттап ө тiп не нә рсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм Қ ұ дайды трансценденттiкпен тең ейдi. Олай болса, Қ ұ даймен қ осылуғ а ынтық болу, нағ ыз ерiктiктi содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң кө рнектi ө кiлi Н.Бердяевтiң айтуына қ арағ анда, “адам табиғ и дұ ниедегi ү зiлгендiк², екi жақ ты, қ айшылық пен қ айғ ылық қ а шомылғ ан пенде. Сондық тан, оны тү сiну - одан да жоғ ары тұ рғ ан - Қ ұ дайды талап етедi. Ал мұ ның ө зi адамның Қ ұ дайғ а тә уелдi пенде екендiгiн кө рсетпейдi. Философия адамның қ ұ дайлығ ын, Қ ұ дайдың адамгершiлiгiн кө рсетуi қ ажет. Ө йткенi, Христостың ө зi адам болып туды. Қ ұ дай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қ ана рухани қ арым-қ атынас қ ана адамдардың терең мә нiн кө рсетедi.

Ал атеистiк бағ ытқ а келсек, оның ө кiлдерi - Ж-П. Сартр мен А. Камю - оны еште ң еге тең еп, ол экзистенцияның ең терең қ ұ пиясы деген пiкiрге келедi. Сонымен, экзистенция дегенiмiз ө зiнiң шектелгенiн, яғ ни уақ ытша екенiн сезiнетiн, ештең еге бағ ытталғ ан адам ө мiрi.

Экзистенциализмнiң ерекшелiктерiнiң бiрi - жеке адам мен ә леуметтiк болмысты бiр-бiрiне қ арсы қ ою, осы адамзат болмысының екi жағ ының бiр-бiрiмен ымыраласпайтынын кө рсету болып табылады. Олай болса, адам ө мiрiнiң ерекшелiгi - ө мiр сү ру мен мә ндiктiң, болу мен алудың, таным мен тү сiнудiң арасындағ ы тебiренiс, таң дау. Мұ ның ө зi адам болмысының трагикалық жақ тарын кө рсетедi.

Ө зiнiң “Болмыс пен уақ ыт² деп аталатын кө лемдi ең бегiнде М.Хайдеггер адамның ө мiр сү руiн “Dasein² деген ұ ғ ыммен бередi. (оның қ азақ шағ а тiкелей аудармасы “осы арадағ ы болмыс²). Мұ ндай ұ ғ ымды философияғ а ең гiзiп, ол адам болмысы - тарихи болмыс екенiн, ол яғ ни “қ азiр жә не осы арада² ө мiр сү рiп жатқ анын кө рсеткiсi келдi. Дү ниеде адамнан басқ а ешқ андай тiршiлiк ө зiнiң шектелгенiн, яғ ни ө летiндiгiн бiлмейдi. Олай болса, тек адамғ а ғ ана уақ ыттылық, ал сонымен бiрге ө мiрде болу мә селесi тә н. Бұ л тұ рғ ыдан алғ андағ ы философияның негiзгi мақ саты - ол дә л қ азiр ө мiр сұ рiп жатқ ан адамның iшкi тебiренiсiн зерттеу, содан шығ атын ө мiр тә жiрибесiн талдау болып табылады. Бұ л М.Хайдеггердiң жасағ ан жаң а онтологиясы едi. Яғ ни, ол уақ ытпен шең берленген адам болмысы, осы арада ө мiр сұ рiп, басқ алармен бiрге коммуникацияғ а (қ атынасқ а) тү су.

Алайда, индустриалдық қ оғ амда адамның болмысы ө зiнiң бишынайылығ ымен тең. Конвейерден шық қ ан бiр-бiрiне ұ қ сас заттар сияқ ты, адамдар да орталанып, бiр тұ лғ а екiншiнi жең iл ауыстыра алады. Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра алатындық тан “басқ а², ол “нақ тылы басқ а тұ лғ а² емес, “қ айсыбiр басқ а², “жалпы бiр басқ а². Мұ ндай жағ дайда “ол да², “мынау да², менiң “ө зiм де² шынайы субъект емеспiн. Мұ ндай тобыр адамын М.Хайдеггер “ das Man ² деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны “ объективациялан ғ ан дү ние ² дейдi.

Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол адамның тарихи пә нделiгiн, уақ ыт шең берiнде шектелгенiн, сонымен қ атар ө зiнiң ерiктiгiн сезiнуiнде. Шынайы болмысқ а жету ү шiн адам кү нделiктi кү йкелi ө мiрден бас тартып, соң ғ ы ө мiрдiң шегi - ө лiмге тiкелей қ арай алатын жағ дайғ а келуi қ ажет.

Бишынайлы болмысты аттап ө ту ү шiн адамдар бiр-бiрiмен қ осылып “абсурдтық дұ ниеге², оның шектелгенiне, ө лiмге, жалпы дү ниенiң жетiлмегендiгiне, мә нсiздiгiне қ арсы шығ ып кө терiлуi керек, - дейдi француз ойшылы А.Камю. Алайда, мұ ндай дү ниеге тү ң iлуден туғ ан бiрiгушiлiк бiрде-бiр адам болмысының мә селесiн, ә рине, шешпейдi.

Дiни экзистенциализм бұ л мә селенiң басқ а шешiмiн ұ сынады. Г.Марсельдiң ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен тең ейдi. Ал шынайы болмыс, негiзiнен алғ анда, ә рқ ашанда тұ лғ алық болмыс. Болмыс - “Ол емес², “Сен², сондық тан адамдардың Қ ұ дай алдындағ ы бiр-бiрiмен iштесуi, ең қ ұ пия терең де жатқ ан тебiренiстерiмен бө лiсуi - шынайы болмыстың алғ ышарты. Ол ұ шiн, яғ ни басқ а адамның терең сырына жетiп шынайы болмыстық дә режеге кө терiлу тек махаббат арқ ылы ғ ана iске асады.

Г.Марсельдiң бұ л ойларын дамытқ ан М.Бубер, Э.Левинас сияқ ты еврей ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дү ниеге деген қ арым - қ атынасы екi жақ ты, ө йткенi, оның сө здiгiнде екi негiзгi сө з бар. Олардың бiреуi “Мен мен Сен² болса, екiншiсi “Мен мен Ол². Дұ ние адамзат тә жiрибесi ретiнде “Мен мен Олғ а² жатады. “Мен мен Сен² адами шынайы қ арым- қ атынасты тудырады. Олай болса, адам алдында дү ниеде болудың екi мү мкiндiгi бар. “Мен мен Сен² шынайы болмысты тудырса, “Мен мен Ол² - адами қ арым-қ атынастарды заттандырады. “Сен² деп қ арым-қ атынасқ а тұ скен адам - ол заттардың арасындағ ы зат емес. Мен оны тануғ а, зерттеуге тырыспаймын, ө йткенi, мен онымен қ арым-қ атынастамын. Егер ол қ атынастардан шық қ анда ғ ана, мен оны тани бастаймын. Тану, бiлу - “Сеннiң ² алшақ тауына ә келiп соғ ады.

“Мен мен Сеннiң ² қ арым-қ атынасын махаббатпен тең еуге болады. Махаббат сезiмi бұ кiл дү ниенi ө зiнiң сә улесiмен жарқ ыратып, гү лдендiредi. Махаббат аясындағ ы адам қ айсыбiр адамды - жақ сы мен жаманды, сұ лу мен тү рсiздi, ақ ылды мен наданды - бә рiн де ерекше “Сен² ретiнде қ арайды. Алайда, адам болмысының трагедиясы “Мен мен Сеннiң ² қ арым-қ атынасының сарқ ылу, я болмаса, қ ұ ралғ а айналу мұ мкiндiгiнде.

Экзистенциализм философиясының iрi ө кiлiнiң бiрi - Виктор Франкл. Ол қ азiргi қ оғ амдағ ы адамдардың қ асiретi - ноогендiк (nous, -грек сө зi, - ақ ыл-ой, зерде, рух; genesis, -грек сө зi, - дү ниеге келу, пайда болу;) невроздарда, яғ ни, адамдардың ө мiр сұ рудiң мә н-мағ насынан айырылып қ алуында деген пiкiрге келедi. Соң ғ ыны В.Франкл “ экзистенциалдық вакуум ² деген ұ ғ ыммен бередi. Ө з болмысының мә н-мағ насынан айырылып қ алғ ан кейбiр адамдар, рухани жү деулiктен арылу ұ шiн “Қ ұ дайды iздеу² жолына тұ ссе, екiншiлер - нашақ орлық пен iшiмдiктiң сағ ымында, ұ шiншiлер - қ оғ амдағ ы тә ртiпке қ арсы бағ ытталғ ан қ ылмыстық iс-ә рекеттерге, тө ртiншiлер суицидке (ө з-ө зiн ө лтiру) дейiн барады. Ө зiнiң гуманистiк кө зқ арасынан таймайтын В.Франкл ө мiрдегi ақ уал қ андай қ иын болса да, тiптi жазылмайтын сырқ ат, ө лiмнiң ө зi болмасын, - адам ө з ө мiрiнiң мә н-мағ насын жоғ алтпау керек, - деген терең ойғ а келедi. Ө зiнiң екiншi Дұ ниежұ зiлiк соғ ыс кезiндегi Бухенвальд концлагерiнде болғ ан экзистенциалдық тә жiрибесiн сараптай келе, В.Франкл тек қ ана ө з ө мiрiнiң мә н-мағ насын сақ тап қ алғ ан адамдар ғ ана сол тозақ тан қ ұ тылғ анын, ал ө мiрдiң мә н-мағ насын жоғ алтан кө пшiлiктiң “малғ а ұ қ сайтын тобырғ а² айналып қ ұ рығ анын айтады.

Ә рине, реформа барысындағ ы бұ гiнгi қ иын-қ ыстау жағ дайларда бiршама адамдар бұ рынғ ы ұ стағ ан жан-дү ниесiндегi қ ұ ндылық тардан айырылып, сонымен қ атар, жаң а қ ұ ндылық тарды қ абылдай алмай экзистенциалдық вакуумде жү ргендерi баршамызғ а аян. Мұ ның ө зi неше-тұ рлi “ә леуметтiк ауытқ удың ² тү рлерiн туғ ызып, реформаның ә рi қ арай ө рлеуiне ө зiнiң кеселiн тигiзiп отыр. Мұ ндай қ иын жағ дайда экзистенциализм iлiмiнiң “ә леуметтiк ақ уалғ а² сiлтегеннен гө рi жеке тұ лғ аның ерiктi iс-ә рекетiнен шығ атын таң дауғ а, ал оның ө зi белгiлi бiр жаң а ақ уалды тудырып, ө мiрдiң жаң а арнасын ашуының мү мкiндiгiн кө рсетедi деген қ ұ нды пiкiрiне оқ ырманның назарын аударғ ымыз келедi.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.