Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Грамматикалық ерекшеліктер




1. Қазақ сөйленістеріндегі грамматикалық ерекшеліктердің жалпы сипаты

2. Сөйленістердегі морфологиялық ерекшеліктер

Дәріс тезисі: Қазақ тілі сөйленістерінде грамматикалық ерекшеліктер сан жағынан көп емес. Сөйленістердің морфологиялық қүрылысы мен әдеби тілдін морфологиялық құрылысы негізінде бір. Олар бір-біріне өте жақын. Сөйленістерде әдеби тілден бөлек, өз алдына дербес көптік, жіктік, тәуелдік не септік категориялар жоқ.

Қазақ сөйленістерінің синтаксистік құрылысы олардың морфологиялық құрылысына қарағанда, әдеби тілге әлдеқайда жақын. Синтаксис жағынан әдеби тілден ерекшеленетін құбылыстарды сөз еткенде кейбір септік жалғаулардың сөйлемдегі қызметімен және сөз тіркестерімен байланысты құбылыстарды атауға болады.

Морфологиялық ерекшеліктер.С.Аманжоловтан кейін говорлардағы морфологиялық ерекшеліктерді сөз етушілер оның еңбектерін үнемі басшылыққа алып отырған. Мұны Ж.Досқараевтың Арыс говорын сөз ету барысында да көреміз. Ж.Досқараевтың еңбегі батыс және оңтүстік аудандармен қоса, Қазақстанның шығыс, орталық кейбір аудандарындағы сөз тұлғасы мен сөз түрлендіруші қосымшалардан туған ерекшеліктердің қамтылып отырғандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарында көсемшенің әдеби тілдегі -ғалы, -қалы, -гелі, -келі жұрнақтарының орнына -ғайы, -қайы, -гейі, -кейі формасының қолданылуын; шейін шылауының орнына шекті/чекті болып айтылуын айтады.

1957-1960 жылдары Маңғыстау өңірін зерттеген диалектолог С.Омарбеков говор тудырушы жұрнақтарды есім және етістік тудырушы жұрнақтар деп екіге бөледі.

Есім тудырушы жұрнақтарға -лық, -ма, -ық, -ік, -қы, -мақ, -мек, -дай, -аған, -еген, -соқ, -мыш, -міш жұрнақтарын жатқызады: нулық – ну, шөбі, өсімдігі қалың жер; налық – қасірет, қайғы; шақырық – шақыру; тентексоқ – тентек; бергі – бересі; алғы – аласы; үрген – үргіш; қалмыш – қалдық; ұшпа – шың; айырмақ – айырмашылық; аманғы – ежелгі; отырмақ – сауық кеш т.б.



Етістіктен етістік тудыратын жұрнақтарға -лау, -ын жұрнақтарын жатқызады: жарлау – хабарлау; жұмыстау – жұмыс істеу; қалын – қалу; жабын – жабу т.б.

С.Аманжолов бастаған топтың теориясына сүйенген оқулық авторлары (Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев) говорлардағы тұрақты сөз тіркестерін синтаксистік түйдектер және жанасу арқылы есімдерден болған сөз тіркестері деп екіге бөледі. Бұдан әрі синтаксистік түйдектердің өзі құрамындағы сөздердің өзара байланысу, жасалу сипатына қарай фразалық түйдектер, есім сөздер мен көмекші етістіктерден және күрделі етістіктерден болған түйдектер болып бөлінген. Бұлардың әрқайсысы құрамындағы сөздердің жеке алғанда әдеби тілде кездесу-кездеспеуіне қарап, өз ішінен тағы да екі топқа жіктеліп отырған. Мысалы: аяғынан тозу – тарап, бытырап кету; арық құлату – арыққа су салу; мұз қара көк – аман-есен, ел қатарлы; баз кешу – күдер үзу; атымды жер – шығымды жер; шақаты келмеу – шамасы келмеу т.б.



Септік жалғау, шылау түрлеріне байланысты ерекшеліктер мен әдеби тілдегі жұрнақтардың диалектілік сөз тудыруға катысуынан басқа қазақ сөйленістеріндегі морфологиялык ерекшеліктердің басым көпшілігі етістік тұлғаларымен байланысты. Негізгі тұлғалық ерекшеліктер мынадай: -мынан, -бынан, -пынан, -бан, -пан, -ман. Көмектес септік жалғаудың бұл вариантгары оңтүстік аймақтарының кейбір аудандарында кездеседі. Мысалы: Арбамынан келдім - арбамен келдім. Ол бұрын балдақпан жүретін (Шымк., Сарыағ.). Ілгеріде, қолтіс жасап, қос атпан, түйеман жер жыртатынбыз (Жамб., Шу).

Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында -ғалы -гелі, -қалы, -келі, жұрнақтары орнына -ғайы, -гейі, -кейі тұлғалары қолданылады. Мысалы: Барғайы отырмын отырмын), айтқайы отырмын (айтқалы отырмын), т.б. Бұл Таулы-Алтай автономиялы облысындағы Қошағаш ауданын деген қазактардың тілінде бар.

Негізгі әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 15], 3. [1.7: 17].

Қосымша әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 16].

№10 дәріс.Диалектілік сөзжасам.Қазақ сөйленістеріндегі сөзжасам саласындағы ерекшеліктер

1. Диалектілік сөзжасам

2. Диалектілік қос сөздер

3. Диалектілік біріккен сөздер

Дәріс тезисі: Қазақ сөйленістеріндегі ерекшеліктердің бірқатары диалектілік туынды сөздермен байланысты. Сөзжасам саласындағы зерттеу еңбектерде айтылып жүрген ғылыми-теориялық тұжырымдар, талдаулар негізінен алғанда түркі халықтарының әдеби тілдері мен жалпыхалықтық сипаты бар тіл фактілеріне негізделген. Мәселен, қазақ тіліндегі сөзжасам туралы ғылыми зерттеулерде жергілікті халық сөйленістерінің кейбір жеке мысалдары ғана сөз болады.

Қазақ тілі сөйленістеріндегі диалектизм сипатындағы кірме сөздерден басқа диалектілік сөздер мен сөз тіркестерінің қай-қайсысы болсын сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалык тәсілдері арқылы пайда болған.

Қазақ сөйленістеріндегі сөзжасам жүрнақтарының қызметі әртүрлі. Олардың қызметі әдеби тілде қалыптасқан үлгінің аясында бола бермейді. Әдеби тіл жүйесінде сөзжасам қызметі нормаланған көптеген жүрнақтардың бірқатары сөйленістерде басқаша қырынан көрінеді. Жұрнақтардың көмегімен жасалған диалектілік туындылар мынадай үлгілерден түрады.

а) Әдеби негіз + әдеби косымша-диалектілік туынды. Мысалы, Маңғыстау сөйленісіндегі шақырық "шақыру", қоймек "қой асығы", отырмақ "сауық кеш", сұргаю "сұрлану", айырмақ "айырмашылық", үреген "үргіш", желгір "желгіш";

ә) Диалектілік негіз + әдеби қосымша-диалектілік туынды.

Мысалы, -сыз жүрнағы арқылы туған татасыз "қайғысыз", ниқаятсыз "өлшеусіз, есепсіз", -ты жұрнағы арқылы туған пісентті "жинақы", шақатты "әлді, қуатты".

б) Әдеби негіз + диалектілік қосымша-диалектілік туынды. Мұндай туындылардың қатарына -жал арқылы туған сұрамжал "сұраншақ" (Маңғ.,Қарақ.); -қос/ қас арқылы туған сырқос, сырқас "сырқат" (Тем., Жүр.); мейманқос "меймандос" т.б.

в) Диалектілік негіз + диалектілік қосымша-диалектілік туынды. Мысалы, кейку "айла, қулық" (Маң.); керку: 1) "бос сез" (Сыр., Маң.), 2) "ақыл, кеңес" (Ад., Бөр.); түбірі кей//кер. Кейқуат ("Алпамыс" жыры); Сенен келген керді көріп аламын"

Қос сөздер.Қазақ сөйленістерінде қос сөз түлғасында айтылатын сөздердің саны өте көп. Олардың құрамында қайталама қос сөздермен бірге құрамы әртүрлі, сыңарлары бір-біріне ұқсамайтын қос сөздер жиі ұшырайды. Ондай қос сөздердің құрамындағы сыңарларының мағыналы, мағынасыздығына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.

1) Екі сыңары да түсініксіз қос сөздер. Шыған-тоғайда. Анда-санда. Ол біздің үйге шыған-тоғайда бір келетін еді (Орал, Орда). Бәкін-шүкін. Майда-шүйде, ұсақ-түйек.

2) Екі сыңары түсінікті кос сөздер. Онша-мұнша. Аздап, ептеп. Мақта өсірудің жайын онша-мұнша білеміз ғой (Шымк., Сарыағ.).

3) Бір сыңары түсінікті, екінші сыңары түсініксіз кос сөздер. Сиыр-сыбыр. Сиыр-миыр, Көзіңе жайылып жүрген сиыр-сыбыр көрінген жоқ ла? (Гур., Маңғ.).

Біріккен сөздер.Қазақ сөйленістерінде бір-бірімен бірігіп жасалған сөздер көп. Кейбір біріккен сөздердің жігі айқын ажырап, олардың біріккендігі бірден көзге түсіп түрса (шаңтас, кемпірауыз, атауыз, т.б.), енді бірқатар сөздердің жігі ажырамай, бір-бірімен жымдасып кеткен. Олардың бастапқы түбірлері бірден табыла коймайды. Мысалы, шалорақ (Гур., Маңғ.) сөзі шалғы және орақ сөздерінің бірігуінен жасалса, шымшуыр мағынасындағы мәстемір (Орал, Чап.) сөзі маса және темір сөздерінің бірігуінен жасалған.

Негізгі әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 15], 3. [1.7: 17].

Қосымша әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 16].


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал