Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан тарихы» пәнін оқып білуі жөнінде әдістемелік нұсқау




1. Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірі. Тарихты оқытудағы мақсаттар мен міндеттері; Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу; Тас дәуірінің кезеңдері және ерекшеліктері; Тас дәуірі тұрақтары және зерттелуі.

2. Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Сақтардың саяси, мәдени тарихы Ғұндар: деректер мен зерттеулер Үйсіндер мен Қаңлылардың тарихы.

3. Алғашқы Түркі мемлекеттері. Түркі және Батыс Түркі қағанаты; Түркеш қағанатының құрылуы; Қарлұқ және Оғыз қағанаттары.

4. ҮІ­ХІІ ғғ. Түркі кезеңіндегі мемлекеттер. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы және мәдени ескерткіштері; Түркілердің көне жазба ескерткіштері; ҮІ­ХІІ ғасыр түркілердің рухани мәдениеті.

5. Монғол үстемдігі дәуіріндегі Қазақстан. Шыңғыс хан және Монғол мемлекетінің құрылуы және Монғолдардың Шығыс жорықтары; Монғолдардың Орта Азияны жаулап алуы және «Отырар оқиғасы»; Монғолдар және Ұлыстық жүйенің құрылуы; Алтын Орданың құрылуы және Батысқа жорық; Алтын Ордадағы Ұлы дүрбелең және мемлекеттің ыдырауы.

6. Қазақ хандығы дәуірі ХҮ­ХҮІғғ. Қазақ хандығы тарихының деректері мен зерттеулер; Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары; Алғашқы Қазақ хандары тұсындағы хандықтың ішкі және сыртқы саясаты.

7. Қазақ хандығының саяси жағдайы ХҮІ­ХҮІІІ ғғ. Қасым хан тұсындағы хандықтың жағдайы; Қазақ хандығының оңтүстіктегі қалалары үшін күресі; Елдің экономикалық және әкімшілік жағдайы; Қазақ және Жоңғар қатынастары; Қазақ және Орыс қатынастары; Қазақтардың Жоңғарларға қарсы азаттық күресі.

8. Қазақстан Ресей империясы құрамында. Ресейдің жаулап алушылық саясатының басталуы; Қазақстан жеріндегі орыс экспедициялары және әскери бекіністер; 1822­1824 жж. әкімшілік реформалар және нәтижесі; ХІХ­ХХғғ. Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы; 1867­1868 жылдардағы әкімшілік Реформалар және халық наразылығының күшеюі; ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси және мәдени дамуы.



9. Орыс отарлығына қарсы Ұлт­азаттық соғыстар. Сырым Датұлы және орыс отарлық саясатына қарсы күрестің басталуы, Игельстром реформасы және кіші жүздегі саяси жағдай; Исатай мен Махамбет бастаған «ішкі ордадағы»көтеріліс және нәтижесі; Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт­азаттық соғыс және Қазақстанның саяси жағдайы.

10. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстанның бірінші және екінші Орыс төңкерісі тұсындағы саяси жағдайы; Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және саяси баспасөздің ролі; Қазақстандағы азамат соғысы және Ұлттық саяси партиялардың қызметі; Алаш Орда және оның саяси қызметі; Саяси Репрессия және Қазақ зиялыларының тағдыры; 1931­1933 жылдардағы Аштық алапаты.



11. Қазақстаннның Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы жағдайы. Қазақстандықтар майданда; Соғыстан кейінгі елдің экономикалық жағдайы; Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты және нәтижесі; Қазақстанда кеңестік тотолитарлық режимнің қалыптасуы; Кеңес одағындағы саяси тоқыраудың негізгі себептері және нәтижесі.

12. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстанның саяси тәуелсіздікке қол жеткізуі; 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және тарихи маңызы; Қазақстан нарықтық экономика жолында; Тәуелсіз Қазақстандағы саяси және мәдени өзгерістер.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал