Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы






Иммануил Кант (1724-1804) Шығ ыс Пруссиядағ ы Кенигсберг (қ азiргi Калининград) қ аласында дү ниеге келiп ө мiр бойы сол жерде ө мiр сү рген. Жастайынан ә лсiз бала болып ө зiнiң денсаулығ ына мұ қ ият қ арауғ а мә жбү р болғ ан. Ө мiрiнiң аяғ ына шейiн қ атаң тә ртiптiң негiзiнде ө мiр сү рiп, денсаулығ ын сақ тап қ алу ү шiн тiптi жан-ұ я қ ұ рудан да бас тартқ ан.

И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану мә селелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап ө мiрiнiң соң ына дейiн философиямен шұ ғ ылданады. И.Канттың бұ л ө мiр кезең iн “сындық кезең ² деп зерттеушiлер атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұ л уақ ытта жарық қ а шығ арғ ан ү ш негiзгi ең бектерi “сын² деген сө зден басталады. “Таза зерденi сынау² - негiзiнен дү ниетаным мә селелерiне арналғ ан, “Практикалық зерденi сынау² - мораль мә селелерiне, ал “Пайымдау қ абiлетiн сынау² - табиғ ат философиясы мен ө нер мә селелерiне арналғ ан.

Ө зiнiң “сындық кезең ге² дейiнгi ө мiр сатысында И.Кант кү н жү йесiнiң пайда болуы жө нiнде болжам жасайды. Оның ойынша,, ғ арышта тарағ ан ә р-тү рлi материалдық бө лшектер тарту кү шi арқ ылы ү лкен бұ лттарды қ ұ райды, ал оның iшiндегi тарту жә не оғ ан қ арсы бағ ытталғ ан итеру кү штерi ү лкен дауылдарды тудырып шарғ а ұ қ сайтын ұ сақ бө лшектердiң ү йкелесуiнiң негiзiнде қ ызып жанатын объектiлер дү ниеге келедi.



Ғ арышта бiр жұ лдыздық жү йелер пайда болып, екiншiлерi сө нiп жатады. И.Канттың ойынша бiз ө мiр сү рiп жатқ ан жер планетасы сияқ ты ғ арышта сан-алуан объектiлер бар. Ал олардың кө бi бiз сияқ ты саналы пә нделердi тудыруы мү мкiн. Табиғ ат, жалпы алғ анда, мә ң гiлiк iс-ә рекет пен жаң ару жолында ө мiр сү редi, ол ө зiнiң бiтпейтiн қ айта-қ ұ ру ә рекетiн тоқ татпайды.

Ө мiрiнiң “сындық кезең iнде² И.Кант ө зiнiң алдына бiрнеше кө лемдi философиялық сұ рақ тарды қ ойып, соларғ а жауап беруге тырысады. Олар: “Мен ненi бiле аламын², “Мен не iстеуiм керек², “Мен не нә рсеге ү мiттене аламын², “Адам дегенiмiз не жә не ол ө зi не бола алады².

И.Канттың гносеология (таным) саласында жасағ ан ² коперникандық тө ң керісі² ² мен нені біле аламын? ² деген сұ рақ қ а жауап беруiнен шығ ады. Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бө ледi. Олар тә жiрибелiк (апостериорлық) бiлiм жә не априорлық (яғ ни тә жiрибеден бұ рын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағ нада да тү сiнуге болады, ө йткенi ол тә жiрибеге дейiн бiзге берiлген).

Ө зiнiң практикалық философиясында, яғ ни моральдық iлiмiнде, априорлық деп дү ниедегi барлық ты емес, болуғ а тиiс, керектiгiн кө рсететiндi айтады.

И.Канттың таным теориясындағ ы тағ ы да жиi кездесетiн категориялары - ол трансцендентальдық жә не трансценденттiк.

Трансцендентальдық деп И.Кант тә жiрибенiң алдында жә не сол тә жiрибелiк танымның мү мкiндiгiн жасайтын ұ ғ ымдарды айтады. Ал трансценденттiк деп тә жiрибелiк шең берден шығ ып кетуге ұ мтылғ ан, оның ә р жағ ында жатқ анды айтады.

Келесi екi ұ ғ ым - ол “зат ө з iшiнде², яғ ни заттың ө зiндiгi - оны И.Кант “ноумен² деген ұ ғ ыммен бередi, ол - мә н. Ал заттардың сыртқ ы қ ұ былысын ол “феномен² деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк жә не ақ ыл-ойдың бiтiмдерi арқ ылы ретке келтiрiп тани аламыз. Ал ноумендi алсақ, ол танылмайды. Бiрiншiден, ө зiндiк зат жө нiнде бiз тек қ ана оның ө мiр сү рiп жатқ анын кө ремiз. Олар бiздiң тү йсiктерiмiздi қ оздырушы кү штер ғ ана.Ү шiншi мағ насы - ө зiндiк зат тә жiрибенiң ә р жағ ында жатыр. Тө ртiншiден, оларды таным ү рдісінде бiртi-бiрте жақ ындай беретiн идеалдар, неше-тү рлi рухани қ ұ ндылық тар ретiнде тү сiнедi. Бұ л жағ ынан алып қ арағ анда, ол сенiм аймағ ына жатады.

Егер И.Кантқ а дейiнгi ойшылдар танымның негiзi табиғ атты аң лауда жатыр деп есептесе, ол дү ниетануды адамның белсендi iс-ә рекетiмен байланыстырып, осы жолда адам дү ниенi ө зiнiң априорлық формалары арқ ылы ретке келтiрiп қ ұ рады деген пiкiрге келедi. Философиядағ ы И.Канттың жасағ ан коперникандық тө ң керiсi деп бiз осыны айтамыз.

И.Канттың танымдық теориясы тү йсiктер арқ ылы берiлетiн ә р-тү рлi қ ұ былыстардан басталады. Оларды белгiлi бiр ретке келтiретiн априорлық сезiмдiк аң лау формалары бар. Олар - ке ң iстiк пен уақ ыт.

И.Канттың ойынша, кең iстiк пен уақ ыт - белгiлi бiр сапасыз, бiртектi жә не шексiз созылымдар. Сезiмдiк аң лаудың таза формалары (трансценденталилер) ретiнде олар идеалды, ал материалдық тә жiрибемен қ осылғ ан кезде, - шынайы болып келедi. Егер кең iстiк аң лаудың априорлық сыртқ ы формасы болса, уақ ыт - априорлық iшкi формасына жатады, ө йткенi, уақ ыт адамғ а сырттай берiлмеген, бiз оны тек iштей санау арқ ылы ғ ана сезiне аламыз.

И.Канттың ойынша, кең iстiк пен уақ ытты аң лау математика ғ ылымының қ айнар кө зiн қ ұ райды. Егер геометрияның негiзiнде кең iстiк жатса, арифметика мен алгебраның негiзiнде уақ ыт жатыр, ө йткенi сандарды есептеу, бiрiнiң соң ынан екiншiсiн келтiру уақ ыт шең берiнде оларды санауды қ ажет етедi.

Алайда сезiмдiк аң лау, қ айсыбiр одан шығ атын тә жiрибе ә рқ ашанда кездейсоқ ты, ал бiлiм жалпымағ налық жә не қ ажеттiк, заң дылық дә режесiне кө терiлуi керек. Оғ ан жететiн жол - априорлық ақ ыл-ой формалары, оларды И.Кант категориялар дейдi. Ол категориялардың қ айнар кө зiн тә жiрибеден шығ армайды - олар да кең iстiк пен уақ ыт сияқ ты априорлық табиғ атымен сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақ ыл-ойдың априорлық категорияларына сан, сапа, қ арым-қ атынас, модальдық т.с.с. жатады. ә ң гiменiң ғ ажаптығ ы И.Кант осы кө рсетiлген категорияларды уштiк арқ ылы келтiредi. Мысалы, сан категориясын “бiрлiк², “кө птiк², “бiртұ тастық ² арқ ылы, сапаны - “реалдық ² (шынайылық), “терiстеу², “шектеу² т.с.с. шығ арады. И.Кант философия саласында Жаң а дә уiрде алғ аш рет категориялардың таным жолындағ ы аса ү лкен рө лiн кө рсете бiлдi.

Сонымен, категориялар арқ ылы бiз сезiмдiк аң лаумен алынғ ан дү ние жө нiндегi қ абылдауларды қ ажеттiлiк, жалпымағ налық дә режеге кө теремiз. И.Канттың айтуына қ арағ анда, сезiмсiз бiрде-бiр зат бiзге берiлмеген болар едi, ал ақ ыл-ойсыз бiрде- бiр нә рсенi ойлауғ а болмас едi. “Ойлау сезiмсiз - бос, аң лау ұ ғ ымдарсыз - соқ ыр². Ал осы адамның екi қ абiлетiн бiр-бiрiмен қ оссақ, онда бiз толық қ анды бiлiм дә режесiне кө терiле аламыз. Оны И.Кант тә жiрибе дейдi. Сонымен субъект категориялар арқ ылы заң дылық пен тә ртiптi қ ұ былыстарғ а берiп, оны табиғ ат деген атпен бередi. Адам табиғ атқ а заң дылық берушi. Мұ ндай кө зқ арасты, ә рине, субъективтi-идеалистiк философия деп ә бден айтуғ а болады.

И.Канттың негiзгi бұ л саладағ ы кемшiлiгi - адамның дү ниетанымдағ ы ой белсендiлiгiн асыра кө рсетуiнде. ә рине, таным процесiнде адамның шығ армашылық iс-ә рекетi ү лкен рө л атқ арады. Осы шығ армашылық iс-ә рекеттiң негiзiнде адамзаты “екiншi² тағ ы табиғ атқ а қ арсы тұ рғ ан дү ниенi жасайды. Алайда бiз бұ л “екiншi² табиғ аттың тек бiрiншi алғ ашқ ы табиғ аттың негiзiнде ғ ана пайда болатынын естен шығ армағ анымыз жө н.

И.Канттың таным теориясын ә рi қ арай жалғ астырсақ, онда бiз оның тә жiрибелiк танымның ә рқ ашанда толық емес екендiгi жө нiндегi ойын байқ аймыз - трансценденттiк ә лемге ақ ыл-ой жете алмайды. Ал бiрақ адамның санасында ещқ ашанда жойылмайтын бү кiл дү ние жө нiнде “соң ғ ы ақ иқ атқ а² деген қ ұ штар бар. Ал мұ ндай iстi ө зiнiң мойнына ақ ыл-ой емес, зерде алады.

Егер ақ ыл-ой қ абiлетi арқ ылы бiз категориялдық ғ ылыми таным дә режесiне кө терiлсек, зерде арқ ылы бiз толық қ анды танымның “соң ғ ы кiрпiшiне² дейiн кө терiлуге тырысамыз. Сананың шексiздiкке деген қ ұ штарлығ ын зерде шешкiсi келедi. И.Кант, жалпы алғ анда, ақ ыл-ой мен зерденi адамның ойлау қ абiлетiнiң екi бұ тағ ы ретiнде қ арайды. Егер ақ ыл-ой дү ниедегi қ ұ былыстарды зерттеп, оларды ретке келтiрсе, зерде қ ұ былыстың ә р жағ ында жатқ ан ө зiндiк заттың iшкi сырын ашқ ысы келедi. Зерде ақ ыл-ой шең берiнен аттап трансценденттiк ә лемге ө туге тырысады.

Ақ ыл-оймен зерденiң арасындағ ы айырмашылық ты жете кө рсету ү шiн И.Кант “идея² ұ ғ ымын қ олданады. Ақ ыл-ой категорияларды қ олданса, зерде - идеяларды басшылық қ а алады. “Қ айсыбiр адамның дү ниетануы аң лаудан басталып, ұ ғ ымдарғ а ө тедi де, идеялармен бiтедi². Яғ ни идеялардың ө рiсi ғ ылыми категориялардан кең, ол - метафизикалық категориялар. Идеялар арқ ылы бiз тә жiрибенiң ә р жағ ына ө ткiмiз келедi, бiрақ ол iс-ә рекетiмiз бiздi нә тижеге ә келмейдi. “Идеялар - жетiлгендiк, кемелiне келгендiктi кө рсетедi, оғ ан жақ ындауғ а болғ анмен, бiрақ толығ ынан жетуге болмайды², - деп қ орытады ұ лы ойшыл. Сонымен, зерде ұ стай алмайтынды ұ стағ ысы, шешiлмейтiндi шешкiсi келедi.

И.Канттың ойынша, идеялардың ү ш тү рi бар: олар жан-дү ние, ә лем жә не Қ ұ дай мә селелерi.

Ә лем мә селесiне келер болсақ, ол жө нiнде И.Кант тө рт тұ жырым жасап, оғ ан қ арсы тұ рғ ан тө рт пiкiр келтiредi. Ойшыл оны антиномия дейдi, ө йткенi, бiрiншi тұ жырым мен оғ ан қ арсы бағ ытталғ ан тұ жырымның екеуi де тең дә лелденедi. Осының ә серiнен зерде шешiлмейтiн қ айшылық қ а келiп тiреледi.

И.Канттың тө рт космологиялық идеяларын осы жерде келтiрейiк:

1. Ә лемнiң басталғ ан 1.Ә лемнiң уақ ыттық шең бердегi

уақ ыты мен кең iстiктегi басы жә не кең iстiктегi шең берi

шең берi бар. Ол шектелген жоқ. Ол - шексiз.

2. Ә лемдегi қ айсыбiр кү рделi 2.Бiрде-бiр кү рделi зат тұ рпайы

субстанция тұ рпайы бө лшек- бө лшектерден тұ рмайды. Дү ниеде

терден тұ рады бiрде-бiр тұ рпайы нә рсе жоқ.

 

3.Дү ниедегi қ ұ былыстардың 3. Дү ниеде ешқ андай ерiктiк жоқ.

бә рiн шығ аратын табиғ аттың Дү ниедегiнiң бә рi тек қ ана

заң дылық тарының негiзiндегi табиғ и заң дылық тардың негiзiн-

себептiлiк жаң ғ ыз емес.Кейбiр де ө мiр сү редi.

қ ұ былыстарды тү сiну ү шiн

ерiктi себептiлiктiң бар екенiн

мойындау қ ажет.

 

4. Дү ниеге оның бiр бө лшегi 4.Еш жерде абсолюттi қ ажеттi

я болмаса, себебi ретiнде мә н - дү ниеде де, дү ниенiң

жататын сө зсiз қ ажеттi сыртында да - себеп ретiнде

мә н болуы керек. жоқ.

 

Ә рине, И.Канттың жоғ арыда кө рсетiлген антиномияларында iргетасты философиялық мә селелер кө терiлген. Антиномияларда қ арама-қ арсы жатқ ан тұ жырымдар ө те ө ткiр тү рде берiлген, сондық тан, оларды диалектикалық тұ рғ ыдан шешуге итередi. Оның қ ойғ ан бұ л мә селелерiн болашақ та Г.Гегель диалектикалық тұ рғ ыдан шешуге тырысады.

Сонымен, Жаң а дә уiрде И.Кант Қ айта Ө рлеу заманындағ ы ғ алымдардың iлiмдерiн жаң артып, таным жолындағ ы қ айшылық тың iргетастығ ын ә лемге паш еттi.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.