Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi




“Өмiр философиясының² ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) -австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол², “Тотем мен Табу²т.с.с.

З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жұйке ауруларын емдеудiң “психоанализ² әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бұкiл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.

Сонымен, бисаналықты ашу,оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.

З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego² (латын сөзi,- “Мен² деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego² (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше-тұрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жұрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido² (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағна бередi), я болмаса оны қысқаша “Id² деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, кұңгiрт сезiмдер мен тұйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бұкiл адамның психикалық жан-дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “өздiгiн², ерекшелiгiн құрайды.



З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дұниеге, жағалай ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан-дұниесiне еңгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс кұш-қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio,-латын сөзi, - “биiкке көтеремiн²,- деген мағна бередi) , яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мұмкiн.



Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктердi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi² - эрос, “өлiм инстинктi² - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сұйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.

Дегенмен, З.Фрейд бисаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы тұрде басқара алады деп есептедi. Әңгiме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркiңе көндiруге мүмкiндiк алуда болса керек.

Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын құралы бар. Ол - мәдениет. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке келтiрiп, деструктивтi күнгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. Бiрақ, ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып неше-тұрлi бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты. Сонымен, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.

Сонымен, бисаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр жағынан, шығармашылық жолмен дұниенi қайта құру, екiншi жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтiң iзiн қуған ғалымдардың еңбектерiнде неше-тұрлi қайшылықтарды тудырды. Олардың көбiн З.Фрейдтiң бисаналықтың өзегiн жыныс энергиясына теңеуi қанағаттандырмайды.

Карл Густав Юнг (1875-1966 ж.ж.)басында өз ұстазының көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсiне бастайды. Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кеiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең “ұжымдық бисаналық² формаларының бар екенiн байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен шыққан неше-түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, “ұжымдық бисаналық²- бұкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар, адамға дейiнгi жануарлық “жасырылған iздердi² байқауға болады. Олардың көбiн халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдiктерiндегi бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг “архетиптер² деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол символдарға толтырып, өз тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.

Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырады. Сонымен қатар, олардың көбi тiптi тұқым қуу механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.

Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жұрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер (1870-1937 ж.ж.), К.Хорни (1888-1959 ж.ж.), Э.Фромм (1900-1980 ж.ж.)фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сұйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге тырысты.

А.Адлер фрейдизм iлiмiне “компенсацияұ(толықтыру) ұғымын кiргiзедi. қайсыбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн сезiнудiң негiзiнде “өзiне деген сенiмсiздiк² бишаралық сезiм пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi. Ал адам осы жолда “компенсациядан да ұстем² iс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мұмкiн (мысалы, Наполеонның денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды деген пiкiр әдебиетте бар).

К.Хорни тұлғаның дамуының екi жолын көрсетедi - ол норма мен паталогия. Бiрiншi жолда адам өз табиғи дарындарын өзiнiң қабiлеттерiне айналдырып, оларды дамытуға тырысады. Екiншiде адамның мiнез-құлқында терiс өзгерiстер қорланып невроз ауруына әкеледi. К.Хорни оны әлеуметтiк себептермен (“ауру² қоғамның салдарлары) генетикалық (өзара тұлғалық және әке-шеше мен бала арасындағы терiс қарым-қатынастардың қалыптасуы) және “мәндiк² (тұлғаның өз мүмкiншiлiктерiн iске асыру жолында жалған жолға түсiп кетуi) өзгерiстермен ұштастырады.

Неофрейдизмнiң ұлы өкiлi есебiнде американ философы Эрих Фроммды айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа бiткен психикалық қасиеттерi жоқ. Тұлғаның барлық психикалық өзгерiстерi мен өмiрдегi көрiнiстерi оның қоғам өмiрiндегi қатынастарға тереңдеу деңгейiмен байланысты. Қазiргi қоғамдағы қатынастар “машиналанған², “компьютерленген² т.с.с. түрде болғандықтан, ол адамның шынайы мәнiн “жаттандырып² оны неше-түрлi невроз ауруларына әкеледi. Қазiргi қоғам адамның осы дүниедегi “болуының² орнына оған “алуды² ұсынады. Сол себептi ол тұлғаның “жинаушылық² , “нарықтық², “енжарлық² т.с.с. мiнез-құлқын тудырады. Тұлғаның жаттануының ең айқын көрiнiстерi - ол адамның ерiктiктен бас тартып қашуы, нашақорлықтың, iшiмдiктiң жолына түсiп батуы, қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетiлген кемшiлiктердi тудырған “ауру² қоғамды қалайша “емдеуге² болады? Э.Фроммның ойынша, ол үшiн ең бiрiншi қажет нәрсе - “гуманистiк жоспарлауды² қоғамға еңгiзу, дүниедегi байлықты жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесiндегi қалыптасып қалған шен иелерiнiң жаттанған басқару формаларының орнына “гуманистiк басқару² жұйесiн еңгiзу, соның арқасында қарапайым адамдардың әлеуметтiк өмiрге деген ынтасын ояту, дұниеде болуға бағытталған құндылықтар жүйесiн тудыру т.с.с. қажеттiктердi көрсетедi. Әрине, ұлы философтың бұл ойлары өтпелi кезеңдi өз басынан өткiзiп жатқан бiздiң қоғамға аса қажет ойландыратын нәрселер.

Сонымен қатар, Э.Фромм адамның өмiр сүру диалектикасына тоқталып, оның ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да көрсетедi. Бiрiншiден, адам бұл өмiрге өзi сұранып келмейдi - ол белгiлi бiр кездейсоқты жерде, уақытта дүниеге келiп, алғашқы сатыдан өмiрiнiң соңына шейiн “өмiр мен өлiмнiң екi ортасында² болып iс-әрекет етедi. Екiншiден, осындай шектелген өмiрдiң шеңберiнде адам өзiнiң бойындағы барлық дарындарын iске асырып, алдына қойған өмiрлiк мақсат-мұраттарын орындап ұлгiрмейдi, сондықтан олардың көбi, қазақ дұниесезiмiндегi терминдермен айтсақ, “жалған, жеткiзбейтiн арман² болып қала бередi. Э.Фроммның бұл ойлары бiздi фрейдизмнiң шеңберiнен шығарып экзистенциализм философиясына өткiзiп жiбередi.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал