Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пән туралы қысқаша сипаттама




Ық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Педогогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

«Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық

ғылымдар» факультетінің деканы

Сатылмыш Х.С

_______________________

«_____» ________ 2014 ж.

 

“Қазақстан тарихы” ПӘНІНІҢ

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қаскелең – 2014 ж.

«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары білім, бакалавриат 5.04.019 – 2011 ҚР МЖМБС негізгі ережелері негізінде құрастырылған.

 

Құрастырған (дар): PhD Тұрлыбек Аслан Еділханұлы

Педогогика жәнеәлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мәжілісінде қарастырылды

«___» __________ 20__ ж., № ____хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________________ Ph.D Шалбаев А.А.

Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті кеңесі мақұлдады

«___» __________ 20__ ж., № __ хаттама

Факультет кеңесі төрағасы _________ п.ғ.к. Сатылмыш Х.С

Пән туралы қысқаша сипаттама

Курстың сипаттамасы:

Тарих, тарих тегершегінде болып өткен оқиғалардың себеп және салдарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.Тарихты білу әрбір адам баласыны қажет дүние. Сонда ғана адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтай алады. Тарихтың маңыз туралы дүние жүзіне белгілі ойшыл ғалым Әбу-Насыр әл Фараби: «Тарихты білмей – өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - десе, А. Байтұрсынов был ғылым саласын «сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих» деп өте жоғары бағалаған. Сондықтан да әрбір тәуелсіз дамыған елдердің, мемлекеттердің бәрі де өз халқына алдымен жастарға тарихты оқытып үйретуге ерекше мән береді.

Бүгінгі күн талабы тарихты оқытудың жаңа парадигмасын қалыптастыруда. Ол өзгерістер бойынша жоғарғы мектеп педагогтарынан жаңа оқыту технологияларын меңгеруді талап етеді және ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен плюралистік мазмұнға ие болуы қажет. Қоғамның дамуы мен демократиялық құндылықтардың қалыптастыру бағытындағы тәуелсіз ел үшін ұлттық тарихи сананы өркендету маңызды міндеттердің бірі т. б.



Ел тәуелсіздігі тарихтың сабағын терең талдамай, ұрпақ сабақтастығын қалпына келтірмей нығаюы мүмкін емес. Қазақстан тарихының курсы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңде осы жерде мекендеген халықтардың тарихын нақты тарихи материалдар негізінде ғылымилық әрі тарихилық ұстаным бойынша ашып көрсетеді.

Курстың мақсаты:

- Дәріс сабақтарында Қазақстан тарихы бойынша материалдарды түсінікті әрі жеңіл қабылданатындай етіп жеткізу;

- Тарихи білімнің жүйелілігін, сабақтастығын және құндылығын ашу;

- Студенттердің бойында азаматтылығын, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру;

- Кредиттік технология жүйесі бойынша студенттердің ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтижелер:



Студент мына бағыттар бойынша білімін, ізденімпаздық қабілеттерін көрсете білуі керек:

- Курс бойынша семестр соңында алған білімін көрсете білу;

- Сұрақтарға логикалық тұрғыда нақты жауап бере білу және рефераттарды қорғап, пікір айта білу;

- Тарихи құбылыстар мен оқиғаларға талдау және қорытынды жасай білу;

- Әр қилы мәліметтерді талдай және жүйелей білу

- Тарихи деректер мен баспасөз ақпараттарымен, электронды оқулықтармен, картамен, Интернет материалдарымен өздігінен жұмыс жүргізе білу;

- Ғылыми жұмыс жүргізуге дағдысы болу.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.017 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал