Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Монтескьенiң философиялық көзқарастары






Шарль Луи де Монтескье (1689 - 1775 ж.ж.) француз ақ сү йектерiнiң семьясында дү ниеге келедi. Сол кездегi беделдi оқ у орындарында оқ ып бiлiм алады.

Негiзгi ең бектерi “Персиялық хаттар ², “Заң дардың рухы жө нiнде ², “Римдiктердiң ө рлеуi мен қ ұ лдырауының себептерi ².

Ө зiнiң ең алғ ашқ ы “Персиялық хаттар² атты ең бегiнде Монтескье монархиялық тә ртiптi, ақ сү йектердiң дү ние шашуын, дiни қ ызметкерлердiң екiжү здiлiгiн айыптап сынғ а алады, оларды Шығ ыстағ ы “Азиаттық деспотиямен² салыстырады.



Ә сiресе, ол христиан дiнiн қ атты сынайды. Христиан дiнi сү йiспеншiлiк дiнi болуғ а тырысқ анымен ө зiнiң тарихында талай-талай қ ақ тығ ыс пен соғ ыстарды ә келдi. Христиандарда ақ ылғ а сыймайтын мә селелер кө п: оларғ а ү ш бiрмен тең, жеп отырғ ан нандары - нан емес, iшкен шараптары - шарап емес т.с.с. Бiрақ, ол христиан дiнiн сынағ анмен Қ ұ дай идеясын толығ ынан терiске шығ арғ ан жоқ. Ол бұ л мә селе бойынша деистiк кө зқ араста болды. Қ ұ дай ө зiнiң қ ұ дiреттi кү шiнiң негiзiнде табиғ атты жә не оның заң дылық тарын тудырды, ал содан кейiн Ол табиғ аттың ә рi қ арай ө мiр сү руiне килiкпейдi. Екiншiден, ол дiнге гуманистiк- ө мiрлiк бағ ыт бергiсi келдi. Мысалы, оның ойынша,, егер Қ ұ дай дiндi адамдарғ а iзгiлiк ү шiн берсе, онда адамдардың осы Дү ниедегi бақ ытқ а ұ мтылуы кү нә емес. Егер Қ ұ дай адамдарды сү йсе, онда адамдар да бiр-бiрiн сү йуi керек, бiр-бiрiне бақ ытқ а жету жолында кө мектесуi қ ажет.

Монтескье ө з заманының кү рделi мә селелерiн терең тү сiну ү шiн адамзат тарихына ү ң iлiп “Римдiктердiң ө рлеуi мен қ ұ лдырауы жө нiнде² деген ең бегiн жазады. Мұ нда оның тарих философиясын байқ аймыз. Ол тарихты дiни жолмен тү сiну (христиандық провиденциализм), я болмаса оны неше-тү рлi кездейсоқ тық уақ иғ алардың жыйынтығ ы ретiнде қ араудан бас тартады. Оның ойынша, “ә рбiр мемлекеттiң ө рлеуi мен қ ұ лдырауының, кү шейуi мен ә лсiреуiнiң жалпы рухани жә не физикалық себептерi бар², - деген тұ жырымғ а келедi.

Кө не замандағ ы Римдiктердiң ө рлеп кү шеюiн Монтескье азаматтық қ ұ ндылық тардан, адамдардың ө здерiнiң жеке мү дделерiнен гө рi қ оғ амның жалпы мү ддесiн жоғ ары қ ойып, соны жан-тә нiн салып қ орғ ауғ а тырысқ анынан кө редi. Ал мұ ндай патриоттық, азаматтық қ ұ ндылық тардың ө зi саяси бостандық тың, республикалық басқ ару жү йесiнiң болуымен байланысты.

Монтескьенiң “Заң дардың рухы жө нiнде² деген ең бегiнде ойшылдың ә леуметтiк-философиялық кө зқ арастарын байқ аймыз. Қ оғ амның ө мiр сү руi мен дамуын Монтескье заң дардың сапалығ ымен байланыстырады. Егер белгiлi бiр қ оғ амның ерекшелiгiн тү сiнгiң iз келсе, онда сол елдегi қ абылданғ ан заң дарды зерттең iз. Қ оғ ам жө нiндегi мұ ндай тү сiнiктi жү ре келе ғ алымдар “заң дық кө зқ арас² деп атап кеттi.

Монтескье қ оғ амдағ ы заң дарды екiге бө ледi. Бiрiншiден, ол “табиғ и заң дар² - олар адамның биологиялық табиғ атынан шығ ады.

Екiншiден, ә леуметтiк заң дар.

Табиғ и заң дардың негiзгiсi - ө мiр сү ру, ол ү шiн азық табу керек. Егер Т.Гоббс ол ү шiн адамдар тартысқ а тү сiп “бә рi бә рiне қ арсы соғ ысады² деген болса, Монтескье, керiсiнше, жаң ғ ыз адам ә лсiз болғ андық тан басқ алардан кө мек iздейдi, басқ алармен бейбiт ө мiр сү руге тырысады деген пiкiрге келедi. Сонымен, бiз Монтескьенiң адам алғ ашқ ы сатысынан бастап ә леуметтiк пә нде болды деген ойда болғ анын кө ремiз.

Қ оғ ам ө мiрiндегi қ айшылық тардың пайда болуының негiзiнде адамның басқ алардың есебiнен пайда табу ұ мтылысы жатыр. Ал мұ ның ө зi адамдардың қ арым-қ атынасын заң мен ретке келтiру керектiгiн туғ ызып, дү ниеге мемлекет келедi.

Монтескье қ ұ қ ық тың ү ш тү рiн анық тайды.

Бiрiншi- халық аралық қ ұ қ ық тар - мемлекет, халық тар арасындағ ы қ арым-қ атынастарды ретке келтiредi.

Екiншi- саяси қ ұ қ тар - мемлекеттегi басшылар мен халық тың арасындағ ы қ атынастарды ретке келтiредi.

Ү шiншi - азаматтық қ ұ қ тар - адамдардың ө зара қ атынастарын ретке келтiредi.

Монтескье мемлекеттi басқ арудың ү ш тү рiн анық тайды. Олар республика, монархия жә не деспотия.

Деспотиялық басқ ару ешқ андай заң дылық ты мойындамайды. Оның ө зi елдi бақ ытсыздық қ а ә келiп, неше-тү рлi зорлық -зомбылық қ а жол бередi.

Республикалық басқ ару саяси заң мен бекiтiлген бостандық тардың негiзiнде iске асады.

Монархиялық басқ ару жү йесi жоғ арыда кө рсетiлген басқ арулардың екi ортасында орналасқ ан.

Монтескьенiң саяси философиясындағ ы жасалғ ан жә не бү гiнгi таң ғ а дейiн ө зектi жаң алығ ы - ол мемлекет билiгiн бө лу идеясы.

Шынайы саяси бостандық болу ү шiн республика, я болмаса монархия басқ ару жү йесiнде заң беру, атқ ару жә не сот билiктерi бiр-бiрiнен бө лiнуi қ ажет.

Ал ендi “заң дардың рухына² келер болсақ, олардың ә рбiр елдердегi ерекшелiктерi кө п жағ дайлармен байланысты. Олар - жердiң қ ұ нарлығ ы, ауа-райы, таулы- жазық тығ ы, ә дет-ғ ұ рыптар, дiни сезiмдер, халық тың саны мен материалдық қ ал-ақ уалы, заң берушiлердiң мақ саты, саяси билiктiң, елдегi жалпы тә ртiптiң кө рiнiстерiмен байланысты, - деп қ орытады ұ лы ойшыл.

Мұ ндай кө зқ арасты ә дебиетте “географиялық детерминизм² (себептiлiк) деп айтады. Ө йткенi, жоғ арыда кө рсетiлген жағ дайлардың iшiндегi негiзгiлерi деп ол “жердiң қ ұ нарлығ ын, ауа-райын жә не таулы-жазық тығ ын² атайды.

Мысалы, ыстық ауа-райы адамдарды ә лсiретiп енжар қ ылады, ал суық ауа-райы ой мен дененiң кұ шеюiне, олардың ө мiрге деген қ ажырлы ең бегiн, ұ лы iстердi жасауғ а мү мкiндiк бередi. Сондық тан, ыстық ауа-райында ө мiр сү ретiн халық тар қ ұ лдық қ а келдi де, суық жерде ө мiр сү ретiн халық тар ө здерiнiң бостандығ ын сақ тап қ алды, - деп ойлайды Монтескье. Ә рине, бү гiнгi таң дағ ы адамдар мұ ндай кө зқ арасқ а кү лкiлi кө збен қ арауы ә бден мү мкiн.

Дегенмен, қ оғ амның дамуында географиялық жағ дайлармен санаспаудың ө зi, таза технократиялық кө зқ арастар қ андай салдарларғ а ә келетiнiн бiз бү гiнгi таң да ауылдағ ы осы уақ ытқ а дейiн жү ргiзiлген реформалардың терiс жақ тарынан кө рiп отырмыз.

Кең тү рде алғ анда, бiздiң ата-бабаларымыздың мың дағ ан жылдар бойы кө шпендiлiк ө мiр салтын ұ стауының ө зi (жаң а дә уiрге дейiн) сол жағ алай қ оршағ ан ортағ а байланысты болатын. Ә рине, Жаң а дә уiр тарихқ а келiп, машиналық техника пайда болғ ан кезде, кө шпендiлiк ө мiр салты мү мкiншiлiктерi сарқ ылып, қ азақ халқ ы жаң а ө мiр қ ұ ндылық тарына ө туге мә жбү р болды.

Монтескьенiң ойынша, жоғ арыдағ ы кө рсетiлген жағ дайлармен қ атар жер кө лемi жә не оның таулы-жазық тығ ы да қ оғ амның саяси бiтiмiне ө зiнiң зор ә серiн тигiзедi. Бiрiншiден, таулы елдер кө лемi жағ ынан ү лкен бола алмайды. Ал, кiшi елде азаматтар қ оғ амдық мә селелердi талдап шешiп қ абылдауғ а жиү қ алыптасады. Ал орта кө лемдi елдерде, кө бiнесе, монархиялық басқ ару жү йесi орнайды. Жерi жазық жә не ө те кө лемдi елдерде деспотиялық басқ ару жү йесi қ ажет, ө йткенi, тек кү ш жұ мсау мен қ орқ ыту арқ ылы ғ ана алыста жатқ ан елдердi орталық билiкке кө ндiруге болады деп қ орытады Монтескье.

Ә рине, бiз ұ лы ойшылдың географиялық факторлардың қ оғ ам ө мiрiне деген рө лiн асыра кө рсеткенiн байқ аймыз. Бiрақ, бұ л кө зқ арастар ө з заманының мә селелерiн жаң аша тү сiнуде, дiни тү сiнiктерге тойтарыс беруде кең iнен пайдаланды.

Вольтер

Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694-1778) -француз ағ артушыларының ұ лы ө кiлi. Негiзгi ең бектерi: “Философиялық хаттар², “Метафизикалық трактат², “Тарих философиясы² т.с.с.

Вольтердiң дү ниетанымдық кө зқ арастарының негiзiнде сол кездегi кең iнен тарағ ан деистiк материализм болды. Дү ниедегi сан-алуан материалдық заттар мен қ ұ былыстар жө нiндегi деректердi бiз сезiмдiк тану арқ ылы аламыз. “Мен тасты сипағ ан кезде, оның орнын ала алмайтынымды ө те жақ сы сезiнемiн, олай болса, бұ л арада кең iстiктi орын алып жатқ ан бiр нә рсе барын тү сiнемiн², - дейдi ойшыл.

Демокрит пен Эпикурдың атомистiк кө зқ арасын қ олдап, Вольтер “дү ниенiң элементтерi материалдық жә не олар ө ткiзбейтiн созылғ ан субстанция², - деген пiкiрге келедi. Сонымен қ атар, И.Ньютонның ашқ ан тарту қ асиетiн қ олдап, оны ол материяның негiзгi қ асиеттерiнiң бiрi жә не табиғ аттың ә лi ашылмағ ан сан-алуан қ асиеттерi бар деген тұ жырымғ а келедi.

Ал ендi Дү ниенiң бә рi материалдық болатын болса, онда адамның жан-дү ниесiн қ алай тү сiнуге болады? - “Жан-дү ние дегенiмiз- адамның ойлауғ а жә не сезiнуге деген қ абiлетi. Олай болса, денеден басқ а ө мiр сү рiп жатқ ан жан-дү ние жө нiнде менiң ешқ андай тү сiнiгiм жоқ ², - деп қ орытады ұ лы ойшыл. Мұ ндай кө зқ арас, ә рине, дiнге қ арсы. Мә селенiң қ ызық тығ ы - сол дiнге қ арсы пiкiрдi Вольтердiң дiни жолмен дә лелдеуге тырысуы. “Егер осы ғ ажап дү ниенi Қ ұ дай жаратқ ан болса, онда ол материяғ а сезiну жә не ойлау қ асиеттерiн бере алмайды деп кiм айтар екен, - деген сұ рақ қ ояды.

Екiншiден, Вольтер сол кездегi жаратылыстану деректерiне сү йене отырып адамның жан-дү ние қ ұ былыстарын оның тү йсiктерi мен жү йесi, миымен байланысты екенiн кө рсетедi.

Ү шiншiден, жануарлардың да адамның дене қ ұ рылысына ұ қ сас мү шелерi бар екенiн кө рсетiп, олай болса, олар да дү ниенi сезiнiп, бұ лдыр да болса дү ниенi тани алады, - деген пiкiрге келедi.

Ө зiнiң шығ армаларында Вольтер адам мә селесiне де кө п кө ң iл бө лген. Адам- ә леуметтiк пә нде. Ол ө зiнiң ұ лылығ ын дү ниетану жә не оны қ айта ө згерту жолында айқ ын кө рсетедi. Адамның табиғ атындағ ы “ө зiн сақ тау², “ө зiн сү йу² т.с.с. -олар адамдарды бiр-бiрiнен алыстатпай, керiсiнше, бiр-бiрiне жақ ындатып, iштесiп, сү йуге ә келетiн инстинктер. Адам жалғ ыздан-жалғ ыз ө мiр сү ре алмайды. Табиғ и тү рде пайда болатын еркек пен ә йелдiң арасындағ ы байланыстар жас ұ рпақ тарды дү ниеге ә келiп, қ оғ амды бiрiктiредi, - дейдi Вольтер.

Қ оғ ам ө зiнiң iшiнде миллиондағ ан адамдарды бiрiктiргеннен кейiн олардың моральдық жә не қ ұ қ тық қ арым-қ атынастары саяси заң дар мен ережелер арқ ылы ретке келтiрiледi. Оларды адамдардың ө зi тудырады. Оғ ан Қ ұ дайдың еш қ атынасы жоқ.

Моральдық табиғ и заң - ол “ө зiң е не қ аласаң, басқ аларғ а да соны жаса², - бү кiл адамзатқ а тә н нә рсе. “Сиамнан бастап Мексикағ а дейiн шындық, қ айырымдылық, достық ты сыйламайтын халық жоқ ². Қ ұ дай болмаса адамдар ойларына не келсе соны iстейдi, тiзгiнсiз кетедi, - деген осы уақ ытқ а дейiн кең тарағ ан пiкiрге қ арсы шығ ып, Вольтер ондай адамдарды қ оғ амның ө зi-ақ неше-тү рлi заң дар арқ ылы ауыздық тай алады деген пiкiрге келедi. Екiншiден, халық тың ө зi-ақ ондай адамдарғ а терiс қ арайды - бұ ның ө зi ондай адамдарғ а ең кү штi тiзгiн. Олай болса, ә р адам жетiле келе қ оғ ам ө мiрiнде ө зiн таза ұ стау керектiгiн, ө зiнiң басқ а адамдар алдындағ ы борышын бұ лжытпай орындау қ ажеттiгiн тү сiнiп орындайды, - деп қ орытады Вольтер.

Тарих философиясы

Вольтер адамзат тарихын философиялық жолмен сараптауда алғ ашқ ы iз салғ андардың қ атарына жатады.

Бiрiншiден, тарихшылар кө семдердiң жасағ ан iстерiнен гө рi халық тардың ө мiрiне кө бiрек кө ң iл бө лу керек.

Екiншiден, тарихшылар белгiлi халық тың рухани мә дениетiнiң мазмұ нын мұ қ ият зерттеуi қ ажет (оғ ан ол мораль, ө нер, философия, қ ұ қ тық жә не саяси кө зқ арастар, ғ ылыми деректер, ә дебиет пен мифологияны жатқ ызады) жаң ғ ыз ғ ана халық тың дiни сенiмiн қ арастыру жеткiлiксiз.

Ү шiншiден, адамзаттың дү ниенi игеру жолындағ ы жасағ ан материалдық мә дениет те мұ қ ият зерттелуi керек.

Тө ртiншiден, христиан елдерiнiң тарихы - ол бү кiл адамзат тарихымен тең емес. Сондық тан, басқ а халық тардың да тарихын зерттеп, оларды бү кiл адамзаттық тарихқ а ең гiзу қ ажет.

Вольтер қ оғ ам дамуының, ө згеруiнiң қ айнар кө зiн адамдардың ой-ө рiсiнен, пiкiрлерiнен кө редi. “Адамдардың пiкiрлерi дү ниенi басқ арады², - дейдi ол. Бiрақ ол пiкiрдi халық тың кө пшiлiгi қ олдауы керек. Олай болса, мемлекеттi басқ арып отырғ ан саясаткерлердiң ойы мен iс-ә рекеттерi халық ты бақ ытты, иә болмаса бақ ытсыз ө мiрге ә келедi. Бү кiл адамзат тарихындағ ы мың дағ ан жылдағ ы болғ ан бақ ытсыздық, зардап шегу, қ ылмыстық, ә пербақ андық тың бә рi - ө кiмет басындағ ылардың арсыз билiгiнде болды деген қ орытындығ а келедi.

Бiрақ, сонымен қ атар, Вольтер ө з заманына - ХУIII ғ кө п ү мiт артады, ө йткенi ғ ылымның дамуы, ө нердiң ө рлеуi, зердеге негiзделген философиялық ойлар кең iнен тарап халық бұ қ арасының рухани дең гейiн ө сiрiп жатыр. Ал мұ ндай ө рлеу Вольтердiң ойынша ө кiмет билiгiне “ағ арғ ан дана патшаның ² келуiне себеп болады. Ол қ оғ амдағ ы залымдық ты қ ұ ртып, адамдардың бақ ытты ө мiр сү руiне керектi жағ дайларды жасайды, - деген оптимистiк ө мiршең дiк оймен ө зiнiң тарих философиясын аяқ тайды.

Тарих- ү лкен оқ ытушы. Ө ткендегi болғ ан кемшiлiктер мен қ аталық тарды бiлген халық қ ана оларды ө зiнiң болашақ ө мiрiнде қ айталамайды, - деп бiз Вольтердiң ойын ә рi қ арай жалғ астыралық. Ол, ә сiресе, қ азақ халқ ына ауадай қ ажет нә рсе.

Жан-Жак Руссо

Жан–Жак Руссо (1712-1778 ж.ж.) Швейцариядағ ы Женева қ аласында сағ ат жө ндеушiнiң семьясында дү ниеге келедi. Негiзгi ең бектерi“Қ оғ амдық шарт жө нiнде², “Эмиль, я тә рбие жө нiнде² т.с.с.

Адам мә селесi

Руссо адамның табиғ атынан екi алғ ашқ ы ө зiмен бiрге туатын нә рсенi байқ айды. Олардың бiреуi “бiздi ө зiмiздi сақ тап, жақ сы ө мiр сү руге ынталандырса², екiншiсi - ә рбiр сезiмдiк жанның зардап шегуiн ө лiп-қ ұ руын кө ргенде табиғ и тiтiркенушiлiктi тудырады.

Егер Т.Гоббс адамның ө зiн сақ тауғ а бағ ытталғ ан табиғ и инстинктiнен ө зiмшiлдiктi (эгоизм) тудырса, Руссо оның ө мiрге келуiне дейiн кө п уақ ыттың ө ткенiн кө рсетедi. Руссоның ойынша, адамның ө зiн сү ю сезiмi басқ алардың зардабын кө ргенде оларды аяу сезiмiмен тең еледi, кө бiнесе, соң ғ ы сезiм басым болып, басқ алардың қ айғ ы-қ асыретiне ортақ болуғ а ә келедi.

Ө зiнiң табиғ и жағ ынан алсақ, адам iзгiлiкке ұ мтылатын пә нде. Егер адам iзгi iс-ә рекет жасап, ө зiнiң ө зiмшiлдiгiмен кү ресе бiлсе, оның бұ л қ асиетi терең етек жаяды. Бiрте-бiрте iзгiлiкке ұ мтылу қ ажеттiкке айналып адамғ а рахат ә келедi. Басқ алардың алдындағ ы адамның борышы - ол iзгiлiктiң сыртқ ы кө рiнiсi ғ ана. Ал табиғ и сезiмнен шығ атын басқ а адамдарғ а деген iзгi iс-ә рекет - ол ең биiк дә режедегi адамгершiлiк, - деп қ орытады Руссо.

Бiрақ, адамның басқ аларғ а деген iзгi сезiмiн дамытуғ а тежеу жасалса, ол ө зiнiң қ арама-қ арсылығ ына айналып эгоизмдi, яғ ни ө зiмшiлдiктi тудырады.

Ө ркениеттi қ оғ амдағ ы адамдардың бiр жағ ынан алғ анда адамды сү йуi, ә дiлеттiлiк, iзгiлiкке деген iң кә рi байқ алса, екiншi жағ ынан, ол сыртқ ы сезiмнiң, ө зiмшiлдiктiң шең берiнде екенiн кө ремiз. Осы екi бiр-бiрiне қ арсы сезiм тарихта қ алай пайда болды?

Бұ л сұ рақ қ а жауапты ол адамдардың арасындағ ы тең сiздiк қ алайша пайда болды деген сұ рақ қ а жауап беру арқ ылы шешуге тырысады.

Тең сiздiк мә селесi

Егер Руссоғ а дейiнгi ойшылдар тең сiздiктiң тү п-тамыры бiр жағ ынан зорлық -зомбылық қ а, екiншi жағ ынан - дiни- рухани алдау-арбауда, - деп есептесе, Руссо оның шынтуайт себептерi бар деген ойғ а келедi. Оны ол адамның ақ ыл-ой иесi ретiнде жетiлуге деген қ абiлетiнен кө редi. Адам ең бек етiп ө зiн-ө зi асырау жолында қ армақ пен жiптi, садақ пен жебенi, малдың терiсiнен киiмдi т.с.с. ойлап шығ арды, отты игердi. Олар ү лкен аң дарды ұ стау ү шiн бiр-бiрiмен оқ тын-оқ тын бiрiгiп, оның пайдалылығ ын байқ ады.

Руссоның ойынша, ү й салу - адамдардың ө мiрiндегi алғ ашқ ы ү лкен тө ң керiс болды, ө йткенi ү ймен бiрге жан-ұ я дү ниеге келдi -ол тарихи алғ ашқ ы ә леуметтiк бiтiм едi. Бұ л кезде ә лi мемлекет дү ниеге келген жоқ, сондық тан, бұ л уақ ыт - алтын заман, адамдар бiр-бiрiнен тә уелсiз, олар табиғ аттың бақ ытты балалары.

Екiншi тө ң керiс тең дiктi жойып, адамдарды қ ұ лдық пен қ айыршылық қ а ә келдi. Ол - жеке меншiктiң пайда болуы. Оның негiзiн қ алағ ан бiрiншi адам ө з ү йiнiң маң айын қ оршап “Бұ л - менiкi², - дедi, ал қ алғ ан адамдар оны мойындады, - деген пiкiр айтады. Ә рине, Руссо бұ л қ ұ былыстың терең тамырына шейiн жетедi, ө йткенi, жеке меншiктiң пайда болуы алғ ашқ ы қ оғ амның экономикалық дамуымен тығ ыз байланысты болатын.

Жердi ө ң деп егiн егудiң ө зi оны бө луге ә келiп соқ ты. Осыдан жеке меншiк, тең сiздiктiң ө зi-ақ пайда болады, тiптi бiз алғ ашында жер тепе-тең бө лiнiп едi деп есептесек-те.

“Ең кү штi ө зiнiң ең бегiмен басқ алардан гө рi кө бiрек ө ндiрдi, ең ө нерлi, тапқ ыр ө зiнiң ең бегiнен пайданы кө бiрек кө рдi², - дейдi Руссо. Жердi ө ң деп егiн егу азық -тү лiктi кө бейтiп, қ ажеттiктен артық қ алатын байлық тың кө зiн ашты. Ал мұ ның ө зi ә р-тү рлi кә сiптердi туғ ызып ө ндiргiш кү штердi ә рi қ арай дамытты. Ә сiресе, темiрдi балқ ытып игеру ауыл шаруашылығ ында қ олданатын қ ұ ралдарды анағ ұ рлым жетiлдiрiп алатын ө нiмдi молайтты. Байлық аз топтың қ олында шоғ ырланып кө пшiлiк қ айыршылық жағ дайғ а келедi - осыдан бастап адамзат табиғ и сатыдан цивилизацияғ а келiп тiреледi. Байлардың мү дделерiн тиiмдi қ орғ ау жолында мемлекет дү ниеге келедi, - деп қ орытады Руссо.

Мұ ндай жағ дайда адамғ а қ алайша оның жоғ алтқ ан ерiктiгiн қ айтып беруге болады?, - деген кө кейтестi сұ рақ қ а Руссо ө зiнiң “қ оғ амдық шарт² теориясы арқ ылы жауап беруге тырысады. Оның мә нi мынада. Ә рбiр адам ерiктi тү рде ө з қ ұ қ тарының бә рiн қ оғ амғ а бередi. Осы сә тте адамдардың бә рi де бiр-бiрiмен заң жү зiнде тең елiп, берген қ ұ қ тарын ө зiне қ оғ амнан қ айтарады. Барлығ ының жағ дайы тең, ешкiмнiң де артық шылығ ы, жең iлдiлiгi жоқ, ә рбiр адам бү кiл қ оғ амды мойындап, оның талаптарына кө нгенмен, жеке қ айсыбiр адамғ а тә уелсiз болады. ә рбiр адам бiртұ тас қ оғ амның ажырамас бө лiгiне айналады.

Сонымен, қ оғ ам ө мiрiнде ә рбiр адам ө зiнiң кү ш-қ уатын сезiнедi, адамдар жеке тұ лғ а, дене ретiнде тең сiз болғ анымен, моральдық, қ ұ қ тық тең дiкке ие болады.

Қ оғ амдағ ы шығ арылғ ан заң дардың қ айнар кө зi - халық. Егерде бiрде-бiр заң халық тың пiкiрiнсiз жә не дауысын берусiз жарық қ а шық са, онда ол - заң емес, ол - бұ йрық. Халық тың билiгiн қ амтамасыз ететiн ұ йым - ол халық тың қ ұ рылтайы. Ол заң мен бекiтiлген уақ ытты жыйналып “қ оғ амдық шарттың бұ зылмауын бақ ылап отыруы қ ажет, ө йткенi, ол шарттың ыдырап кету себептерi ә рқ ашан сақ талады². Олар:

1. ә рбiр ө кiметтiң ө зiн ә рқ ашанда кү шейтуге тырысуынан шығ ады;

2. азаматтардың бiршамасының iзгiлiк жолынан ауытқ у мү мкiндiгiнен;

3. жеке мү дделердiң дамып жалпы мү дденiң шең берiн қ ысуынан;

4. мұ ндай жағ дайда “жалпы мү дденi² ө згертiп, адамдарды алдап кету қ аупы туады;

Қ оғ амдық шартты сақ тап қ алудың бiрде-бiр жолы, Руссоның айтуына қ арағ анда, ол - халық ты ағ арту, оғ ан ә рқ ашанда дұ рыс жолды кө рсетiп отыру.

Руссо адамды тә рбиелеу мә селелерiне де кө п кө ң iл бө ледi. Тә рбиелеу дегенiмiз табиғ аттың адамғ а берген туа бiткен дарындарын бiрте-бiрте дамытып, гү лдету. Адамғ а ерiктiктi сү йу, тә уелсiз пiкiр айту сезiмдерiн қ алыптастыру - қ ажеттi нә рсе. Мә селенi нақ тылай келе, Руссо баланың тә рбиесiн 4 сатығ а бө ледi:

туғ аннан екiге дейiн - негiзiнен оның дене тә рбиесiне басым кө ң iл бө лiнуi керек.

екiден он екiге дейiн - сезiм мен кө ң iл-кү й тә рбиесi жү руi керек.

он екiден он беске дейiн - баланың ақ ыл-ойының дамуына басым назар аударылуы қ ажет.

он бестен он сегiзге дейiн - баланы адамгершiлiк жолына қ ойу керек. ә сiресе, осы соң ғ ы “дауыл мен iң кә р² сатысына кө п кө ң iл бө лiнуi қ ажет.

Тә рбие жолында тiкелей зорлық жасамай баланың дамуына астыртын ық пал жасау керек. Ә сiресе, оның қ алыптасып жатқ ан ерiктiк сезiмiн аялау қ ажет. Тә рбие жолында ең бек етуге ү йретудiң орны ерекше. Iзгiлiктi сү йу ү шiн балағ а iзгiлiктi iстердi жасату керек. Тә рбие жолында баланың денесi мен ақ ыл-ойының дамуы бiр-бiрiне ауысып қ атар жү рiп отыруы керек.

Руссо ө з заманын ондағ ан жылдарғ а озып, болашақ ұ рпақ тарғ а зор ә серiн тигiздi. Руссоның қ оғ ам, адам, мораль т.с.с. жө нiндегi кө п идеялары бiздiң ғ ылыми-техникалық революция жү рiп экологиялық дағ дарысқ а ә келiп жатқ ан заманғ а да ө зектi де, мазмұ нды.

Жоғ арыдағ ы айтылғ ан ұ лы француз ағ артушылардың қ атарына басқ а да сол замандағ ы ойшылдарды кiргiзуге болады.

Егер Кондильяк (1715-1780 ж.ж.) қ айсыбiр ой-ө рiсi тү йсiктердiң берген деректердiң негiзiнде пайда болады, яғ ни қ оғ амның рухани ө мiрiнде кү нбе-кү нгi ө мiр бейнеленедi деп есептесе, Ламетри (1709-1751ж.ж.) ө зiнiң емдеу тә жiрибелерiне сү йене отырып, адамның ұ йық тап жатып кө рген тү сi, иә болмаса ауырып есiнен танып жатқ андағ ы сандырағ ы жан-дү ниенiң толығ ынан мимен байланысын кө рсетедi, - деген пiкiрге келедi.

Гельвеций (1715-1771ж.ж.) де осы кө рсетiлген тұ рғ ыдан мораль мә селелерiн қ арап, адамның қ айсыбiр лә ззат алу формаларының негiзiнде сезiм толқ ыны жатыр, ал кейбiр адамдардың ө зiмшiлдiгiне келер болсақ, оны тә рбиенiң негiзiнде тү зеуге болады деген пiкiр айтады.

Гольбах (1723-1789ж.ж.) ө зiнiң “Табиғ ат жү йесi² деген кө лемдi ең бегiнде “ө зiмен-ө зi ө мiр сү рiп жатқ ан табиғ ат дү ниедеге барлық қ ұ былыстардың себебiн қ ұ райды², - деген батыл да терең пiкiрге келедi. Табиғ ат дегенiмiз - орасан зор шеберхана. Материяның негiзгi ө мiр сү ру тә сiлi - қ озғ алыс. Ал тарту мен инерция - материаның ең терең табиғ и қ асиеттерi.

Ө зiнiң ә леуметтiк философиясында ғ алым адамдарды азаматтылық қ а, заң ғ а кө нуге, елдi қ орғ ауғ а, қ айсыбiр саясаттағ ы озбырлық қ а қ арсы кү ресуге, ағ арғ ан басқ ару жү йесiн орнатуғ а шақ ырады.

Мораль саласындағ ы негiзгi қ ұ ндылық тарғ а ол iзгiлiк, ақ иқ ат, зерденi жатқ ызып - тек соларғ а ғ ана табынуғ а болады, - деген пiкiрге келедi. Ол қ айсыбiр дiни кө зқ арастарды қ абылдамай, дiни надандық тан арылуғ а шақ ырады.

Дидро (1713-1784) - аса ұ лы француз ағ артушыларының бiрi. Оның басшылығ ы мен ұ йымдастыру қ абiлетiнiң арқ асында ХУIII ғ “Француз энциклопедиясы² басылып шығ а бастады (салыстырың ыз - Қ азақ совет энциклопедиясы ХХғ 70-шi жылдарында жарық кө ре бастады). Онда сол кезге дейiн жыйналғ ан ғ ылыми деректердiң негiзiнде дү ниеге жаң а кө зқ арас, жаң а саяси, қ ұ қ тық, гуманистiк идеялар дү ниеге келiп кең iнен қ оғ амда тарала бастайды. Ол француз халқ ының рухани жаң аруына ө зiнiң ө шпес iзiн қ алдырды.

Негiзгi ең бектерi “Табиғ атты тү сiнудегi ойлар жө нiнде ², “Д'Аламбердiң Дидромен сұ хбаты ², “Материя мен қ озғ алыстың философиялық принциптерi ² т.с.с.

Егер француз ағ артушыларының кө пшiлiгi деистiк кө зқ араста болса, Дидро ө зiнiң философиялық кө зқ арастарында таза материалистiк бағ ытқ а кө шедi.

Дү ниедегi субстанция бiреу ғ ана - ол материя, ал оның себебi ө зiнiң iшiнде, сондық тан, оны тү сiнiп тану ү шiн ешқ андай Қ ұ дай идеясы керек емес. Материяны ешкiм жаратқ ан жоқ, ол ө зiнiң даму заң дылық тарының негiзiнде мә ң гiлiк ө мiр сү рiп жатыр. Дидро материяның ө мiр сү ру тә сiлiн қ озғ алыстан кө редi, сондық тан, оларды бiр-бiрiнен ажырата алмаймыз. Бү кiл табиғ ат мә ң гi қ озғ алыста, бiр нә рселер жойылып, екiншiлерi оның орнына келiп жатыр. Дидроның ең тамаша ойы - ол материяның ө зiндiк iшкi кү штерiн мойындап жә не оның қ айнар кө зiн iшкi қ айшылық тардан iздейдi.

Адам мә селесiне келер болсақ, Дидро оны басқ а тiршiлiктер сияқ ты ө зiнiң қ алыптасу, жетiлу тарихынан ө ттi деген пiкiрге келедi. Адамның санасы - ол Қ ұ дайдың оғ ан берген сыйы емес, ол материяның даму жолында пайда болғ ан қ ұ былыс. Ол тiршiлiктiң кү рделену жолында пайда болады.

“Қ оғ амдық шарт² теориясына сү йене отырып, Дидро корольдiң билiгiнiң Қ ұ дай берген билiгi жө нiндегi сол кездегi кең тарағ ан пiкiрге қ арсы шығ ып, оны ә шкерлейдi. Ол конституциямен шектелген монархияны жақ тап, ағ арғ ан билiктiң қ ажет екенiн кө рсету жолында талай ойларды қ озғ айды.

Адамның ө зiмшiлдiгiн мойындағ анмен, Дидро оны ақ ыл-оймен тежеп, басқ алардың да мү дделерiн тү сiнiп, адам ө зiн-ө зi тежей, шең берлей алатын дә режеге кө терiлуi керек деген гуманистiк ойларды келтiредi.

Қ орыта келе, бiз француз ағ артушыларының философия тарихындағ ы алатын ерекше орнын тағ ы да атап ө ткiмiз келедi. Олардың айтып кеткен кө п ойлары осы кү нге дейiн ө зiнiң ө зектiгiмен бiздi таң ғ алдырып, iшкi дү ниемiзде шабыт оятып, жаң а ой-пiкiрлердi тудырады.

Ө зiндiк дайындық қ а арналғ ан сұ рақ тар:

1. Ағ арту философиясының негiзгi ерекшелiктерi.

2. Деизм дегенiмiз не?

3. Дж.Пристлидiң саяси жә не азаматтық бостандық тардың ө зара байланысы жө нiндегi идеялары.

4. А.Шефтсберридiң мораль жө нiндегi ойлары.

5. Дж.Беркли субъективтiк идеалистiк кө зқ арасын қ алай негiздейдi?

6. Ш.Монтескьенiң “заң дық кө зқ арас² жө нiндегi ойлары.

7. “Географиялық детерминизм² дегенiмiз не?

8. Ж-Ж. Руссоның тең сiздiктiң пайда болуы жө нiндегi идеялары.

9. Ф.Вольтердiң христиан дiнiн сынауы.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.