Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Таным мәселелерi






Ф.Бэконның ойынша, ғ ылым салаларында ғ асырлар бойы қ алыптасып, адамның дү ние тануына кеселiн тигiзетiн нә рселер бар. Ең алдымен оларды сыртқ а шығ арып ә шкерлеу қ ажет. Сонда ғ ана жаң а ә дiстемелерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады. Сол ғ ылымдағ ы кедергiлердi Ф.Бэкон “идолдар², ия болмаса “елестер² дейдi. Олар - тө ртеу.

Бiрiншi елес - тектiк идолдар (idola tribus). Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғ атынан шығ ады. Оны бiз қ азiргi тiлмен “антропоморфизациялау² деп айтар едiк. Ол сонау кө не заманда пайда болғ ан мифологияғ а келiп тiреледi. Адам табиғ аттағ ы сырлы қ ұ былыстарды танып-бiлуге бағ ытталғ ан кезде, оларды “ө зiне ұ қ сатып² тү сiндiруге тырысады. Тектi елестер ең тұ рақ ты, оларды толығ ынан жою мү мкiн емес. Бұ л Ф.Бэконның айтқ ан ойларын растау ү шiн мынандай мысал келтiрейiк. Адамдардың мың дағ ан жылдар бойы арман еткен басқ а Дү ниелердегi ақ ыл-оймен, рухпен кездесу қ иялы ХХ ғ асырда ғ арыштан ұ шып келген тарелкалар жө нiндегi неше-тү рлi аң ыздарды тудырды. Ол қ азiргi заманның тудырғ ан мифтерi бойынша, ұ шып келген тарелкалардың iшiнен шық қ ан пә нделер нақ жердегi адамдар сияқ ты екi аяқ ты, қ олды, екi кө здi, тек олардың тү сi- кө кшiл екен т.с.с.

Ә рине, кең ғ арыштың кең iстiгiнде басқ а жұ лдыздар аясындағ ы планеталарда ө мiр жә не сол ө мiрдiң биiк ғ ажап шың ы - рух пайда болуы мү мкiн. Бiрақ, ол рухтың иесi тек адам сияқ ты болуы тiптi қ ажеттi емес. Бiрақ, адам оны ө зiне ұ қ сатып кө ргiсi келедi... Ал, бiзге ең жақ ын орналасқ ан жұ лдыздың қ ашық тығ ы 5 сә улелiк жыл екенiн ескерсек (яғ ни секундына 360 мың км. жылдамдық пен ұ дайы 5 жыл ұ шу қ ажет!!!) жә не А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясына сай ондай жылдамдық тың шең берiнде заттың салмағ ы кү рт ө сiп, кең iстiктегi алатын орны қ ысқ арып, уақ ыт баяуласа, - онда қ айсыбiр тiршiлiк тү рi мұ ндай қ ашық тық ты ө те алмайтындығ ына кө зiмiз жетедi. Сонымен, ғ ылыми тұ рғ ыдан қ арағ анда, “тарелка мифiнiң ² орынсыз екенiн кө руге болады. Мiне, бұ л Ф.Бэконның айтқ ан тектiк идолдарының бү гiнгi таң дағ ы бiр кө рiнiсi ғ ана.

Екiншi елес - ол ү ң гiр идолы (idola specus). ә рбiр адам белгiлi бiр жанұ яда, белгiлi бiр жерде дү ниеге келiп тә рбиеленедi, ересек адамғ а айналады. Бiреу адам тү гiл қ ұ дай да ұ мытқ ан ауылда, екiншi - район орталығ ында, ү шiншi - астанада, ия болмаса ү лкен қ алада туып тә рбиеленедi. Бiреу- кедей, екiншi- ауқ атты жанұ яда ө сiп ө недi, кө бiнесе, соғ ан сә йкес бiлiм алуғ а, ө мiрде ө з орнын табуғ а мү мкiндiктер ашылады. Ол адамның болашақ тағ дырына ө зiнiң зор ық палын тигiзбей қ оймайды. Ол сол ө зiн қ алыптастырғ ан “ү ң гiрден² дү ниеге қ арайды, ал оның ө зi “табиғ аттың сә улесiн ә лсiретiп бұ рмалайды², - дейдi ұ лы ойшыл. Ал бұ л елестен қ ұ тылу жолы - дуниеден алғ ан жеке тә жiрибенi жалпы халық тық тә жiрибемен ұ штастыру болмақ.

Ү шiншi - алаң, ия болмаса базар елестерi (idola fori). Олар қ арапайым адамдар жиналғ ан жерлерде пайда болады. Оның қ айнар кө зi - зат пен соны кө рсететiн, бейнелейтiн сө здi толығ ынан тең еу. Ал шынына келсек, сө з- затқ а қ ойылғ ан ат қ ана. Сө з кө бiне заттың не екенiн емес, оның адамдарғ а деген маң ызын ғ ана кө рсетедi, - дейдi ұ лы ойшыл. Егер сө здi затқ а тең есек, онда кө бiне бiз “жалғ ан даналық ² жолына тү сiп кетемiз. Бұ л елеске берген сыннан бiз схоластикалық философияғ а қ арсы бағ ытталғ ан Ф.Бэконның кө зқ арасын болжаймыз.

Тө ртiншi, соң ғ ы елес - ол театрлар идолы (idola theatri). Олардың дү ниеге келу себебi - тарихтағ ы ө мiр сү рген даналарғ а, ұ лы тұ лғ аларғ а толығ ынан сену, солардың уақ ытында жасағ ан ғ ылыми тұ жырымдамаларын “соң ғ ы ө згермейтiн мә ң гi ақ иқ ат² ретiнде тү сiну. Мысалы, белгiлi бiр мә селе бойынша Аристотель былай деп айтқ ан, ал сiз Аристотельден де ақ ылдысыз ба? - деген даудамадан сол адамның “театр елесiнiң ² шең берiнде екенiн байқ аймыз. “Ақ иқ ат - беделдiң емес, тек ө з заманындағ ы уақ ыттың қ ызы², - деп қ орытады Ф.Бэкон. Жаң ада ғ ана келмеске кеткен Кең ес заманының негiзгi елесi- осы “театр елесi² болды емес пе? Тек беделдiлердiң аттары ғ ана ө згерген жоқ па? Олар - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды. Бү гiнгi таң дағ ы қ оғ амды демократизациялау, кө ппiкiрлiк принципiне кө шу бұ л елестiң ө мiрден кетуiне себеп болуда. Сонымен қ атар, ө тпелi дә уiр тудырғ ан “жаң а кө семдердiң ² айтқ анының бә рiн де ой елегiнен ө ткiзбей, оғ ан “қ ұ дайғ а сенгендей² жағ дайда жү рген адамдар да ә лi де болса аз емес сияқ ты.

Сонымен, жоғ арыда кө рсетiлген идолдар қ андай кү штi болғ анмен, ғ ылым жолына тү скен адам ө зiнiң ақ ыл-ойын, дү ниесезiмiн олардан тазарту керек деп қ орытады ұ лы ойшыл. Бұ л пiкiрге толығ ынан қ осылуғ а болады.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.