Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ППД жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары




Аталған жабдықтар ұңғыға суды айдау процесі кезінде айдаушы ұңғылардың сағасын герметизациялау үшін қолданылады. Одан бөлек жөндеу жұмыстарын, айдауды тоқтатпай жүргізілетін зерттеу жұмыстарын және қабаттың өнімділігін жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Арматураның негізгі бөліктері – құбыр басы және шырша.

Шырша сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегі арқылы суды айдауға арналған және де ол оқпан ысырмаларынан, үшжақтан, бүйірлік ысырмалардан және кері клапаннан тұрады.

Тізбек басы құбырсыртындағы кеңістікті, сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегінің алқаларын герметизациялау үшін және кейбір технологиялық операцияларды, зерттеулік және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Ол ысырмалардан, тез жинағыш қосқыштан және төртжақтан тұрады.

Айдаушы ұңғылардың сағасын жабдықтау үшін АНК-65х210 және АКН1-65-350 типті арматура қолданылады (6.8-сурет).

Арматурадағы тиекті құрылғы ретінде тік ағынды ЗМС1 типті тиек қолданады. Қақпақтың бөлшектері – шпиндель (шток) және фланецті қосылыстардың нығыздаушы төсемі (прокладка) тотығуға төзімді болаттан жасалады. Қалған жағдайларда ысырма және арматура бөлшектері ысырманың және фонтанды арматураның сәйкес бөлшектерімен унификацияланған.

6.8-сурет. Айдаушы ұңғыларға арналған АНК1 типті сағалық арматура

1-тізбек басы; 2-тез жинағыш қосқыш; 3-манометрге арналған бөлгіш; 4- ЗМС1 ысырмасы; 5-кері клапан

 

Шыршаның бүйір бағыттаушысына қондырылған кері клапан су бағыттаушының зақымдалуы немесе айдаудың уақытша тоқтатылуы кезінде, ұңғыдан сұйықтың кері ағып кету мүмкіндігін жою үшін керек. Кері клапан тұрқы, ершік, хлопушкадан, екі қайтқыш серіппеден және шыршаның бүйір бағыттаушысына клапанды қосуға арналған аудармашы фланецтен тұрады. Ұңғыға айдалатын сұйық ағынының әсерінен кері клапан хлопушкасы осьте айналып, серіппені орайды. Айдаудың тоқтатылуы немесе су бағыттаушысының зақымдалуы кезінде ұңғыдан шыққан су ағыны және қайтқыш серіппелер хлопушканы бастапқы жағдайға әкеледі және ол тығыздаушы бетпен клапан ершігіне қысылып, су ағынын тоқтатады.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.072 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал