Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. Ескерту. Мәтiнiндегi "почта", "почтаны" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн"




Ескерту. Мәтiнiндегi "почта", "почтаны" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiлiмдерiн", "почта жөнелтiлiмдерi" деген сөздермен; "темiр жол көлiгi ұйымдарымен", "темiр жол көлiгi ұйымы", "темiр жол көлiгi ұйымдарын", "темiр жол көлiгi ұйымдары" деген сөздер тиiсiнше "тасымал процесiне қатысушылармен", "тасымал процесiне қатысушы", "тасымал процесiне қатысушыларды", "тасымал процесiне қатысушылар" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;

1-1) вагон - темiр жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;

2) тармақ иеленушi - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде темiр жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;

2-1) мемлекеттiк көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргiзетiн iс-шаралар жиынтығы;

3) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлiк;

4) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;

5) жүк жөнелтiлiмi - бiр темiр жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;

6) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға;

7) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға;

7-1) темiр жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жолдық дамуы бар, магистралдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;



8) темiр жол қатынасы - жөнелтетiн және баратын бекеттер арасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, оның мына түрлерi:

халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;

облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлi облыстарындағы жөнелту және межелi пункттерi арасындағы тасымалдау;

ауданаралық (қалааралық) - бiр облыс шегiндегi елдi мекендер арасындағы тасымалдау;

iшкi - қала (аудан) iшiнде және қала маңында тасымалдау;

9) темiр жолдар - жылжымалы құрамның жүруi iске асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (тар және кең табан магистралдық, станциялық, кiрме жолдар);

10) темiр жол көлiгi - темiр жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;

11) темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер - темiр жолдар, құрылыстар, жол желiсiндегi және басқа ғимараттар, темiр жол станциялары, қорғаныш екпе ағаштар және жол құрылғылары алып жатқан жер учаскелерi;



12) клиент - жасалған шартқа сәйкес тасымалдаушының қызметiн пайдаланатын тұлға;

12-1) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған бiрнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы; <*>

12-2) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздерде иелiк ететiн тұлға;

13) магистралдық темiр жол желiсi - магистралдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiн, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистралдық темiр жол инфрақұрылымы;

14) магистралдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпы пайдаланудағы темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темiр жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темiр жол станцияларын қосатын темiр жолдар; <*>

15) Ұлттық темiр жол компаниясы - Yкiмет шешiмi бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, магистралдық темiр жол желiсiн күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсететiн акционерлiк қоғам;

15-1) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, арнайы және әскери тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы;

16) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне қарай адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына; жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтiрiлуiне себеп болуы мүмкiн жүктер;

16-1) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде осы вагондарды (контейнерлердi) пайдалана отырып, тасымал процесiн жүзеге асыруға қатысатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;

16-2) локомотивтiк тартқыш операторы - локомотивтi күтiп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсетуге сертификаты бар тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi;

17) магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы - мемлекет магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн құрған ұйым;

18) алып тасталды

19) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

20) темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, темiр жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;

21) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға;

22) темiр жол көлiгiндегi тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы;

23) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж квитанциясы, темiр жол көлiгi жүкқұжаты);

24) тасымалдау процесi - тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;

25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темiр жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;

26) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистралдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темiр жолдар;

26-1) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдар - тасымалдау ережелерiне сәйкес, тасымалдау процесiне қатысушыларға тиесiлi және багажды, жүктердi, жүк-багажды тиеу (түсiру), сұрыптау, сақтау жөнiндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын темiр жол станциясы аумағында да, одан тысқары жерлерде де арнайы бөлiнген темiр жолдар;

27) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн алатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;

28) тасымалдау ережелерi - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

28-1) тексеру - кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының темiр жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi;

29) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бiрге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен көлемi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;

30) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;

30-1) әлеуметтiк мәнi бар қатынастар - әлеуметтiк мәнiн:

облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкiметi;

ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар; <*>

31) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау;

32) тасымалдануға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының барынша шектi мерзiмi;

33) станциялық жолдар - кiрме жолдарды қоспағанда, темiр жол станциясының шекарасындағы темiр жолдар;

33-1) тасымалдау - багажды, жүктердi, жүк-багажды жөнелту пунктiнен межелi пунктiне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистралдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартқыш операторының өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;

34) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасында көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган; <*>

35) локомотивтiк тартқыштың қызметтерi - темiр жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;

36) магистралдық темiр жол желiсiнiң қызметтерi - магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;

37) кiрме жолдардың қызметтерi - кiрме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер;

38) тасымал процесiнiң қатысушысы - темiр жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға, соның iшiнде тармақ иеленушi, контрагент және клиент;

39) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымал төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.

Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596, 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N 178 Заңдарымен.

2-бап. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат

1. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат:

1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темiр жол көлiгi қызметiне еркiн қол жеткiзуi;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау;

3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бiрыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.

2. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты:

1) темiр жол көлiгiнiң магистралдық темiр жол желiсiн дамыту;

2) тасымалдарды дамыту;

3) тасымалдардың қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темiр жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;

5) темiр жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың заңсыз араласуына жол бермеу; <*>

6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;

7) магистралдық темiр жол желiсiнiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;

8) қоршаған ортаны қорғау;

9) темiр жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;

10) темiр жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

3. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi.

Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

3-бап. Темiр жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк,

жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалын ұйымдастыру негiздерi

1. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

3. Өзiнiң тартқыш көлiгi (локомотивi) жоқ тасымалдау процесiне қатысушы локомотивтiк тартқыштың операторымен жасалған шарт негiзiнде локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi пайдаланады. <*>

Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

4-бап. Темiр жол көлiгi туралы заңдар

1. Темiр жол көлiгi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

5-бап. Темiр жол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi

1. Магистралдық темiр жол желiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiр жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темiр жол компаниясына берiледi.

2. Магистралдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Магистральдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейiннен пайдалану концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596, 2006.07.07. N 168 Заңдарымен.

6-бап. Магистралдық темiр жол желiсi

1. Тасымалдаушылар магистралдық темiр жол желiсi бойынша тасымалдарды магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiне сәйкес жүргiзедi.

2. Тасымалдаушы магистралдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темiр жол желiсiнiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi. <*>

3. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткiзу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау тасымалдаушылардың магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiнде көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады. <*>

4. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсiн салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.

Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. <*>

Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

 

6-1-бап. Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық

Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.

Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

7-бап. Темiр жол қатынасын тоқтату

Мемлекеттiк меншiк болып табылатын темiр жол бойынша темiр жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

8-бап. Темiр жол көлiгiндегi шарттар

1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi.

2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттiк басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.

3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттiк органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

4. Темiр жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.

Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi. <*>

Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен.

9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу

Жылжымалы құрам уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге тиiс.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.019 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал