Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Антиденелер қасиеттері






1. Спецификалық қ асиеті – иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қ арым-қ атынасқ а тү седі. Онда антидене белсенді орталығ ы — антидетер­минант (паратоп), антигендер белсенді орталығ ы — детерминатпен (эпитоп) байланысады.

2. Валенттілігі – иммуноглобулин молекуласындағ ы антидетерми­нант­тың саны кө бінесе екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер де кездеседi.

3. Аффиндігі – олардың байланысы ө те мық ты, (антидене + антиген) антидетерминат+детерминат байланысы.

4. Авидтігі — антиген мен антидене байланысы тұ рақ ты, олардың байланысуы жылдам жә не толық, олар ә р тү рлі жасушалармен бай­ланыс жасай алады:

- макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.

- Нейтрофилдермен-фагоцитозды белсендіреді.

- базофильдермен байланысып атопиялық реакция жү ріп, медиаторлар бө лініп, жедел жү ретін аллергиялық реакцияғ а ә келеді.

- тромбоциттермен байланысып қ ан ұ юын ө згертеді.

- Лимфоциттермен – FC рецепторымен (иммуноглобуллин G) байланысады.

Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқ а бө лінеді:

а) изотипті

б) аллотипті

в) идиотипті

Изотиптілігі — ауыр тізбегі қ ұ рылысына байланысты қ алыпты жағ дайда бір тү рдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығ ы 4-тізбегіндегі аминоқ ышқ ылдармен сипатталады. Сө йтіп иммуноглобулин , ал иммуноглобулин А1, А2 болып бө лінеді.

Аллотиптілігі — ә рбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығ ын кө рсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.

Идиотиптілігі — бұ л антигендердің спецификалық қ асиетіне байланысты, тек бір иммуноглобуллинге арналғ ан. Қ анша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип – антиденелердің ө згермелі бө лігіндегі аминоқ ышқ ылдардың орналасуының немесе Т-жасушалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларғ а қ арсы антиидиотипті антиденелер ө неді.

Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10%-ы. Эволюциялық дамуда ең кө не иммуноглобулин. Молекулалық салмағ ы 900.000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақ ыты 5 тә улік, иммуноглобулин М В-жасушаларғ а антигенді танытатын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қ олдайды.

Иммуноглобулин М организмге инфекция тү скенде, вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі жоғ ары, организмді бактериялардан, вирустардан қ орғ айды, комплементті классикалық жолмен белсендіреді, фагоцитозды кү шейтеді. Организмге тү скен антигенде ә уелі иммуноглобулин М тү зіледі. Аптаның аяғ ында ғ ана иммунгоглобулин G-дің синтезіне кө шеді (7-сурет).

Иммуноглобулин М қ ан сарысуында-0, 4-2, 2 г/л. Иммуноглобулин М молекуласы ірі, бес мономерден қ ұ рылғ ан, 10 белсенді орталығ ы бар, бірден бес антигенді байланыстырып организмнен шығ арып жібереді. IgМ организмге антиген тү спесе де болатын табиғ и антиденелерге жатады. Плацентадан ө те алмайды. Нә рестелерде тек жұ қ пағ а қ арсы пайда болады. IgМ антигенге қ арсы фагоциттерді белсендіреді.

Иммуноглобулин G - класы қ ан сарысуында барлық иммуногло­булин­дердің , молекулалық салмағ ы 150 мың Дальтон, ол плацентағ а кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тә улік бойы, ұ зақ ө мір сү реді. Адамдарда иммуноглобуллин G-дің 4 тү рі бар: (ауыр тізбектің айырмашы­лы­ғ ымен).

IgG қ ан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммунитет жауабында тек IgG анық талады. Негізгі функциясы: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3); фагоцитозды кү шейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне қ арсы кеш ө нетін антиденелер (G1, G2); токсиндерді бейтараптайды, фагоциттерді опсонизация арқ ылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды. Иммуноглобулин G тимустә уелді болғ андық тан Т-лимфоциттердің қ атысуымен ғ ана синтезделеді. Сондық тан сә улелену жә не иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.

Иммуноглобулин G-ның максималды ө німі антигенді арасы 30 кү н ө ткенде қ айтадан еккенде ғ ана дамып, иммундық толық жауап жә не иммунологиялық естелік пайда болады.

Иммуноглобулин А –ның сарысулық жә не секреторлық тү рлері бар. Сарысудағ ы дең гейі 0, 8-3, 7 г/л. Қ ан айналымындағ ы микробтарды жә не токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA – комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар ө ндіретін протеаза ферменті IgA-нын белсенділігін жояды (мыс. гонококктер).

Секреторлық IgA шырышты қ абық тың эпителиальдық жасушаларының синтезінен шығ ады, оның қ осымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий жасушаларынан ө ткенде қ осылады да, IgA-ның протеолиздік ферменттерге тұ рақ тылығ ын береді. Секреторлық IgA шырышты қ абық та сақ талып, бактериалық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сө йтіп, жұ қ пағ а жергілікті қ орғ анысты қ амтамасыз етеді.

Секреторлық IgA тү кірікте, кө з жасында, азқ азан-ішек секретінде, ө тте, қ ынап секретінде, амниондық сұ йық та, ө кпе, бронх, зә р-жыныс жолдарында бар. Нә ресте IgA-ны ана сү тінен, уыз сү тінен алады. Ана сү тімен тү скен IgA ішекті грамтеріс микробтардың (ішек таяқ шаларының) орналасуынан қ орғ айды. Ішекті грамон, микробтары орналасды да, ішек жұ қ паларына антагонистік рө л атқ арады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды шырышты қ абық қ а тұ рақ татып орналастырмайды.

IgA тимустә уелді иммуноглобулин, сондық тан нә рестенің ө мірінің бастапқ ы кезінде ө з бетімен пайда болмайды.

Иммуноглобулин Е –нің молекуласы 200 000 Дальтон, тінде, шы­рышты қ абық тарда, теріде жиналады да, мес, базофил, эозино­фил­дер жасушаларымен бірігіп аллергиялық қ абыну береді. Осы жасушаларда дегрануляция жү рiп, антигендердi денеден шығ арып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің дең гейі қ ан сарысуында 0, 25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе кө бейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 кү н.

Иммуноглобулин Е-нің ө німінің тұ қ ым қ уалаушылық қ а байланысы бар. Аллергиялық ауруларғ а бейімділігі бар кісілерде IgЕ-нің дең гейі жоғ ары. Нә рестелерде IgЕ орта жастағ ы кісілердің кө рсеткіштерінің 10 пайызындай ғ ана. Иммуноглобулин Е комплементпен байланыспайды, плацента арқ ылы ө тпейді, ұ лпа базофилдерімен жә не басқ а «қ абыну дамытатын» жасушалардың Ғ с-рецепторларымен ө те тез жә не берік байланысады. IgЕ мен қ осылғ ан антиген базофиль жасушаларының ү стіне орналасып, олардың дегрануяциясын дамытып, биологиялық белсенді заттар жасушааралық кең істікке тө гіліп, аллергиялық қ абыну пайда болады. Иммуноглобулин Е шырышты қ абық тағ ы антигендерді байланыстыруғ а қ атысады.

Иммуноглобулин Е-ні кө к бауырдың, бадамша бездің, тыныс алу жә не асқ орыту жолдарының плазмалық жасушалары ө ндіреді. Ұ рық IgЕ–ні ерте шығ арады. Иммуноглобулин Е гельминттерден қ орғ ануғ а қ атысады.

Шырышты қ абық тағ ы IgА-ның қ орғ анысын бұ зғ ан патогендерді ұ лпа базофильдерінің ү стіндегі арнайы IgЕ байланыстырып, биологиялық белсенді заттарын шығ арып, қ абыну кезінде хемотаксиспен сол жерге басқ а қ орғ аныс факторларын (жасушалық, гуморальдық, IgG, комплемент, нейтрофильдер, эозинофилдер, т.б.) жинауы, келесі қ орғ аныс кезең і болып саналады.

Иммуноглобулин Д молекуласы 180000 Дальтон, жартылай ыдырауы 3 тә улік, жақ сы тексерілмеген, тек қ ана В жасушалардың антиген танитын рецепторы ретінде жү руі белгілі.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.