Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нахв (грамматика) 4 страница




ذَاكَ تَاكَ
ذَانِكَ=ذَيْنِكَ تَانِكَ=تَيْنِكَ
أُولَئِكَ أُولَئِكَ

Кейде исми ишараның жекеше және көпше түрлеріндегі кафи хитаб алдына лами баъда ( لـ ) қойылады:

ذَلِكَ تَالِكَ (تِلْكَ)
أُولَئِكَ = أُولاَلِكَ أُولَئِكَ = أُولاَلِكَ

Кафи хитаб кейде өзі бағытталатын жаққа бағына отырып, екілік және көпше түрде қолданылады. Мысалы:

ذَلِكَ خَيْرٌ ؛ ذَلِكُمَا خَيْرٌ ؛ ذَلِكُمْ خَيْرٌ. Үш жағдайда мұнда: «бұл- жақсы» дегенді білдіреді. Алайда бірінші жағдайда «бұл сен (бір өзің) үшін жақсы» дегенді аңғартады. Екінші жағдайда - «бұл сендер (екеуің) үшін жақсы», үшінші жағдайда - «бұл сендер (көпшілік) үшін жақсы». Құран Кәрімде бұл мысал «бақара» сүресінің 54-аятында кездеседі:

} ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ}.

Егер бұл исми ишаралар кафи хитаб және лами баъдасыз келсе, онда олар жақын жердегі бір затқа нұсқау ретінде қолданылады: ذَا ؛ أُولاَءِ,«мына, бұл, мынау», «мыналар, бұлар ». Егер олар кафи хитабпен келсе, онда олар алыс, алшақ жердегі заттарға нұсқау ретінде қолданылады ذَاكَ ؛ أُولَئِكَ «ана, анау», «аналар». Егер оларда кафи хитабпен және лами баъда қатар келсе, онда олар едәуір алыстағы заттарға нұсқау ретінде қолданылады: ذَلِكَ ؛ أُولاَلِكَ .



Ескерту: Сөздіктерде ذَلِكَ сөзі сондай-ақ жақын жерге нұсқау ретінде де айтылады.

.اسم موصول .§ -12

Сол бір адам, сол бір зат, сондай бір зат деген сияқты мағыналарда (орыс тіліндегі «который», ал қазақ тілідегі –ған... дегенге сәйкес келеді ) жұмсалатын сөздер исми мавсул (қатыстық есімдік) деп аталады. Исми мавсул барлығы 8 ғана сөзден тұрады:

الَّذِي ؛ الَّتِي ؛ مَنْ ؛ مَا ؛ أَيُّ ؛ أَيَّةُ ؛ ذَا ؛ ذُو.

 الَّذِي -ер тегі үшін «–ған зат» деген мағынады жұмсалады.

الَّذِي مفرد
اللَّذَانِ=اللَّذَيْنِ تثنية
الَّذِينَ = اللاَّؤُنَ = اللاَّئِينَ = الأُولَي جمع

Мысалы:



الَّذِي خَرَجَ هُوَ عَالِمٌ ؛ اللَّذَانِ خَرَجَا هُمَا عَالِمَانِ ؛ الَّذِينَ خَرَجُوا هُمْ عُلَمَاءُ.

الَّتِيде әйел тегінде الَّذِيмағынасында жұмсалады.

الَّتِي مفرد
اللَّتَانِ=اللَّتَيْنِ تثنية
اللاَّتِي =اللَّوَاتِي = اللاَّئِي = اللاَّيِ جمع

Мысалы:

الّتِي ذَهَبَتْ هِيَ عَالِمَةٌ ؛ اللّتَانِ ذَهَبَتَا هُمَا عَالِمَتَانِ ؛ اللاَّتِي ذَهَبْنَ هُنَّ عَالِمَاتٌ.

ƒ مَنْ -«-ған» есімшесінің мағынасында (орысша «который») болып, ер тегі және әйел тегінің жекеше түрінде де, көпше түрінде де қолданыла береді. Мысалы:

مَنْ قَرَأَ هُوَ عَالِمٌ ؛ مَنْ قَرَؤُا هُمْ عُلَمَاءُ ؛ مَنْ قَرَأَتْ هِيَ عَالِمَةٌ؛ مَنْ قَرَأْنَ هُنَّ عَالِمَاتٌ.

Бұлمَنْадамдарға және ақыл иелеріне қолданылады. Тек Ұлы Аллаһ Тағалаға, періштелерге, жындарға және адамдарға байланысты қолданылады.

مَا -“сол зат” мағынасында ер тегінің жекеше түрі үшін қолданылады. Екілік және көпше түр үшін қолданылмайды. Мысалы:

مَا رَأَيْتُهُ شَيْءٌ عَجِيبٌ.

Бұл مَاадамнан басқа барлық заттар мен құбылысқа қатысты, яғни ақылсыз жаратылыстар үшін қолданылады.

… أَيُّ-«әр», «қайсы бір» және «-ған» («который») мағыналарында болып, ер тегінің жекеше түрінде жұмсалады. Мысалы:

أَيُّهُمْ يَعْلَمُ فَهُوَ حَسَنٌ ؛ أَيُّ الرِّجَالِ يَكْتَسِبُ فَهُوَ مَحْبُوبٌ.

أَيُّ = أَيَّةُ †

أَيَّتُهُنَّ لاَ تَتَعَلَّمُ فَهِيَ جَاهِلَةٌ ؛ أَيَّةُ الْبَنَاتِ تَجْتَهِدُ فَهِيَ حَسَنَةٌ.

‡ ذَاде الَّذِيмағынасында жұмсалады да, үнемі مَاистифхамиядан (сұрау есімдігі) кейін келеді. Мысалы:

مَاذَا تَفْعَلُ ؟

Негізінде бұл –

مَا الَّذِي تَفْعَلُ ؟

ˆ ذُوде Той тайпасының тілдік ерекшелігінде الَّذِيжәнеالَّتِيмағынасында жұмсалады. Мысалы:

رَأَيْتُ ذُو خَرَجَ.

Ол негізінде –

رَأَيْتُ الَّذِي خَرَجَ.

Мысалы:

رَأَيْتُ ذُو خَرَجَتْ.

Ол негізінде –

رَأَيْتُ الَّتِي خَرَجَتْ.

قواعد

Қағида: Исми мавсулды қолданғанда еске алынатын затты (жанды, жансыз) айқындап түсіндіру үшін үнемі исми мавсулдан кейін бір сөйлем (орналым) келеді. Мысалы, الَّذِي خَرَجَ الآنَ رَجُلٌ عَالِمٌ деген сөйлемдегі خَرَجَ الآنَоралымы сияқты.

Бұл қағида жоғарыда келтірілген барлық қатыстық есімдіктерге де қатысты жұмсалады. Исми мавсул мағынасын айқындау үшін келтірлген сөйлем силаи мавсул немесе жүмләи мавсулийядеп аталады.

Қағида: Жүмләи мавсулийя мен исми мавсулдың байланысын көрсететін замирдың болуы шарт. Мысалы,الَّذِي خَرَجَ الآنَ رَجُلٌ عَالِمٌдеген сөйлемдегі خَرَجَ етістігінде الَّذِي –ге қатысты هُوَ замиры жасырынып тұр.

Сондай-ақ الَّذِي ضَرَبْتُهُ رَجُلٌ جَاهِلٌдеген сөйлемдегі ضَرَبْتُهُ соңында الَّذِي –ге қатысты ـهُ замиры бар.

Кейбір жүмләи мавсулийялардың замирлары түсіріліп айтылады. Мысалы,

الَّذِي ضَرَبْت رَجُلٌ جَاهِلٌ .

Ол негізінде الَّذِي ضَرَبْتُهُ رَجُلٌ جَاهِلٌболған.

ذُو؛ ذَا ؛ أَيَّةُ ؛ أَيُّ ؛ مَا ؛ مَنْсөздері барлық уақытта исми мавсул бола бермейді. Кей жағдайларда олар басқа мағыналарда да жұмсалады. Олардың мағыналары мәтінге қарай осы кітаптың «كلمات شتى» деген бөлімінде түсіндіріледі.

باب أفعال .§ -13

Белгілі бір мезгілде жасалған белгілі бір амал-әрекет, іс-қимылды білдіретін сөздер феъл деп аталады. Оның үш шағы бар: Œ Мазий – өткен шақ;  Хал – осы шақ; Ž Мустакбал – келер шақ.

Œ فَتَحَ -ашты; فَتَحَ مَا -ашпады.

 يَفْتَحُ -ашып жатыр; يَفْتَحُ مَا -ашып жатқан жоқ.

Ž يَفْتَحُ -ашады; يَفْتَحُ لاَ -ашпайды.

Әр түбір сөзден (масдар, етістік негізді зат есім) етістіктің алты түрі бөлініп шығатынын сіздер білесіздер: 1) мазий; 2) болымсыз мазий; 3) музариъ; 4) болымсыз музариъ; 5) амр (бұйрық рай); 6) болымсыз амр. Осы етістіктердің әр қайсысында да, үш шақтың бірі байқалады. Мазий және болымсыз мазий үнемі белгілі бір амал-әрекеттің өткен шақта іске асқанын немесе іске аспағанын білдіреді. Мысалы: فَتَحَ ؛ فَتَحَ مَا . Бірақ дұғаларда өткен шақ етістігінің формалары амри ғайиб (үшінші жақ бұйрық райы) мағынасына, өткен шақ болымсыз етістігі нахий ғайиб (бұйрық рай, белгілі бір қимылды жасамауға бұйыру) маынасына ие болады. Мысалы: لِيَغْفِرْهُ اللَّه дегенді білдіретін غَفَرَهُ اللَّهُ сияқты.لاَ رَزَقَهُ اللَّهُдеген оралым

لاَ يَرْزُقْهُ اللَّهُ дегенді білдіреді.

Төмендегі сөйлемдер де осының мысалы болып табылады:

رَحِمَهُ اللَّهُ ؛ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ؛ صَلَّي اللَّهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ; سَلَّمَهُ اللهُ.

Музариъ (осы-келер шақ) осы шақта жүзеге асып жатқан немесе келер шақта жүзеге асатын амал-әрекетті білдіреді. Мысалы, يَفْتَحُетістігі кейде «ашып жатыр» мағынасында, кейде «ашады» мағынасында жұмсалады. Оның мағынасы мәтінде айқындалады. Кей жағдайлада музариъ барлық шаққа да ортақ болып келеді, яғни амал-әрекеттің өткен шақта, осы шақта және келер шақта орындалатынын білдіреді. Мысалы, يَتَّجِرُ сауда жасайды, يُدَرِّسُ оқытады мағынасында жұмсалады.

Музариъ етістігінің болымсыз түрі (музариъ инкар) екі түрлі болады: Œ осы шақты терістеу және  келер шақты терістеу. Осы шақтағы іс-қимылдың орындалмауын білдіретін музариъ етістігі осы шақты терістеу деп аталады. Мысалы: يَفْتَحُ مَا . Келер шақтағы іс-қимылдың орындалмауын білдіретін музариъ етістігі келер шақты терістеу деп аталады. Мысалы: لاَيَفْتَحُ . Сондай-ақ يَفْتَحَ لَنْда музариъ инкарға жақын мағына береді. Осы шақты терістеудің басында үнемі нафия مَا тұрады да, келер шақты терістеудің басында үнемі нафияلاَнемесе нафия لَنْ тұрады. Келер шақты терістеудің لَنْнафиякелетін түрінде таъкид (күшейту) мағынасы болатындықтан, ол келер шақты терістеуді күшейту (күшейту) деп аталады. Егер музариъ етістігінің алдына لَمَّا ؛ لَم сөз алды шылауларын (харф)қойсақ, онда етістіктің мағынасы толығымен өзгеріп кетеді. Етістіктің осы немесе келер шағы бұл екі харфты қосқанда, өткен шаққа айналып кетеді. Яғни егер етістік алғашқыда іс-қимылдың осы-келер шақтарда орындалғанын білдірген болса, оның алдына لَمَّا ؛ لَمْ,харфтерін қосқаннан соң, іс-қимылдың өткен шақта орындалмағанын білдіреді. Мысалы, يَفْتَحْ لَمْашпады,; يَفْتَحْ لَمَّا- ешқашан ашпады.

Амр және нахий (бұйрық рай) тек келер шақта ғана қолданылады. Әдетте бұл жақын келер шақ болады. Мысалы: اِفْتَحْжәнеلِيَفْتَحْ“аш” және “ашсын” мағынасында. Сондай-ақ لاَيَفْتَحْжәне لاَتَفْتَحْ“ашпасын” және “ашпа мағынасында.

Грамматика ғалымдары етістікті екі топқа бөліп қарастырады: Œ мазий және  музариъ. Олар өткен шақты терістеу өткен шақ етістігінің ережелеріне бағынады деп есептейді. Болымсыз музариъ, амр және амрды терістеу музариъ етістігінің ережелеріне бағынады.

Амр де ,шын мәнінде, музариъ етістігінен жасалады. Мысалы, اِفْتَحْ ,негізінде, لِتَفْتَحْ болған. Сөйлеуді жеңілдету үшін амр хазирден لِتَ амр лам және «та» музариат әрпі түсіріледі.

Музариат әрпінен соң сүкун келетін амрдың алдына кәсралы немесе заммалы хамза қойылады, өйткені сөз сүкуннен бастала алмайды. Мысалы: اُنْصُرْ ؛ اِضْرِبْ ؛ اِفْتَحْ .

Музариат әрпі мен амр ламы түсірілгеннен кейін хамзасыз айтыла алатын амрлер хамзасыз қолданыла береді. Мысалы: تَبَاعَدْ ؛ جَالِسْ ؛ تَعَلَّمْ ؛ عَلِّمْ .

Алайда أَفْعَلَ қалыбындағы амри хазирдың жалпы ережесі бойынша музариат әрпінен кейінгі әріп харакатты немесе харакатсыз (сүкунды) болуына қарамастан, оларға фатхалы хамза қойылады. Мысалы: أَقِمْ ؛ أَكْرِمْ .

فاعل و مفعول .§-14

Белгілі бір іс-қимылды жасаушы фаъил (негізгі етіс есімшесі, етістікті сөйлемдерде бастауыш қызметін атқарады) деп аталады. Сөйлемдерде етістіктің әр фаъилы аталуы қажет. Фаъилсыз етістік болмайды. Етістіктің үшінші жағында фаъил етістіктің алдынан немесе одан кейін келеді. Мысалы:

زَيْدٌ ذَهَبَ ؛ ذَهَبَ زَيْدٌ.

Мухатаб және мутакаллим сийғалары (жіктелулері) фаъилдары феълдарымен бірге келетін сийға болып есептеледі. Мысалы:

ذَهَبْتَ ذَهَبْتُمَا ذَهَبْتُمْ ذَهَبْتِ ذَهَبْتُمَا ذَهَبْتُنَّ ذَهَبْتُ ذَهَبْنَا

أنت أنتما أنتم أنت أنتما أنتن أنا نحن

Амал - әрекет бағытталатын нәрсе (жанды немесе жансыз) мафъуль (ырықсыз етіс есімшесі, толықтауыш қызметін атқарады) деп аталады. Кейбір етістіктердің фаъилы да, мафъулы да болады. Мысалы:

فَتَحَ زَيْدٌ بَابًا ؛ جَمَعَ بَكْرٌ مَالاً ؛ مَدَحَ عَمْرٌو خَالِدًا.

Ал кейбір етістіктердің фаъилы болады, мафъулы болмайды. Мысалы:

حَسُنَ خَالِدٌ ؛ قَدِمَ بَكْرٌ ؛ جَلَسَ زَيدٌ.

لازم و مُتَعَدِّى

Фаъилы бар және мафъулы жоқ етістік лазим феъл (салт етістік)деп аталады. Мысалы: Зәйд отырды – جَلَسَ زَيْدٌ.

Фаъилы да, мафъулы да бар етістіктер мутаъаддий феъл (сабақты) деп аталады.. Мысалы, Зәйд есікті ашты – فَتَحَ زَيْدٌ بَابًا .

Кейбір етістіктерде тек бір ғана мафъул болады. Мысалы: Мен Зәйдты мақтадым – زَيْدًا مَدَحْتُ. Ал екінші біреулерінің екі мафъулы болады. Мысалы: Мен Зәйдке ақша бердім – ثَمَنًا زَيْدًا أَعْطَيْتُ.

أسباب تعدية

Егер лазим феълды мутаъаддийге айналдырғымыз келсе, оны إِفْعَالٌнемесеتَفْعِيلٌқалыбына салу керек, яки оларға بـِ)) сөз алды шылауы (жар) бар мафъул қосылуы керек. Мысалы:

ذَهَبْتُлазим;أَذْهَبْتُ زَيْدًا -мутаъаддий;فَرِحْتُлазим;فَرَّحْتُ زَيْدًاмутаъаддий;خَرَجْتُлазим;خَرَجْتُ بِزَيْدٍмутаъаддий.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.016 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал