Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Коллоидтық жүйелердің механикалық қасиеттерін анықтау.




Жеткілікті механикалық беріктігі бар қатты жүйелерді әдеттегі физика-механикалық талдау әдістерімен (кернеу деформациясына тәуелділікті сипаттайтын қисықты алу, созу немесе ығысу кезіндегі шекті кернеуді анықтау, қатынасты және қалдық деформацияны анықтау және т.б.) зерттеуге болады. Бұл кезде тек қана деформациялау жылдамдығын ескеру керек, себебі ол алынған нәтижелерге қатты әсер етеді.

Сірнелердің және басқа да құрылымданған дисперстік жүйелердің серпімділік байқататын механикалық қасиеттерін анықтайтын бірқатар арнайы әдістері бар, біз оның екеуін ғана қарастырамыз.

Пластинканы тангенсиальды ығыстыру әдісі. С.Я. Вейлер мен П.А. Ребиндер ұсынған бұл әдістің принципі зерттелетін жүйеге салынған пластинканы ығыстыруға қажет күшті анықтауда жатыр. Өлшеу жүргізілетін құрал 2.9-суретте көрсетілген.

 

2.9-сурет. Дисперстік жүйелердің құрылымды - механикалық қасиеттерін анықтайтын Вейлер және Ребиндер құралының сұлбасы 1-орындықша, 2-кювета, 3-рифтелген пластинка, 4-қатты жіп, 5-микроскоп, 6-динамометр. 2.10-сурет. Дисперстік жүйелердің құрылымды - механикалық қасиеттерін анықтайтын айналдырғыш құралдың сұлбасы 1 -орағыш бас, 2-серпімді жіп, 3-рифтелген цилиндр, 4-кювета, 5-жарықтандырғыш, 6-айна, 7-шкала.

Тік бұрышты рифтелген пластинка 3 қатты жіп 4 көмегімен пружиналы динамометрге 6 ілінген. Зерттеудің алдында 2 кюветаға құйылған, дисперстік жүйеге пластинканы толығымен батырады. Дисперстік жүйесі бар кюветаны көтерілетін орындықшаға 1 орнықтырады. Кюветасы бар орындықты түсіргенде пружина созылады да, жүйеде ығысу кернеуі пайда болады, ол пружинаның созылуына пропорционалды. Оны окулярлы микрометрі немесе микрошкалксы бар микроскоппен 5 өлшеуге болады.

Р ығысу кернеуін алдын ала калибрленген серіппенің созылуымен және осы созылуға сәйкес келетін Ғ күшпен мына теңдеу бойынша есептейді:

Р=Ғ/(2s) (2.15)

мұнда s-пластинканың (3) бір жақ беті.



Жүйенің құрылымының беріктігін сипаттайтын және ең көп күшке (пластинка бетімен жүйенің сырғанауы болмағанда) сәйкес келетін ығысу θ шекті кернеуін мына теңдеумен табады:

θ =Fмакс/(2s) (2.16)

Суреттелген құралдың көмегімен тек ығысудың шектік кернеуін ғана емес, сондай-ақ серпімділік модулін, эффективті тұтқырлықты анықтауға, релаксация үдерісін зерттеуге және де деформацияның әртүрлі жылдамдықтарында ε, Р толық деформациялық қисықтарды алуға болады.

Цилиндрді айналдыру әдісі.Серпімді жіпке ілінген және зерттелетін жүйеге орналастырылған цилиндрді айналдыру арқылы құрылымданған жүйелердің серпімді-пластикалық қасиеттерін анықтау әдісін ең әуелі 1889ж. 2.10-суретте Ф.Н. Шведов ұсынған анықтау жүргізілетін құралдың сұлбасы келтірілген. Құралдың серпімді жіп 2 орнатылған орағыш басы 1 бар, жіпке айнасы бар 6 рифтелген цилиндр 3 ілінген. Цилиндр 3 зерттелетін жүйесі бар кюветаға 4 толығымен батырылған. Орағыш басты белгілі α бұрышқа бұрғанда орағыш момент цилиндрге жіп арқылы беріледі де, цилиндрді айналдырған жүйе қабатында ығысу деформацияларын тудырады. Цилиндрде жіптің серпімді кернеуі мен деформацияланған жүйенің кедергісі арасындағы тепе-теңдікке дейін β бұрышқа бұрылады. (α-β) айырымы орағыш бас беретін белгілі Ғ күшке сәйкес келетін жіптің айналу бұрышын ω береді. Цилиндрдің айналу бұрышын 5 жарықтандырғыш жіберетін жарық сәулесінің ығысуымен және оның 6 айнадан 7 шкалаға шашырауынан өлшейміз.



Сипатталған құрал берілген тұрақты кернеу әсер еткеннен кейін ығысу деформациясының даму кинетикасын және жүктемені алып тастағаннан кейінгі деформацияның құлау кинетикасын зерттеуге өте қолайы.

Комплексті эластовискозиметр деп аталған приборды А.А. Трапезников құрастырған. Ол әртүрлі жұмысшы ұяшықтар (коаксиалды цилиндрлер, конус, диск) қолдануға және зерттеудің әртүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.125 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал