Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пішіндеуіш материалдар. 1 страница






 

Болашақ жасалатын протездердің, апараттардың жә не шең деуіштердің қ алыптарын уақ ытша материалдардан жасайды. Бұ ны пішіндеу деп атайды. Тіс технигінің жұ мысында пішіндеу маң ызды орын алады. Алдымен уақ ытша жасалғ ан қ ондырғ ыларды тексеріп, содан соң оларды негізгі материалдармен алмастырады. Алмастырудың ең жиі қ олданылатын тә сілі қ ұ ю болып есептелінеді.

Ортопедиялық стоматологияда пішіндеуге арналғ ан материалдардың ө здеріне тә н қ асиеттері бар. Бұ л материалдарғ а тө мендегідей талаптар қ ойылады:

Ауыз қ уысында қ олданғ анда жә не олармен жұ мыс істегенде зиянсыз болуы.

Белгілі бір температуралық аралық та жақ сы иімділік қ асиетінің болуы.

Мү сінге қ абатталынатын қ абілеттілігінің болуы.

Мү сінделгеннен кейін жеткілікті қ аттылығ ының жә не серпімділігінің болуы.

Массаны балқ ытқ аннан немесе кү йдіргеннен соң қ алыпта қ алдық қ алдырмау.

Шө гуінің аз болуы.

Қ алыбын ө згертпеуі.

Тү сінің индифферентті жә не оның жағ ылатын материалдардың беткі қ абатының тү сінен бө лек болуы.

Пішіндеуге арналғ ан материалдардың кө пшілігі ә р тү рлі балауыздардың қ осындысы немесе копозициялары болып келеді.

Стоматологияда балауыздарды 4 топқ а бө лу қ алыптасқ ан: жануарлар, ө сімдіктер, минералдар жә не синтетикалық.

Жануарлар балауызына жә ндіктер мен жануарлар бө ліп шығ аратын балауызды жатқ ызуғ а болады.

Ө сімдіктер балаызы. Кейбір ө сімдіктер ә р тү рлі бө ліктерінде балауыз тектес заттар бө ліп шығ арады: Пальманың жапырағ ында – карнауб, жемістерінде – жапон, шө птерде – канделилл балауыздары.

Минералды балауыз. Бұ ларғ а парафин, озокерит, церизин жә не монтан балауыз жатады.

Синтетикалық балауыздарғ а қ асиеті жағ ынан табиғ и балауыздарғ а ұ қ сас жасанды алынғ ан заттарды жатқ ызуғ а болады. Бұ л балауызды композициялары дә л қ ұ йма тә сілдері кезінде протездердің бө лшектерін пішіндеу ү шін қ олданылады.

Жабысқ ақ балауыз. Тіс протездерін жасау барысында олардың ә р тү рлі бө ліктерін бір – бірімен уақ ытша желімдеп байланыстыру ү шін қ олданылады. Ол цилиндр тә різдес, ұ зындығ ы 82мм, диаметрі 8, 5мм, қ оң ыр тү сті таяқ ша. Жабысқ ақ балауыздың қ ұ рамы: қ арағ ай шайыры 7%, бал ара балауызы 25%, монтан балауызы 5%; екінші рецепт бойынша бал ара балауызы 66%, қ арағ ай шайыры 17%, дамар резең кесі 17%. Балқ у температурасы +65 +70 Сº. Жанғ ан кезде кү л қ алмайды.

Негіздік балауыз. Алмалы – салмалы протездердің негізін пішіндеуге, арнайы ү лгілік қ асық тар жасауғ а, негіздерге тістесу білік жасауғ а, протездерге жасанды тісті орналастыру кезінде қ олданылады. Қ ұ рамы парафин 78%, бал ара балауызы 22 %, бояу – 0, 004%, кө лемі 170 х 80 х 1, 8 мм пластина. Балқ у температурасы +50 +63 Сº.

Кө пір тектес протезді пішіндеуге арналғ ан балауыз. Кө пір тектес протездердің аралық бө лігін пішіндегенде, қ аптама жасау кезінде тістің анатомиялық қ алыбын қ алпына келтіру кезінде қ олданылады. Қ ұ рамы: парафин 94%, синтетикалық церезин 4%, бал ара балауызы 2%, бояу – 0, 004%, кө лемі тө рт бұ рышты призма тә різдес 6 х 6 х 45мм. Балқ у температурасы +60 +75 Сº.

Доғ алы паротездерге арналғ ан балауыз. Доғ алы жә не шең деуіш протездер, ілмектер жә не басқ а кү рделі қ алыптарды алу кезінде қ олданылады. Қ ұ рамы: парафин 29%, бал ара балауызы 65%, карнауб балауызы 5%, бояу – 0, 02%, кө лемі таяқ ша дө ң гелек пластина. Қ алың дығ ы 0, 4-0, 5 мм. Балқ у температурасы +58 +60 Сº.

Микропротез дайындауда қ олданылатын балауыз - лавакс. Микропротезді, штифті, жартылай қ аптамаларды пішіндегенде қ олданылады. Қ ұ рамы: парафин 88%, бал ара балауызы 5%, карноуб балауызы 5%, синтетикалық церезин 2%, бояу – 0, 006%, кө лемі тү рлі тү сті таяқ ша, балқ у температурасы +60 Сº болады.

 

ДӘ РІС

 

 

Тақ ырыбы: „Тіс протездерін дайындау кезең деріндеқ олданылатын басқ а да кө мекші жадиғ аттар“

 

 

TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пә ні

 

Мамандық 051302 «Стоматология»

 

Курс: 2 (3 семестр)

 

Уақ ыты (ұ зақ тығ ы) 1 сағ ат

 

Қ арағ анды 2008

Курс отырыснда талқ ыланып бекітілді

Хаттама № __10___«__ 01 _»____ 04 ________2008ж.

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан


 

Тақ ырыбы: Тіс протездерін дайындау кезең дерінде қ олданылатын басқ а кө мекші материалдар.

 

Мақ саты: Тез балқ ығ ыш металлмен кө мекші материал ретінде студенттерді таныстыру.

Дә ріс жоспары:

1. Тез балқ ығ ыш металлдар, қ ұ рамы, қ асиеті, қ олданулары.

2. Қ ышқ ылдар, ағ артқ ыштар. Тағ айындалуы қ ұ рамы, қ асиеті, қ олданулары

3. Флюстер: қ асиеттері жә не қ олданулары

4. Айырғ ыш материалдар, қ олданулары.

Металдар жә не металл қ ұ ймалары

Тот баспайтын болаттар

Хром-кобальт қ ұ ймасы

Бағ алы металдар жә не олардың қ ұ ймасы

Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау ү шін ә р тү рлі металл қ ұ ймалары қ олданылады. Металдар таза кү йінде қ олданылмайды, ө йткені олардың қ асиеттері негізгі материалдарғ а қ ойылатын талаптарғ а сай емес. Ортопедиялық стоматологияда қ олданылатын барлық металдар кө п компанентті қ ұ ймалар болып табылады.

Металдардың химиялық қ асиеттері қ ұ рамындағ ы атоммен ә лсіз байланысқ ан қ озғ алғ ыш электрондардың санына байланысты.

Металдардың қ ұ рылысы. Металдар қ атты кү йінде анық байқ алатын кристалдық қ ұ рылыста болады. Металдың бет қ абатын мұ қ ият жалтыратып содан соң белсенді химиялық заттармен улай отырып микроскоппен қ арағ анда оның қ ұ рылысының кристалды екенің кө руге болады. Кристалды дененің негізгі ерекшеліктері атомдардың молекулалардың немесе иондардың кең істікте белгілі бір орында орналасуы болып табылады.

Металдардың кө пшілігіне тә н кристалдық тордың ү ш тү рі бар:

кубтық қ абырғ аларынан орталық тандырылғ ан, бұ дан кристалдық тор темірде 910-1390º С температура аралығ ында алюминийде, алтында, мыста, қ орғ асында болады.

Кубтық кө лемді – орталық таң дырылғ ан, бұ ндай кристалдық тор темірде 910 º С тө мен болғ анда жә не 1390º жоғ ары болғ анда хромда, ванадида болады

Гексагональды бұ ндай кристалдық тор мырышта, магнийде, кадмийде болады. Кристалдық тордың байдамдарында оң зарядталғ ан иондар орналасады.

Атомдардың валентілігін анық тайтын электрондар кристалдық торда бос қ озғ алыста болып, электрондық газдар тү зеді. Олардың белсенділігінен металдың электр жә не жылу ө ткізілетін қ асиеті ө згеріп отырады.

Кристалдық қ ұ рылыстың кемшіліктерінің бірі - атомдар арасындағ ы қ уыстардың болуы, басқ аша «вакансия». Торлардың бұ л кемістіктері қ ұ ймалардың балқ у кезінде бір-біріне енуі ү шін ө те маң ызды жә не термиялық ө ндеуге байланысты. Кристалдық қ ұ рылыстың екінші бір кемшілігі дислокация деп аталады. Бұ л жағ дайда кристалдардың шоғ ырлануына байланысты жартылай жазық тық тү зіп, бір сызық тың бойына орналасқ ан кемістікке ә келіп соғ ады басқ аша айтқ анда жиектік дислокация. Бұ л дислокация тү зу болуы болмаса бұ ралып спираль тә різді болуы да мү мкін. Соң ғ ысы “бұ рандалы дислокация“ деп аталады.

Қ ұ ймалардың кристалдық қ ұ рылысы: Қ ұ ймалар сұ йық кү йден қ атты кү йге кө шкен кезде кристалдық тор тү зеді. Осы қ ату кезінде қ ұ йма қ ұ рамындағ ы компоненттерінен бір-бірімен ә рекеттесуін негізгі ү ш тү рге бө леді механикалық қ осылыс, қ атты ерітінді жә не химиялық қ осылыс.

Механикалық қ осылыс. Қ ұ йманың бұ л тү ріне бір-бірінде ерімейтін металл қ осылыстарын жатқ ызады. Бұ ндай қ осылыс ретінде, мысалы қ орғ асын, висмут жә не кадмий қ осылыстарын жатқ ызуғ а болады. Қ ұ йманың ә рбір компоненті ө зіне тә н кристалдық торын сақ тайды жә не қ асиеттері негізінен қ ұ рамдық бө ліктерінің қ атынастарына байланысты. Компоненттерінің ө зара ә лсіз байланысы бұ л қ ұ ймаларды тез балқ ығ ыш жасағ анымен қ олдану ү шін олардың беріктігі жеткілікті.

Қ атты ерітінді. Бұ л топқ а жататын қ ұ ймалардың элементтері ө зара сұ йық кү йде де қ атты кү йде де бір бірінде ерігіштік кө рсетеді. Қ атты ерітінді деп негізгі еріткіштің металл торларына еріген заттың атомдары кірген біркелкі кристалдардын тұ ратын денені айтамыз. Рентгеналогиялық тексерулердің нә тижесі қ атты ерітіндінің бір ғ ана торы болатындығ ын анық тап отыр. Қ атты ерітіндіде бір заттың атомы екінші бір заттың кристалдық торындағ ы атомдардың орнын басуы мү мкін, ал атом аралық кең істіктерде металл емес заттар орналасады. Осы қ осылыстарғ а мысал ретінде ортопедиялық стоматолгияда кең інен қ олданылып жү рген хром – никель, хром – кобальт қ ұ ймаларын жатқ ызуғ а болады.

 

Метал коррозиясы Коррозия деп металдардың сыртқ ы ортамен химиялық жә не электрохимиялық ә рекеттесулерінің нә тижесінде болатын бұ зылуын айтамыз.

Коррозиялар біркелкі, жергілікті жә не интеркристаллитті болып бө лінеді.

Біркелкі коррозия басқ а коррозияларғ а қ арағ анда қ ауіпсіздеу. Бұ йымның қ алың дығ ы жергілікті болғ анда оның механикалық қ аттылығ ы шамалы ғ ана ө згереді. Ө йткені коррозияғ а ұ шырағ ан бө лігін тазартатын болса, онда ұ йыиның беткі қ абаты бұ дыр лайып тұ рады.

Жергілікті коррозия металдардың кейбір бө ліктерін қ амтиды жә не оюды дақ немесе нү кте сияқ ты ә р тү рлі терең діктегі бү ліністер ретінде кө руге болады.

Интеркристалиттік коррозия металдық кристалдарының арасындағ ы болғ ан бұ зылыс.

Тот баспайтын болат.

Негізгі 2 топқ а бө луге болады: хромды жә не хромникельді. Қ ұ рамындағ ы никель болаттың жұ мсақ тығ ын артырып, кристалиттік қ ұ рылысын майда тү йірлі жасап, оны қ ысыммен ө ң деуді жең ілдетеді. Қ ұ йманың қ аттылығ ын арттыру ү шін оның қ ұ рамындағ ы кө міртегіні кө бейтеді, бірақ қ ұ рамындағ ы кө міртегінің кө беюі коррозияның болуына ә кеп соғ ады.

Тот баспайтын болаттын механикалық қ асиеттері оны суық кү йінде соқ қ ылап ө ң деген кезде кү рт тө мендейді. Болаттың магниттік қ асиеті болмайды, бірақ оны суық кү нінде ө ндеген кезінде аздап магниттелінеді жә не қ атаяды. Соқ қ ылап суық кү нінде ө ндеген кезде қ атты, ерітінді бө лініп хром карбидің тү зеді. Оны жұ мсарту ү щін 1100°С-дейін қ ыздырып, тез суғ а салып шынық тырады. Қ ыздыру ұ зақ тығ ы 6-8 минтут. Жайлап суыту болаттын қ аттылығ ын тө мендетудің орнына, онда керісінше хром карбиді тү зілуіне байланысты жоғ арылатады да кристаллит аралық коррозия пайда болатын жағ дай жасалынады.

Қ ыздырып ө ң деу. Тот баспайтын болаттын, механикалық жә не химиялық қ асиеттерін жақ сарту ү щін қ ыздырып ө ң деу қ олданылады. Болатты қ ыздырып ө ң деудің мә ні металды ұ стап тұ рып жә не соң ына жайлап немесе тез сутуынады. Шынық тыру деген термин болаттың, қ аттылығ ын жоғ арлату деген емес, ол 1100°С-1200°С тудырылғ ан затты тез суытып тұ рақ ты аустиниттік қ ұ рлым алу.

Егер болатты қ айтадан қ ыздырып болсақ, оның қ ұ рылысындағ ы ө згерістер кері бағ ытта сол тә ртіппен ө згереді. Бұ л металдық 2 рет кристалданды деп аталды. Тот баспайтын болаттын аустениттік қ ұ рылысы ең тиімді болғ андық тан, оны сол қ алпында сақ тап кою керек. Ол ү шін тот баспайтын болатты 1100°С-1200°С қ ыздырып тез суғ а сала қ ою қ ажет. Бұ л жағ дайда кристалдық қ ұ рылысы бұ зылмастан аустениттік қ ұ рылысы сақ талады.

Хром - колбальт қ ұ ймасы.

Салмағ ы жағ ынан 85% кобальт хром жә не никельден тұ рады. ХКҚ қ асиетің молибден никель, темір, ваннадий, кремний, магний, мыс берилий қ осып жақ сартуғ а болады. Қ ұ йманың тұ рақ тылығ ы оның қ ұ рамындағ ы хромның кө птілігіне байланысты, ол металл бетінде ә рекетке тү спейтін қ абат тү зеді. Кобальт қ ұ ймағ а жоғ ары температурада қ аттылық береді. Металл қ ұ рылысының ұ сақ кристалды болуы жә не байланыстарының бекімділігі оның қ ұ рамына кіретін молибденге байланысты. Қ ұ ймада кө міртегі мө лшері ө те аз. Металдың қ асиетін сақ тау ү шін кө міртегінің бір тұ рақ ты саны қ ажет. Карбит тү згіш зат ретінде вольфрам қ осады. Мырыш, кремний жә не темір қ оспаның қ ұ йылғ ыштығ ын арттырады.

ХКҚ балқ у температурана байланысты 2-ге бө лінеді

1. Балқ у температурасы 1316°С-ге дейінгі

2. Балқ у температурасы 1316°С жоғ ары

ХКҚ сү йек ткандеріне енгізіп тіс протездеріне тірек ретінде қ олданады. Себебі оның коррозияғ а тұ рақ тылығ ы жоғ ары жә не аустостотикалық қ асиеті жоқ ХҚ Қ кө лемі кү йғ аннан кейін 1, 8-2 % дейін кішірейеді. Алынғ ан заттың қ ұ рылысы ұ сақ тү йіршікті болу ү шін балқ у температурасына жақ ын температурада қ ұ ю керек.

 

ДӘ РІС

 

 

Тақ ырыбы: „Салмаларды дайындау технологиясы. Дайындауғ а арналғ ан жадиғ аттар. Керамикалық массалар. Қ ұ рамы, қ асиеті, қ олданылулары“

 

 

TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пә ні

 

Мамандық 051302 «Стоматология»

 

Курс: 2 (3 семестр)

 

Уақ ыты (ұ зақ тығ ы) 1 сағ ат

 

Қ арағ анды 2008

Курс отырыснда талқ ыланып бекітілді

Хаттама № __10___«__ 01 _»____ 04 ________2008ж.

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан


 

Тақ ырыбы: Салма дайындау технологиясы. Дайындауғ а қ ажетті материалдар. Керамикалық масса. Қ ұ рамы, қ асиеті, қ олданулары.

 

Мақ саты: Салма дайындау технологиясы жә не керамикалық масса дайындауғ а қ ажетті материалдар.

Дә ріс жоспары:

  1. Салмаларды дайындау
  2. Екі жақ ты кең істікті дайындау
  3. Блэк бойынша негізгі кең істіктерді дайындау

 

Салма – тістің жартылай бұ зылғ ан тіндерін қ алпына келтіруге пайдалынатын протез. Олар сау ұ лпасы бар тістерде жә не ұ лпасы алынғ ан тістерде дайындалады, егерде тістің сауытты бө лгі кө п сақ талса. Салмаларды кө пірлі жә не доғ алы протездердің тіреуші бө лігі ретінде де қ олданылады. Тістерді салмалармен протездеу бірқ атар қ линикалық жә не зертханалық кезендерден тұ рады:

тіс сауытында қ уыс қ алыптастыру

салманы дайындау.

балауыз репродукцияның металғ а немесе пластмассағ а ауыстыру

салма дә лдігін тексеру жә не оны тіс қ уысында бекіту.

Салманың қ олдану кө рсеткіштері:

Тіс сауытының ә р тү рлі ақ аулары, егерде тіс бітемемен жабылмаса.

Бү йір тістегі салмалар мұ қ алудан сақ тайды.

Пародонтит кезінде тістерді салмамен шең деу.

 

Кері кө рсеткіштер:

Қ ызылиек астында орналасқ ан ө те терең қ уыстар.

Сауытты бө лігі тө мен тістердегі ақ аулар.

 

Салмалардың топтастырылуы:

Тістерде орналасуы бойынша:

а) Inlay – пішіні жә шік тә різді, тістің ішінде орналасып оның анатомиялық пішіні жә не окклюзиялық бетін қ айталайды;

б) Onlay – фальці сыртында.

в) Overlay – тістің бір қ абырғ асы сақ талғ ан, басқ а жері салма.

г) Pinlay – қ осымша қ уысы бар салма немесе бекітуге арналғ ан штифті қ осымшасы бар.

 

2. Материал бойынша:

а) Металды (алтын, КХҚ, кү міс паладий қ ұ ймасы);

б) Пластмассалы;

в) Керамикалы (IPS жү йесі = Empress, Cerec)

г) Аралас (металл+пластмасса, метал + керамика)

3. Жасалуы бойынша:

а) Тура ә діс

б) Жанама ә діс.

Салма тіс сауытының протезі ретінде бітемеге қ арағ анда зертханада жасалынады жә не алдын – ала қ алыптастырылғ ан қ уыста бекітуші материалмен орнық тырылады. Сондық тан бұ л қ уыстарғ а ерекше талаптар қ ойылады, оларды сақ тау арқ ылы салманың балауыз моделін еркін шығ арып протезде орналастыруғ а болады.

Салма ү шін дайындалғ ан тіс қ уысының пішінінде тү бі тегіс жә не қ абырғ алары тік болғ аны жө н. Тістің қ атты тіндерінің зақ ымдалу кө леміне жә не орналасуына байланысты тістегі салма ү шін қ уыс қ арапайым немесе кү рделі болып жасалады, ол негізгі жә не қ осымша бө ліктерден тұ рады немесе штифтар ү шін арнайы ө зекшелерге негізгі қ уыс қ алыптастырылады. Бұ л салманың мық ты тұ руына жағ дай туғ ызады. Салмалардың топографиялық белгілеріне байланысты қ уыстардың ү ш тү рі болады.

Бір жақ ты – тістің бір бетінде орналасқ ан: шайнау, кесу, сыртқ ы, ішкі жә не бү йір беттерінде.

Екі жақ ты – тістің кез – келген екі бетінде орналасқ ан: мысалы, шайнау немесе бү йір беті, кесу немесе бү йір бетінде.

Ү ш жақ ты – тістің ү ш бетінде орналасқ ан: мысалы, екі бү йірлі жә не шайнау бетінде жә не т.б.

Тіс сауытының екі беткейі зақ ымдалғ анда оны салмамен қ алпына келтіру дұ рыс емес, бұ л уақ ытта жасанды қ аптама қ олданылады.. Тісте салма ү шін қ уысты қ алыптастыру кө біне қ атты тіндердің зақ ымдалу ерекшелігіне, оның кө леміне, орналасуына жә не протездеу міндеттеріне байланысты болады. Тіс ұ лпасының болуы немесе болмауы маң ызды орын алады. Дайындалғ ан қ уыстың пішіні клиникалық жә не техникалық талаптарғ а сә йкес келуі керек. Тіс ұ лпасы сақ талғ ан тістерде қ уысты дайындағ анда ұ лпағ а дейінгі қ атты тіндердің қ алың дығ ын білген жө н, ө йткені салма тек қ ана осы қ атты тіндер дең гейінде бекітіледі. Бұ л жағ дайда қ алыптастырылатын қ уыстың терең дігі анық талады. Қ атты тіндердің қ алың дығ ы кесу қ ырынан немесе шайнау бетінен бастап ұ лпағ а дейін 3 – 5 мм қ ұ райды, ал тө менгі жақ тың кү рек тістерінде жә не жоғ арғ ы жақ тың бү йір тістерінде ол терең дік 1, 2 – 2, 5 мм болады. Тө менгі жақ кү рек тістерінің жә не жоғ арғ ы жақ бү йір тістерінің вестибуляр қ абырғ асының экватор аймағ ындағ ы ұ лпағ а дейінгі қ алың дық 1, 5 – 3 мм, жоғ арғ ы жақ орталық кү рек тістерінің, барлық ит тістерінің жә не кіші азу тістерінде 2, 5 – 4 мм болады. Ү лкен азу тістерде 4 – 5 мм. Тістің мойны аймағ ында вестибуляр жақ тан қ атты тіндердің ұ лпағ а дейінгі қ алың дығ ы тө менгі жақ тың кү рек тістерінде жә не жоғ арғ ы жақ тың бү йір тістерінде 1, 2 – 2, 5мм, жоғ арғ ы жақ тың орталық кү рек тістерінде, барлық ит тістерде жә не кіші азу тістерде 2, 5 – 5 мм болады. Оральды қ абырғ аның қ алың дығ ы тө менгі жақ тың кү рек тісінде жә не жоғ арғ ы жақ тың бү йір тістерінде ұ лпағ а дейін 1, 2 – 2, 5 мм, жоғ арғ ы жақ тың орталық кү рек тістерінде, барлық ит тістерде жә не кіші азу тістерде 2 – 4 мм, ү лкен азу тістерде 2, 5 – 5 мм болады. Бү йір қ абырғ аның ұ лпағ а дейінгі қ алың дығ ы тө менгі жақ тың кү рек тістерінде жә не жоғ арғ ы жақ тың бү йір тістерінде 1, 5 – 3 мм, жоғ арғ ы жақ тың орталық кү рек тістерінде, барлық ит тістерде жә не кіші азу тістерде 2 – 4 мм болады. Ұ лпасы алың ғ ан тістерде салма тістің қ атты тіндерінде жә не ұ лпа ішілік камерада бекітіледі, соғ ан байланысты салмағ а орын дайындау жә не оны тіс сауытында механикалық бекітуге жақ сы жағ дай туғ ызылады.

Бір жақ ты қ уысты дайындау

Бір жақ ты қ уыстар шайнау тістерінің сайлары аймағ ында, франтальды тістердің кесу қ ырында, қ аптаманың ұ рт, мойын аймағ ында жә не тістің апроксимальды бетінде арнайы қ ұ ралдардың кө мегімен қ алыптастырылады.

Қ аптаманың сайлары зақ ымдалғ анда салманың астына қ уысты дайындау. Қ уыстың пішіні қ атты тіндердің зақ ымдалу кө лемімен анық талады. Қ уысты қ алыптастыру арнайы қ ұ рал – жабдық тармен жү ргізіледі. Қ ұ ралдың кө мегімен зақ ымдалғ ан эмаль, дентин жә не ілінбелі шеттері алынып, сау тің сақ талынады. Бұ дырларды біріктіріп тұ ратын эмаль біліктерін жә не бұ дырлардың тіндерін сақ тағ ан жө н, егерде олар тіс жиегісімен зақ ымдалса. Егер де олар толығ ымен алынып тасталса тістің сауытты бө лігі ә лсірейді де сол жерде оның сынуы жү реді. Қ уыс тү бі тегіс болғ аны жө н. Оны сызатты бұ рғ ының кө мегімен немесе жің ішке цилиндр тә різді карборунд тастарының кө мегімен жү ргізледі, оның ұ шы тегіс сондық тан ол қ уыстың тү бін ақ ырын ө ң деп ұ лпаның ашылмауына жағ дай туғ ызады. Қ уыстың қ абырғ алары сызатты ұ штық тармен қ алыптастырылады жә не оның кө мегімен бұ дырлар біріккен аймақ тың сайлары кең ейтіледі. Дайын қ уыстың қ абырғ алары қ осымша карборонд тастың кө мегімен тегістеледі. Бұ л уақ ытта тіннің жұ қ а жиегі алынып салма дентинда жақ сы орнығ у ү шін тірек қ алыптастырылады. Сонымен бірге тамақ қ алдық тары қ алмау ү шін салма жиегі мен тіс тің інің қ осылатын жерінде ретенционды аймақ тарды болдырмау қ ажет. Тіс сауытының бір жағ ында барлық қ уыстарды дайындағ анда ортақ болатыны келесі:

Қ уыстың шығ атын тесігі қ уыс тү бінен кең немесе бірдей болуы қ ажет.

Қ уыс қ абырғ алары ілінбелі, тегіс.

Қ абырғ а жиектерінде ылди болғ ан жө н.

Салма қ уысының ішінде жақ сы тұ руы ү шін, қ уысты дө ң гелек, сопақ ша, тө ртбұ рышты немесе симетриялы етіп жасау қ ажет емес, қ уыстың бір жағ ы екінші жағ ынан пішіні бойынша ерекшеленгені жө н.

 

Тістің кесу қ ырында ақ ау болғ анда қ уысты қ алыптастыру

Ә детте дайындық салманы қ уыста штифтің кө мегімен бекітуге бағ ытталғ ан. Бұ л ү шін негізгі қ уыстан басқ а қ атты тіндердің зақ ымдалмағ ан бө ліктерінде штифтер ү шін ө зекшелер бұ рғ ыланады. Тістің сауытын егелеу жұ мсарғ ан дентинді алғ аннан кейін басталады, тістің кесу қ ырын карборунд таспен тегістелінеді, егелеу ішкі бетке аздап қ иғ аш жү ргізіледі. Бұ ның салдарынан кең беткей пайда болады, онда ең бірінші сызатты ұ штық пен, ал кейін карборунд тастың кө мегімен салма ү шін аймақ дайындалады. Одан кейін жің ішке сызатты ұ штық пен ө ткір кесу қ ыры арқ ылы штифтер ү шін апроксимальды ө зектер дайындалады. Штифтерге арналғ ан ө зектер дентиннің ортасында эмаль мен ұ лпа қ уысы аралығ ында орналасқ аны жө н. Егер де тіс ұ лпасыз болса қ уысты қ алыптастыру оң ай болады. ә детте бұ л жағ дайда салманы бекіту ү шін бір ғ ана ортада орналасқ ан штифт қ ажет. штифтің ұ зыныдығ ы ұ лпа қ уысының терең дігіне сай болуы керек. Егерде тістен ұ лпа арнайы алынса онда штифке арналғ ан ө зек цементтің ішінде ә рі қ арай бұ рғ ыланады ұ лпа қ уысы толтырылғ аннан кейін.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.