Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Сөйленістердегі кірме сөздер




1. Орыс тілінен енген сөздер

2. Араб және иран тілдерінің элементтері

3. Түркі тілдерінен енген сөздер

4. Татар, ноғай, башқұрт тілдерінің элементі

Дәріс тезисі:Қазақ сөйленістері тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы-көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілінің сөздік құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі.

Орыс тілінен енген сөздер:бедре (ведро), құрамыс (корамысло), кәстеңке (косынка), кәртөшке (картошка), қарбыз(арбуз), пірнәбес(принавес) т.б. орыс тілінің оңтүстік говорлардан гөрі батыс, әсіресе орталық-солтүстік және шығыс говорларына көбірек әсер еткендігі диалектологиялық экспедициялардың материалдарынан анық байқалады. Мысалы: Кәстеңке (Орал, Чап). Басқа тартатын үшкіл орамал Кәнеу (Орал, Жымп, ор.канава). Арық, канал. Кәнәуден аттай алмай құлап қалдым. (Орал, Жымп) Манат//мәнет (монета). Сом. Бір манат ақшаң бар ма? (Орал, Чап) Скірт (ор.скирда). Бүгін бірнеше скірт шөп тасыдық. (Орал. Жым.) Совхоздың далада үюлі тұрған скірттерінен 4 жүк пішенді тиеп апарып үйіп қойды («Қызыл ту») Ағлөп (Орал, Чап. Ор. оглобли) Тәрте, арбаның жетегі. Сәтнек. Всадник. Ертеде салт атпен хат-хабар тасушы.



Араб және иран тілдерінің элементтері.Тауша-текше. Қабырғадағы ыдыс-аяқ қоятын қуыс жер. Парсыша тагча. Біз текшеге көрпе төсекті де қоямыз. (Шымк.Лен.) Дәліз (Шымк.Лен.) Сенек, ауыз үй. Парсыша: даһлиз-сенек, ауыз үй. Айуан. Ауыз үйдің алдындағы веранда. Парсыша: веранда. Жүр, айуанға шығып отырайық. Пиала. Пиялай. Бұл сөздің парсы тіліндегі мағынасы-кесе, бокал. Бұл сөз қазақ говорларында бірде кесе мағынасында, бірде шамның шынысы мағынасында жұмсалады. Шиша. Бөтелке. Дүкенге барып бір шиша лимонад әкелші. Парсыша:шише-әйнек, бөтелке деген сөз. Тандыр. Нан пісіретін пеш. Парсыша: тандур. Тандырды түстен кейін жағайын деп отырмыз. Дарбаза. Қақпа. Қораның дарбазасын түзету керек еді.

Түркі тілдерінен енген сөздер.Араб, иран және орыс тілдерінің элементтерін барлық говорларда кездестіруге болса, көрші түркі тілдерінің элементтері барлық говорларға тарамай, тек өздерімен шектес аудан, облыстарда ғана айтылады. Оңтүстікті мекендейтін қазақтардың тілінде өзбек тілі арқылы енген сөздер көп. Өзбек тілінен енген кейбір сөздертек бір-екі аудан көлемінде ғана айтылса, енді бірқатары бірнеше облыс көлеміне тарап, кең түрде қолданылады. Мысалы, жүдә//жүде-өте, ауқат-тамақ, әсел-бал, миман-қонақ сияқты сөздер бірнеше облыста айтылса, мұштау, шақтау-бұтақтау, пісте, бадыраң // бәдірең, таға т.б.



Татар, ноғай, башқұрт тілдерінің элементіБатыс Қазақстан облысы Орда, Жәнібек аудандарын мекендеген қазақтардың тілінде орам-көше, қауышу // қауысу - кездесу, аданас-туысқан, іңкәл-ет наны, өтпек-таба нан, шеккі-таразы, опат болу-қайтыс болу сияқты сөздер кездеседі. Орынбор қазақтарының тілінде тегірмеш-дөңгелек, сабан-соқа, тоқымаш-көже, кеспе, сәндіре-лапас, бастырма, қара бура - шыбықтан тоқылған ашық қора т.б.

Негізгі әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 15], 3. [1.7: 17].

Қосымша әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 16].

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.013 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал