Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хелатометрия






Хелатометриялық ә дістердің ішінде ө те кең тарағ ан – комплексонометриялық ә діс. Комплексонометриялық ә дісте титрант ретінде комплексондардың ерітінділері қ олданылады. Комплексондар – органикалық қ осылыстарғ а жатады, олар аминополикарбонды қ ышқ ылдардың туындылары болып келеді.

Комплексон III, этилендиаминтө ртсірке қ ышқ ылының екі натрийлы тұ зы Na2H2Y (ЭДТА). ЭДТА-ң қ ұ рамына алты функционалды топ кіреді: екі аминотобы жә не тө рт карбоксил тобы, солар арқ ылы иондармен ішкікомплексті (хелатты) қ осылыстар тү зеді. ЭДТА- ң ерекше қ асиеті: ол катиондармен 1: 1 қ атынаста реакцияғ а тү седі n(ЭДТА) = n(Mn+).

Комплексонометриялық титрлеу ә дісінде металлохромды индикаторлар қ олданылады. Олар органикалық бойяғ ыштарғ а жатады, металдар иондарымен тұ рақ ты бойялғ ан комплекстер тү зеді. Кең тарағ ан индикаторлар: мурексид, эриохром қ ара Т, ксиленолді қ ою-сары, пирокатехинді кү лгін.

ТҰ НДЫРЫП ТИТРЛЕУ Ә ДІСІ Тұ ндырып титрлеу ә дісі тұ нба алу реакциясына негізделген. Ә дісте анық тайтын затты тү гел тұ нбағ а тү сіруге кеткен стандартты ерітіндінің кө лемін ө лшейді. Пайдаланылатын реакциялар титриметрлік ә дістердегі реакцияларғ а қ ойылатын жалпы талаптарғ а жауап беруі керек, бірақ тұ ндыру ә дісінде мұ ндай реакциялардың саны ө те аз. Титрлеу кезінде тұ нбаның бірден тү суі, тұ нба қ ұ рамының ө згермеуі жә не реакция кезінде қ осалқ ы қ ұ былыстар байқ алмауы тиіс. Сонымен қ атар индикатор қ олдану арқ ылы титрлеудің эквиваленттік нү ктесін дұ рыс табу керек. Титрлеу кезінде тұ нбағ а адсорбциялану процесі ө те шамалы болуы тиіс. Тұ ндырып титрлеу ә дісі қ олдаланылатын титранттарғ а байланысты аргентметрлеу (титрант AgNO3) жә не тиоцианметрлеу (титрант NH4SCN) деп бө лінеді.

Аргентметрлеу

Ә діс СI- жә не Вr- иондарын кү міс Аg+ ионымен тұ ндыруғ а негізделген. СI- + Аg+ = AgCI Вr - + Ag+ = AgBr

Титрант ретінде кү міс нитраты қ олданылады. Егер заттағ ы кү міс мө лшері анық талатын болса, онда титрант ретінде натрий (немесе калий) хлориді ерітіндісін пайдаланады. Тұ ндырып титрлеу ә дісімен хлорид ионын Мор тә сілімен анық тау кең тарағ ан. Талдау индикатор ретінде калий хроматын қ олданып, ерітіндіні кү міс нитратымен титрлеуге негізделген. Калий хроматы кү міс ионымен қ ызыл тү сті кү міс хроматы Ag2CrO4 тұ нбасын береді. Алайда, оның ерігіштігі (0, 65·10-4 г/л) кү міс хлориді ерігіштігінен (1, 25·10-5 г/л) едә уір кө п болғ андық тан, тұ нбағ а кү міс хлориді толық тү скен соң ғ ана тү се бастайды. Титрлеуді ақ тұ нба қ ызара бастағ ан кезде тоқ татады. Мұ нда талданатын ерітіндіге кү міс нитратын кұ ю керек, керісінше істеуге ә сте болмайды. Аргентметрлеу тек бейтарап немесе ә лсіз сілтілік ортада (рН = 7-10) жү ргізіледі. Қ ышқ ыл ортада кү міс хроматы еріп кетеді. Орта кү шті сілтілік болса, кү міс нитраты ерімейтін кү міс оксидін беріп ыдырайды. Аргентметрлеумен аммиак бар заттарды да талдауғ а болмайды. Кү міс аммиакпен комплексті тұ з [Ag(NH3)2+] тү зіп ериді. Талдау жү ргізген соң, ерітінділерді тө гіп тастамай арнайы ыдыста жинайды. Соң ынан кү місті бө ліп алады.

Тиоцианметрлеу

Бұ л ә діс кү міс ионын тиоцианат ионымен тұ ндыруғ а негізделген:

Ag+ + SCN- = AgSCN

Тиоцианат ерітіндісімен кү міс немесе сынап ионы бар ерітіндіні титрлейді. Тиоцианметрлік титрлеуді Фольгард ә дісімен жү ргізеді. Бұ л ә діс бойынша галоген ионы бар ерітіндіге кү міс нитратының артық мө лшерін қ осып, артық қ алғ ан кү міс ионын тиоцианатпен титрлейді: CI- + Ag+ (артық) = AgCI + Ag+ (артық) Ag+ (артық) + SCN- = AgSCN

Фольгард ә дісінің индикаторы – (NH4)Fe(SO4)2·12H2O қ анық қ ан ерітіндісі. Титрленетін ерітіндіде кү міс ионы бар кезде тиоцианат ионы SCN- кү міспен ә рекеттесіп, AgSCN тұ нбасын тү зіп отырады. Ерітіндіде кү міс ионы толық тұ нбағ а тү скен соң, тиоцианат ионы индикатор қ ұ рамындағ ы темір ионымен Fe3+ ә рекеттесіп қ ан қ ызыл комплекс тү зеді [Fe(SCN)]2+. Демек, титрлеуді ерітіндінің тү сі ә лсіз қ ызыл болғ ан кезде тоқ татады. Бұ л ә діс аргентметрлеуге қ арағ анда кө п қ олданылады, ө йткені қ ышқ ылдық ортада титрлеуге кесірін тигізбейді. Бұ л ә діспен хлорды сілтілік орталарда жә не қ ышқ ылдық ортада да анық тауғ а болады. Ерітіндіде бө где Ва2+, Рb2+, Вi3+ жә не басқ а иондар болса да титрлеуге болады. Алайда ерітіндіде тотық тырғ ыштар болмауы керек, себебі олар SCN- ионын ыдыратады. Егер зерттелетін ерітіндінің ортасы сілтілік болса, титрлеу алдында оны азот қ ышқ ылымен бейтараптайды. ә йтпесе индикатор қ ұ рамындағ ы темір Fe3+ темір гидроксидін тү зіп, Fe(ОН)3 тұ нбағ а тү суі мү мкін.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.