Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Параллель және тізбекті интерфейстер сиипаттары.




· Интерфейс. Программалық, аппараттық жабдықтар;

· Информацияны тасымалдау тәсілдері;

· Интерфейс түрлері;

· Параллель және тізбекті интерфейстер. Интерфейстің сиипаттары

Pzhtis Интерфейс – бұл құрылғылар ман программалардың өзара немесе пайдаланушымен және өзара қатынасты іске асыратын құралдармен арасындағы іс-әрекеттердің ережелерінің жиынтығы. Интерфейс ұғымына аппараттық құралдармен бірге программалық жабдықтар да жатады.

Программалық жабдық – программаның өзі, және программаның сыртқы көрінісі, дизайны (менюлер, батырмалар, т.б.), олар программамен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Информацияны тасымалдау тәсіліне қарай интерфейс параллель және тізбекті болып бөлінеді. Параллель интерфейсте мәліметтер бірнеше сымдармен бірмезгілде тасымалданады. Негізінде бір байт информация сегіз өткізгішпен өтетіндіктен өткізгіштердің саны сегізге еселі болады. IBM - үйлесімді компьютерде Centronics интерфейсі (LPT ажыратқысы түрінде, жүйелі блоктың артқы панелінде орналасады). Тізбектелген интерфейсі әр байттың барлық биттері кезегімен бір өткізгіш арқылы жіберіліп отырады. IBM – үйлесімді компьютерде көбіне RS -232 C (жүйелі блоктың артқы панелінде орналасқан COM ажыратқысы түрінде) стандартты тізбекті қазіргі заманғы компьютерде USB (Unibersal Serial Bus) тізбекті интерфейсінің кең тарағаны байқалып отыр. Бұл интерфейстің өткізгіштік қабілеті RC –232 C интерфейсінен жоғары жоғары. Кез келген интерфейстің ең маңызды сипаты оның өткізгіштік қабілеті. Параллель интерфейстің өткізгіштік қабілеті тізбекті интерфейстің өткізгіштік қабілетінен әлдеқайда жоғары. Сондықтан да RS -232 C жылдамдықты аса қажет етпейтін (мысалы тышқан) құрылғыларды қосуға пайдаланылады.

Интерфейске қолданылатын кабельдердің толқындық қасиеті төмендігінен интерфейс жылдамдығын тактілік жиілік есебінен арттырудың мағынасы жоқ.

Параллель интерфейстің жылдамдығын тежейтін факторлар: әртүрлі өткізгіштер арқылы келетін сигналдардың мезгілдерінің әркелкі болуы – яғни сигналды жіберуші мен қабылдаушылардың аралығындағы өткізгіштермен сигналдар әртүрлі уақытта өтеді, бірі ерте, бірі кеш. Мәліметтер алмасуының сенімділігін арттыру үшін алмасу электрондық схемаларын сигналдардың өту уақыттарының әркелкілігін ескеріп жасайтындықтан параллель интерфейстің өткізгіштік қабілеті кеми түседі.



Екі құрылғыны жалғайтын кез келген интерфейстің үш жұмыс режимі болады - дуплекстік, жартылай дуплекстік және симплекстік. Дуплекстік режим байланыс аркасымен (каналымен) кезегімен екі жаққа да сигнал жіберуге мүмкіндік береді. Алдымен бір бағытқа кейін қарсы бағытта.

Жартылай дуплексті интерфейстің міндетті түрде каналмен сигнал жіберу бағытын ауыстырып тұратын электрондық схемасы болады.

Симплекстік режимде информация тек бір бағытта тасымалданады. Интерфейстің маңызды параметрінің бірі жалғанатын құрылғылардың өшірілу (жоғалу) мүмкіндігі. Ол параметр жалғастырушы кабелдер мен интерфейстің кедергіге қарсы қорғанысымен шектеледі.

Қызығы интерфейстегі қатар орналасқан өткізгіштер бір-біріне кедергі туғызады. Осы кемшілікті болдырмау үшін әр жалғасуда жұп сым пайдалануға тура келеді.



 

 

49. Кеңейту шиналары.

Кеңейту шиналары – ksh компьютердің стандартты (қалыпты) мүмкіндіктерін арттыратын құрылғылар қосуға арналған шиналар. Кеңейту шиналары жүйе ресурстарына: жады кеңістігіне, енгізу-шығару порттарына, үзілімдерге, жадымен тікелей алмасу порттарын пайдалану мұрсатына мүмкіндік береді. Кеңейту құрылғыларын өндірушілерге хаттамадан ауытқымауға, жиіліктік, мезгілдік, т.б. параметрлерін қатаң сақтауға тура келеді. Кеңейту шинасына кез келген үйлеспейтін құрылғыны қосу компьютердің жұмысын нашарлатады.

Енгізу-шығару поттары – перифериялық құрылғылардан мәліметтерді енгізуге немесе керісінше жіберуге (шығаруға) арналған компьютер архитектурасының түйіндік құрылғысы.

Енгізу-шығару порты аналық тақтада немесе жүйелі блоктың артқы панеліне шығарылған ажыратқы түрінде болады. Жүйелік шинаға жалғанған әр құрылғының “жеке нөмірі” (адресі) болады. Кез келген құрылғыға жалғасу үшін жүйелік шинаға сұраныс сигналы жіберіледі де, құрылғыдан тиісті сигнал қабылданады, бұл құрылғының дайындығын білдіретін жауабы болады. Жауаптық сигнал құрылғының “бос” немесе “жұмыс” (“занят”) екендігін көрсететін формада болады. Құрылғының нөмірін анықтау және сұранысқа жауап беруді контроллер атқарады.

Кеңейту тақталары. Кезкелген компьютердегі мәліметтердің берілу формасы әр түрлі болады. Компьютерге пайдаланушының қосатын құрылғылардың да жұмыс істеу принципі әртүрлі (монитор, принтер, перне тақта, т.б.)

Осы себептерден құрылғылардың арасындағы тасымалданатын мәліметтерді түрлендіру қажет. Бұл қызметті атқаратын құрылғыларды адаптер деп атайды. Адаптерлер бір жағында аналық тақтаға қосылатын, ал екінші жағында басқа құрылғыларды қосуға болатын ажыратқылары бар баспа тақта түрінде жасалады.

Технологияның дамуына байланысты адаптерге қажеттілік азайып, оның сигналдарды түрлендіру функциясын қосылатын құрылғының электрондық схемасы өзіне алса, ал басқа функциялары аналық тақтаға беріледі.

Кеңейту тақталары ретінде қазіргі кезде бейне тақта, енгізу-шығару порттарының тақталары, желілі тақталар, модемдер, дыбыстық тақталар т.б. қолданылады.

Әр түрлі сыртқы құрылғыларды, мысалы: принтер, пернетақта, тышқан және т.б. қызмет ететін енгізу шығару контроллерлері деп аталады. Оларды жүйелік шинаға порттар деп аталатын арнаулы схемалар арқылы қосады. Порттар параллель және тізбекті деп бөлінеді. Параллель порт бір такт кезінде бір байт мәлімет өткізеді. Тізбекті портта мәлімет тек екі өткізгішпен жүретіндіктен сигналдың құрамындағы биттер кезегімен бірінен соң бірі, бір-бірлеп өтеді. Көбінесе енгізу/шығару контроллері үш параллель портты (LPT1… LPT3) және төрт тізбекті портты (Com1…COM4) ғана басқара алады.

LPT – порттары үшін 25 түйінді, ал COM –порттары үшін 9 немесе 25 түйінді ажыратқылар пайдаланылады. Ажыратқылар жүйелік блоктың артқы панеліне шығарылады да, оларға сыртқы құрылғылардың жалғастырушы кабельдері қосылады. Ажыратқылардың жалпы саны әдетте порттардың санынан кем болады.

 

50. Кеңейту тақталары. Енгізу-шығару порттары.

kteshp Контроллер термині ағылшынның control – басқару сөзінен шыққан. Бұл құрылғылар әртүрлі жұмыс принциптарына негізделіп механикалық немесе оптикалық құрылғылардан бастап электронды аналогтық немесе цифрлық құрылғыларға дейін пайдаланылуы мүмкін. Механикалық басқару құрылғыларының электронды басқару блоктарымен салыстырғанда сенімділігі аз және бағасы жоғары, сондықтан бұл құрылғыларды біз келешекте қарамаймыз. Электронды аналогтық құрылғылар эксплуатациялау процессі кезінде әр уақыт келтіріп (регилировкалап) отыруды талап етеді, ол олардың эксплуатация бағасын жоғарылатады. Сондықтан ондай құрылғылар қазіргі кезде мүлдем қолданылмайды. Қазіргі кезде көп кездесетін кеңінен тараған басқару схемаларының бірі ол, сандық микросхема негізінде құрылғандар.

Контроллерлерге қойылатын талаптар негізінен басқаруды керек ететін құрылғының өлшемі мен құрылғының бағасына байланысты болады. Егер басқарылу керек объект бірнеше ондаған метр площадын алып жатса, мысалы, автоматты телефон станциялары, базалық ұяшықты жүйелер станциясы немесе радиорелейлі байланыс сызықтары, онда контроллерлер орнына әмбебап компьютерлерді қолдануға болады. Ол кездегі басқарулар онда енгізілген компьютер порттары (LPT, COM, USB немесе ETHERNET) арқылы жүзеге асырылады. Мұндай компьютерлерге питание қосылған кезде автоматты түрде басқарушы программалар енгізіледі, ол программалар әмбебап компьютерді контроллерге айналдырады.

Әмбебап компьютерлерді контроллер ретінде қолдану қысқа мерзім ішінде жаңа байланыс жүйелерін өңдеуге мүмкіндіктер береді, сонымен қатар олардың модернизациясы жеңіл (қарапайым программаны өзгерту арқылы) және дайын қолданылатын блоктарды пайдалануға болады (олар әрі арзан болады).

Егер контроллерге ерекше талаптар қойылса, мысалы, қимылдаату кезінде жұмыс істеу, температурасы кеңейтілген диапазонда жұмыс істеу, агрессивті құралдардың әсері, онда әмбебап компьютерлердің өндірістік варианттарын қолдануға тура келеді. Сәйкесінше, әрине бұл компьютерлер қарапайым әмбебап компьютерлерден ақшасы қымбат болады, бірақ олар жүйені өңдеу уақытын үнемдеуге мүмкіндіктер береді, ол контроллер аппаратурасын өңдеуге кететін уақытқа байланысты боладыф.

Контроллерлер тек үлкен жүйелер үшін ғана емес сонымен қатар өлшемі кіші құрылғылардада керек болады, мысалы радиоқабылдағыштар, радиостанциялар, магнитофондар немесе ұяшықты аппараттарда. Мұндай құрылғыларда контроллерлерге бағасы, өлшемі және жұмыстың температуралық диапазонына байланысты қатты талаптар қойылады. Бұл талаптарды өндірістік әмбебап компьютерлердің варианттары да қанағаттандыра алмайды. Сондықтан контроллерлерді өңдеуді біркристальды ЭЕМ түрінде қолдану қажет болады, олар өз кезегінде жаңы микроконтроллерлердеген атқа ие болды.

Кез – келген құрылғылар, соның ішінде байланыс құрылғылары, радиоавтоматика немесе аудиовизуальды аппаратуралар өз құрамында осындай басқару құрылғыларының (контроллерлердің) болғанын талап етеді. Контроллерлер негізінен бізді қоршаған құрылғылардың барлығында да кездеседі деп айтуға болады.

Олар контроллерлердеп аталады. Жекеше тақталар (оларды көбіне кеңейту тақталары деп атайды) аналық тақтаға слот (slot –жырық ағылшынша) деп аталатын ажыратқылар арқылы (разъем) қосылады да, олардың сыртқа қараған ажыратқыларына сыртқы құрылғылар жалғанады.

Сыртқы ажыратқыларды көбінесе енгізу-шығару порттары деп атайды. Олар информацияны компьютерге енгізуге немесе сыртқы құрылғыға жіберуге арналған. Сонымен барлық құрылғылар жүйелік шинаға тікелей қосылмайды, контроллерлар арқылы жалғанады. Мысалы, IDE (немесе АТА) интерфейсті қатты дискілер IDE контроллері арқылы жалғанады.

 

Аналық тақта. Контроллерлер. Сыртқы құрылғыларды басқару


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.011 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал