Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ресурстар - өндiрiс фактор - табыс




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ

Лекциялар кешені

«Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау»

 

АЛМАТЫ 2011

Дәріс 1. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары

Ресурстар - экономиканың материалдық негізі

Негізгі өндірістік факторлардың экономикалық мәні

Экономикалық-өндірістік қатынастардың жіктелуі

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа формалары

Ртүрлі меншік формалары кезінде кәсіпорындарды ұйымдастыру және жоспарлаудың ерекшеліктері

Кәсіпорынды анықтайтын факторлар, құрылымы, міндеті, мақсаты

Ндіріс типтері

1.Экономиканың материалдық негiзiн өндiрiс құрайды. Әрбiр өндiрiстiң көздерi – ресурстар болып табылады.

Өндiрiс ресурстартауар, қызмет атқару және басқада игiлiктердi өндiру процесiнде пайдаланылған табиғи, әлеуметтiк және рухани күштерiнің жиынтығы.

Табиғаттың берген сыйлары табиғи ресурстарды құрайды. Барланып және шығарылған табиғи ресурстар материалды өндiрiстiң әртүрлi салаларында шикiзатқа айналады.

Өз кезегiнде шикiзат материалдары қоғамдық өндiрiске тартылып және онда сан мәрте өнделгеннен соң ғана экономикалық ресурстарға айналады.

· Еңбек ресурстары - өндiрiстiң ең маңызды элементi. Олардың материалдық немесе өндiрiстiк сфераларда қамтылған бөлiгi экономикалық белсендi халықты құрайды.

· Материалдық ресурстар – адамның күшiмен құрылған еңбек құралдары, бiрақ еңбек құралдар өздерi өндiрiстiң нәтижесi болып табылады.

· Қаржылық ресурстар - өндiрiстi ұйымдастыруға қоғаммен шығарылған /бөлiнген/ ақша қаражаттары.

Өндiрiсбұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi.



Игiлiктер деп қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттарды айтамыз.

Өндiрiс үш элементтен: адам еңбегi, еңбек заты және еңбек құралдары өзара әрекетi арқасында жүзеге асырылады.

· Еңбек – бұл адамдардың материалдары, рухани игiлiктер өндiруi мен қызмет көрсетуiне байланысты мақсатты, нәтижелi қызметi.

· Еңбек заты – адамның дайын өнiм өндiру мақсатында өз еңбегi арқылы әсер ететiн зат.

· Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететiн қаруы.

 

2. Экономикалық теорияда әрбiр ресурстарға сәйкес келетiн өндiрiс факторлар деген ұғымы бар.

Өндiрiс факторы - өндiрiс процесiне нақты еңгiзiлген ресурстарды айтамыз, яғни өндiргiш ресурстар. Оларға:

- жер;

- капитал;

- еңбек жатады.

Ресурстар - өндiрiс фактор - табыс

Табиғи - жер - рента

Материалдық, - капитал - пайыз

Қаржылық

Кәсiпкерлiк - бизнес - пайда

Жер – терминi кең мағынада қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық пайдалы заттарын қамтидi, яғни жер, ауа, су мен орман ресурстары, пайдалы қазбалар байлығы.

Капитал– бұл тауарлар мен қызметтер өндiруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндiрiс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.



Еңбек– бұл адамның өзiндiк дене, интелектуалдық және рухани күш қуатын жұмсау процесi, яғни жұмыс күшiн тұтыну процесi.

Рента - капиталдан, мүлiктен немесе жер учаскесiнен түскен белгiлi бiр табыс, ол өзiнiң алушыларынан кәсiпкерлiк қызметтi талап етпейдi. Рентанын iшiне кiретiндер:

Пайыз, процент /несие пайызы/ - несиегер несиеге берiлген ақшаны немесе материалдық құндылықтарды пайдаланғаны үшiн қарыз алушыдан алатын ақы. Несиенiң шамасымен, сипатымен және мерзiмiмен айқындалады;

Жалгерлiк ақы – жалгерлiк тәртiбiмен берiлген мүлiк үшiн заттай, ақшалай, немесе аралас нысандарда төленетiн ақы;

Дивиденд – акционерлiк қоғамның есептi бiр кезеңде алған және акционерлердiң иелiгiндегi акциялардың саны (сомасы) мен түрiне сәйкес олардың өз арасында бөлiске түсуге тиiс пайдасының бiр бөлiгi.

Кәсiпкерлiк – қолданылып жүрген заңдар шеңберiнде iс-қимыл жасайтын бастамалық, шаруашылық немесе басқа да қызмет, ол осындай қызметке қатысушылардың бәрi үшiн өзара тиiмдi нәтижелер мен табыс алу мақсатымен меншiктi, қарызға алынған және басқа мүлiктер мен қаражат есебiнен ұйым-дастырылады. Кәсiпкерлер кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi болып табылады.

Әрбiр адамның жұмыс күшi немесе еңбекке қабiлетi болады. Жұмыс күнi бойындағы еңбектi қажеттi және қосымша деп екiге бөлуге болады. Қажеттi деп жұмысшының өзi мен отбасының өмiр сүруiне қажеттi өнiмдi өндiруге кеткен еңбектi айтамыз. Осы кезде өндiрiлетiн өнiм қажеттi деп аталады.

Қосымша еңбек – бұл қажеттi еңбек шамасынан артық жұмсалған еңбек. Қосымша еңбектiң өндiрген өнiмi қосымша деп аталады.

Еңбектiң интенсивтiлiгi мен өнiмдiлiгi деген сипаттамалары бар.

· Интенсивтiлiк – бұл уақыт бiрлiгiндегi жұмыс күшiн жұмсау дәрежесiмен анықталатын еңбектiң үдемелiлiгi.

· Өнiмдiлiк – бұл еңбектiң нәтижелiлiгi. Ол уақыт бiрлiгiнде өндiрiлген өнiм санымен өлшенедi.

Осы үш факторлардың «жер-капитал-еңбек» өзара қатынасы және өзара iс-әрекетi өндiрiс болып көрiнедi. Бiрақ, ол тек қана технологиялық сипаттамасы. Әрбiр өндiрiс факторына өзiнiң иесi болуымен, өндiрiс - қоғамдық мiнездемеге ие болып және әлеуметтiк процеске айналады. Сондықтан, өндiрiс дегенiмiз – ол өндiрiс факторлардың меншiктенушiлер арасында өндiрiстiк экономикалық қатынастарының нәтижесiне айналады.

 

3. Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игiлiктердi өндiру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесi барысында пайда болатын қатынастар.

Экономикалық қатынастардың сипаты өндiрiс құрал-жабдықтарына меншiк нысанымен анықталады, бұны экономикалық базис деп айтамыз.

Экономикалық-өндiрiс қатынастар - бiрiншiден, тек өндiрiс сферасында болатын қарым-қатынастар; екiншiден, өндiрiстiк емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.

Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалықжәне әлеуметтiк-экономикалық болып бөлiнедi.

Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар -өндiрiлген өнiм өндiрiсiнiң, бөлiнуi және айырбасталуының қалайша ұйымдастырығанына қарай қалыптасады. ұйымдастыру нысандарына еңбек бөлiнiсi, еңбек кооперациясы, өндiрiс концентрациясы /iрiленуi/, өндiрiстiң орталықтандырылуы /көптеген шаруашылық бiрлiктерiнiң бiр тұтас бiрiгуi/.

Әлеуметтiк-экономикалық қатынастар -өндiрiс құрал-жабдықтарына меншiк нысандарымен анықталатын өндiрiс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншiк нысанында басты нәрсе: өндiрiс, бөлу, айырбас, тұтынуқатынастарының әлеуметтiк-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншiк иелерiнiң жеке мүддесiне, сана-сезiмдерiне қарай жүзеге асырылады.

4. Дүниежүзілік практикадакәсіпорындардың әр түрлі ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемелерге сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және орталық сотта өз мүдделерін қорғайды.

Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорынның мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:

1. Мемлекеттік кәсіпорындар – мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.

2. Серікестіктер:

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. ЖШС жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады.

Толық жауапкершілікті серіктестік–екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі.

Қосымша жауапкершілікті серіктестік – қатысушылардың жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың жетіспейтін кезінде қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының үйлесімді мөлшері.

Коммандиттік серіктестік – шаруашылық қоғамдарының бір түрі, үлесшілер мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Біріншісі толық үлесшілер, екіншісі қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.

Акционерлік қоғам:

Ашық акционерлік қоғам - бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Олардың негізгі капиталы акцияларға бөлінеді.

Жабық акционерлік қоғам –акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады.

Өндірістік кооператив бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау.

Жеке кәсіпкерлікжеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.

Кәсіпорын түрлі белгілеріне қарай келесідей түрге бөлінеді: Сала түріне байланысты. Шаруашылық іс-әрекеттік түрлеріне байланысты; Құқықтық жағдайына байланысты; Меншік жағдайына байланысты; (мемлекеттік, ұжымдық, жеке шаруашылықтар)

Біздегі көп жылғы экономиканың бір орталықтан басқару, бөлу, бақылау жүйесі кәсіпкерліктің дамуына жол бермей келгені белгілі. Ал қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік нарықтық қатынасқа енумен байланысты жаңа мән-мазмұнға ие болды. Республика көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, оның көркейту мақсатымен арнайы заң қабылдап, оны өндірістің қай саласында да, одан тыс салаларда да қолдап, дамытып, қорғауға жол ашып отыр. Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдары арабтың ежелгі сөзінен шыққан. Ол пайда табу, кіріс, ұтыс, тіршілік, шаруашылық маңызында пайдаланылады.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері мыналар:Өндірушінің экономикалық дербестігі, оның құрал-жабдықтарға меншік иесі болы және бәсекелестік нарықтық ортада қызмет жасауы.

Біздің Республикада осындай жағдайларды қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі. Кәсіпкер қай кезде де шешімді өз бетінше қабылдайды, белсенді, жаңалыққа жаны жақын, оның тез іске асыруға бейім, тәуекелшіл, тапқыр, батыл адам. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен бірге мына ұғымдарды да білу қажет: Бизнес – бизнесмен, кәсіпкерлік – кәсіпкер, коммерция – коммерсант, менеджмент – менеджер.

Бизнес -таза пайда түсіретін, жаңашыл іс-әрекет. Кәсіпкер – меншік иесі. Коммерсант-коммерция –негізінен сауда-саттықпен яғни тауарларды сатып алып, қайта сатумен шұғылданады. Менеджмент – жалпы өндіріс пен тауар айналымын тиімді жүргізу және пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен формаларының әдістері мен құралдарының жиынтығы. Менеджер – шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білім бар, жалдамалы басқарушы.

Іс қимылы мен тұрмыс әрекетіне сәйкес кәсіпкерліктің екі түрі болады:

1.Бұрынғы классикалық кәсіпкерлік – шаруашылықтың қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып нәжижелі болуды көздейтін кәсіпкерлік.

2.Қазіргі заманғы кәсіпкерлік – қолда бар пайда көзін емес, әр түрлі жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген.

Демек бірінші түрі қолда барға бағытталса, екінші түрі мүмкіндіктерге бағытталған яғни жаңашыл, ізденімпаздық кәсіпкерлік болып табылады.

Кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарай жеке, ұжымдық, мемлекеттік, біріккен кәсіпкерлік болып бөлінеді.

5.Бүгінгі экономикалық өмірде шаруашылық жүргізудің, ұйымдастырудың, дамудың, кішігірім шағын формасы үлкен маңыздылыққа ие болды. Бүгін де шағын кәсіпорындар өндірістерде де, ауылшаруашылықтарда да, құрлыстарда да, ғылыми ұйымдарда да әсіресе халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласында қарқынмен дамуда.

Шағын кәсіпорын екі түрлі бағытта дамуда: Жаңа кәсіпорын ашу. Бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан бөлініп шығу жолы. Екеуіне ортақ жай кәсіпорынды ашу туралы шешім қажет. Жаңадан кәсіпорын ашу үшін жеке бір азаматтың арызы немесе бір азаматтың жиналысының шешімі немесе басқару органының бұйрығы керек. Ал бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан бөлініп шығу жолымен болса еңбек ұжымының келісі мен шешімі қажет.

Одан кейінгі саты шағын кәсіпорынның жарғысын дайындау. Бұл негізгі құжат. Осыған сәйкес кәсіпорынның шаруашылық қаржылық қызметі ұйымдастырылады. Жарғыда кәсіпорынның түрі, оның аты, тұрған жері, мекен-жайы, кәсібінің түрі көрсетіледі.

Шағын кәсіпорындағы жұмысшылардың саны:

· өндірістер мен құрлыста – 200 адам;

· ғылым мен ғылыми қызметте – 100-ге дейін;

· басқалай өндірістер шеңберінде – 50-ге дейін;

· өндіріс емес шеңбер салаларында - 25-ке дейін;

· сауда да үстеме – 15 адамға дейін.

6. Кәсіпорын құрылымы:

· Негізгі өндіріс;

· Көмекші өндіріс бөлімшесі;

· Қызмет көрсету, жанама және қосалқы бөлімшесі;

· Басқарушылық қызметі және бөлімшесі.

7. Өндірісті ұйымдастырудың негізгі типтері:

· Жеке дара өндіріс шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, өнімнің өзіндік құнының жоғары боуын сипаттайды.

· Сериялы өндіріс жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын анықтайды.

· Жаппай өндіріс ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

 

Дәріс 2. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.012 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал