Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХХ ғасыр философиясы






ХХ ғ. Еуропа монополистік капитализм дең гейіне кө терілді. Ұ лттық айырмашылық ты жоқ қ а шығ аратын ә лемдік ө неркә сіп жә не сауда-саттық ерекше дами бастады. Осы ө згерістер қ оғ амның ә леуметтік жә не рухани саласында да кө рініс тапты. Философияда ескі мә селелермен айналысумен қ атар, заман талабына сай оларғ а жаң аша қ арап, жаң аша шешуге ұ мтылыстар пайда болды. ХІХ ғ асырдың аяғ ы мен ХХ ғ асырдың басында кө птеген философиялық бағ ыттарда «Нео» деген қ осымша сө з жалғ анады. Ол ілімдердің бір философиялық жү йеден шық қ анын, яғ ни тектес, екінші жағ ынан бір-біріне қ арама-қ арсы екенін кө рсетеді жә не классикалық философия ү лгісінен оның айырмашылығ ына кө ң іл аударады.

Беиклассикалық пен классикалық философия арасындағ ы қ ақ тығ ыстық тың орталық мә селесі рационалдық ақ ыл-ойғ а, оның рө ліне байланысты болды. Беиклассикалық философия адамзаттың рухани байлығ ының ерекше бір бө лігі. Бұ л философия адамзат ақ ыл-ойының ә р-тү рлі салаларына байланысты тұ жырымдар жасап, жауап берді. Ол іштей біртекті емес, онда кө птеген бағ ыттар, тұ жырымдамалар мен теориялар бар. Оның ішінде жаң а ә лемдік жә не экологиялық мә селелер бар.

Қ азіргі заман философиясының ерекше сипаты жә не белгілері:

1. «Практицизм» - дара тұ лғ а мен ә леуметтің, материалдық пен руханидың нақ ты шынайы ө мірге бағ ытталуы.

2. «Эволюционизм» - табиғ атта, қ оғ амда жә не адам танымында эволюция идеясының кең таралуы.

3. «Релятивизм» - адам білімінде салыстырмалылық (относительдік) идеясының кө п орын алуы.

ХХ ғ асыр философиясында бір-біріне қ арама-қ арсы сипаттағ ы негізгі екі бағ ытты байқ ауғ а болады. Біріншісі - сциентизм (лат scientia–ғ ылым), екіншісі – антисциентизм. Бұ л рационализм мен иррационализм арасындағ ы қ атынас, ғ ылыми-техникалық прогреске байланысты қ арама-қ арсы кө зқ арастар: сциентизм, яғ ни рационалдық –ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада - психология, логика жә не лингвистика секілді ғ ылымдардың жемістерін қ олдана отырып, ақ ыл-ойғ а сенім білдіреді. Антисциентизм керісінше, ақ ыл-ойғ а жә не ғ ылымғ а сенбейді.

Сциентизм таным теориясында ақ ыл-ойғ а, оның негізіндегі дә лелденген білімге сү йенеді. Рационализмнің қ ызметі екі сатыдан тұ рады дейді:

- ойлау қ ызметі тә жірбиеге сү йенеді, яғ ни ойлау дегеніміз–ақ ылғ а салу, дә лелдеу;

- ойдың қ ызметі тә жірибеден де жоғ ары.

Тану процесінде, адамның дү ниені игеруінде логикалық (ойғ а қ онымдылық, қ исындылық) пайымдау арқ ылы, ұ ғ ым мен ой-тұ жырымының нә тижесінде дү ние туралы жаң а білімдер пайда болады. Ғ ылымғ а сенудің себебі: ғ ылым жетістігі ө мір сү руді жең ілдетеді, адамғ а қ ызмет етеді; ғ ылымда кө птеген жаң алық ашылады; жаң а техникалар пайда болады (компьютерлер, ұ шақ тар, теледидарлар, радиолар); жаң а ә рі тиімді технологиялық ә діс дү ниеге келеді.

Антисциентизм - иррационалдық (ақ ыл жетпейтін) қ ұ былыстарды мойындап, логикалық тә сілді жоқ қ а шығ арады. Ғ ылым адамды шынайы біліммен қ амтамасыз ете алмайды, болмыстың бү тіндігі, ү зіліссіздігі туралы ұ ғ ымды бө лшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық ә дісті ұ сынады, шындық ты тікелей тә жірибенің кө мегінсіз ашуғ а болады деп санайды. Ал ғ ылым, ғ ылыми-техникалық прогресс адамғ а зиян келтіреді, адамның ерекше қ асиеттерін сө ндіреді, адамның физиологиялық жағ дайын нашарлатады, адам есептеуді, ойлауды тоқ татады, адам миының қ ызметі нашарлайды деген сылтаулар айтады. Иррационализм - мистикағ а (тү сініксіз, жұ мбақ қ а) сенуге де, ғ ылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондық тан оғ ан сың аржақ ты қ арап, оны жақ тауғ а не даттауғ а болмайды.

Позитивизмнің ү шінші тү рі - неопозитивизм. Қ азіргі батыс философиясының негізгі ағ ымы, ХХ ғ асырдың 30-60-шы жылдары пайда болды. Оның ө кілдері: «Вена ү йірмесінің» философтары: М. Шлик – негізін қ алаушы, оның ізбасарлары Р. Карнап, О. Нейрат, Б. Рассел (1872-70 жж.); Львов – Варшава мектебінің ө кілі Тарский Альфред (1902-84 жж.). Олар философияның кү рделі ә рі маң ызды ә дістемелік мә селелерін шешуде, ө здерінің нақ ты ү лестерін қ осты. Неопозитивизмнің басты идеясы: философия ғ ылым тілі - логиканы талдап, жетілдірумен шұ ғ ылдануы керек. Тіл қ оршағ ан ортаны қ абылдаудағ ы адамның позитивтік (шынайы) басты қ ұ ралы. Тілді логикалық талдау - бұ л мә тіндерді, ұ ғ ымдар мен таң баларды зерттеп, солардың жү йесінің ішкі байланысын, семантиканы мә нін) қ арастыру. Осылайша неопозитивизм «Герменвтикағ а» жақ ындасады.

Неопозитивизмнің негізгі принципі верификациялау (лат. Verus – ақ иқ ат жә не fasio - істеп жатырмын) - ойды сезімдік тә жірбелермен салыстыру арқ ылы тексеру. Егер ой тексеру немесе логикалық сараптау арқ ылы верификацияланса (дә лелденсе немесе терістелсе), онда ғ ылымғ а жатады да, қ алғ андары–жалғ ан болып шығ ады. Ақ иқ аттың ғ ылыми орнын анық тау ү шін, біріншіден, логикалық -математикалық жолмен, екіншіден, эмпирикалық тексеру, яғ ни бақ ылау, ө лшеу мен эксперимент т. б. арқ ылы растайды. Логикалық -математикалық сө йлемдерді тә жірбие арқ ылы тексеруге болмайды, себебі олар обьективтік нақ тылық туралы емес. Болмыс, сана, идея, қ ұ дай секілді бұ рынғ ы философиядағ ы мә селелерді алып тастау керек, себебі олар верификациялауғ а жатпайды ә рі ғ ылыми шешімі жоқ мә селелер болады дейді.

Неопозитивизмнің логикалық ғ ылым тілін талдаудан басқ а мақ саты–философияны метафизикалық дү ниеге кө зқ арастық мә селелерден ажырату, ғ ылымды философиядан бө ліп тастап, білім тек қ ана нақ ты ғ ылымда мү мкін деп, философияны тіл тү рлерін, негізінен ғ ылыми тілді талдаумен шектеу. Неопозитивизм ө кілдері ғ ылымның обьективтік заң дылық тарын мойындамады. Неопозитивизмнің тү рлері кө п, олар–прагматизм, инструментализм, структурализм, герменевтика. Бұ лар негізінен ХХ ғ асырдың екінші жартысы философиясында ө зінің нақ ты қ алыптасуын жә не дамуын тапты.

Прагматизм (гр. pragma іс-ә рекет) - бұ л ағ ымның ө кілі ә рі негізін салушы Чарльз Пирс (1834-1914) жә не Джемс Уильям (1842-1910). Бұ л философияның негізгі принципі: қ андай ой-пікір немесе іс-ә рекет болса да, егер ол пайда ә келсе - шын, басқ аша болса - жалғ ан. Прагматизм ағ ымының бір тү рі - инструментализм (instrumentum- қ ару), негізін қ алаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм тү сінігінде ғ ылыми заң дар тек қ ару болып есептелінеді. Инструментализм «қ оғ амдық прогресс» дегеніміз–нақ ты межеге жету емес, жә й процесс дейді. Дьюи философиясының бағ ыты эмпиризм болғ андық тан, тә жірибеге кө п кө ң іл аударды. Ол алғ ашқ ы тү рткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқ ы себебін іздеу орынсыз дейді.

Герменевтика (грекше germenututios- тү сіндіру). Герменевтика ілімі антика заманынан басталғ ан. Оны Аристотель ең бегінің (Об истолковании - Тү сіндірме туралы) атауынан-ақ кө реміз. Бұ л ілімнің мақ саты, мә дениет саласын ғ ылыми дең гейде тану, кең мағ ынасында адамның рухани дү ниесін тү сіну болып саналады. Інжілдің мә тіндерін талдауғ а арналғ ан Реформация кезең інде (ХVI) гермевтиканың рө лі арта тү сті. Герменетивканың қ азіргі замандағ ы философиялық бастауын жасағ андар Ф. Шлегель, Ф. Шлейермахер, бұ л ілімді ары қ арай дамытқ ан жә не оғ ан зор ә сер еткен ойшылдар: В. Дильтей, Г. Зиммель, Э. Гуссерль, М. Шеллер, Э. Бетти, Г. Гадамер, М. Ландман, Г. Рикер, М. Хайдеггер.

Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағ ымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғ ылыми білімді бірін-бірі алмастырғ ан теориялар арқ ылы ө сетін, жинақ талып ө згеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұ рақ тарынан алшақ тап кетті. Ө кілдері: К. Поппер (1902-1994), Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74).

Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Ғ ылыми жаң алық ашу логикасы» жә не Т. Кунның «Структура научных революций» деген ең бектерімен байланысты. Рационализм ағ ымы ө кілдерінің тү сінігі бойынша, ғ алымның мінез-қ ұ лқ ының ерекше қ ағ идасы: олар ө здерінің ғ ылыми болжам (гипотеза) қ орытындысының жалғ ан болуынан еш уақ ытта қ орық пауы керек. Сыни рационализм, демек факті мен ғ ылыми ә дістемелікке сү йенген сынғ а ашық болу керек. Сол ү шін ө зіне фальсификация (лат falsus- жалғ ан жә не fasio- істеймін) қ ағ идатын қ осады. Фальсификация - бекерге шығ ару арқ ылы дә лелдеу. Ол ойдың қ исынды немесе қ исынсыздығ ын байқ ау арқ ылы шешіледі. Бұ л қ ағ иданы Поппер ғ ылымды метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) ретінде ә рі неопозитивизмдегі верификация ә дісіне балама ретінде ұ сынды. Оның ойынша, ғ ылым заң дарын бақ ылауғ а болмайды, олар верификациялауғ а жатпайды. Ғ ылым ү шін верификация принципі емес, фальсификация принципі қ ажет, яғ ни ғ ылыми деген сенімді идеяны қ алай да болмасын жалғ анғ а шығ арып, жалғ анғ а шық пағ ан ғ ылыми жобаны ─ ақ иқ ат деп санауды ұ сынады.

Постпозитивизмнің ө кілі Т. Кун ғ ылым тарихы ғ ылыми қ ауымдастық тардың бә секелестігі, алма-кезек кү ресінің нә тижесі дейді. Негізгі рө лді логика мен методология нормалары емес, парадигмалар (сө здердің ү лгісі), қ ауымдастық тың қ абылдағ ан жә не ғ ылыми дә стү рдің ө мір сү руін қ амтамасыз ететін сенімдер, қ ұ ндылық тар, техникалық қ ұ ралдарының жиынтығ ын білдіреді. Кун ғ ылым дамуындағ ы сабақ тастық ты мойындамайды, ә рбір теорияны тә уелсіз, басқ амен сыйыспайды дейді. «Парадигма» деген ұ ғ ым қ азіргі замандағ ы постпозитивизмде ең маң ызды тү сінік болып саналады. Парадигма ─ барлығ ының ғ ылыми жетістіктерді мойындауы, бір берілген уақ ытта мә селелер мен шешімдерді қ оюдың моделі. Ғ ылым дамуының негізгі сә ттері ғ ылыми революция арқ ылы, секірмелі процесс ретінде іске асады. Т. Кун ғ ылымғ а, оның философиялық мә нін тү сінуге ө те зор ү лес қ осты. Ол ғ ылым дамуы жә не ғ ылымдардың қ ызметі туралы біздің тү сінігімізді терең детті, ғ ылым дамуының кейбір диалектикалық сипатын ашты.

И. Лакатос теорияларды емес, бірнеше жеке теорияларды қ амтитын ғ ылыми-зерттеу жоспарларын салыстыруды ұ сынады. П. Фейерабенд ғ ылымның иррационалдық миф пен діннен ешбір айырмашылығ ының жоқ екенін айтады. Ол «методологиялық анархизм» теориясын жасады. Онда ол ғ ылымда ешбір тиянақ ты ө лшем жоқ, оларды біз жасаймыз жә не уақ ытқ а байланысты ө згертіп отырамыз дейді. Постпозитивистердің пікірінше, ғ ылыми білімнің мақ саты объективтік ақ иқ атқ а жету емес, белгілі бір міндетті орындау. Мысалы, жә й жә не нақ ты теория қ ұ растыру. Ақ иқ ат ұ ғ ымы сенімге, мү ддеге, т. б. алмастырылады. Постпозитивистер неопозитивистердің ғ ылыми ә дістемелік талдау тү сінігін сынайды, бірақ логикалық позитивизмнің ұ мтылыстарымен жалпы байланысты ү збейді, одан талдау жолдарын алады, эмпиризмді жақ сартып, философиялық мә селелерді тіл саласына аударады. Бү гінде постпозитивизм ө з мә нін жоғ алтты. Бұ л жалпылай мойындалғ ан ғ ылымның даму теориясының жасалуымен жә не ағ ымның тұ йық қ а тірелуіне байланысты болды. Постпозитивизмнің ө з ішіндегі дискуссия кө птеген қ арама-қ айшылық кө зқ арастың барлығ ын, философия ілімінің плюралистік сипатын кө рсетті.

Зигмунд Фрейд (1856-1939 ж.) - австриялық дә рігер, психотерапевт, нервопатолог, психолог, психоанализмнің негізін салушы. Фрейд: Санасыздық мә селесі бұ рын зерттелмеген деп санайды. Санасыздық дегеніміз ─ психикалық ерекше ақ иқ ат жә не адамғ а тә н, сонымен бірге ө мір сү ріп оны билейді. Санасыздық тың ө мірдегі кең тарағ ан тү рі - тү с. Тү с ─ адамның ақ иқ ат ө мірде іске аспағ ан, жасырын ұ мытылысының арқ асында туады. Психологияның қ орғ ану тә сілі - жағ ымсыз эмоцияның, тә жірибенің денсаулық пен тепе-тең діктің бұ зылуына байланысты, санадан санасыздық қ а ығ ысу реакциясы.

Санасыздық қ а ығ ыстырылғ ан жағ ымсыз эмоция, орындалмағ ан тілек, «кездейсоқ» спонтандық (сыртқ ы ә сер мен ішкі себептерден пайда болғ ан) қ имыл, жаң сақ қ ылық, жаң ылыстық жә не ағ аттық, ерте ме кеш пе ө здерін білдіреді. Оны дә рігерге кезекте тұ рғ ан мынадай мысалмен кө рсетуге болады: санасыздық - ү лкен ауыз ү й. Онда ә ртү рлі ойлар, еріктер, адам эмоциялары ішкі ү йге - санағ а - кіруге ө з сағ атын кү тіп отырады. Сана дегеніміз - шағ ын кабинет, оғ ан ақ ыл-ойлы пікір жә не тілектер ғ ана шақ ырылып отырады. Ауыз ү й мен кабинеттің арасында кү зетші бар, ол санағ а тек оғ ан керек ойларды ғ ана жіберіп тұ рады. Кү зетші кейде кетіп қ алады, кейде мү лгіп кетеді, осы сә тте қ ажеті жоқ кү тушілер сана кабинетіне кіріп кетеді. Мү лгіп кеткен кү зетшілер оянып, оларды қ айтадан ауыз ү йге қ уып шығ а бастайды. Фрейд ө зінің бірінші психологиялық жү йесіне байланысты (1905-1920 жж) санасыз-дық тың негізінде «Либидо» - жыныстық (сексуалдық) қ ұ штарлық, жыныстық инстинкт жатыр деді. Либидо ө з кө рінісін жыныстық ә ркеттен іздейді. Фрейдтің пікірі бойынша, сексуальдық импульс ү шжақ ты іске асады: біріншіден - сексуальдық жә не сексуальдық емес ә рекетті тікелей бостандық қ а жіберу арқ ылы; екіншіден - санасыздық қ а ығ ыстырылады, ү шіншіден – реакция туғ ызу қ абілеті арқ ылы пайда болатын ұ ят, моральғ а айналып, ө з энергиясынан айырылып басылатын болады.

ХХ ғ асырда Фрейд ө зінің екінші психологиялық жү йесін жасады, мұ нда санасыздық энергиясының пайда болуына жаң аша қ арайды. Эрос (ө мір инстинкті) - адам мінез-қ ұ лқ ының конструктивті негізінде жасампаздық жатыр. Адам осығ ан байланысты ө зінің қ ажеттілігін қ амтамасыз етіп тұ қ ымын жалғ астырады. Танатос (ө лу инстинктісі) - ол адамды деструктивтік ә рекеттерге, ө зіне «жат» жә не қ атерлі болатындардың бә рін қ иратуғ а итереді. Адам ө мірі - ә рдайым Эрос пен Танатостың арақ атынасы болады. Фрейдтің ойынша психика ө зінше дара жә не материалдық процестермен қ атар жү реді. Ол санадан тысқ ары мә ң гілік психикалық кү штер арқ ылы басқ арылады (санасыздық). Адамның еркінен тыс психикалық конфликтер, ұ дайы қ ақ тығ ыстар жасап тұ рады. Қ ақ тығ ыс қ ұ марлық қ а ұ мытылу (либидо), санасыздық жә не саналы қ алыптасқ ан «шындық принципі» арасында болады.

Неофрейдизм─ Фрейд ілімі негізінде философиялық ағ ым ретінде пайда болды. Бұ л ілімді жалғ астырушылар оның шә кірттері: ─ Альберт Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг жә не Эрик Фромм болды.

Э. Фромм (1900-1980 жж.) неміс-американ социолог-психологі, психоаналиткалық бағ ыттың ө кілі. Оның «иелену немесе болу» деген ең бегіндегі орталық мә селе адам табиғ атындағ ы қ арама-қ арсылық, оның тарихи тағ дыры, шынайы дү ниені кө ре білу мү мкіндігінің болуы. Ө з ұ станымында жә не бұ л сұ рақ тарды тү сінуде ол Маркс пен Фрейдтің тұ жырымдамаларына сү йенеді. Оғ ан Спинозаның идеялары да зор ә сер етті. Фроммның пікірінше, біздің санамыздағ ы қ иялды ә шкерлеу - ақ иқ атты табу жә не оны біздің ішкі дү ние мен мінез-қ ұ лқ ымызды ө згертудің қ аруы ету. Бұ л ө згертудің басты мә селесі – адамдар арасындағ ы қ атынастың ашық болу мү мкіндігіне қ уану жә не жасау, оның шығ армашылық кү шін азат ету.

Юнг Карл Густав (1875-1961 жж.) – Швейцария психологі, мә дениеттанушы, «аналитикалық психологияны» жасаушы, негізін қ алаушы. Фрейдтің жақ ын жақ таушысы. Кейін Фрейдтің натурализм мен пансексуализміне қ арсы болды. Ол: «психоанализ нақ ты, оны ә рдайым жалғ ыз берілген схемамен жү ргізуге болмайды»- дейді. Юнг Фрейдтің жеке адам санасыздығ ымен қ атар, «Ұ жымдық санасыздық тың» терең қ абаттары болатынын айтады. Архетиптер («бастапқ ы» психикалық қ ұ рылымдар тү рінде сақ талғ ан ежелгі тә жірибе) дү ниені қ абылдау мен ой елегінен ө ткізуге априорилық ә зірлікті қ амтамасыз етеді. Архетиптер, тә жірибеге дейінгі кейбір қ ұ рылымдар, шығ армашылық, материалдық қ атынастардың қ алыптасу қ ағ идасын реттеуші болады. Архетпитер аналитикалық техниканы қ олданғ анда тү сінілмейді, кү йзелуде жә не нақ ты адам бейнесінде, мә дениетте, діни дә стү рде жә не эзотерикалық символикада кө рінеді Олар тү с, мифтер, мінез-қ ұ лық тың ауытқ уы арқ ылы білінеді. Жетекші архетиптер: Анима (ә йелдік бастама), Анимус (еркектік бастама), Тень (біздің ішіміздегі арам адам, жеке санасыздық), Персона (ә леуметтік бет перденің жиынтығ ы), Самость (біздің шынайы интегралдық «Менге» жақ ындау дә режеміз). Архетиптер бастапқ ы кезден-ақ, ақ ыл-ой қ амти алмайтын байланыстардың жинағ ы, олар қ ұ пия, киелі (сакральды) болады. Онда зор энергия, ө зіндігі жоқ кү ш бар. Адамдар мә ң гі ү лгілерге ұ мтылады жә не бір шамада олардан қ орқ ады, сондық тан символдарда бейнелейді. Олардың қ ай-қ айсы болса да санасыздық тың кү шін аздап ашады жә не жасырады.

Феноменология - батысеуропалық ХХ ғ асыр философиясының жетекші ағ ымдарының бірі.Оның негізін қ алаушы ─ Эдмунд Гуссерль (1859-1938жж). Феноменологияның пайда болуына Декарт, Лейбниц, Беркли, Кант пен Марбург мектебінің ілімдері ық пал жасады, оғ ан Вильгельм Дильтей де ө з ү лесін қ осты. Феноменологияның орталық мә селесі ─ сананы болмыстың ерекше ө ң ірі ретінде қ арау. Сананың ішкі белгілерінің ешбір заттық, ә леуметтік сананың негізіндегі санасыздық қ атынастарғ а принципті тү рде қ осылмайтынын айтады. Ә лем немесе оның заттарына емес, оларды тү сінуде сана ә рекетіне аударылуы тиіс. Сананың спецификалық сипаты оның интенционалдығ ы яғ ни ішкі объектіге мағ ынағ а бағ ытталуы. Сананың қ атынасы себептілікке байланысты болмағ андық тан феноменлогия дескриптік ә дісті қ олданады да, мағ ына табу тә сілін суреттейді. Феноменологиялық ә діс психологияда, социологияда, этикада, эстетикада, қ ұ қ ық та, онтологияда, философияда, математикада жә не жаратылыстануда кө рініс табады.

ХХ ғ асырда Батыс философиясының белгілі бағ ыты ─ экзистенциализм болды. Оның негізін дат теологі, ә рі философы С. Кьеркегор (1813-1855) жасады. Ол рационалдық философияны реализмді мү лде жоқ қ а шығ аратын абстракциялығ ы жә не адамғ а деген салқ ындығ ы ү шін айыптады. Олар тек бір жалпылық ты - рухты, материяны, қ ұ дайды, прогресті немесе дерексіз ақ иқ ат мә селелерін қ арастырады, ол философиядағ ы негізгі мә селе - адам екенін ұ мытып кетті деді.

Философияда адамды мадақ тауды ─ антродиция дейді. Бұ л мә селе «ө мір философиясының» ү лкен ағ ымы экзистенцтализмде қ аралады. Экзистенциализм бағ ытына «ө мір философиясының» ө кілдері кө п ә сер етті. Олар ─ Б. Паскаль, Ф. М. Достаевский жә не Ницше секілді ұ лы адамдардың шығ армаларынан да кө п ойлар алды. Философия ілімі дамуының қ азіргі кезең і жә не мектептері «ақ ыл-ой дә лелінің» «жү рек дә лелін» алмастыра алмайтынын Б. Паскаль кө рсетті. Адам мен оның болмысын ақ ыл-ой тә сілімен тү сіндіру ө те қ иын. Нақ ты адамды ғ ылым кө мегімен, ұ дайы ө згеріп отыратын тұ тас мә н ретінде жә не оның мақ сатын, пейілін, кү йзелісін, қ амқ орлығ ын, қ орқ уын, ө мір сү руі мен билікке ұ мтылу еркін тү сіну мү мкін емес.

Экзистенциализм идеялары ә р елде, ә р уақ ытта айтылды. Экзистенциализм ө зінің мазмұ ны бойынша біртекті емес. Сондық тан ол: діни, атеистік болып екіге бө лінеді. Экзистенциализмге жақ ын теорияларды Ресейде бірінші дү ниежү зілік соғ ыс қ арсаң ында Л. Шестов, Н. Бердяевтар насихаттады. Германияда бірінші дү ниежү зілік соғ ыс кезінде жә не одан кейін Францияда ол тез тарады (К. Марсель, Ж-П Сартр, А. Камю, т. б.), ал 50-ші жылдардың соң ында АҚ Ш-та дамыды.

Экзистенциализмнің басты мә селесі ─ адам, адамның болмысы, оның мә ні мен тағ дыры. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғ ыздық жауапкершілік, ү рей, ажал, шекаралық жағ дай, бостандық. Экзистенциалдық онтологияда объективтік физикалық болмыс емес, адам болмысы туралы сө з болады. Ондағ ы басты онтологиялық сипат - адамның жай-кү йінің ә ртү рлі болуы. Жиі кездесетін жағ дайлар - қ орқ ыныш, ұ ят, намыс, кү мә н, ү рей - кү тімсіздік пен қ амқ орлық тың салдары. «Шынайы болмыстың» негізгі кө рінісі - адамның ө мір сү руі жә не ондағ ы оқ иғ алар. Оқ иғ алар ғ ана адам болмысының іске асуының тә сілі болады. Оқ иғ асыз болмыстың ө зі жоқ, экзистенция жоқ, адамның ө мір сү руі тоқ татылады. Адам ө міріндегі оқ иғ аның кө птігі, оның болмысының толық тығ ының кепілі.

Экзистенциядағ ы «шынайы болмыс» уақ ытқ а сә йкес болады. Уақ ыт - ең алдымен адам болмысының нә тижесі, сонымен бірге болмыстың ө зі оқ иғ аның туындысы. Уақ ыт - ө мірдегі бір оқ иғ адан, басқ адай нә тиженің қ алыптасуы. Сондық тан олар физикалық уақ ыт (секунд, минут, сағ ат) туралы емес, оқ иғ алар уақ ыты туралы айтады. Адамның барлық уақ ыты ө з кезегімен ө тіп жатқ ан оқ иғ алардан (туу, шілдехана, ү йлену, ажырасу, оқ уғ а тү су, пенсияғ а шығ у, жұ мыс істеу, қ ызық ты кездесулер, т. б.) тұ рады. Экзистенциалдық уақ ыт - жеке бастың сипатында болады, ол адам ө міріндегі оқ иғ аның саны, сапасы, уайым, қ айғ ы-қ асірет, таң дау мен жауапкершілік. Былайша айтқ анда ол ─ тағ дыр. Экзистенциализмнің онтологиялық тұ жырымдамасының мә ні: болмыс пен уақ ыттың арасында ө зара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер «болмыс пен уақ ыт» бір-бірін анық тайды дейді.

Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы) тиянақ ты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қ айғ ыруы жә не одан да кү шті қ айғ ыруы; осығ ан сай болмысты терең танимыз. Дү ниедегі нақ ты болмысты, ә сіресе болмыстың мә нін ашуда Ясперс енгізген «шекаралық жағ дай» категориясының рө лі зор. Ясперс: «тек осы минуттарда ғ ана адам ө зінің нағ ыз ө мір сү руін» (ө зінің табиғ атын) ұ ғ ынады, басқ а уақ ытта олар кә дімгі болмыстың кү нделікті тікелей ә сері арқ ылы жасырынып жатады ─ дейді. Дау-жанжал кезінде адамның ү міт ү зілуі, қ айғ ыруы, қ орқ ынышы шекаралық жағ дайғ а келеді, онда шынайы ө мір сү рудің мә ні ашылады.

Мұ ндай танымды тү сіну, діни жә не атеистік экзистенциализмге де тә н. Осындай нақ ты шекаралық жағ дайда адам ө зінің таң дауын жасайды. Мысалы, Авраамның таң дауын алайық. Қ ұ дай Авраамғ а ө з баласын ө лтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан-дү ниесі кү йзеліске тү седі: сенімге бағ ыну немесе ө зінің ә келік-моральдық борышын атқ ару мә селесі туады. Экзистенциализмдегі діни кө зқ арастың негізіндегі таң дау - ол дұ рыс жол, Христос жолы, Қ ұ дай-адам жолы. Атеистік экзистенциалимздегі таң дау – қ ұ дайсыз-ақ ө зің ді табу, іске асыру. «Жеке адам ө зін-ө зі іске асыруы тиіс»- дейді Сартр. Қ ұ дай арнауымен емес, ө зін сырттан іздеу арқ ылы азат болу немесе басқ а ә ркетте ө зін табу. Адамды ештең е, ешкім (қ ұ дайдың ө зі де) ө зінен қ ұ тқ армайды. Бұ л мә нінде: «Экзистенциализм - оптимизм, ә рекет туралы ілім», - деп жазады ол.

Экзистенциализмде таң дау ұ ғ ымдары мен бостандық категориясының толық байланыста болуы ─ ең бір негізгі ерекшелік болып саналады. Таң дау бастапқ ыда танылмағ ан бостандық пен тү йіндес болады. Адам ө зін-ө зі жасау арқ ылы, ө зін іске асыру тә сілін таң дайды. Экзистенциализмде таң дау мү мкіндігі ә р адамның о бастан-ақ берілген еркіндігі, ә рине оны ол керек етсе. Ал, бостандық - адам ө мірінің ө зі. Атеистік экзистенциализмде ─ бұ л ұ ғ ымдар негізінен бір ретте болады, ал, діни экзистенциализмде экзистенция жердегі ө мірдің арғ ы жағ ына тарайды Яғ ни, эсхатологиялық мә ні бар, бостандық ─ ө мірден де жоғ ары қ ойылады.

Экзистенциализм ө кілдері ө з философиясының ө зегіне адамның қ оғ амнан жаттануын қ ойды. Олар адам қ оғ амнан алшақ болуы жә не оның ә серінен қ ашуы керек дейді. Ол ү шін қ иялы болып келетін осы дү ниені ұ мытып «шынайы шындық ”, «Мен»-ге терең ү ң ілуі керек. Жеке адам болмысы ғ ана бірден-бір шын дү ние саналуы қ ажет. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақ ылдан жә не адамның қ оғ амдық табиғ атынан ажыратып қ арайды. Экзистенциализм философиясы жетілуде, оның идеялары кең тү рде ә дебиетте, ө нерде қ олданылып, аса маң ызды жалпы адамдық мә селелерді қ арастырады

Структурализм - (лат structura - қ ұ рылым) объектінің тұ рақ ты байланыстарының жиынтығ ын қ амтитын қ ұ рылым ұ ғ ымына негізделінеді. Онда кезкелген зерттеп отырғ ан қ ұ былыстарды ө згерткенде, қ ұ рылымның сақ талатынын мойындау жатыр. Структурализм “адам-субъект” жә не оның бостандығ ы деген қ азіргі кезде тарап кеткен гуманистік тү сініктерге қ арсы шық ты. Бостандық тек қ ана фикция, ол тірі жә не ө лі дү ниедегі жалпы қ ұ рылымдарғ а тә уелді, ә леуметтік жә не мә дени ө мірдің бос қ ияли жемісі деп санайды. Қ ұ рылымдық біртіндеп лингвистикалық ә діс болып қ алыптасып, тіл мә селесімен айналысты. Бұ л ә дістің жан-жақ ты тарауы, оны философиялық пайымдау, оның ә леуметтік-саяси жә не мә дени оқ иғ аларғ а араласуы, сынау жә не ө зіндік сынау арқ ылы структурализмді постструктурализмге жеткізді.

.Постструктурализм -ХХ ғ асырдың 70-80 жылдарында дамығ ан ә леуметтік-гуманитарлық білімдегі структурализмнің «екінші толқ ынын» сынау мен қ иындығ ын жең у барысында қ алыптасқ ан плюралистік бағ ыт. Структурализмдегі бинарлық (екі бө лімнен, екі компонентен тұ ру) жә не иерархиалық тү сініктер постструктурализм мен постмодернизмде қ андай болмасын бірлікке негізделінбеген кө пттік ұ ғ ыммен ауыстырылады. Ол Ж.Делез бен Ф. Гваттридің «Кафке» (1974) ең бегінде енгізілген «Ризома» терминінде анық кө рінеді. Ризома (гр.rihiza –тамыр) тармақ талынғ ан тамырлық жү йенің кө птеген «тү йінін» білдіреді. Олардың пікірінше «ризома» нақ тылық ты бейнелеуде қ ұ рылым ұ ғ ымынан гө рі қ олайлы жә не жеке элементтердің қ атал иерархиясын жояды. Дә стү рлі таным теориясындағ ы негізгі метафора «ағ аш» (онда орталық бағ ана жә не одан жан-жақ қ а тарайтын бұ тақ тардың барын жорамалайды) болса, метафора ризома орталық тамыры жоқ, ө те кү рделі ө з-ара байланыстағ ы бұ тақ шалар мен олардың шексіз кө птеген басқ а қ осымша бұ тақ ша мен балауса бұ тақ тарғ а тамыр болып қ ызмет атқ ара алатындығ ын білдіреді. Бұ л секілді ә лем кө рінісінде «орталық» жә не «шеткі аймақ (периферия)» ө зінің мә нін жояды.

Постструктурализмнің негізгі ерекшелігі –децентрация, деконструкция, мә дениет тілін дискурсивтік талдауды мә дениет кең істігінде мә тін мен мә нмә тіннен тұ ратын таң ба жү йесі ретінде тү сіндіру. Ж.Деррида бойынша: «ешнә рсе мә тіннен тыс ө мір сү рмейді». Ж.Деррида орталық тандыруды сынап, мә тін мен жазуды қ ызмет ретінде тү сіндіріп, «Ө зіндік референция» ең бегінде оның ө рісін кең ейтті. «Қ анша парадоксальді болғ анымен, орталық қ ұ рылымның ішінде жә не сыртында орналасқ ан орталық ─ орталық емес».

Децентрация ─ бұ л қ ұ рылымды (структураны) басқ аратын орталық тың ө зінің қ ұ рылымының болмауы, ол структураның ішінде жә не оның сыртында орналасқ ан. Ол экономикада - ө ндірістегі децентрация, мә дениетте - мә дениеттің тең қ ұ қ ығ ының, басқ ағ а кө ң іл аударудың пайдасы ү шін этноцентризмнен бас тартуы, т.б.

Ж.Деррида «деконструктивизм» деген интеллектуалдық қ озғ алысты тудырды, ол деконструкциядан шығ атын тү сіндірудің, мә тінді оқ удың жаң а тә сіліне негізделеді. Деконструкция мә дениет пен философияны игерудегі еуропалық «метафизикағ а» қ арсы философиялық ұ станым, саяси стратегия, мә тінді оқ у тә сілі, талдау ә дісі ретінде қ арала алады. Деконструкция жоқ қ а шығ ару немесе бү лдіру емес, қ айта тұ рғ ызуды негіздеу мен іске асырудың жаң а бір талпынысы, ол ү шін дискурсивті мақ сатты ашып, тү йіндерін шешу қ ажеттілігі туады.

М. Фуко постструктурализм мә селелерін қ арастыруда, білімді ә леуметтік қ ұ рылымдау саласындағ ы зерттеулерінде ө зінің «Сө здер мен заттар» ең бегінде кө п ү лес қ осты. Еуропалық эпистемологияда (таным теориясы) ол ү ш эпистеманы (таным ө рісі): қ айта ө рлеу, классикалық рационализм, қ азіргі заман деп бө леді. Егер қ айта ө рлеуде тіл заттар ішіндегі зат ретінде болса, классикалық рационализмде (модернизм) тіл ойды жеткізетін қ ұ рал, қ азіргі замандағ ы эпистемада тіл дербес кү шке айналады.

Постструктализм ө кілдері: Ж.Деррида, Ж.Делез, Ж.Бодрийар, Ж.Лиотар, Ю. Кристева, М.Фуко – биліктің іске асу тә сілдерін анық тап оғ ан кө птілікті, бірегейлікті жә не ыдыраң қ ылық ты қ арама–қ арсы қ оюды ө з міндеттері деп таниды.

Философия енді ешбір онтологиялық, гносеологиялық мә селелерді шешпейді, адамның ө мір сү руінің мә ні туралы сұ рақ тары қ ойылмайды. Философия – интерпретация (талдап тү сіндіру) формасы, ақ ыл-ой мә дениеттің ә ртү рлі салалары арасындағ ы интерпретациялық делдал.

«Постмодернизм»- «Қ азіргі заман» ұ ғ ымына сай, модерннен кейін деген француз сө зі. Постмодернизм ә детте жаң а дә уірдегі рационализм мен ағ артушылық философиясының мә селелеріне қ арсы тұ ратын философия. Постмодернизм ұ ғ ымы француз философы Ж.Лиотардың «Постмодернизм тағ дыры» ең бегінің арқ асында жоғ арғ ы мә ртебеге ие болды. Постмодернизм термині 1917-1920 жылдары архитектурадағ ы стиль ретінде, ал 1960 жылы терең тү сіндірілу негізінде ғ ылыми айналысқ а енді.

Постмодернизм мә дениет, ә дебиет, ө нер, ғ ылым, техника, ә леуметтік-экономикалық, технологикалық жә не саяси саладағ ы біркелкілікті орнатады. Ал қ атал логикалық жү йе ─ соң ғ ы қ орытынды, ә ртү рлі тұ рақ тылық ты іздеу, беделдің алдында бас ию, қ ұ ндылық ты негізсіз енгізу, адамдар арасындағ ы келісімді міндетті етуге тырысу, ескірген этика мен моральді жоғ ары кө теруден бас тартып, адамды «тоталитарлық жү йеден» босатуғ а ұ мтылады.

Модерн мен постмодернизм арсындағ ы қ айшылық кө птеген пікірталастың тууына ә келді, оның ішінде ә сіресе, Ю.Хабермас пен Ж-Ф. Лиотардың пікірталасы маң ызды болды. Бұ л пікірталасқ а М.Фуко, Ж.Деррида мен Р.Рорти, т.б. қ атысты. Қ андай болғ анда да олардың кө бі ғ ылымның объективтілігі, мораль мен қ ұ қ ық тың ә мбебаптылығ ы, ө нердің автономиялығ ы, ғ ылыми прогресс, адамның азаттық ұ раны ─ қ анаудың ә мбебаптық жү йесіне, адамның жатсынуына жеткізгенін мойындайды. Ж. Делез бен Ф.Гвартари қ азіргі замандағ ы капитализм экономикасы мен ө ндіріс дең гейінде субъективтік тілек машинасын жасап, адамды, олардың қ ұ рылымдарын ә леуметтік винтиктеріне(тетіктеріне) айландырғ анын анық тады.

Ж. Бодрийар ө з ең бегінде қ оғ амдағ ы ә леуметтік кең істіктегі жағ дайды сипаттай отырып, оның ерекшелігінің дамуын «симулякр» жә не «симуляция» тү сінігі арқ ылы кө рсетеді. Симулякр дегеніміз кө шірме немесе ұ қ састық (ү йлестік), тү пнұ сқ аны ығ ыстырып, тү пнұ сқ адан маң ызды болады. Симулякр қ азіргі заман мә дениетінде ү стемдік етеді, ал оның репрезентациясы кино, теледидар, аспаздық, кө ң іл кө терудің кө мегі арқ ылы іске асырылады. Олардың шиеленісуі, ә ртү рлі ә лемнің бір сә тте уақ ыт пен кең істікте қ осылуына ә келеді. Ол ө зіндік сә йкестендіруді (самоидентификация) іздеу немесе тар шектелу локализация мә дениетіне жетелейді.

Батыс еуропалық постмодернизм, постиндустриалдық қ оғ ам ұ ғ ымына сай қ ұ ндылық, енді ақ ша немесе билік емес - ақ парат, нақ ты шындық - виртуалдық қ а айналды. Лабиринт принципі арқ ылы қ ұ рылып, БАҚ гипершындығ ын (Ж.Бодрийар) тудыратын гипермә тін ұ ғ ымы пайда болды.

Постмодернизм ө кілдері: Р. Барт, Ж. Батай, Ж. Бодрийар, Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж-Ф Лиотар., Р. Рорти. Ал М.Фуко қ ойғ ан диагнозды батыс елдерінің дамуы дә лелдеп отыр. Масс-медиада жасалғ ан реалдық пен нақ ты қ ылмыс, саясат, жыныстық қ атынастар, т.б. ажырамас кү йге жетті. Шындық ты ойдан шығ арылғ анымен жә не ө мірдің ө зінен туғ анды «тек экрандылығ ымен» бө ліп қ арау мү мкін болмай қ алды. Бір қ ұ былысты кө рсету сол қ ұ былыстың ө зінің негізіне айналды, тек сол кезде ғ ана ол ө з болмысына ие болады, кө рсетілмесе - жоқ қ а тең. Бұ л философиядағ ы тү йінді ойлар, батыс еуропадағ ы индустриалық ө ркениеттің постиндустриалдық қ а ө туінің салдары.

 

 

Семинар сабағ ының жоспары:

1. ХХ─ ХХІ ғ. басындағ ы саяси-ә леуметтік шындық, рухани мә дениеттің ерекшеліктері жә не олардың философиядағ ы кө рінісі.

2. Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дә стү рлері мен жаң алық тары: структурализм, герменевтика, постпозитивизм.

3. Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мә селелері.

4. Постмодернизм философиясындағ ы тү йінді ойлар.

 

Ә дістемелік ұ сыныстар:

Осы заманғ ы Батыс философиясының негізгі бағ ыттары. Классикалық философияның негізгі қ ағ идалары жә не оларды осы заманғ ы ғ ылым мен ә леуметтік практиканың жетістіктеріне сә йкес кейбір философиялық ағ ымдардың сын елегінен ө ткізуі.

Сциентизм жә не антисциентизм. Информациялық (ақ параттық) қ оғ ам идеясы. Технократизмге сын.

 

Дү ние ортасындағ ы адам жә не адам ә лемі. Экзистенциализм жә не оның тү рлері.

Ө мір мен ө лім проблемасы (С. Кьеркегор, М. Хайдеггер, Ж. Сартр).

Постмодернизм ХХ ғ асырдың екінші жартысында ерекше дамып, қ азіргі Батысеуропалық философияның дамуына ерекше ә серін тигізіп отыр.

Бақ ылау сұ рақ тары:

1. Прагматизм ағ ымының тек Америкада пайда болуының себебі неде?

2. Герменевтика ілімінің мә дениет саласын ғ ылым дең гейінде зерттеу мақ саты не?

3. Экзистенциалдық философия жә не оның негізгі бағ ыттарының пайда болу

себебі?

4. «Бір ө лшемдегі адам» теориясының мә ні?

5. Классикалық философияның негізгі принциптерін сыни кө зқ араспен қ айта

қ арау?

6. Психоаналитика іліміне Юнг қ андай жаң алық енгізді?

7. Постпозитивизм ағ ымы ғ ылыми білімнің ө суіне қ андай ық пал жасады?

8. Неопозитивизм ағ ымының негізгі зерттеу обьектісін кө рсет?

9. Франкфурт мектебінің ә леуметтік мә селелерді шешу ә дісі?

 

Баяндамалар мен рефераттар тақ ырыбы:

1. ХХ ғ. кө ркемдік мә дениеттегі Фрейдтің санасыздық идеялары.

2. Экзистенциализмдегі жаттану мә селесі.

3. ХХ ғ. философиясының ғ ылыми-техникалық ақ ыл-ойғ а табынуы.

4. Неопозитивизм эволюциясының негізгі кезең дері.

5. ХХ ғ. Батыс философиясындағ ы адам мә селесі.

6. Технократиалық жә не антитехнократикалық утопия.

7. К. Поппердің ә леуметтік-философиялық тұ жырымдамасының негізгі мә ні.

 

Философиялық мә тіндермен жұ мыс істеу:

1. Камю А. Бунтуюший человек. М.: 1990.

2. Кривелов И. А. Библия: историко-кретический анализ. М.: 1985.

3. Кьеркегор С. Страх и трепет. М.: 1993.

4. Мир философии: Хрестоматия в 2 частях. – М.: 1991.

5. Сумерки богов: (Ф. Ницше, З. Фрейд и д.р.). Сост. А. А. Яковлева. М.: 1990.

6. Хайдеггер М. Время и бытие: статьи и выступления. М.: 1993.

7. Ясперс К. Смысл и назначение истории. М.: 1985.

 

Ә дебиеттер тізімі:

1. Алтаев Ж., Қ асабек А. Мұ хамбетә лі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.

2. Ақ назаров Х. З. Философия тарихынан дә рістер курсы. Алматы, 1992.

3. Алтаев Ж., Касабек А., Мұ хамбетә лі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.

4. Ә бішев Қ. Философия – Алматы: Ақ ыл кітабы, 2001.

5. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы, 1992.

6. Бессонов Б. Н. Назначение человека. М.: 1995.

7. Гайденко П. П. Экзистенциализм и проблема културы. М.: 1963.

8. Есім Ғ. Фә лсафа тарихы - Адматы: Раритет, 2004.

9. Зотов А. Ф., Мельвиль Ю. К. Западная философия ХХ века. Учеб. Пособие. М.:

1987.

10. Зотов А. Ф., Мельвиль Ю. К. Западная философия ХХ века. Учеб. Пособие. М.:

1998.

11. Кішібеков Д., Сыдық ов Ұ. Е. Философия. Алматы: 2003.

12. Қ асабек А.Тарихи-философиялық таным. Оқ у қ ұ ралы. Алматы, 2002.

13. Қ ұ лсариева А. ХХ ғ асыр философиялық тұ жырымдамасы. Алматы, 2001.

14. Лейбин В. М. Фрейд, психоанализ и современная западная философия. М.: 1990.

15. Маркузе Г. Одномерный человек. М.: 1969.

16. Мудрагей Н. С. Рациональное и иррациональное. Историко – теоритический

очерк. М.: 1985.

17. Мырзалы С. Қ. Философия ә леміне саяхат. Қ останай, 2000.

18. Немировская Л. З. Философия: Уч. Пособие. М.: 1996.

19. Поппер К. Открытое общество и его враги. М.: 1992.

20. Поппер К. Логика и рост научного знания. М.: 1983.

21. Рассел Б. Человеческое познание, его сферы и границы. М.: 1957.

22. Современная западная философия.М.: 1991.

23. Современная западная философия: словарь, М.: 2000.

24. Философский энцеклопедический словарь - М.: 1994.

25. Философия (под ред. проф. Никтич Л.А.). М.: 2000.

26. Философия: Т. Х. Ғ абитов. Электрондық оқ улық. Алматы. Юрлит, 2004.

27. Философия Қ ұ р. Т. Ғ абитов - Алматы: Раритет, 2005.

28. Фромм Э. Психоанализ и этика. М.: 1993.

 

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.