Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БАРЫСЫНДА ЭКСПЕРТИЗАДАН ӨТЕТIН. НЕГIЗГI ҚҰЖАТТАР

 

Санитарлық сақтық қадағалау жүргiзу үшiн санитарлық дәрiгерге кәсiптiк бiлiм, әр түрлi өндiрiстiк процестердiң технологиясын, еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасын және қолданылатын негiзгi құрылыс, реконструкция жұмыстарын жүргiзетiн құжаттарды бiлу қажет. Мұндай құжаттарға алдын ала жоспарлау (предплановая), алдыңғы жоба (предпроектная), жоба материалдары кiредi.

Алдын ала жоспарлау құжаттар мыналардан тұрады:

- халық шаруашылығының және өнеркәсiп салаларының даму және орналастыру сызбан нұсқаулары;

- өндiрiстiк күштердiң экономикалық район бойынша дамуы және орналастыру сызбан нұсқасы;

- өндiрiстiк күштердiң дамуы және орналастыруының бас (генеральный) сызбан нұсқасы;

- тұрғын жердiң және қала құрылысының бас жоспары;

Алдыңғы жоба құжаттары:

- күрделi зерзаттардың (обьект) техника-экономикалық негiзде;

- кiшiгiрiм зерзаттардың және жеке үйлер құрылыстардың техника-экономикалық есеп айыру (расчетные) құжаттары;

 

Жоба материалдары мыналар:

- үлкен, күрделi ерекше зерзаттарға жоба және жұмыс құжаттары жасалынады, ал жаппай типтi құрылыс зерзаттарына тек қана жұмыс жоба жасалынады:

 

II. Жобалау және құрылыс кезiнде ССҚ жүргiзу . тәртiбi

Санитарлық дәрiгердiң қатысымен ССҚ жұмыстары 4 кезеңде жүргiзiледi;

1. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу

2. Жобалауды бақылау

3. Зерзатты құрылыс барысында қадағалау

4. Жаңа салынған зерзатты эксплуатацияға қабылдау.

 

III. Құрылысқа жер учаскесiн бөлу жұмыстарына ССҚ

Құрылыс қажеттерiне жер бөлу жергiлiктi мемлекеттiк санитарлы қадағалау қызметкерлерiнiң келiсiмiмен жүргiзiлуi тиiс. Жер бөлу комиссияның құрамына мiндеттi түрде санитарлық дәрiгер, әкiмшiлiктiң, құрылыс жүргiзетiн мекеменiң және құрылыс жобалау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары болу керек.



Құрылысқа жер бөлу мәселесiн шешу үшiн құрылыс жүргiзетiн мекеме СЭС-қа талап бойынша мынандай материалдарды тапсыру керек.

- салынатын мекеменiң жобасы немесе жобаға тапсырма;

- жердiң бағыты белгiленген радиусы 2 км-ден қашық емес жердiң ситуациялық жоспары;

- жер бөлiнуiне әкiмшiлiктiң келiсiмi;

- бөлiнген жердiң жер асты су деңгейi туралы мәлiмет;

- құрылыс алаңындағы жер-топырақ туралы мәлiмет;

- су шығатын көздер туралы мәлiмет;

- ағынды судың барысы, көлемi, сапасы туралы мәлiмет;

- сыртқы ортаға шығатын зиянды заттардың көлемi, сапасы туралы мәлiметтер;

- құрылыс маңындағы ауаның жалпы тазалығы туралы мәлiмет;

- белгiленген сыртқы ортаны қорғау шаралары;

- салынатын зерзатты басқа құрылыс мекемелердiң коммуникациялық, канализация, су жабдықтау, тоқ торабы жүйелерiне жалғасуына әр ведомостволардың келiсiмдерi;

- 25 жыл бұрын осы жер учаскесi қандай мақсатта қолданылғаны туралы мәлiмет

 

Жоғарыда айтылған құжаттар санитарлық қызметкер оның комиссиялық қарауынан 15 күн бұрын тапсырылуы керек. Бұл жұмыс алдын ала келiсiм ретiнде жүргiзiледi, оған басқа қызметтердiң мамандары да қатысады. Онда құрылыс зерзаттары тоққа қосу, су коммуникациялармен байланыстыру және сыртқы ортаны қорғау шараларын ойластыру керек болады. Санитарлық қызметтiң басқа мамандармен шығарған шешiмi сыртқы ортаны қорғау саласында қойылған талаптарға сәйкес болуы қажет. Ол талаптар Министрлер кабинетiнiң қабылдаған заңында келтiрiлген «Сыртқы ортаны қорғау».



Жер учаскесiн құрылысқа бөлуге рұқсат беру үшiн санитарлы-дәрiгер бiрiншiден тапсырылған құжаттардың толық жиналғандығын тексеру керек. Құжаттар жалпы қаралғаннан кейiн, әр мәлiметке жекелеп баға бередi:

1. Салынатын мекеменiң жобасы немесе жобаға тапсырмасын орындау.

Өндiрiстiк және ауыл шаруашылық жобалары бiр мақсатта қаралады, ол салынатын мекеменiң жоба шешiмдерi санитарлық заңдылықтарға «СН проектирование промышленных предприятий», «Санитарные правила общественного и страслевого характера, методические рекомендации и указания, СНиП» сәйкес болуы қажет.

2. Желдiң бағыты белгiленген радиусы 2 км кем емес жердiң ситуациялық жоспарын тексеру. Онда СН 245-71 заңдылық құжат қолданылу керек. Қаралатын бiрiншi мәселе - санитарлық қорғау алаңы.

Санитарлық қорғау дегенiмiз - ол өнеркәсiп алаңның шекарасынан тұрғын зонаға дейiнгi территория.

Санитарлық қорғау алаңның аудан көлемi әр түрлi болады, ол мекеменiң қандай қауiптiк класқа жататынына байланысты.

1 класс - 1000 м

2 класс - 500 м

3 класс - 300 м

4 класс - 100 м

5 класс - 50 м

 

Санитарлық қорғау алаңның көлемi келесi кәсiпорындарға белгiленедi:

а) атмосфералық ауаға зиянды және ұнамсыз иiс шығаратын және қоршаған ортаны ластайтын көздерiн өңдейтiн мекемелер.

б) шу, дiрiл, ЭМӨ-iң т.б. факторлардың зиянды көздерi бар мекемелер.

в) ТЭС (жылуэлектро станциялар) өндiрiстiк және жылыту өндiрiстердiң түтiн құбырлардан зиянды заттар шығаратындар.

Осы мекемелердi тұрғын зонаға жел жақтан орналастыруға болмайды. Онда СҚА көлемiн 3 есеге дейiн үлкейтуге болады.

 

СҚА көлемiн азайтуға да болады:

а) Тұрғын жерлерде атмосфералық ауадағы заттардың көлемi - мөлшерi белгiленген санитарлық нормаларға сай болғанда;

б) тұрғын жерлерде шудың, дiрiлдiң шектелген нормадан аспаса.

в) ЭМӨ-нiң иондауыш сәулелердiң деңгейi шектелген нормадан аспаса.

СҚА-ның көлемiн дәлелдейтiн фактор - ол болашақта болатын атмосфералық ауаның ластануы (ОВД - 86 құжатта негiзделген), тұрғын жерлерде зиянды заттармен атмосфералық ауа ластану есебi (расчет) белгiленген нормалардан аспау керек.

Санитарлық қорғау алыпты дұрыс көгалдандыру керек. Ондағы көгал өндiрiстен шығатын газ, бу, аэрозальдарға төзiмдi болуы тиiс. Өндiрiстiк алаң инсоляция және аэрация жақтардан санитарлық талаптарға қанағаттанарлық болу қажет. Жобада жел бағыты көрсетiлу керек - роза метро. Жел бағытының бiр жыл iшiнде өзгергенiне байланысты, оның негiзгi бағытын анықтайды.

3. Бөлiнген жердегi жер асты судың деңгейi туралы мәлiмет. Жер асты судың деңгейi ең төменгi қабаттың еденiнен, подвалдан 0,5 метрден кем болмау керек. Ал жер асты судың деңгейi жоғары болса, онда терiс шешiм бермей жобаның құрылыс бөлiгiнде гидроизоляция шараларын қарастыруына және подвал бөлмелерiн салып беруiн талап ету керек.

4. Құрылыс алаңындағы жер-топырақ туралы мәлiмет.

Учаскенi таңдау кезiнде оның жер-топырағы бақпақтанған емес, жиналған атмосфералық жауынды суы жоқ жер болу керек. Рельефi (жер бетi) тегiс, тасты емес, жаңбыр сулары өзi ағатындай жағдай болу керек.

5. Су шығатын көздерi туралы мәлiмет.

Су шығатын көздерiнiң дұрыс орналасуын, тазалығы және оның су қоймаға ағынын не өрiске ағатынын тексередi. Судың көзi ретiнде не пайдаланады, водопровод (су құбыры), немесе ашық су көзi (өзен) қандай тазарту қондырғылар орналастырылады.

6. Ағынды судың барлығы, көлемi, сапасы туралы керектi мәлiмет. Осы мәлiмет канализацияны орталық жүйеге қосу үшiн керек.

7. Сыртқы ортаға шығатын зиянды заттардың мөлшерi, сапасы, туралы мәлiмет. Мынау бөлiгi тазарту қондырғыларды орнату үшiн керек.

8. Құрылыс маңындағы ауаның жалпы тазалығы туралы мәлiмет.

9. Белгiленген сыртқы ортаны қорғау шаралары.

Сыртқы ортаны қорғау шаралары: санитарлық - қорғау алаң көлемiн белгiлеу:

технологиялық шаралары

ұйымдастыру

санитарлық-техникалық шараларын ұйымдастыру

құбырдың биiктiгiн бегiлеу

айналымдағы сумен қамтамасыз ету

Анық су көздерiн қорғау шаралары:

-санитарное-технические (стист. сооружения)

10. 25 жыл бұрын осы жер учаскесi қандай мақсатпен қолданған туралы мәлiмет: неше жыл не болғаны. Санитарлық дәрiгердiң сұрауы бойынша топырақтың сан-бак химиялық анализдердiң нәтижелерi.

11. Барлық коммуникацияларға қосуына әр ведомостволардың келiсiмi. Құрылыс зерзатты тоққа қосу, жылу ,су топтарына және канализация мен коммуникацияға (телефон, сигнализация), оларды байланыстыру және сыртқы ортаны қорғау шараларын ойластыру.

Санитарлық қызметтi басқа да мамандармен бiрге шығарған шешiмi сыртқы ортаны қорғау саласында қойылған талаптарға сәйкес болуы қажет.

Жер учаскесiн құрылысқа бөлу туралы шешiм беру үшiн санитарлық дәрiгер, бiрiншiден - экспертиза тапсырылған қажеттi құжаттардың барлық екенiн тексеру керек.

Барлық материалдардың егжей-тегжейiн тексерiп болғаннан кейiн комиссия бөлiнетiн учаскенi барып көруге тиiстi. Жер учаскесi құрылыс жүргiзуге лайықты екенiне тұжырым шығарады. Егер талаптар санитарлық ережелеге сәйкес келмесе - онда терiс шешiм шығаруда мүмкiн. Ең бастысы санитарлық нормамен ережелердiң сақталуын қадағалау керек.

Құрылысқа жер учаскесi бөлiнуi туралы шешiм есеп қалпы N151 бойынша берiледi. СЭС-тiң нұсқаулары мiндеттi түрде атқарылу керек.

Құжаттың (берiлген шешiм) бiр экземпляры СЭС-те болу керек.

Жергiлiктi зерзаттарды кеңейту, не болмаса жаңарту, реконструкция жүргiзу, жаңа технология енгiзу, жаңа шикiзат қолдану барысында реконструкция жүргiзу үшiн жоғарыда айтылған жұмыстар сол қалыпты келiсiм ретiнде жүргiзiлу керек.

 

 

IҮ. ӨНДIРIСТIК ЖӘНЕ ӨНДIРIСТIК ЕМЕС МЕКЕМЕЛЕРДI ЖОБАЛАУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГIЗIЛЕТIН САҚТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Мемлекеттiк санитарлық қызмет мiндеттi түрде Денсаулық Сақтау Министрлiгiнiң инструктивтi хатына сәйкес «О порядке рассмотрения проектной документации, представляемой на согласование в органы Государственного санитарного надзора» зарзаттардың жобаларын қарау керек - келiсiм беру үшiн және iрiктеп тексеру ретiнде.

Санитарлық қадағалау осы кезеңде жоба құжаттарымен танысудан басталады, олар жергiлiктi саниталық қызметiне құрылыстың алдынан 15 күн бұрын тапсырылуы керек. Күрделi үлкен зерзаттардың құжаттары 30 күн бұрын.

Жобаның санитарлық-гигиеналық сараптауына қажеттi материалдарды құрылыс мекеме мiндеттi түрде құрылыс алдынан санитарлық қызмет органдарына тексерту керек, қажеттi материалдардың тiзiмi:

1. Жобаны талқылауына - хат-тапсырыс;

2. Жер учаскесi бөлiнуiнiң актiсi, жергiлiктi СЭС-тiң шешiмi;

3. Жоба;

4. Зерзатты коммуникация, канализация талаптарына қосуына әр ведомоствалардың рұқсаты (келiсiмi);

5. Құрылыстың күнтiзбелi жоспары, онда құрылыс жұмыстарының жүргiзiлетiн мерзiмi, кезеңi көрсетiледi, оған сүйене отырып, санитарлық дәрiгер құрылыс барысында жүргiзiлетiн жұмысын жоспарлайды.

Осы құжаттарды қабылдайтын санитарлық дәрiгер келешекте өзi осы жобаға сараптау жүргiзедi. Жобаның экспертизасы тапсырылған материалдардың толық екенiн тексеруден басталады.

Санитарлық дәрiгер жер учаскесiн бөлу шешiмi қай санитарлық қызмет мекемемен және қуаттылығы қандай өндiрiске берiлгенiн анықтау керек. Жер учаскесi бөлу туралы актысындағы мәлiметтердің жоба мәлiметтерiне сәйкестiгiн тексеру керек.

Жоба келесi бөлiмдерден тұрады:

1. Жалпы түсiнiктеме;

2. Бас жоспар, көлiк;

3. Технологиялық шешiмдер;

4. Жұмысшылардың және қызметкерлердiң еңбегiн ғылыми ұйымдастыру;

5. Өндiрiстi басқару;

6. Құрылыс шешiмдерi (Архитектуралы-құрылыс бөлiгi, канализация және су жабдықтау бөлiгi, электрожарықтандыру бөлiгi).

7. Құрылыс ұйымдастыру;

8. Сметалық құжаттар;

9. Жобаның паспорты;

 

Жобаның әр бөлiмiне жеке гигиеналық сипаттама беру керек.

1. Жалпы түсiнiктеме бөлiмi - мұнда салынатын мекеменiң қуаттылығы, жұмыс кестесi, жұмысшылардың саны, олар қандай жұмыс iстейтiнi туралы мәлiмет болу керек.

2. Бас жоспары:

Бас жоспарды талқылау үшiн СНиП 11 89-80 «Генеральные планы промышленных предприятий. Норм проектирования» деген деректi қолдану керек. Онда төмендегi мәселелер қаралады:

а) Құрылысқа бөлiнген участоктiң жерiнiң жеткiлiктiлiгi. Оның сәйкестiгi - құрылыстың тығыздылығы (СН 11 -89-90-тiң нормаларымен салыстыру керек.

б) Зерзаттың территориясын зоналарға бөлу, функциональдық қолдауына байланысты мекеменiң территориясы былай бөлiнедi:

1. Өндiрiстiк

2. Көлiк

3. Шаруашылық

4. Демалыс

5. Қойма

6. Қосымша зоналар

Қосымша зонаға энерго-су жабдықтау, канализация шаруашылықтары кiредi.

в) көгалдандыру, учаскенiң көгалдандыру көлемi мекеменiң учаскесiнiң жалпы көлемiнн 15 %-тен кем болмауы керек.

Алаңды көгалдандыру үшiн ағаш, бұта өсiмдiктерiн отырғызады, олар зиянды заттарға төзiмдi болу керек. Атмосфералық ауаға зиянды зат шығаратын мекеменiң учаскелерiн өсiмдiктермен тығыз топпен, сызықпен көгалдандыруға болмайды, неге десеңiз олар зиян затты көп уақытқа дейiн сақтайды және олар жинағыш болады. Көгалдандыру участогының көлемiн есептегенде бiр сменадағы әр жұмысшыға 3м-ден кем болмау керек.

г) Жабдықтаушылық (благоустройство) зерзаттың алаңы асфальтталынған, таза болу керек. Кiрiс жолдарының саны - участоктiң көлемiне байланысты, егер участок 5 га болса, онда 2-ден дарбаза болу тиiс. Бiр-бiрiнен 1,5 м ара қашықтықта орналасуын қадағалау керек.

д) Мекеме территориясында демалыс зонасы жел жақтан ұйымдастырылады. Тротуарлардың енi 1,5 м кем болмау керек, ал екi бағытта жүрiс болса, онда 1-метрден әр бағыт жағына.

е) Технологиялық процесс бағытын сақтау.

ж) Кейбiр учаскелерде қатал санитарлық тәртiп сақтау үшiн мекеменiң алаңын қоршауға алады. (СН 245-71)

 

3. Технологиялық шешiмдер

 

Технологиялық бөлiгiн сараптау үшiн санитарлық дәрiгер технологияның негiзгi кезеңдерiнiң бағытын бiлу керек. Өндiрiс барысында қандай зиянды заттар және қолайсыз факторлар пайда болатыны, олардың мөлшерiн, құрамын және бөлiнетiн жерлерiн анық бiлу керек. Одан басқа келесi мәселелердi анықтау қажет - жұмысшының организiмiне зиянды заттар, қолайсыз факторлардың әсер етпеу үшiн қандай технологиялық шаралар қолдануда, олардың эффективтiлiгi, жеткiлiктiлiгi.

Технологиялық бөлiгiне қойылатын жалпы гигиеналық талаптар СН 245-71 де және СН 042-73 талаптарына сай келу керек.

Жобаның технологиялық бөлiгiнiң құрамында «Электроснабжение» деген бөлiм кiредi. Онда осы мәлiметтер болу керек: детальдардың және жұмыс алаңның бағасы, құбырлардың және потолоктың шағылу коэффициентi, жарықтану жүйесi және жарық көздерiнiң сипаты, олардың орналастыру жүйесi. Көру жұмысының разряды, подрязряды. Экпертиза барысында СНип 11-4-79 «Искусственные освещение. Нормы проектирования» деген құжатты қолдану керек.

Жобаның осы бөлiгiнiң түсiнiктемесiнде пайдаланатын шикiзат және аралық заттар туралы мәлiметтер болу керек.

Өндiрiстегi мүмкiн болатын зиянды заттардың химиялық құрамының, технологиялық процестiң аралық және соңғы заттардың токсико-гигиеналық сипаттамаларын, және олардың организмге тигiзетiн зиянды жерiн бiлу қажет, және де сан. дәрiгер оларға қарсы арнайы шараларды жүргiзу жолдарын бiлу керек.

 

4. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбегiн ғылыми ұйымдастыру. Жұмысшылардың құрамы, жұмыс орнындағы еңбек жағдайы мен еңбек процестi ұйымдастыру туралы т.б. мәлiметтер болу керек. СН 245-71.

 

5. Өндiрiстi басқару. Мынау бөлiкте автоматтандырылған жүйелерiнiң тiзiмi берiледi. Диспетчер, телефон, телеграф байланыстардың жұмысы туралы мәлiметтер.

 

6. Құрылыс шешiмдерi Жобаның архитектуралық-құрылыс бөлiгiнде барлық жобаға кiретiн мекеменiң бөлмелерi, олардың көлемi, iшкi өңдеу жұмыстары туралы мәлiметтер болу керек. Сонымен қатар фундаменттi судан оқшаландыру, кемiргiштерден қорғау шаралары, бөлмелерге табиғи жарықтың түсуiн жобада келтiредi. Құрылыс бөлiгiнде өндiрiстiк бөлмелердiң технологиялық процестiң ағынына сай орналастыру. Архитектура-құрылыс жобада, этаж бойынша - кесу сызбан нұсқаулар жоспары арқылы көрсетiледi, терезе деңгейiнде көлденең кесу арқылы. Жоспарда мекеме тұрғын жердiң көлемi квадраттарға бөлiнедi-көлденең және тiк сызықшалармен (құрылыс сетка) Тiк сызықшалар солдан оңға қарай сандармен белгiленедi. (1, 2,3,4,5...).

Көлденең сызықшалар құрылыстың оң шет жағынан әрiптермен белгiленедi. (А,В,Г,Д...). Бұл құрылыс сеткасы жобаның керектi жерлерiн жылдам тауып алуға өте ыңғайлы, қарым-қатынас, есiк, терезе баспалдақ, т.б. бөлiмдерiнiң қалай орналасқаны белгiленедi.

 

7. 0.000 - белгiсiмен - 1 қабаттың еденi белгiленедi. Жиi кейбiр жобаларда тiк кесiк жоспарлар келтiрiледi. Онда мекеменiң қабаттың биiктiгiн, (еденнiң) деңгейi, есiк, терезелердiң биiктiгi белгiленедi.

Тiк сызықтың жазыққа түскен проекциясы бойынша сызбанұсқаулары белгiленедi. Содан соң фасадтарын көрiп жалпы сипаттама беру керек.

Алдынан фасад - 1,2,3,4

Артынан фасад - 4,3,2,1

Сол жақтан фасад - в,б,а

Оң жақтан фасад - а,б,в,

Фасадтарды қарап болғаннан кейiн жобаның жалпы терезе, есiк сандарын есептеп кiретiн есiктерiн белгiлейдi.

Жобаның құрылыс бөлiгiне санитарлық сараптау жүргiзгенде зерзаттың конструкцияларының жылу сақтау қасиеттерi климотологиялық районның жағдайларына сәйкес екенiн тексеру керек. Онда қабырғалардың қалыңдығы, терезелердiң әйнектелуi, табиғи жарықтандыруы, гигиеналық бақылау үшiн жобада мынау материалдар болуға тиiс: барлық бөлмелердiң жоспары және кесiктерi табиғи жарықтың көздерi бөлiнген (форточка, фонари). Светотехникалық есептерi және ТЖК ең аз көрсеткiштердiң кестесi. Осы бөлiктiң анықтамасында ғимараттың қай жаққа орналасуын көрсетiледi (С,О,В,Ш) Мұнда СНиП 11-4-78 «Естественное освещение. Нормы проектированная» қолдану керек.

Өндiрiстiк бөлмелермен бiрге қосымша бөлмелерiн бағалаймыз: ол админстративтi, тұрмыстық, тамақтану, здравпункттер. Санитарлық-гигиеналық талаптар СНиП 2.09.04-87 талаптарына сай болу керек.

Жобаның су жабдықтау канализация бөлiгi коммуналды гигиена маманымен бiрге қаралуы керек. Онда су көзiн таңдауда, iшетiн судың сапасына, т.б ГОСТ-арға сәйкестiгiн тексеремiз.

- Жылыту-желдету

Өндiрiсте желдету ұйымдастырылады. Сонда мына мәселелердi бақылау керек:

- Ауа алмасу қажеттiлiгiн дұрыс анықтауы:

- Алынған сормалы және үрмелi желдету схемалары жергiлiктi климатологиялық ерекшелiктерiне сәйкестiгi жобаланған.

- Жергiлiктi желдету торапының жеткiлiктiлiгi;

- Үрмелi ауаны алу және шығару тесiктерi дұрыс таңдалғанын;

- Қажеттi ауа алмасуына байланысты вентиляторлардың калорифердiң дұрыс алынғаны;

- желдету қондырғылардың шығатын шумен күресу шаралары;

Желдету жобалағанда шешiлетiн күрделi мәселе - цехтың қай жұмыс орнында зиянды заттар көп мөлшерде жиналатыны.

Жылыту жобасын сараптау кезiнде келесi мәселелерге назар аудару керек:

- жылу ретiнде не пайдаланылды (газ, бу,су)

Олардың параметорлары

- Қандай қыздырғыш құралдар алынған, олардың жеткiлiктiлiгi.

- Жоба бойынша бөлмелердiң температурасы және олардың ГОСТ-пен сәйкестiгi.

Тағы да жылытуға келесi гигиеналық және конструктивтi талаптарға сай болуға қажеттi:

1. Сыртқы ауаны ластайтын түтiн зиянды газдардың болмау;

2. Сыртқы орта факторларға байланысты бөлменiң температурасын реттеуге мүмкiншiлiк.

3. Шусыз жұмыс iстеу.

4. Пайдалануға, бақылауға, тазалауға, жөндеу жақтарынан қарапайым болу.

5. Эстетика талаптарына сәйкес болуға тиiстi.

 

7. Құрылысты ұйымдастыру:

Бұл бөлiгiнде санитарлық дәрiгер жұмысшыларға қауiпсiз, қолайлы еңбек жағдайларын ұйымдастыру жолдарын белгiлеу керек. Мысалы: жұмыс құрылыс алаңында iшетiн су көзi, жарықтандыру, желдету құралдары орнатылуы.

8. Сметалық материалдар

9. Паспорт

Жобаның барлық бөлiктерiне гигиеналық сараптау жүргiзiп болып, оның гигиеналық нормаларға сәйкестiгiне шешiм шығарады. Егерде ауытқулар болса, онда терiс шешiм қабылдап, оны қайтадан жасауға жоба институтына тапсырылады.

 

Ү. ВСН-ССҚ зерзаттар құрылысына СҚҚ жүргiзу

 

Зерзатты салатын мекеме құрылыс басталуын бiр ай бұрын СЭС-ке мiндеттi түрде хабарлау керек. Осы кезеңде СЭС қызмет жұмыс календарлы бақылау жоспар бойынша жүргiзiледi.

1. - ғимараттың фундаментi салынғанда немесе бiр қабаттың қабырғалары көтерiлгенде;

2. - iшкi өңдеу жұмыстары басталғанда;

3 - сан-техникалық, сан-тұрмыстық жабдықтарды орнату кезде тазарту қондырғылардан;

4. - құрылыс монтажды жұмыстары аяқталғанда;

Зерзаттың құрылысын сан-дәрiгер техникалық бақылау өкiлдерi және қаржы органдардың өкiлдерiмен бiрге қадағалайды. Тексеру алдынан дәрiгер жоба материалдарымен танысады. Зерзатты тексеру барысында акт құрылады. Онда негiзгi сұрақтарға жауабы болу керек.

- құрылыстың жалпы жағдайы, жұмыс комплексiнiң жобаның құрылыс және технологиялық бөлiмдерiнiң орындалғанының сипаттамасы:

- құрылыстың календарлы жоспары орындалуы:

- құрылыс монтажды жұмыстарының жобаға сәйкестiгi, кемшiлiктер, ауытқулар болса көрсетiледi, себептерi жазылады;

- жұмысшылардың еңбек жағдайы.

Егер құрылыс -монтажды жұмыстар ауытқулармен жүргiзiлсе, онда сан-дәрiгер құрылыстың бастауына ақы төлеуiне протокол жазады.

 

7. ССҚ қабылдау кезiнде жаңа салынған және реконструкцияландырылған зерзаттарды пайдаланудағы ССҚ қадағалау.

Зерзат салынып болғаннан кейiн немесе реконструкция жүргiзiлгеннен кейiн ол пайдалануға қабылданады (СНиП от 3.01.04.87 министерстволармен, ведомостволармен бекiтiлген қабылдау ережелерi сақталмаса қабылдамайды.

Салынған зерзатты немесе реконструкция жүргiзiлген жақта осы пайдалану барысында ауаны, суды ластануға қарсы қолданылатын құрал- жабдықтары жоқ болса, зиянды әсер ететiн болса, санитарлық-гигиеналық жағдайлардың еңбек қауiпсiздiк талаптары қабылданса, сонда санитарлық қадағалау органдары ол зерзатты пайдалануға тиым салады.

Сонымен қатар егерде салынған зерзатта бекiтiлген жобадан ауытқыған жағдайлары болса, онда да зерзат қабылданбайды. Зерзаттағы құрал- жабдықтардың жұмысын тексермей оны қабылдауға болмайды. Өндiрiстiк зерзатты iске қосу барысында санитарлық қадағалау қызметкерлерi өкiметтiк комиссияда оны қабылдау жұмыстарында бiрге қатысады. Зерзатты пайдалануға қабылдануы екi кезеңнен тұрады: бiрiншi - жұмыс комиссиясыны қабылдау, екiншi - мемлекеттiк комиссияны қабылдау.

 

ЖҰМЫС КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

 

Жұмыс комиссияның құрамына бұйрық бойынша бiрнеше мекемелердiң өкiлдерi кiредi. Олар: зерзатты салып жатқан мекеменiң өкiлi, мекеменiң подрядчигi, жобалау ұйымдарынан, санитарлық қадағалау, мемлекеттiң өрт қадағалау ұйымдарының өкiлдерi кiредi. Сонымен қатар тағы мемлекеттiк табиғат қорғау комитетiнен, кiсiподақ ұйымдарының өкiлдерiне қатысу керек.

Подрядчик хабарлануымен алдын ала 5 күн бұрын жұмыс комиссиясы ұйымдастырылады, зерзатты қабылдауға дайын екендiгi айтылады. Қабылдау жұмыстарының ұзақтығы мен ережелерi келiсiм ретiнде жүргiзiледi.

 

МЕМЛЕКЕТТIК КОМИССИЯ

 

Мемлекеттiк комиссияның құрамына жоғарыда айтылған мекемелердiң басшылары кiредi. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамын, зарзатты қабылдауға 3 ай қалғанда бекiтедi.

Мердiгер (подрядчик) жұмыс комиссиясына мынандай құжаттарды тапсырады:

- зерзаттың құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаратын ұйымдардың тiзiмiн, олар қандай жұмыстар жүргiздi және оны басқарған жұмысшылардың аты-жөнi:

- зерзаттың жобалау ұйымдармен дайындалған сызбанұсқалары, атқарылған жұмыстардың аттары, құрылыс-монтаж жұмыстарына жауапты адамдардың аты-жөндерi. Бұл құжат жұмыс барысында тиек болатын негiзгi құжат.

- құрылыста қолданылған материалдардың сертификаттары, техникалық паспорттары, оның сапасына сипаттама беретiн т.б. құжаттар:

- құрылыста жүргiзiлген көрiнбейтiн жұмыстарға кепiлдiк құжаты және ертеректе қабылданған бөлек конструкциялардың құжаттары;

- құрылыста орналастырылған құрал-жабдықтардың сынаудан өткен актiлерi, су, жылу жүйелерi, газ жүйелерi, канализаторларға жеке сынақтан өткiзiлген актiлерi;

- iшкi және сыртқа электр тұғырлардың сынақтан өткен актiлерi;

- телефон, радио, телевидение, т.б. қондырғылардың сынақ актiлерi;

- жұмыс жүргiзу барысында жоба ұйымдарын бақылау, тексеру және өкiметтiк қадағалау мекемелердiң тексеру жұмыстарын тiркейтiн журнал;

Мемлекеттiк қабылдау комиссиясына жоғарыда айтылғаннан басқа мынандай құжаттар тапсырылу керек:

- жұмыс комиссиясымен тексеру барысында табылған, бiтпеген жұмыстарды атқарғанның анықтамасы;

- жұмыс комиссиясымен жасалған зарзаттағы орнатылған құрылыс жабдықтардың коммуникацияларда қабылдау актiсi;

- жеке салынған қосалқы құрылыстарға жасалған актiлер;

- жобалау-сметалық құжаттар;

- жер учаскесi бөлiнген туралы құжаттар:

- геологиялық жүргiзiлген зерттеу материалдары (жер-топырақты, жер асты судың зерттеу мәлiметтерi);

- орнатылған құрылыс жабдықтардың паспорттары, т.б. актiлер анықтамалар.

 

Мемлекеттiк-санитарық қадағалау мекемелерiнiң қызметкерлерi, комиссияның құрамында су құбырларын, жылу, жарықтың қондырғыларға және өндiрiстiк құрал-жабдықтарды сынақтан өткенi туралы актiлерге аса көңiл бөлеу керек. Оның iшiнде шу, шаң, дiрiл, шығаратын - жабдықтардың сынақ актiлерi, ағынды суды тазалау, сартқы ортаға шығатын өндiрiстiк зиянды заттарды тазалайтын қондырғылардың тиiмдiлiгiн тексерген материалдармен, актiлер бар болу керек.

Ондай құжаттар жоқ болса, онда тiкелей тығатын затттарды анализ жасауды талап ету керек. Сонда ғана орналастырылған тазалау қондырғылардың тиiмдiлiгiн анықтауға болады. Аса көңiл бөлетiн жай, өндiрiстiк мекемелердiң және зерзаттарға энергиясы, жылу жеткiлiктiгiн және сан-гигиеналық жабдықтарды қамтамасыз етуге жеткiлiктiлiгiн қадалағаны дұрыс. Зерзатты орналастырылған тазалау қондырғылардың тиiмдiлiгiн жобамен сәйкес екендiгiн тексеру қажет.

Өте маңызы бар жағдай, бұл санитарлық бөлме, жабдықтардың мекемеде жұмыс iстейтiн адамдардың сынына сәйкестiгi екендiгiн санитарлық ережелер арқылы қадағалау.

Салынған құрылыстың санитарлық жағдайы лайықты екендiгi белгiленнен кейiн санитар-дәрiгер сын қабылдауға мемлекеттiк қабылдау комиссиясы өзiнен шешiм шығарады. Онда зарзатты санитарлық жағынан қабылдауға болады деген шешiм жазылады.

Бұл шешiм - акт мекеменiң әкiмшiлiгiне тапсырылады да зерзатты қабылдауға болатындығына рұқсат етiледi.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ДОДАТКОВА ЛІТЕРАТУРА | Введение. О компании « МЖБК Гидромаш-Орион»

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2020 год. (0.102 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал