Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леция. Сөздің лексика-семантикалық топтары.






  1. Омонимдер
  2. Омонимдердің жасалу жолдары
  3. Омонимдердің тү рлері

Пайдаланатын ә дебиеттер:

1. Фомина М.И. Современный русский язык. Лексикология. М., 1990. С. 36-44.

Тілімізде сыртқ ы формасы бірдей, бірақ білдіретін ұ ғ ымы басқ а-басқ а сө здер де, керісінше, сыртқ ы формасы басқ а-басқ а болғ анмен, білдіретін ұ ғ ымы бірдей сө здер де бар. Мағ ынасы қ арама-қ арсы сө здер ө з алдына бір тө бе. Тіл білімінде бұ ларды лексика-семантикалық белгілеріне, ө зара қ арым-қ атынасына қ арап топтастыру дә стү рі қ алыптасқ ан. Ә р топтың ө зіне тә н ерекшеліктері бар.

1. Омонимдер. Қ азақ тілінде дыбысталуы бірдей, бірақ ұ ғ ымы басқ а-басқ а бір алуан сө здер ұ шырасады. Мысалы, І. Ас. Пісіру, даярлау. ІІ. Ас. Арту; ІІІ. Ас. Тамақ. Осы сияқ ты дыбысталуы бірдей, ұ ғ ымы басқ а-басқ а сө здерді омонимдер деп атайды.

Омоним тү зетін сың арлардың саны екеуден кем болмайды, ү ш сө зден, тө рт сө зден, кейде одан да кө п сө зден қ ұ рала береді. Екі сың ардан тұ ратын омонимдер: І. Жалын. Жанғ ан оттың лапылы, ыстық қ ызуы. ІІ. Жалын. Тілену, ө тіну, жалынып-жалбарыну; Екі, ү ш, тө рт сың ардан тұ ратын омонимдер тілімізде жиі кездеседі. Қ ұ рамындағ ы сың арлар саны кө бейген сайын омонимдер саны азаяды. Он ү ш мағ ына беретін бір ғ ана сө з бар: І. Жай. Аспан кең істігіне жиналғ ан электр зарядтарының шағ ылысуынан пайда болатын жарқ ыл, найзағ ай; ІІ. Жай. Тұ рмыстағ ы хал-ахуал, жағ дай, кү й; ІІІ. Жай. Белгілі бір орын; мекен, тұ рақ; ІҮ. Жай. Таратып, ыдырату, жазу; Ү. Жай. Қ атардағ ы, қ арапайым, жұ пыны; Ү І. Жайлы, қ олайлы. Ү ІІ. Жай. Жаймен, ақ ырын, баяу. Ү ІІІ. Жай. ө зімен-ө зі, жайбарақ ат, тыныш. ІХ. Жай. Ақ ы-пұ лсыз, бос, тө леусіз, тегін. Х. Жай. Бір нә рсе жө нінде, хақ ында. ХІ. Жай. Ә деттегіден кеш, кейін, соң. ХІІ. Жай. Ә йтеуір, ә ншейін ғ ана. ХІІІ. Жай. Қ ұ р-бекер, тектен-тек, бостан-бос. Сонымен, дыбысталуы бірдей, ұ ғ ымы басқ а-басқ а сө здердің тобын омонимдік қ атар деп атайды.

Омонимдер де, кө п мағ ыналы сө здер де бірдей дыбысталады. Ұ ғ ымдарының немесе мағ ыналарының ә р басқ а болуы жағ ынан да ұ қ сас. Омонимдер бірдей дыбысталып айтылып, бірдей жазылғ анымен, олардың ә р сың арының беретін ұ ғ ымы басқ а-басқ а болып келеді жә не сол ұ ғ ымдардың арасында ешқ андай байланыс болмайды. Кө п мағ ыналы сө здер бірдей дыбысталғ анмен мағ ыналық байланысын, ө зара сабақ тастығ ын, жақ ындығ ын сақ тап қ алады. Бұ лардың ара-жігін белгілеуде омонимдердің туынды сө здер жасауғ а ұ йытқ ы бола алатындығ ы да ескеріледі.

Аудар деген етістіктің тура мағ ынасы –«тө ң керіп тастау, екінші жағ ына қ ұ лату». Сонымен бірге ол «бір тілден екінші тілге аударма жасау» деген мағ ына да береді. Соң ғ ы мағ ынаның алдың ғ ы мағ ынадан туғ андығ ы анық байқ алады.

Қ ой деген етістіктің тура мағ ынасы –«қ олың дағ ы затты бір жерге орналастыру, тұ рғ ызу». Кітапты столғ а қ ойды. Осы сө зден тілімізде алты мағ ына туындағ ан: 1) Бір нә рсені істемеу, тастау. Ондай мінезің ді қ ой! 2) Тоқ тату, доғ ару, тиылу. 3) Қ алдыру, сақ тау. Кешіккендерге ет қ ойды. 4) Ө сіріп жіберу. Сақ ал, мұ рт қ ойды. 6) Жерлеу, кө му. Бұ лардың ө зара жақ ындығ ы, ұ қ састығ ы бір негізден шық қ андығ ы, бір сө здің ә р тү рлі мағ ынасы екендігі айқ ын байқ алады. Дә л осы қ ой етістігі басқ а сө з табына ауысқ анда омонимге айналады. Мысалғ а «болмайды» деген модальды мағ ынада қ ыстырма сө з ретінде қ олданылады. Қ ой, текке қ арап тұ рмайық. Кө п жағ дайда бір нә рсенің, істің анық -айқ ындылығ ын, растығ ын кү шейте кө рсететін кө мекші сө з шылау ретінде жұ мсалады. Кү зетке тұ рмай-ақ қ ой. Соң ғ ы екі мысалдан грамматикалық мағ ына ө згерілгенімен, алғ ашқ ы лексикалық мағ ынамен ортақ тығ ы аң ғ арылады. Бұ ларды кө п мағ ыналы сө здің есебінен жасалғ ан омонимдер дейміз. Тө рт тү лік малдың бірін білдіретін қ ой зат есімінде жоғ арыдағ ы мағ ыналармен ешқ андай мағ ыналық байланыс болмағ андық тан таза омоним деп танимыз. І.Саз. Батпақ. ІІ. Саз. Ү н, ә уен. Бұ лар да мағ ыналық жақ тан бір-бірімен байланысы жоқ, таза омонимдер.

Омонимдердің жасалу жолдары. Қ азақ тіліндегі омонимдердің пайда болуы, жасалу жолдары тү рлі-тү рлі:

1. Семантикалық даму нә тижесінде пайда болғ ан омонимдер. Қ оғ амның дамуы барысында бір кездерде бір ғ ана мағ ына білдірген сө з бірнеше ауыспалы мағ ыналы сө зге айналады. Бара-бара мағ ыналарының арасындағ ы семантикалық байланыс мү лде жойылады. Мұ ндай қ ұ былысты кө п мағ ыналы сө здердің омонимдерге айналуы деп атайды. І. Қ айшы. Бір-біріне қ арама-қ арсы, кереғ ар, ү йлеспейті. ІІ. Қ айшы. Ә р тү рлі нә рселерді кесу, қ ию ү шін жү здерін қ арама-қ арсы бекіткен металл қ ұ рал. Соң ғ ы мағ ына алғ ашқ ы мағ ынаның негізінде кейін пайда болғ ан. І. Бытыра. Шашырап, тарап бет-бетіне кету. ІІ. Бытыра. Қ орғ асыннан ұ сақ етіп, домалақ тап жасалғ ан мылтық оғ ы. Заттардың қ имылы арасындағ ы ұ қ састық осы омонимдік қ атардың тууына себеп болғ ан. Сондай-ақ, кө ш, той, ой, қ ап, іш, жылы, ық, тең, тамыр, кү н, қ атар сияқ ты омонимдер семантикалық даму жолымен пайда болғ ан.

2. Сө здердің ә р тү рлі фонетикалық ө згерістерге ұ шырап, дыбысталуы жағ ынан сә йкес келуі нә тижесінде пайда болғ ан омонимдер. Тарихқ а белгісіз ежелгі дә уірде тілдің сө здік қ орындағ ы сө здердің дыбыстық қ ұ рамы дә л бү гінгідей болмағ ан. Олар даму барысында фонетикалық ө згеріске тү сіп, ө зінің дыбысталуын, дыбыстық қ ұ рамын біршама дә режеде ө згерткен. Осындай ө згерістердің нә тижесінде кейбір сө здер басқ а бір сө збен дыбысталуы жағ ынан сә йкес келіп, омоним жасалғ ан.

Дыбыстық қ ұ рамы ө згерген кө не сө здер кө не тү ркі жазба ескерткіштерінде, туыстас тү ркі тілдерінде, сондай-ақ қ азақ тілінің диалектілерінде сақ талып қ алғ ан. Жаң а формалар мен кө не формаларды ө зара салыстырғ анда омонимдердің қ андай дыбыстық ө згерістердің негізінде жасалғ андығ ын айқ ындауғ а болады. Дыбыстардың тү сіріліп айтылуы немесе ө зге дыбыстарғ а ауысуы нә тижесінде пайда болғ ан омонимдер тілімізде елеулі орын алады.

ғ, г дыбыстарының тү сіріліп айтылуы нә тижесінде пайда болғ ан омонимдер. Ертеректе «етікті тігу ү шін керекті қ ұ рал» бігіз деп аталғ ан. Бұ л сө з г дыбысының тү сіріліп айтылуынан жіктеу есімдігінің кө пше тү рі бізбен омонимдес болғ ан. Тү ркі халық тары кө біне жылқ ыда болатын қ оң ырқ ай кү рең тү сті торығ деп атағ ан. ғ дыбысы тү сіріліп айтылуынан қ азақ тілінде торы тұ лғ асы пайда болғ ан. Бұ л сө з қ азір «білдірмей сырттан аң ду, бақ ылау» деген ұ ғ ымда жұ мсалатын торы етістігімен омонимдес. 50-52б.жазу керек.

3. Тү бірлер мен негіздерге омонимдес жұ рнақ тардың жалғ ануы арқ ылы жасалғ ан омонимдер. Қ азақ тілінде бірнеше омонимдес жұ рнақ тар бар. Солардың ә рқ айсысынан омонимдес сө здер жасалады. Бұ лар туынды омонимдер деп аталады.

а) омонимдердің –ыс (-іс, -с) жұ рнағ ы жалғ ануы арқ ылы жасалады. Бұ л жұ рнақ кейбір сө здерге жалғ анып, ә рі есім, ә рі етістік тудырады. І. Байланыс. ет. Қ арым-қ атынас, аралас. ІІ. Байланыс. зат. Хим. Қ оспа, тү зіліс. ІІІ. Байланыс. ет. Жө нсіз ілінісу, ұ стасып қ алу. 53б.

ә) омонимдердің –қ (-к), -ық (-ік), -ақ (-ек) жұ рнағ ы жалғ ану арқ ылы жасалуы. Бұ л жұ рнақ ө німді, жалғ анғ ан сө зінен бірде зат есім, бірде сын есім, бірде етістік тудырады. І. Жатық. сын. Тегіс, жатың қ ы. ІІ. Жатық. ет. Ү йлесім табу, жарасу.

б) омонимдердің тұ йық етістіктің –у жұ рнағ ы жалғ ануы арқ ылы жасалуы. Тұ йық етістіктің –у жұ рнағ ы тү бір етістіктерге жалғ анғ анда оларды зат атауларына айналдырады жә не жалғ анғ ан тү біріне сің ісіп, біте қ айнасып кетеді. І. Шаншу. ет. Ұ шы ө ткір затпен бір нә рсені тү йреу. ІІ. Шаншу. Кө біне суық жел ұ стап қ алудан пайда болатын сырқ ат.

в) омонимдердің –н (-ын, -ін) жұ рнағ ы жалғ ануы арқ ылы жасалуы. Бұ л жұ рнақ есім де, етсітік те жасай алады. Осы қ аблетіне орай омонимдер де тү зіледі. І. Ерін. Ауыздың астың ғ ы жә не ү стің гі екі жақ жиегі. ІІ. Ерін. Мойны жар бермеу, жалқ аулану.

4. Кірме сө здер мен тө л сө здердің дыбысталуы жағ ынан сә йкес келуі нә тижесінде пайда болғ ан омонимдер. Бір тіл ө мір қ ажетіне байланысты екінші бір тілден сө з қ абылдағ ында, ә детте, дыбыстық қ ұ рамын ө згертіп барып қ абылдайды. Осының нә тижесінде байырғ ы тө л сө здермен дыбыстық жағ ынан ү йлесіп, омонимдік қ атар тү зеді. а) араб жә не қ азақ сө здерінен жасалғ ан омонимдер. І. Айт. ар. зат. Діни мейрам. ІІ. Айт. ет. Сө йлеу, сө збен ой-пікірін білдіру. ІІІ. Айт. од. Итті айдақ тау. Осы омонимдік қ атардағ ы кірме айт сө зінің араб тіліндегі дыбыстық қ ұ рамы – ғ айд. Қ азақ тілінде ғ дыбысы тү сіріліп айтылса, сө з соң ында ұ яң дардың келмеуіне байланысты д дауыссызы т-ғ а қ атаң данғ ан. ә) иран жә не қ азақ сө здерінен жасалғ ан омонимдер. І. Ара. зат. Ағ ашты кесу ү щін жұ қ а темірден жасалғ ан тісі бар қ ұ рал. ІІ. Ара. зат. Гү л шырынынан бал жиятын қ анатты жә ндік. ІІІ. Ара. Екі орта, орталық. Осы омонимдік қ атардағ ы иран тілінен енген сө з ө з тілінде арра болып дыбысталады. Сө з ортасындағ ы косарланғ ан р- дің біреуі тү сіріліп айтылуы себепті омонимдік қ атар тү зіліп тұ р.

Омонимдердің тү рлері. Қ ұ рамы одан ә рі бө лшектеп, ажыратуғ а келмейтін сө здерден жасалғ ан омонимдерді тү бір омонимдер, жұ рнақ жалғ ану арқ ылы жасалғ ан омонимдерді туынды омонимдер деп атайды. Бұ лар мағ ыналық жә не қ ұ рылымдық ерекшеліктеріне қ арай ү ш топқ а бө лінеді: 1) лексикалық, 2) лексика-грамматикалық, 3) аралас омонимдер.

1) Лексикалық омонимдер. Омонимдер бірың ғ ай сө з табынан да, ә р тү рлі сө з табынан да жасала береді. Омонимдік қ атардың сың арлары бірың ғ ай сө з табына қ атысты болса, оларғ а қ осымша жалғ анып тү рленгенімен, барлық формалары бір-бірімен омонимдес болады. Мысалы, І Дә рі. Зат. Емдеу ү шін қ олданылатын зат. ІІ. Дә рі. Зат. Оқ тың ішіндегі тұ тандырғ ыш зат; І. Саулық. Зат. Ү ш жастан жоғ ары қ оздайтын аналық қ ой. ІІ Саулық. Зат. Амандық, есендік. Бірінші омонимдік қ атар тү бір сө зден, екінші омонимдік қ атар туынды сө зден жасалғ ан. Бұ лардың барлығ ы бір ү лгіде септеледі, кө птеледі, тә уелденеді. Демек, тү бірі де, қ осымшалары да омонимдес болады. Бір ғ ана сө з табынан жасалғ ан омонимдік қ атарды лексикалық омонимдер дап атаймыз.

2) Лексика-грамматикалық омонимдер. Омонимдік қ атарды қ ұ растырушы сың арлар ә р тү рлі сө з табына жатқ анда лексика-грамматикалық омонимдер жасалады. Мұ ндай жағ дайда олардың барлық формалары емес, кейбір формалары – тү бірлері мен негіздері ғ ана ө зара омонимдес болып келеді. І. Ет. Зат. Сойылғ ан мал мен аң атаулының тамақ ү шін бө лшектенген мү шесі. ІІ. Ет. ет. Жасау, істеу, қ ылу. Тамақ мағ ынасынадғ ы ет басқ а да зат есімдер сияқ ты кө птеледі, тә уелденеді, септеледі, ал істеу мағ ынасындағ ы ет басқ а етістіктер сияқ ты тү рленіп, кө семше, есімше, тұ йық етістік бола алады. Сө йтіп зат есім мен етістіктің тү бірлері омоним болғ анымен, қ осымшалары бір-біріне омоним бола алмайды.

Аралас омонимдер. Ә р тү рлі лексикалық, ә рі лексика-грамматикалық омонимдерден тұ ратын омонимдік қ атарды аралас омонимдер деп атайды. І. Ас. Зат. Тағ ам. ІІ. Ас. ет. Тамақ пісіру. ІІІ. Ас. Зат. Бір жерден екінші жерге қ арай ө ту.Осы омонимдік қ атардың бірінде зат есімнен, енді бірінде етістіктен жасалғ андық тан лексика-грамматикалық омонимдер болады.

Жалғ ан омонимдер. Қ азақ тілінде омонимдерге ұ қ сайтын, бірақ одан табиғ аты бө лек қ ұ былыстар ұ шырасады. Солардың бірі омофондар. Бірдей айтылып, ә р тү рлі ұ ғ ымды бергенмен, тү рліше жазылатын сө здерді омофондар д.а. Мысалы, Қ ұ ла ат қ ұ лат. Қ ара ат- қ арат. Бірдей жазылып, ә р тү рлі ұ ғ ымды бергенімен, тү рліше айьылатын сө здер- омографтар д.а. бө лме зат е.- бө лме ет. болымсыз тү рі.

 

 

6-лекция. Сө здің лексика-семантикалық топтары:






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.