Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Герменевтика






Герменевтика ( germeneon, - грек сө зi, - тү сiндiремiн) - сонау кө не грек заманында жазылғ ан тарихи мұ раларды тү сiну ө нерi ретiнде пайда болды.

Орта ғ асырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қ ағ идаларын дұ рыс тү сiндiру ө нерiне айналады.

Қ айта Ө рлеу заманы келгенде, антикалық дә уiрде пайда болғ ан мә дени мұ раларды қ азiргi тiлге аудару қ ажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады.



Жаң а дә уiрде ғ ана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұ рғ ыдан қ аралып, ерекше ағ ымғ а айналады. Бұ л ағ ымның негiзiн қ алағ ан немiс дiни қ айраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығ армаларын алғ ашқ ы рет немiс тiлiне аударғ ан адам. Оның ойынша, герменевтика - басқ а тұ лғ аның қ айталанбас жақ тарын тү сiнудiң ө нерi, ә ң гiме оның ойларының мазмұ нынан гө рi оның сө з саптау мә нерiнде, ұ лгiсiнде деген пiкiрде болды.

В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқ иғ алардың iшкi сырын ашатын пә н ретiнде қ арады. Ол адамзат тарихын табиғ ат заң дылық тарынан бө лек алып қ арайды. Егер табиғ ат заң дылық тарын бiз практикалық iс-ә рекет, таным арқ ылы ашып, болашақ ұ рпақ тарғ а дә рiс беру арқ ылы жеткiзсек, ө ткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда ө мiр сү рген адамдардың iшкi жан-дү ниесiнiң тебiренiсiн зерттеу ұ шiн сол замандағ ы ақ уалғ а ө ту, тү йсiну, тебiрену арқ ылы ғ ана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, ө ткен тарихқ а сол заманда ө мiр сү рген ұ лы адамдардың ө мiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн тұ сiнiп қ ана бағ а беруге болады.

Феноменология ағ ымының негiзiн қ алаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-бiр дә уiрдi жете тү сiну ү шiн сол кездегi қ оғ амның “ ө мiрлiк дү ниесiнiң ² ерекшелiгiн зерттеу қ ажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғ ана сол дә уiрде ө мiр сұ рген адамдардың ө мiр сезiмiн, мә дени мұ раларының мә н-мағ насын ашуғ а болады.

М.Хайдеггердiң ойынша, “ болмыстың ү йi - тiл ². Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұ мыт қ алғ ан сө здердiң сырын ашу, оны қ айта ө мiрге енгiзу, сол арқ ылы ө ткен ғ асырлардағ ы адамзат болмысын зерттеуге тең ейдi.

Ә рине, ә р халық ө з тiлi арқ ылы ө зiнiң дұ ниесезiмi мен дұ ниетанымын, кө зқ арасын қ алыптастырады. Тiлде халық тың мың дағ ан жылдар бойы жинағ ан ө мiрлiк тә жiрибесi қ орланады. Ә сiресе, бұ л қ ағ иданы кө шпендi ө мiр салтын ұ стағ ан қ азақ халқ ының ө ткен тарихын зерттегенде ұ мытпағ анымыз абзал.

М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқ ылы сө йлегеннен гө рi, “тiл адам арқ ылы сө йлейдi². Ә рбiр сө здiң астарын ашсақ, онда неше-тұ рлi мә н-мағ на жатқ анын байқ аймыз. Тек қ ана аса дарынды, ұ лттық мә дениеттен терең сусындағ ан адам ғ ана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса кө п халық тың сыры оның ұ лы азаматтары тудырғ ан поэзияда жатыр. Онда халық тың болмысының қ айталанбас нә зiк жақ тары берiледi. Сондық тан, ә р iрi ө лең шi - ә рқ ашанда философ, - деп қ орытады М.Хайдеггер.

Герменевтика ғ ылымына аса зор ү лес қ осқ ан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қ ана гуманитарлық пә ндерде қ олданылатын ә дiс ретiнде тұ сiнiп қ ана қ оймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағ ын негiздедi. Оның ойынша, тұ сiну дегенiмiз - адамның дұ ниетанымының негiзгi жағ ы ғ ана емес, ол оның ө мiр сү руiнiң анық таушы себебi, болмысының тә сiлi.

Г.Гадамер осы уақ ытқ а дейiн герменевтикада кең iнен қ олданылғ ан белгiлi тарихи қ ұ жатты зерттегенде сондағ ы руханиятқ а ө ту, тү йсiну тә сiлiн ү зiлдi-кесiлдi терiске шығ арады. Бiр дә уiрден екiншiге, ө зiң нен басқ ағ а ө ту мұ мкiн емес. Бұ гiнгi таң дағ ы философ 2, 5 мың жылғ а шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұ лғ асына ө тiп, солар сияқ ты ө мiрдi сезiнiп қ абылдай алмайды - ол аң ғ ырттық ты кө рсетумен тең болар едi. Ә ң гiме бiреудiң рухани ө мiрiне ө туде емес, керiсiнше, сол замандағ ы мә селелердi қ азiргi заманғ а сай етiп талдауда. Яғ ни, ө зiң мен басқ аның арасындағ ы айырмашылық ты жою емес, керiсiнше, оның жойылмайтындығ ын сезiне отырып, басқ аның ө мiр тә жiрибесiн ө з ө мiрiң де қ олданып қ арауда, сондағ ы оқ иғ аны ө з ақ уалың мен ұ штастыруда. Негiзгi мақ сат - ө ткен оқ иғ аны ой ө рiсте қ айта қ ұ ру (реконструкция) емес, керiсiнше, жаң а мә н-мағ наны тудыру (конструкция) болып табылады.

Мұ ндай кө зқ арас герменевтика саласында кө ппiкiрлiктi тудырады. Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақ иқ аты мынада: бiрде-бiр адам ақ иқ атты танып-бiлiп, толығ ынан жеткiзе алмайды. Сондық тан, ү не бойы сұ хбатты қ олдап, басқ аша ойлайтын адамғ а да сө з берiп, оның айтқ анын наз қ ойып тың дап, тү сiнуге тырысу қ ажет. Мiне, герменевтиканың терең ө зегi осында, - деп қ орытады ойшыл.

Г.Гадамердiң ең гiзген тағ ы бiр жаң алығ ы - тұ лғ аның тебiренiсiн зерттеуден гө рi оның ойының мә н-мағ насына ө ту керектiгi. Зерттеушi жазылғ ан мә тiннiң ә р жағ ындағ ы қ алам иесiнiң тұ лғ асын кө руге тырысудан гө рi оның ой-тебiренiсiн тудырғ ан затқ а ү ң iлуi қ ажет. Бұ л пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қ арсы екенiн байқ аймыз.

Бiр дә уiр екiншiге ауысқ ан сайын жаң а мә дени ақ уал дұ ниеге келiп, бұ рынғ ы кө зқ арастарды сынғ а алғ ан жаң а философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар пайда болғ анымен ә рқ ашанда белгiлi бiр тұ рақ ты ой-ө рiсi қ ала бередi. Ол - тiл, оны ө згерту оң ай шаруа емес. Тiлдегi қ алыптасқ ан мә дениет тә жiрибесi ұ рпақ тан-ұ рпақ қ а ө тiп, олардың ө мiр салтына, iс-ә рекетiне, ой-ө рiсiне ө з ық палын тигiзiп, сонымен қ атар, олардың бiр-бiрiмен қ арым-қ атынасқ а тү суiне мұ мкiндiк бередi. Осы тұ рғ ыдан алғ анда, тү сiнбеушiлiк - ол ә р тiлде сұ хбаттасқ анмен бiрдей. Олай болса, тiлге ұ қ ыпты қ арау, оны тың дай бiлу, ондағ ы ұ мыт қ алғ ан сө здердi жандандыру арқ ылы герменевтика ө зiнiң негiзгi мақ саты - мә дениеттегi дә некерлiк қ ызметiн iске асыра алады.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.