Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы




Дауыссыздарға байланысты ерекшеліктердің қалыптасу тарихы

Дәріс тезисі: Дауыссыз дыбыстардың алмасуы да жергілікті сөздерде кездеседі. Б ~ пшұғыл дауыссыздардан тұратын жұптардың алмасуы сөз басында және сөз ішінде кездеседі. Мысалы: бұт, бұтақ, балуан, бесін, бенде, бәкі, болат, бал, бақыр сияқты сөздердің тілімізде пұт, пұтақ, палуан, песін, пенде, пәкі, полат, пал, пақыр сияқты варианттарының бар екені белгілі. Бұлардың қайсысы әдеби тілге жатады дегенде, ең әуелі б дыбысынан басталатындары ауызға ілігеді.

Т ~ д дыбыстарының алмасуы. Т ~ д дыбыстары сөз басында да, сөз ішінде де алмаса береді. Сөз басында алмасу арқылы мынадай сөз нұсқалары пайда болған: домалақ – томалақ, доп – топ, тілла – ділда, тілмар – ділмар, тажал – дажал, тағдыр – дағдыр, тозақ – дозақ, диірмен – тиірмен, түсім – дүсім, тақалды – дақалды, мұратына жету – мұрадына жету, түзу – дүзу, әулие шоқы - әудие шоқы, аттам – адым т.б.

Д ~т: қалдыру ~ қалтыру, диірмен ~ тиірмен, даяр ~ таяр, душар болу ~ тұшар болу, дәрет алу ~ тәрет алу т.б.; арқылы шылауы артқылы, таманырақ ~ тамандырақ, қабырға ~ қабыртқа, жетік (адам) сын есіміне қатаң т қабаттаса қосылып, жеттік болып қолданылады.

Қазақ тілінде қ ~ ғ, к ~ г дыбыстарының алмасу жайы өте жиі кездесетін құбылыс. Бұл екі жұптың жиі алмасатыны соншалықты, тіпті қ мен ғ-ның, к мен г-нің фонологиялық қызмет жүгіне күмән келтіріп, бір фонеманың аллофоны ретінде танушылар да бар. Шынында, Ғабдікәрім ~ әбдікәрім, Ғалымжан – Қалымжан, Ғафу – Қапу, Ғали – Қали, Әділ – Қаділ, Ғайша ~ Қайша, Гүлсім ~ Күлсім, Гүлжан ~ Күлжан сияқты кісі аттары мен күмән ~гүмән, кілем ~ гілем, гүл ~ күл, гәп ~ кеп, гәусар ~ кәусар сияқты кірме сөздерде алма-кезек қолданыла береді.

Б/П ~ М дыбыстарының алмасулары арқылы бірсыпыра морфонологиялық варианттар жасалған. Мысалы: бекіре – мекіре, бөлтек – мөлтек, бекем – мекем /Мекемтас деген кісі атында/, бағана – мана, бұның – мұның, бұнда – мұнда, бұндай – мұндай сияқты сөз басында алмасқан сөздер мен сөз формалары кездеседі. Ал сөз ішінде құбыр – құмыр, қарбану – қарману, опыр – омыр, құрбан – құрман, жебір – жемір, алба-жұлба – алма-жұлма, күбілжі – күмілжі, ілби – ілми т.б.



Қ, Ғ ~ У, Идыбыстарының алмасуысирек кездеседі, бірақ тіліміздің дыбыстық құрылымын айқындауда маңызы да жоқ емес. Мысалы: бақ – бау, қыстақ – қыстау, санақ – санау, тілек – тілеу, білек – білеу, тірек - тіреу сияқты сөздер әдеби тілде жарыса қолданылса, жамау, бояу сөздерінің жергілікті жерде жамақ, бояқ нұсқалары да қолданылады.

Ң ~ й дыбысының алмасуы.Етістіктің ІІ жақ көрсеткішіндегі ңдыбысының й дыбысымен алмасуы қазақ тілінде ең жиі құбылыс: барсаң, барсаңшы – барсай, барсайшы.

Ң ~ у дыбыстарының алмасуын аңшы – аушы, аңсары ауды – аусары ауды, көңіл – кеуіл (диалектіде), оңаша – ауаша (диалектіде) сияқты сөз нұсқаларынан байқауға болады.

Н ~ д:надан ~ дадан, абақты ~ лабақты ~ набақты. Не есімдігіндегі н көбінесе түсіп қалады: Бұл дүниеден е жақсы адам өткен емес пе? Қалайша ~ қалайшаң, былайша – былайшаң тұрғысында жұмсалады, оған сонор ң артық қосылады.



Р ~ л дыбысының алмасуы.Үнді ржәне л дыбыстарының алмасу жайы жалпы түркі тілдеріне ортақ құбылыс. Қазақ тілінің өзінде беймарал ~ беймалал, залал ~ зарар, бұрқан-талқан ~ бұлқан-талқан, шұңқыр – шұңғыл, добардай ~ добалдай ұрықсат - ұлықсат сияқтыаздаған сөздерде кездеседі.

С ~ ш алмасуы түркі тілдерінде тіларалық белгі ретінде қаралып, қазақ тілі с тобына жататындығы белгілі. Сондықтан да мысық – мышық, асхана – ашхана, асқазан ~ ашқазан, серік ~ шерік, сіріңке ~шеріңке, соған ұқсайды ~ соған құшайды, тысқары ~ тышқары, тексреу – текшеру, күн көріс – күн көріш, тұрмыс – тұрмыш, есек ~ ешек, бес – беш сияқты сөздердің соңғы сыңары диалектіге жатады.

З ~ ждыбыстарының сөз басында алмасуына зытыр – жытыр, зытқыр – жытқыр, зәбір – жәбір, зекі – жекі, зекіру – жекіру, сияқты сөз варианттарынан жарыса қолданыла беретінін айтуға болады. Ал сөз ортасында найзағай – нажағай, қауза – қаужа, төзім – тәжім (ету) деген сөздерде кездеседі.

Ж ~ й дыбыстарының алмасуы.Ж ~ дж, ~ ч: жылда ~ джылда, жылқы ~ джылқы, жұмыс ~ джұмыс, қанша ~ қанча, бүгінше ~ бүгінче, ертеңге шейін ~ ертеңге чейін т.б. Ал диалектілерде д-ж алмасуы сөз басында да кездесіп жатады. Мысалы: жүз – дүз. Ызғарлы түтек боран соқты қатты, дүз қадам жер көрінбей кеш те батты (С.Сейфуллин). Осы жерге келген соң, туған балалар суға дүзе білмейді (Ғ.Мұстафин).

С ~ ш ~ т дыбысының алмасуы саяз – таяз, сонау – тонау (диалектіде, ал әдеби тілде жіңішке дыбысталады: түнеу), қисық – қитар, ыссыыстық /дисимиляцияда/, сірес – тірес деген сөздерде байқалады.

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 4], 3. [1.7: 13], 4. [1.7: 15].

Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 8].

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал