Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Философиядағы болмыс ұғымы






Таяуда ғ ана ө ткен жақ ын тарихымызда философия пә нін оқ уды " материя" ұ ғ ымынан бастау дә стү рі болғ ан. Ө йткені, ол маркстік философияның, жалпы алғ анда, бү кіл материалистік бағ ыттың негізінде жатқ ан ұ ғ ым болатын-ды. Мұ ндай жағ дайда сонау кө не заманда пайда болғ ан " болмыс" ұ ғ ымы ескерусіз қ алғ ан болатын. Алайда, бұ л кө зқ арасқ а бү гінгі таң да ө згерістер еніп, философия пә нінің ең шегіне жеткенінше кө лемді ұ ғ ымы – болмыс - категориалдық жү йеге ең гізілді. Оның негізгі себебі, болмыс ұ ғ ымы материя ұ ғ ымынан гө рі кө лемі жағ ынан кең - материя мен рухты бірдей қ амтиды, ө йткені, дү ниеде кең тү рде алып қ арағ анда екі-ақ нә рсе ө мір сү реді – ол, бір жағ ынан, материя, яғ ни ө лі жә не тірі табиғ ат болатын болса, екінші жағ ынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Уақ ытында ұ лы И.Кант айтып кеткеніндей, Қ ұ дайдың барлығ ын, я болмаса, жоқ тығ ын ешкім ешқ ашанда дә лелдей алмайды – ол ашық сұ рақ. Бірақ, дү ниеде ө мір сү ріп жатқ ан тірі адамның жан-дү ниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығ ара алмас.

Осы тұ рғ ыдан алып қ арағ анда, болмыс ұ ғ ымының қ айнар кө зі Дү ниеде " болу", " ө мір сү руге" келіп тіреледі (салыстырың ыз: орыс тілінде " бытие" - " быть", ағ ылшын тілінде " beіng" - " to be" – деген етістіктен шық қ ан). Олай болса, болмыс ұ ғ ымы Дұ ниеде ө мір сү ріп жатқ анның бә рін қ амтитын кең кө лемді философиялық категория. Ә рине, Дү ниеде ө мір сү ріп жатқ ан нә рселердің сан-алуан қ асиеттері бар – олар кө к - қ ызыл, ауыр - жең іл, дымқ ыл - қ ұ рғ ақ, т.с.с.- шексіз айта беруге болар еді. Бірақ, олардың бә рін біріктіретін қ асиет – олардың болуы, ө мір сү руі, яғ ни, - болмысы. Ең алдымен осыны ұ ғ ып алмай, біз ә рі қ арай ешнә рсеге талдау жасай алмас едік. Бұ л – философиялық бастама.

Алайда, философия тарихына жү гінсек, бұ л арада ойшылдардың ү лкен қ иындық қ а тап болғ анын байқ аймыз. Ө йткені, жағ алай қ оршағ ан Дү ниеге зерделі кө збен қ арағ ан адам бірде-бір мә ң гі ө мір сү ріп жатқ ан нә рсені таба алмайды. Қ арапайым адам да, Дү ниеде біртуар тұ лғ а да бұ л ө мірге келіп, содан кейін уақ ыты келгенде – кетеді. Далада жатқ ан тас та мың дағ ан жылдардан кейін қ ұ мғ а, шаң ғ а айналып ғ айып болады. Яғ ни, болмыс бейболмысқ а ауысып жатады. Мұ ны байқ ағ ан біздің бабаларымыз Дү ниені " жалғ ан" деп тү сінген. Ү нді ойшылдары да бұ л Дү ниені " Ұ лы сағ ым - Мая" деп атағ ан. Ал ұ лы Гегельге келер болсақ, ол болмысты " жоғ ала бастағ ан болмыс", Дү ние дегеніміз - мә ң гілік қ алыптасу, - деп тү сінді.

Оқ ырманның байқ ағ анындай, болмыс категориясын жете тү сінудегі негізгі қ иындық - бір жағ ынан, Дү ниенің ағ ымдығ ы, екінші жағ ынан, ол қ анша ө згеріске тү ссе де ө мір сү ріп қ ала беруі. Бұ л ақ уалды ө зеннің суымен салыстыруғ а болар еді – ол ә рқ ашанда ағ ыста болғ анымен таусылмайды, ө мір сү ріп қ ала береді.

Болмыс ұ ғ ымы ең мейлінше кең ұ ғ ым болғ аннан кейін, оғ ан қ арсы тұ рғ ан ұ ғ ым – бейболмыс, яғ ни, ештең е, жоқ тық.

Бір қ арағ анда, болмыс ұ ғ ымы мейлінше кең болғ аннан кейін мазмұ н жағ ынан алғ анда мардымсыз болып кө рінеді. Бірақ, соғ ан қ арамастан, сонау кө не заманнан бастап оғ ан ә р-тү рлі мағ на беріліп Батыс пен Шығ ыс дү ниесезімі мен дү ниетанымы екіге бө лініп, осы кү нге дейін созылып келе жатқ ан айырмашылық ты тудырды. Мұ ның ө зі де философияның ө мірмен тығ ыз байланысты екенін, Адамзат ө ркениетінің тү п-тамырында жатқ анын кө рсетсе керек.

Бұ л ойды нақ тылай келсек, кө не Қ ытай философиясындағ ы Даосизм ағ ымында болмыс " дао" ұ ғ ымы арқ ылы беріледі. Қ ытай тіліндегі кө п сө здер сияқ ты, дао ұ ғ ымы да кө п мағ налы: бір жағ ынан ол аспанның қ ұ діретті заң дылық тары ретінде тү сінілсе, екінші жағ ынан, болмысты бейнелейді. Ал соң ғ ының ө зі екі мағ нағ а бө лінеді – ол " бірінші дао" – абсолютті болмыс, жә не " екінші дао", я болмаса " дэ" – кө з алдымызда ө мір сү ріп жатқ ан ө тпелі Дү ние. Бірінші даоғ а қ анша қ арасаң да кө ре алмайсың, қ анша тың дасаң да ести алмайсың, оғ ан ат қ ояйын десең де қ оя алмайсың, ө йткені оның аты жоқ, - деп қ орытады, - кө не Қ ытай ойшылдары. Демек, ол не?, - деген сұ рақ дереу біздің ойымызғ а келеді. Ол – ештең е, яғ ни, - жоқ тық. Бү кіл Дү ниедегі заттар мен қ ұ былыстар содан шығ ып ө мір сү руге келеді де, ақ ырында, соғ ан барып ө шеді. Тек ешқ андай ө згеріске тү спейтін, мә ң гілік, абсолютті – бірінші дао ғ ана. Ал, Дү ниеге келген заттарды, яғ ни, екінші даоны - дэні алатын болсақ, оның ә рбіреуінің ө з аты бар, олар ө тпелі, мінді, салыстырмалы т.с.с.

Енді Шығ ыс философиясынан Батысқ а назарымызды аударсақ, кө не Грек ойшылдарының ішінде алғ аш рет болмыс категориясын терең талдағ ан Парменидке келіп тоқ таламыз. Ол кісінің атақ ты сө здері – Тек қ ана болмыс ө мір сү реді, бейболмыс тіпті де жоқ. Яғ ни, Дү ниеде бар нә рсе – бар, жоқ нә рсе – жоқ. Бір қ арағ анда, қ исынды сө здер! Бірақ, осы ойды айтқ аннан кейін, Парменид, қ озғ алысты, Дү ниеге келу мен кетуді жоқ қ а шығ арып, терістеуге мә жбү р болды. Ө йткені, бір нә рсенің Дү ниеге келуі дегеніміз не? – Ол болмыста бұ рын жоқ еді, енді, міне, Дү ниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқ тың аты жоқ дейді, яғ ни, Дү ниеге келуді мойындамайды. Сол сияқ ты, Дү ниеден ө туді де, яғ ни, бардың жоқ қ а айналуын да мойындамайды, ө йткені, бар нә рсе бар, ал жоқ қ а келер болсақ - жоқ. Ал, Дү ниеге келу мен кетудің ө зі қ озғ алыс арқ ылы жү рмей ме? – Олай болса, болмыста қ озғ алыс та жоқ. Яғ ни, болмыс дегеніміз ешқ ашанда ө згермейтін, кемеліне келген, абсолютті, ө з-ө зіне тепе-тең.

Ә рине, мұ ндай кө зқ арастың ө мірдегі тә жірибеге сай келмейтіні ә рбіреуге жақ сы таныс. Бұ л дү ниеде қ озғ алмайтын, ө згермейтін ешнә рсе жоқ. Олай болса, Парменид бұ л Дү ние нағ ыз болмыс емес, оғ ан – ой елегі арқ ылы ғ ана жетуге болады, - деген пікір айтады. Яғ ни, ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқ ылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мә ң гі, дө ң гелек, ө з-ө зіне тепе-тең, бө лінбейтін болмыс болып шық ты.

Сонымен, сонау кө не заманнан бастап, Батыс пен Шығ ыс болмысты ә р-тү рлі тү сініп, соғ ан негізделген ә р-тү рлі Дү ниеге деген кө зқ арасты қ алыптастырды.

Шығ ыс бейболмыстың ө мір сү руін мойындап оның іргетастығ ын анық тағ аннан кейін, бұ л Дү ниені сол бейболмыстың кө мескі бейнесі ретінде ғ ана тү сініп, оның ө тпелігіне аса назар аударады. Осы тұ рғ ыдан алып қ арағ анда, бейболмысқ а ө тетін Дү ниені адамның ө з еркіне кө ндіруі тіпті мү мкін емес, оны ө згерту, жетілдіру де мағ насыз нә рселер. Сондық тан, негізгі мақ сат – адам ө з ішкі ө міріне ү ң іліп, тек соғ ан назарын аударып, соны ғ ана жетілдіруі қ ажет. Осындай кө зқ арастың негізінде Шығ ыста интраверттік (іntra, -лат. сө зі – ішкі деген мағ на береді) мә дени бағ ыт қ алыптасты.

Ал енді Батысқ а келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығ аруы, сонымен қ атар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мә ң гілік Болмыстың бар екенін мойындауы – бү кіл Батыс ө ркениетінің қ алыптасып, бү гінгі кү нге дейін дамуының астарында жатқ ан іргетасты кө зқ арас екеніне оқ ырманның ерекше назарын аударғ ымыз келеді. Соң ынан пайда болғ ан христиан дінінің негізгі қ ағ идаларының бірі – адамды Қ ұ дай ө з бейнесіне ұ қ сатып жаратты да осы жаратылғ ан Дү ниенің ә міршісі қ ылды деген қ ағ иданың ө зі де Парменидтің болмыс ілімімен ұ штасып жатқ ан жоқ па? Ал енді марксизмнің ө зін, осы тұ рғ ыдан алып қ арағ анда, Батыс Еуропа ой-ө рісінің қ исындық шегі деп бағ алауғ а болатын сияқ ты, ө йткені, коммунизм – кемеліне келген, адамдардың барлық қ ажеттіктері толығ ынан ө телген, соның негізінде ә леуметтік біркелкілік орнағ ан қ оғ ам. Яғ ни, ол - жер бетінде адамның шығ армашылық іс-ә рекеті арқ ылы орнатылғ ан идеалдық қ оғ ам.

Сонымен, егер нақ тылы ө мір сү ріп жатқ ан сезімдік, кемеліне келмеген Дү ние мен қ атар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда жағ алай қ оршағ ан мінді ортаны идеалды болмысқ а сай етіп ө згертуге, жетілдіруге болады. ХХ ғ. ө мір сү рген кө рнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің " Дү ние ә лі жаратылып біткен жоқ, - ол жаратылу ү стінде. Оны ә рі қ арай жетілдіретін негізгі кү ш - адамзат", - деген ойының да Парменидтің болмыс тү сінігімен ұ штасып жатқ анын байқ ауғ а болады. Сонымен, Батыс мә дениеті экстраверттік (extra, - латын сө зі, - сыртқ а бағ ытталғ ан деген мағ на береді), - жағ алай қ оршағ ан ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағ ытталғ ан болып шық ты.

Бұ л арада " Шындық қ айда, кімнің қ олында, - Батыста, я Шығ ыста ма? ", - деген заң ды сұ рақ пайда болады. Батыс Рухы мың дағ ан жылдарғ а созылғ ан ө ркениеттік тарихында жағ алай қ оршағ ан ортаны жетілдіру жолында сан-алуан жетістіктерге жетті – оның айқ ын кө ріністері - ғ арыштағ ы ұ шып жү рген жасанды Жердің серіктері, бү кіл Дү ниежү зін шырмап алғ ан Интернет жү йесі, ө мірдің шын сырын ашу жолындағ ы жасалып жатқ ан клональдау эксперименттері, миллиондағ ан ә р-тү рлі техникалық қ ұ ралдар мен жабдық тар т.с.с.

Бірақ, сонымен қ атар, ө мірді нә зік те терең сезінетін ойшылдар ХІХ ғ. аяғ ынан бастап-ақ бү кіл ХХ ғ. шең берінде Батыс ө ркениетінің шытынай бастағ анын ашық айтқ ан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортега-и-Гассет, Э.Фромм, Г.Маркузе т.с.с.). Материалдық Дү ниені ө з еркіне кө ндіріп оны ө згерту барысында Батыс адамы ө зінің Қ ұ дай еместігіне бү гінгі таң да ә бден кө зі жетті. ХХғ. ө ткен екі Дү ниежү зілік соғ ыстар, соның нә тижесінде қ ырылғ ан миллиондағ ан адамдар, бү гінгі таң дағ ы экологиялық апаттар мен дағ дарыстар, адамның материалдық жағ ынан бай болғ анымен рухани-адамгершілік тұ рғ ысынан жү деуі т.с.с. бә рі де – Батыс ө ркениетінің тұ йық тық қ а келіп тірелгенін кө рсетеді.

Ал Шығ ыс елдеріне келер болсақ, ғ ылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны ө з мә дениеті, дү ниесезімімен ұ штастыра білген елдерді саусақ пен ғ ана санауғ а болады (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оң тү стік Корея). Ө з рухани мә дениетінің мың дағ ан жылдарғ а созылғ ан ерекше тарихы болса да, кө п Шығ ыс елдері жаң а ғ ана дамып келе жатқ ан елдер қ атарына жатады – онда кедейшілік пен қ айыршылық, жұ мыссыздық кең етек алғ ан. Бір жағ ынан алғ анда, Шығ ыс елдеріндегі халық тар Батыс mass medіa туындыларын қ абылдамайды, ө йткені, олардың рухани болмысына олар қ айшы келіп қ алың бұ қ араның наразылығ ын тудырады. Сонымен қ атар, ә леуметтік мә селелердің шешілмеуі, дамығ ан елдердің экономика жағ ынан алғ а кетіп алшақ тай тү суі, кө п жағ дайларда олардың кедей елдердің табиғ и байлық тарын тө мен бағ ағ а сатуғ а мә жбү р етуі т.с.с. себептер, ә сіресе, ислам ілімі терең тамыр жайғ ан елдерде экстремизм мен терроризмнің етек алуына, сонымен қ атар, " ғ аламдасу ү рдісімен " бірге кіретін Батыстың зорлық -зомбылық, порнографиялық т.с.с. мә дени ү лгілерінен сақ тану жолында кө п қ арапайым адамдардың " таза исламғ а қ айтып оралу" идеясын насихаттайтын вахабизм сияқ ты кертартпа діни ұ йымдардың қ ұ рамына кіріп, саяси эстремизмнің қ айнар кө зіне айналып жатқ анын байқ ауғ а болады.

Олай болса, шындық Батыста да, Шығ ыста да толығ ынан жоқ сияқ ты. Бү гінгі таң дағ ы адамзат болмыс тірегін бір жағ ынан ашынғ ан, қ орқ ынышты ү рейлік сезіммен, екінші жағ ынан, бітпейтін ү мітпен іздестіруде… Бұ л адамзат ізденістеріне, қ ұ рметті оқ ырман, сіз де, пісіп-жетіле келе, ө з ү лесің ізді қ осарсыз деген ү міттеміз.

Енді болмыс ұ ғ ымын ә рі қ арай талдасақ, оның қ ұ рамынан негізгі екі шындық ты табуғ а болады: оның бірі – жағ алай бізді қ оршағ ан табиғ ат, материалдық ә лем, екіншісі – рух ә лемі, адамның жан-дү ниесі мен санасы. Егерде бірінші ө зімен-ө зі объективті, адамның санасынан тә уелсіз ө мір сү рсе, екінші – рух ә лемі – адамның, яғ ни субъектің ішкі жан-дү ниесімен, оның ырқ ы, қ алауы, қ ажеттіктерімен тығ ыз байланысты. Егер болмыс ұ ғ ымы арқ ылы біз материалдық ә лемді анық тасақ, сана арқ ылы болмыс ө з-ө зін анық тайтынын байқ аймыз. Уақ ытында ұ лы Л.Фейербах айтқ анындай " Ұ лы мә ртебелі Табиғ ат (яғ ни, болмыс, С.М.) адам арқ ылы ө з-ө зін сезіну, тү сіну дә режесіне кө теріледі ".

Сана мен материяның ө зара бір-біріне ө туі субъектіні тудырады, яғ ни ол материалдық денесі, сонымен қ атар, санасы бар, ө зінің сан-алуан қ ажеттіктерін ө теу ү шін іс-ә рекет жасай алатын пенде – адам. Сонымен, жоғ арыда айтылғ ан екі Ә лем адамның бойында жинақ талады екен. Адам дене ретінде ө з қ ажеттіліктерін ө теп, басқ а тіршіліктер сияқ ты осы болмыста ө мір сү реді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте болумен тең еле ме? Бұ л дү ниеде қ ұ мырсқ а да жаң быр қ ұ рты да ө мір сү ріп жатқ ан жоқ па? -Ә рине, адамды қ ұ мырсқ ағ а, бұ л тіршіліктегі қ айсыбір жануарғ а тең еу ү лкен қ ателік болар еді. Адамды шынайы адам қ ылатын – оның санасы, ішкі рухани ө мірі, соның негізінде пайда болатын шығ армашылық іс-ә рекеті емес пе?! Қ айсыбір жануарды алсақ та, ол ө з болмысын бұ лдыр, кө мескі сезінеді, ө з ө мірі мен ө лімі, жалпы Ә лем жө нінде тебірене алмайды. Тек адам ғ ана бұ л ө мірде тіршілік жасап қ оймай, сонымен қ атар, Дү ниенің болмысы, ө з халқ ының тағ дыры, оның ә ржағ ында бү кіл адамзат, жалпы тіршілік жө нінде ойланып тебіренеді, " мен бұ л Дү ниеге не ү шін келдім", - деген сұ рақ ты ө з алдына оқ тын-оқ тын қ ояды. У.Шекспирдің Гамлеті қ ойғ ан сұ рақ " to be ore not to be? – That іs the guestіon! " (Болу ма, я болмау ма? – Міне, негізгі сұ рақ!) – адамзаты қ аншалық ты ө мір сү рсе, соншалық ты ө міршең ді болып қ ала бермек. ХХ ғ. ортасында бұ л сұ рақ қ а ә дейі арнап кітап жазғ ан кө рнекті американ философы Э.Фромм, қ азіргі Батыс цивилизациясы адамның ө мірдегі болмысын баю, иелену арқ ылы кө реді, - деген тұ жырымғ а келіп, оның тигізген барлық теріс ә серін кө рсеткен болатын. Қ азақ халқ ы ө зінің трагедияғ а толық тарихында ө з жолынан таймай " жігіт бір сырлы, сегіз қ ырлы" болу керек, ә р кү нді бағ алап, оны қ уаныш, той-думан, ө нер-сайысқ а айналдыру керек деп есептеген – бұ л оның даналығ ын кө рсетеді. Бірақ, бү гінгі таң дағ ы реформа кезінде біз осы сара жолдан тайып, Батыс дү ниесезіміне, тойымсыздық қ а қ арай ауысып бара жатқ ан жоқ пыз ба?, -деген сұ рақ та ойландырмай қ оймайды.

Адамның саналы шығ армашылық іс-ә рекетінің нә тижесінде Жер бетінде " екінші табиғ ат" болмысы пайда болды. Егер " бірінші табиғ ат" деп біз адам қ олымен ө згеріске тү спеген тағ ы табиғ атты айтатын болсақ, " екінші табиғ ат" - адамның саналы іс-ә рекеті арқ ылы ө згеріске тү скен. Егер жануар ө зіне қ ажеттінің бә рін таза табиғ аттан тауып алатын болса, адам оғ ан қ анағ аттанбайды. Сондық тан, ол табиғ атты ө згертіп, ө з мү ддесіне сай етіп ө мір сү реді. Оның бү гінгі таң дағ ы кө ріністері – алып қ алалар, асфальт жә не темір жолдар, жасанды кө лдер мен ормандар, мә шинелер мен неше-тү рлі техникалық жабдық тар т.с.с. Олардың бә рі де саналы іс-ә рекеттің туындылары. Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғ аттың туындыларында сө нген, яғ ни, заттанғ ан. Қ айсыбір адамның қ олымен жасалғ ан заттың негізінде белгілі-бір идея жатыр. Сол жасалғ ан затты пайдаланып, оны игерген кезде, - сө нген идея дереу " лап етіп жанып" тағ ы да сол адамның ішкі рухани ө мірінің қ ұ рамдас бір бө лігіне айналады, яғ ни заттанғ ан идея ө зінің материалдық қ абығ ынан босап, тағ ы да санағ а айналады. Екінші табиғ аттың бұ л терең сырын жете тү сіну ү шін, оқ ырманғ а бір қ арапайым мысал келтірейік. Егер сіздің мә шинә ң із сынып қ алса, сіз сол сынғ ан бө лшекті қ олың ызғ а алып, ең алдымен ол қ алай жұ мыс істейтінін тү сінуге тырысасыз, бұ л жә йтті тү сінген кезде, соны ойлап шығ арғ ан инженердің сол бө лшекте заттанғ ан идеясын тағ ы да " тірілтіп" ө з санаң ыздың байлығ ына айналдырасыз. Егер сіздің техникағ а икемің із болса, сол бө лшектің жетілмеген жерін анық тап оны тіпті қ айта ө згертуің із де мү мкін. Оны қ оғ ам рационализаторлық ә рекет деп бағ алайды. Идеяның затқ а, заттың қ айта идеяғ а айналу диалектикасын осы мысалдан кө руге болады. Қ орыта келе айтарымыз – мың дағ ан жылдардағ ы адамзат қ олынан шық қ ан туындыларда оның барлық дү ниеден алғ ан тә жірибесі, шығ армашылығ ы, білімі заттанғ ан. Ә рбір Дү ниеге келген жаң а ұ рпақ соларды игеріп, оны ә рі қ арай дамытып, ө зінің рухани байлығ ына айналдырады.

Енді, міне, сол " екінші табиғ атты" тудырғ ан адамның рухани болмысын талдауғ а да уақ ыт келіп қ алғ ан сияқ ты. Алғ ашқ ы жақ ындағ анда, оны екіге бө луге болады. Біріншіден, ол тарихи сахнада ө мір сү ріп жатқ ан нақ тылы тірі адамның рухани ө мірі – оны субъективті рух деуімізге ә бден болады. Тірі адамның тү йсіктері, сезім тебіреністері, ырқ ы, ө зіндік сана-сезімі, ғ ылыми тү сініктері, тіпті бейсаналық инстинктері – бә рі де оның ішкі рухани ө мірін қ ұ райды. Адамның ішкі ө мірі сыртқ ы Дү ние сияқ ты – тұ ң ғ иық, шексіз. Сондық тан да кө не гректер адамды " микрокосм" ретінде қ арап оны " макрокосмғ а", яғ ни, Дү ниеге тең еген болатын. Бір адам басқ а адамның ішкі дү ниесін толық білмек тү гіл, кейбір кезде ө з ішінен бұ рын білмеген қ асиеттерді тауып алып таң ғ алады!

Ә рине, адамның ішкі рухани болмысы сыртқ а шығ уғ а ү не бойы талпынады, ө йткені, адам басқ а адамдармен қ арым-қ атынасқ а тү сіп барып ө мір сү ре алады – Д.Дефоның " Робинзоны" тек қ иялдан шық қ ан кө ркемдік бейне ғ ана емес пе?

Олай болса, қ оғ ам ө мірінде интерсубъективтік (іnter, - латын сө зі, - екіаралық, кө паралық деген мағ на береді) рух дү ниеге келеді. Ол жеке ө мір сү ретін бір адамның ғ ана қ азынасы емес, ол қ оғ амның, яғ ни, бір-бірімен байланыс, қ арым-қ атынасқ а тү скен кө п адамдардың ортақ байлығ ы. Мысалы, сізге қ оғ амның белгілі бір саласын жетілдіруге бағ ытталғ ан ой келді - ол тек сіздің ғ ана ойың ыз. Бірақ, сіз оны ақ парат қ ұ ралдары арқ ылы қ оғ амғ а жария еттің із. Сіздің ойың ыз ө зекті болып, оны кө п адамдар қ олдады – енді, міне, ол сіздің уысың ыздан шығ ып, қ оғ амның рухани қ ұ ндылығ ына айналды, ө йткені, ол басқ а адамдардың санасына да ұ ялап, олардың ой-ө рісіне ө зінің ә серін тигізді. Сонымен, интерсубъективтік, яғ ни, объективтік рух қ оғ амның ү стінде, аспандағ ы бұ лт сияқ ты, жеке адамның санасынан бө лініп, дербес ө мір сү ріп жатқ ан идея емес, ол кө п адамдардың санасында ө мір сү ріп жатқ ан, солардың мойындағ ан, ішкі рухының бө лігіне айналғ ан қ ұ былыс. Философияда объективтік рухтың формалары ретінде ғ ылым, ө нер, дін, мораль, қ ұ қ ық тық нормалар т.с.с. айтылады.

Енді, субъективтік жә не объективтік рухтың ө зара байланысы қ андай?, - деген сұ рақ заң ды тү рде пайда болады. - Ә рине, жеке адамның тұ лғ а болып қ алыптасуында қ оғ амдық сананың, яғ ни объективтік рухтың маң ыздылығ ын асыра тү сіну ө те қ иын. Дү ниеге келген сә би ананың ақ сү тімен бірге оның сү йіспеншілігін, ә лди-ә лди ө лең дерін, неше-тү рлі ертегілерін бойына сің іріп, тілі шығ ып, ө се келе бала бақ шасы, мектеп, жоғ арғ ы оқ у орнына барып тә лім-тә рбие алып тұ лғ ағ а айналады. Сонымен қ атар, пісіп-жетіле келе оның бойында жаң а идеялар, туындылар пайда болып, оларды жарық қ а шығ арып қ оғ амдық сананы ә рі қ арай дамытады. Тек бұ л арада айта кететін нә рсе, ө кінішке орай, осы уақ ытқ а шейін адамзаттың кө пшілігі қ оғ амдық сананы пайдаланады да, тек элитарлық (elіte, - франц. сө зі, қ оғ амның ү стем білімді, ө нерлі азшыл тобы деген мағ на береді) аз топ қ ана оны ә рі қ арай дамытады. Осығ ан ө кінген ХХ ғ. ұ лы испан философы Х.Ортега-и-Гассет халық бұ қ арасын тобырғ а тең еп, қ азіргі кездегі рухани дағ дарыстың себептерін " тобырдың кө терілісінен" кө реді. К.Маркстің ойынша, тек қ ана жер бетінде коммунизм орнағ ан кезде ғ ана ә р адам жан-жақ ты дамып, шығ армашылық дең гейіне кө теріліп, қ оғ амдық сананы дамытуғ а қ ол жеткізеді.

Қ оғ амның рухани болмысын талдауда ә дебиетте " абсолюттік рух" деген ұ ғ ым да кездеседі. Кө бінесе, оны философия тарихында Қ ұ дайғ а ә келіп тірейді. Гегельдің ойынша, абсолюттік рухқ а " ө нер", " дін", " философия" жатады. Ө нер арқ ылы абсолюттік рух ө зін толық еріктіктің негізінде аң лайды; дін арқ ылы ө з-ө зіне беріліп қ абылдайды; тек философия сатысына жеткен кезде ғ ана ө з-ө зін ұ ғ ымдар арқ ылы жете тү сінеді, - сондық тан, Гегельдің ойынша, философиядан биік рух жоқ, ол рухтың ең биік сатысы.

Қ орыта келе, біз болмыс ұ ғ ымының ө з бойына бү кіл Ә лемді (материя мен рухты, субъект пен объектіні), олардың ө зара байланысын қ амтитынын байқ адық. Бұ л шегіне жеткенінше кең ұ ғ ым, сондық тан, оның мазмұ ны да жиырылғ ан тү рінде оның ішінде жатыр. Енді біз оларды ө з қ исынының негізінде " сыртқ а шығ арып" жайып талдауымыз керек – сонда ғ ана оның астарында жатқ ан ұ ғ ымдардың жү йесі болмыс жө ніндегі ілімді толық қ анды суреттейді.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.