Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет. Көпатомды спирт туындылары ретіндегі кейбір типтілік БАЗ құрылысы.




 

Қазіргі уақытта олардың кең қолданылуына байланысты алкилглюкозидтердің зерттеулеріне үлкен қызығушылық болуда. Көмірсудың агломеризациясын төмендету үшін бұндай БАЗ-ды глюкозаның майлы спирттің артық мөлшерінен тікелей реакциясы бойынша әрекеттесуімен синтездейді. Альтернативті тәсіл ретінде қысқатізбекті алкилглюкозидтерді трансацетилдеу жатады. Екі үдерісте де катализатор ретінде қышқыл қолданады. Алғашқы шикізат глюкоза немесе гидролизденген крахмал фракциялары. 23-сурет осындай синтезді бейнелейді. Алкилглюкозидтерді β-глюкозидазамен ферментативті синтезбен алуға болады, реакция нәтижесінде аз мөлшерде шығымымен тек β-аномер алынады. Сәйкес келетін α-аномерді β-глюкозидазамен катализдеп, рацематты гидролиз кезінде оңай алуға болады. Органикалық синтездің өнімі болып табылатын α, β-қоспа биокаталитикалық жолмен алынатын таза энантиомерлерден елеулі ерекшеленеді. 4-октил гликозидтің β-аномері биохимиялық зерттеулерде БАЗ ретінде қолданады.

Алкилгликозидтер рН-тың жоғары мәнінде тұрақты және төмен рН-қа сезімтал, олар көмірсу мен майлы спиртке дейін гидролизденеді. БАЗ молекуласының көмірсулы бөлігі сәйкес полиоксиэтиленді блоктарға қарағанда суда жақсы ериді де, көмірсутектерде нашар ериді, сол себепті алкилполиглюкозидтер және басқа БАЗ, көпатомды спирттердің туындылары, полиоксиэтиленді БАЗ-ға қарағанда өте липофобты. Бұл алкилглюкозидтік БАЗ физика-химиялық сипатын май-су жүйесінде ионды емес БАЗ сипатын салыстырғанда тіпті басқаша етеді. Оның үстіне алкилглюкозидтік БАЗ-дың иондық емес БАЗ-ға тән ерігіштіктің кері температуралық тәуелділік байқалмайды. Бұл қарастырылып отырған БАЗ-дың екі түрінің ерітінділерінің қасиеттерінің үлкен айырмашылығы бар екенін көрсетеді. Алкилглюкозидтік БАЗ-дың ең басты тартымдылығы олардың қолайлы экологиялық қасиеттерінде: олар биоыдыраудың жоғары жылдамдықпен сипатталады және су қоймаларына улы емес. Осыларға қосымша бұл заттар жұмсақ БАЗ болғандықтан көз және теріге теріс әсерін тигізбейді, сол себепті БАЗ-дың бұл класы жеке гигиенаға арналған өнімдерді алуда тартымды, сонымен қатар олар басқа да техникалық қолданыстарда кең өріс алған.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал