Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқушылардың химия пәнінен алған білімін қорытындылау






Жоспар:

1. Химиялық білімді қ орытындылаудың маң ызы мен міндеттері.

2. Қ орытындылау сабақ тарын ө ткізудің ә дістемесі.

3. Химиялық заң дар мен теориялар жө нінде білімді қ орытындылау.

4. Химиялық реакция, металдар жә не бейметалдар жө ніндегі білімді қ орытындылау.

Химиялық білімді қ орытындылаудың маң ызы мен міндеттері. Орта мектептегі химия курсының бағ дарламасы “бейорганикалық жә не органикалық химия бойынша білімді қ орытындылау” деген тақ ырыппен аяқ талып келеді. Соң ғ ы бағ дарламада 43 сағ аттық жалпы химия курсы енгізілді. Бұ л курстың басты мақ саты – оқ ушылардың тө рт жыл бойы химиядан алғ ан білімін терең дету жә не жинап қ орыту. Химияның жеке мә селелерін оқ ытудың ә дістемесін қ арастырғ анда аса маң ызды ұ ғ ымдардың ә р сыныпта ә р тү рлі теориялық дең гейде қ алыптасатынына кө з жеткіздік. Осыдан келіп мектеп бітіретін шағ ында оқ ушылар бірсыпыра маң ызды мә селелерді ұ мытып қ алады, ұ ғ ымдар анық тамасын алғ ашқ ы атом – молекулалық теорияның дең гейінде естеріне ұ стап жү реді. Бұ л кемшілікті болдырмау ү шін бейорганикалық жә не органикалық химияны қ орытындылау сабақ тарында, жалпы химияның негіздерін ө ткенде химияның маң ызды теориялары жө ніндегі білім қ орытындылады. Бейорганикалық жә не органикалық химияны шолып қ айталау жә не жалпы химия курсының міндеттеріне мыналар жатады:

1. Оқ ушылардың атомның электрондық қ ұ рылысы жө ніндегі білімін терең дету. Химияның негізгі ұ ғ ымдарын электрондық теория тұ рғ ысынан нақ тылау.

2. Химиялық элементтер жә не олардың қ осылыстары қ асиеттерінің периодты тү рде ө згеруі жө ніндегі теориялық кө зқ арасты жаң а сатығ а кө теру. Жалпы заң дылық тардың негізінде химиялық элементтерді топ жә не топшалар бойынша сипаттай білу дағ дыларын нығ айту, жетілдіру жә не дамыту.

3. Заттың қ ұ рылысы жә не химиялық байланыстар туралы білімді бір жү йеге тү сіру, заттың қ ұ рамы, қ ұ рылысы, қ асиеттері жә не қ олданылуы арасындағ ы тә уелділікті ашып кө рсету.

4. Бейорганикалық жә не органикалық заттардың маң ызды кластары жө ніндегі білімді қ орытындылау, олардың арасындағ ы генетикалық жә не ө зара байланыстарды нақ тылау.

5. Химиялық реакциялар туралы алғ ан білімді бір жү йеге келтіру, олардың маң ызы жә не жү ру заң дылық тары жө нінде жалпы ұ ғ ым қ алыптастыру.

6.Химияның жаратылыстану пә ндерә нің арасындағ ы алатын орын, ғ ылыми кө зқ арас қ алыптасуындағ ы маң ызын нақ тылы мысалдармен кө рсету, пә н аралық байланыстарды жү зеге асыру, оқ ушыларды табиғ ат туралы біртұ тас ғ ылыми кө зқ арас қ алыптасуына жә рдемдесу.

7. Химияның ө мірімен жә не ө ндіріс сарамандығ ымен байланысын ашу, азық – тү лік жә не энергетикалық бағ дарламаларды, экалогиялық мә селелерді шешудегі мә нін кө рсету.

 

Қ ортындылау сабақ тарын ө ткізудің ә дістемесі. Оқ ушылар он бірінші сыныпта химиядан ә ртү рлі дайындық пен келеді. Оқ ушылардың біразы ғ ана химияны ө зінің болашақ мамандығ ы ретінде таң дап, оны оқ ып, ү йренуге аса ынталы екенін білдіреді. Қ алғ андары бұ л пә ннің қ ажеттігін жете мойындамайды, оны ү стіне мұ ндай оқ ушыларғ а химиядан мектеп бітіру емтиханын тапсыруғ а рұ қ сат етіледі. Сондық тан жалпы химияның сабақ тарын оқ ушылар тегіс қ атысатындай етіп тартымды ө ткізу мұ ғ аліммен ү лкен жауапкершілікті талап етеді. Қ орытындылау сабақ тарын ө ткізудегі мұ ғ алімге қ ойылатын талаптар: 1) жалпы химия курсының алдына қ ойылатын оқ у тә рбиелік жү ктемесіне сә йкес ә р сабақ тың мақ саты мен міндеттерін нақ тылы анық тау; 2) мақ саты мен міндеттері бойынша сабақ тың мазмұ ныны таң дап алу; 3) оқ у материалының мазмұ нына лайық тү рін, қ ұ рылымын, ә дістерін жә не амалдарын анық тау; 4) оқ ушылармен ұ йымдастырылатын жаппай, топтық жә не жеке жұ мыстардың тү рлерін дә л басып анық тау; 5) оқ ыту қ ұ ралдарын тиімді іріктеу, қ ойылатын тә жірибелерді, техникалық қ ұ ралдарды, сызбанұ сқ алармен тіректік хабарды таң дап алу; 6) ү й тапсырмаларын мұ қ ият ойластыру, оқ ушылардың ө здігінен істейтін жұ мыстарын тү рлендіру жә не жең ілдету; 7) оқ ушылардың білімін есепке алудың ұ тымды ә дістерін қ олдану.

Қ орытындылау сабақ тары кезінде жие қ олданатын ә дістер мыналар: шолу дә рістері, дә ріс - ә ң гімелесу, химиялық тә жірибелер мен кө рнекі қ ұ ралдарды кө рнекі кө рсете отырып ә ң гімелесу, оқ ушылардың баяндамалары, ү лестіріліп берілетін материалдармен жұ мыс, сарамандық тә жірибелер, эксперимент есептерін шығ ару. Ө тілетін материал оқ ушыларғ а біршама таныс болғ андық тан, бір ә дісті пайдаланып, бір сарынмен ө ткізілетін сабақ тар оқ ушыларды жалық тырып жібереді. Сондық тан оқ ушылардың сыныпта жә не ү йде ө здігінен жұ мыс істеуін, сабақ қ а белсенді қ атысуын қ амтамасыз ететін ә дістер (оқ улық пен жұ мыс, зертханалық тә жірибелер жасау, дидактикалық материалдармен жә не қ осымша ә дебиеттермен жұ мыс, сызбанұ сқ а сыздыру, т.б.) жие қ олданылады. Қ айталау сұ рақ тары, жаттығ улар мен есептер, баяндамалардың тақ ырыптары мен ә дебиеттердің тізімі, оқ ушыларғ а кө рнекі кө рсететін тә жірибелер мен кө рнекі қ ұ ралдардың тізбесі ертерек беріледі.

Химиялық заң дар мен теориялар жө нінде білімді қ орыту. Ең алдымен атом қ ұ рылысы туралы ілім тұ рғ ысынан химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасағ ан периодтық жү йесі жә не периодтық заң ы қ арастырылады. Ол ү шін атом қ ұ рылысы туралы химия мен физикадан оқ ылғ ан материалдар еске тү сіріліп, атомның қ ұ рамына кіретін кейбір элементтар бө лшектердің сандық кө рсеткіштері жинақ талғ ан кесте тү рінде жазылады.

Химиялық элементтің периодтық жү йедегі орны мен атом қ ұ рылысының арасындағ ы тә уелділіктің жә не периодты заң дылық тың физикалық мә ні ашылады.

Д.И.Менделеев атомдық массасына элементтің ең тұ рақ ты қ асиеті деп санап, оны элементтерді жіктеудің негізіне алды. Соның нә тижесінде периодты заң ды “Жай заттардың қ асиеттері, сондай-ақ олардың қ осылыстарының формалары мен қ асиеттері элементтердің атомдық массаларының шамасына периодты тү рде тә уелді болады” деп тұ жырымдады. Сө йтсе де, ол кейбір элементтерді атомдық массаларының ө су ретін ескермей орналастырды (Аr жә не К, Те жә не І). Мұ ның себебі кейіннен ашылып, атомның ең тұ рақ ты кө рсеткіші ядро заряды екені анық талды. Осығ ан орай периодтық заң ғ а: “ Химиялық элементтердің қ асиеттері атом ядроларының зарядына периодты тә уелділікте болады” деген жаң а анық тама беріледі. Қ орыту кезінде оқ ушылар осы соң ғ ы анық таманың тұ рғ ысынан химиялық элемент, изотоп, жай жә не кү рделі зат ұ ғ ымдарын нақ тылап, бұ рынғ ыдан гө рі дә лірек тү сінеді.

Химиялық реакциялар туралы білімді қ орытындылау. Жалпы химия курсындағ ы бұ л тақ ырыптың негізгі мақ саты оқ ушылардың химиялық реакциялар жә не оларды мең геру жө ніндегі білімдерін қ айталау, терең дету жә не қ орытындылау. Алдымен химиялық реакциялардың мә ні жә не типтерге бө лудің негізгі белгілері талқ ыланады. Химиялық реакцияларды жіктейтін кестені жә не оқ у фильсмін пайдаланып, ә р типке жататын реакцияларғ а мысалдар келтіреді. Бейорганикалық жә не органикалық химиядағ ы бір типке жататын реакциялардың ұ қ састығ ы мен айырмашылығ ы талданды. Бейорганикалық химияда гидраттану ұ ғ ымы ерітіндіде тү зілетін су молекуласының қ ұ рылымы ө згермейтін процесстер ү шін қ олданылады. Органикалық қ осылыстардағ ы гидраттанулар кезінде, мә селен этилен жә не ацетилен гидраттанғ анда су молекуласының қ ұ рылысы ө згереді.

Қ орытындылау кезінде реакция жылдамдығ ының ө лшемі, жылдамдық қ а ә сер ететін жағ дайлар толығ ырақ қ арастырады. Реакцияның жылдамдығ ы кесімді уақ ыт ішінде реакцияласушы заттарконцентрациясының ө згеруімен ө лшенетін мысалдар келтіріледі, есептер шығ арылады. Реакция жылдамдығ ының ә рекеттесуші заттар табиғ атына тә уелділігі тә жірибе арқ ылы нақ тыланады. Реакциялардың жылдамдығ ына заттар концентрациясының қ ысымының, температураның жә не катализатордың ә сері жө нінде оқ ушылардың тө рт жыл бойы алғ ан білімі бір жү йеге тү сіріледі, соны мысалдармен толық тырылады. Ле-Шателле принципі жаң аша тү сіндіріледі.

Химиялық реакциялардың мә нін жә не сипаттамаларын кескіндеп жазу жө ніндегі оқ ушылардың білімі дамытылады. Оқ ушылар реакциялардың молекулалық, толық жә не қ ысқ а иондық. Электрондық – иондық тең деулерін сауатты жазуғ а дағ дыланады. Химиялық жә не термохимиялық тең деулер бойынша есептеулер жасай білудің біліктері мен дағ дылары сараланады. Оқ ушылар ең кү рделі аралас есептерді шығ ара білуге ү йренеді.

Бейметалдар жә не металдар жө ніндегі білімді қ орытындылау. Химиялық элементтер жә не олардың қ осылыстары жө ніндегі білім бейметалдар мен металдар тақ ырыбында бір жү йеге тү сіріледі жә не терең детіледі. Жаң а оқ улық та оқ у материалын орналастырудың жү йесі: 1) бейметалдың периодтық жү йедегі орналасуы жә не атогмдардың электрондық қ ұ рылысы; 2) жай заттардың қ ұ рылысы мен қ асиеттері; 3) сутекті қ осылыстар; 4) оксидтер мен оттекті қ ышқ ылдары.

Жү йелі курста бейметалдар химиялық элементтердің табиғ и топшалары бойынша оқ ытылып келсе, қ орытындылау кезінде периодтар бойынша қ арастырылады. Мұ ның ө зі атомдардың электрондық қ ұ рылысының біртіндеп кү рделенуін, соғ ан сә йкес заттар қ асиеттерінің ө згеруіндегі периодтылық ты терең ірек тү сінуге ық палын тигізеді.

Бейметалдар негізінен алғ ашқ ы тө рт периодта орналасқ ан. Бір топшада орналасқ ан бейметалдардың сыртқ ы энергетикалық дең гейлеріндегі электрон сандары бірдей, ал периодтарда 3-тен 7 -ге дейін артады, аяқ талғ ан қ абат тү зуге жақ ындайды. Осмығ ан орай тотық тырғ ыш қ асиеттері кү шейеді. Екінші периодта бордан басталатын тотық тырғ ыш қ асиет фторда ең жоғ ары шегіне жетеді. Химиялық элементтердің электртерістілігінің сан мә ндерін салыстыру арқ ылы бұ ғ ан кө з жеткізу қ иын емес.Тотық тырғ ыш қ асиеттерінің ө суіне қ арай бейметалдардың қ атар тү зетініне оқ ушылардың назары аударылып, оны пайдалана білу қ ажеттігі айтылады.

Фтордан басқ а бейметалдар тотық сыздандырғ ыш, яғ ни электрондарын беріп жіберу қ асиеттерін де кө рсетеді.

Бейметалдардың қ арама – қ арсы яғ ни тотық тырғ ыш жә не тотық сыздандырғ ыш қ асиеттері мысалдар келтіру жә не электрондық тұ рғ ыдан талдау арқ ылы нақ тыланады.

Бейметалдардың жай заттарының қ ұ рылысы мен қ асиеттерінің арасындағ ы тә уелділікті кө рсететін кесте сызылады. Гологендер, оттегі жә не азот тү зетін жай заттардың қ атты кү йінде молекулалық кристал торы, кө міртегі, бор, жә не кремний тү зетін жай заттардың атомдық кристал торы болатыны, соғ ан сә йкес физикалық қ асиеттеріндегі ұ қ састық тары мен айырмашылық тары анық талады. Жай заттардың химиялық қ асиеттері сызбанұ сқ а, сызу жә не мысалдар арқ ылы талқ ыланады.

Бейметалдар тү зетін сутекті қ осылыстардың қ ұ рылысы мен қ асиеттері металдардың сутекті қ осылыстарымен салыстырылады.

 

R+1H-1 R+2H2-2 R+3H3-3 R-4H4+1 R-3H3+1 H2+1R-2 H+1R-1

Бұ л қ атарғ а сә йкес сутекті қ осылыстарғ а мысалдар келтіріп талқ ылағ анда мына мә селерге назар аударылады:

  1. Сутегінің металдармен қ осылыстарындағ ы тотығ у дә режесі минус бірге тең, бұ лар – молекулалық қ ұ рылысы болмайтын тұ з тә різдес қ осылыстар. Сумен толық гидролиз реакциясына тү седі. Гидридтердегі сутегі ионы тотық сыздандырғ ыш қ асиет танытады.
  2. Бейметалдардың сутегімен қ осылыстары молекулалардан қ ұ ралады, кә дімгі жағ дайда газдар немесе ұ шқ ыш кү йінде болады. Бұ л қ осылыстардағ ы сутегінің тотығ у дә режесі оң болғ андық тантотық тырғ ыш қ асиетер білінеді. Металдармен ә рекеттескенде электрондарды қ осып алып, бос кү йіндегі суітегіне айналады.
  3. Периодтарда элемент атомының ядро зарядтарының артуына байланысты ұ шқ ыш сутекті қ осылыстардың негізгі қ асиеттері кеміп, қ ышқ ылдық қ асиетері артады. Мұ ның себебі протолиттік теория тұ рғ ысынан тү сіндіріледі.

 

H+

 


H2O + NH3 = NH4+ + OH-

Бұ л реакцияда протонын беретін су қ ышқ ылдық протонды қ осып алғ ан аммиак негіздік қ асиет кө рсетеді. Периодта оттегі азоттан кейін орналасады, ядро заряды азоттан гө рі артық болғ андық тан протонды тебеді, сонымен бірге азот атомында протонды қ осып алатын бос электрон жұ бы бар.

4. Сутекті қ осылыстар ү ш тү рлі аталады: а) сутегінің теріс тотығ у дә режесіндегі қ осылыстары гидридтер делінеді. Кейде сутекті қ осылыстардың бә рін осылай атайды, бірақ ол наменклатура негіздеріне сай келмейді; ә) бейметалдардың сутекті қ осылыстары, сутегі фториді, сутегі хлориді, сутегі нитриді, т.б. деп аталуы керек еді, бірақ оқ улық тарда орысшадан аударылғ ан бір сө збен берілетін атаулары қ олданылады: фторсутек, хлорсутек, кү кіртсутек, т.б.деп берілген; б) кейбір қ осылыстар ү шін тарихи қ алыптасқ ан атаулары қ алып қ ойғ ан, мысалы, аммиак (сутегі нитриді деудің орнына), су(сутегі оксиді деудің орнына).

  1. бейметалдардың сутекті қ осылыстарының қ ышқ ылдық қ асиеттері топ бойында ядро зарядтарының артуына байланысты кү шейеді.

Бейметалдардың оксидтері туралы білім: 1) қ ұ рамы, 2) алыну 3)тұ з тү зетін жә не тү збейтін оксидтер; 4) химиялық қ асиеттері жоспарына сә йкес қ орытылады;

Оттекті қ ышқ ылдарды қ арастыру мына жоспарғ а сә йкес жү зеге асырылады: 1) оттекті қ ышқ ылдардың қ ұ рамы; 2) бір периодта жә не бір топта орналасқ ан элементтер тү зетін қ ышқ ылдар кү шінің ө згеру заң дылық тары; 3)оттекті қ ышқ ылдардың химиялық қ асиеттері; 4) қ ышқ ылдардың қ олданылуы жә не маң ызы.

Химияны терең білгісі келетін оқ ушылар ү шін оттекті қ ышқ ылдардың қ ұ рамын жиынтық қ осылыс ретінде қ арастырып, орталық атомның координация саны жө нінде тү сінік беруге болады.

Оқ ушылардың алғ ан білімін қ орытындылау мектеп бітіру эмтиханын ойдағ ыдай тапсыруғ а ә зірлейді. Сондық тан теориялық жә не деректі білімді бір жү йеге тү сірумен бірге сарамандық сабақ тар ө ткізуге, эксперимент жә не сан есептерін шығ аруғ а баса назар аударылады.

.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.