Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс






XIX ғ асырдың 20—30-жылдары патша ү кіметінің отарлық саясатына қ арсы Кіші жү здегі наразылық ты Жоламан Тіленшіұ лы басқ арды. Жер ү шін, тартып алынғ ан жайылымдар ү шін кү рес оның негізгі мазмұ нына айналды. Осы жылдары Жаң а Елек ә скери шебінің қ ұ рылуы барысында 7—10 мың шаршы шақ ырымғ а дейінгі жер қ азақ тардан тартып алынды. Бұ л жаң а шекара шебі Орынбор ә скери-шекара шебінің бір бө лігі ретінде қ ұ рылды. Жаң а Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұ рды. Ү кімет бұ л жерлерге Орал, Орынбор орыс-қ азақ тарын, шаруаларды кө шіріп ә келіп қ оныстандырды. 1835 жылы тағ ы бір жаң а шептің салынуымен 12 мың шаң ырақ қ ыпшақ жә не жағ албайлы рулары жерсіз қ алдырылды.

Табын руының жайылымдары Елек ө зені ауданында орналасқ ан болатын. 1822 жылдан бастап патша ү кіметі қ азақ тарды Елек пен Орал арасындағ ы шұ райлы жайылымдарғ а ө ткізбеді.

Жоламанның ә кесі Тіленші кезінде Сырымның жақ тасы ретінде кө теріліске белсене қ атысқ ан болатын. Ал Жоламанмен бірге кө теріліске Сырым Датұ лының баласы Жү сіп те қ атысты. Демек, кө терілістер арасындғ ы ұ рпақ тар сабақ тастығ ы сақ талды. Жоламан да, Жү сіп те батырлардың, азаттық кү рес кө семдерінің ұ рпақ тары ретінде олар бастағ ан кү ресті одан ә рі жалғ астырып ә кетті. Жоламан Тіленшіұ лымен бірге табын руының батырлары Дә уіт Асауұ лы, Алдаш Байғ аниндер болды. Ал 1838 жылдың соң ына қ арай оғ ан шекті руының батыры Есет Кө тібарұ лы келіп қ осылғ андығ ы мұ рағ ат деректерінен белгілі.

Жоламан батыр тархан атағ ы бар табын руының басшысы бола жү ріп, патша ү кіметінің алдында қ азақ тардың қ ұ қ ын қ орғ ауғ а кіріседі. Басында Орынбор губернаторыЭссенге 1822—1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, ә ділеттілік орнатуын талап етеді. Қ азақ тардың ө мірлік қ ажеттілігі — жерін бейбіт тү рде қ айтарып ала алмайтындығ ына кө зі жеткен соң қ арулы кү рес жолына тү седі. Ол ө зінің Ресеймен соғ ыс жү ргізуінің себебін Елек ө зені бойындағ ы шептің салынуынан деп тү сіндіреді.

Ор-Троицк бекіністерінен Торғ ай ө зеніне қ арай ығ ысқ ан қ азақ шаруалары жер тапшылығ ынан мейлінше қ иыншылық кө рді.

1835 жылғ а қ арай Жоламан батырды қ олдаушылар қ атары ө сіп, оны табын, тама, жағ албайлы, жаппас, алшын, арғ ын, қ ыпшақ рулары қ олдай бастады. Орта жү зде Кенесары Қ асымұ лы кө терілісі басталғ ан кезде Жоламан оғ ан кө мекке ұ мтылды. Сө йтіп, Кіші жү з бен Орта жү з кү штерін біріктірушіге айналды. Ол қ ырғ а ішкерілеп еніп, Кенесары кө терілісіне қ осылуғ а ү ндеді.

Ал 1838 жылы Бө кей ордасындағ ы кө теріліс басшысы Исатай Тайманұ лы мен Махамбет Ө темісұ лы Кіші жү зге келген кезде кө теріліс одан ә рі ө рши тү сті.

1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралық ты кө теріліс оты шарпыды. Кө терілісшілер жаппай Торғ ай мен Ырғ ыз аудандарына кө ше бастады. Ол ө з қ ол астына Ресей ө ктемдігіне қ арсы 3 мың ғ а жуық сарбаздарды топтастыра алды.

Жоламан батыр жасақ тарын жоюғ а патшалық ә кімшілік ү ш бағ ытта жасақ тар шығ арғ анымен, батырды қ олғ а тү сіре алмады. Орта жү здегі Кенесары кө терілісінің Орынборө лкесіне ауысуына байланысты жазалаушы кү штер кейін қ айтуғ а мә жбү р болды.

Кенесары Қ асымұ лы бастағ ан ұ лт-азаттық қ озғ алыс (1837— 1847 жылдары)

Қ азақ даласындағ ы тізбектеле салынып жатқ ан бекіністер қ ұ рылысына, патшалық ә кімшілік реформаларғ а, шұ райлы жерлерді басып алу қ иянатына қ арсы кү рестер біртіндеп қ айта ө рбіген Кенесары Қ асымұ лы бастағ ан кө теріліске ұ ласты. Сонау ұ лт-азаттық кү рестің қ айнар бастауында тұ рғ ан Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің кү рес дә стү рін одан ә рі жалғ астырды. Олардың қ олындағ ы азаттық туы қ айта желбіреді.

Абылай ханның немересі, Қ асым тө ренің баласы, ә уелде сұ лтан кейіннен хан Кенесары (1802—1847 жылдары) бұ рынғ ы Кө кшетау облысының Кө кшетау елді мекенінде дү ниеге келді.

Кенесары ордасында тұ тқ ында болғ ан барон Услар оның сыртқ ы келбетін былайша суреттейді: «Кенесары орта бойлы, арық тау келген, бет-пішінінде қ алмақ тың белгілері бар, қ ысың қ ы кө здерінен ақ ыл-ой мен қ улық қ абат аң ғ арылады, келбетінен кө п жағ дайда қ атаң дық байқ алмайды».

Революцияғ а дейінгі зерттеуші Н.Середа «Қ ырғ ыз сұ лтаны Кенесары Қ асымұ лының бү лігі (1838—1847 жылдары)» деген ең бегінде Кенесарының жеке басын, оның қ олбасшылық дарынын ө те жоғ ары бағ алайды, мемлекеттік тұ лғ а дә режесіне кө тереді.

Кө ріп отырғ анымыздай, кө терілістің басталу кезіне қ арай Кенесары кү рестің қ атал мектебінен ө тіп, бай ө мірлік тә жірибе жинақ тағ ан болатын. Ол ө зінің алдындағ ы ағ аларының кейбір қ ателіктерінен сабақ алып, қ айталамауғ а тырысты.

Ол, біріншіден, аса қ уатты Ресей мемлекетімен кү ресу ү шін ү ш жү здің кү шін біріктіру қ ажет екенін тү сінді. Жә не осы жолда тек қ арулы кү рес қ ана емес, сонымен қ атардипломатиялық айла-тә сілдерге барды. Мысалы, бетпе-бет соғ ыстың қ иындығ ын сезіне отырып, Сібір жә не Орынбор ә кімшіліктерімен келіссө здер жү ргізді. Екіншіден, сыртқ ы жауғ а қ арсы тұ ра алатын кү шті мемлекет қ ұ ру ү шін жекелеген сұ лтандардың, билердің қ арсылығ ын, қ азақ қ оғ амындағ ы алауыздық ты, екі майданғ а бө лінушілікті жою қ ажет деп тапты.

Кейбір сұ лтан, би, рубасыларының қ арсылығ ына қ арамастан Кенесары шындығ ында ү ш жү здің ру тармақ тарының кө пшілік бө лігін ө з туы астына біріктіре алды. Кенесары ә скерлерінің саны кейбір жағ дайларда 20 мың ғ а жетті. Негізгі кү ші Орта жү з қ азақ тарынан тұ рды.

Кө теріліс басталғ ан кезден-ақ бұ қ аралық сипатқ а ие болды. XVIII ғ асырдың соң ы мен XIX ғ асырдағ ы азаттық қ озғ алыстар тарихында тұ ң ғ ыш рет бү кіл Қ азақ стандық амтыды. Бү кіл халық ү ш жү здің ханы ретінде Кенесарыны мойындағ анын мұ рағ ат қ ұ жаттары да растайды.

Он жылғ а созылғ ан кө терілістің басты қ озғ аушы кү ші — қ азақ бұ қ арасы еді. Оғ ан кү шейіп отырғ ан отарлық езгіден қ ысым кө рген қ атардағ ы егіншілер де, рубасылары да, сұ лтандар да қ атысты. Қ азақ жерлерін ә скери-ә кімшілік отарлауғ а қ арсы кү реске наразы халық тың барлық ә леуметтік топтары қ атысты. Басты мақ сатына қ арай ол ұ лт-азаттық кө теріліс болды.

Кенесары ә скерлерінің жеке жасақ тарын басқ арғ андар арасында белгілі халық батырлары Ағ ыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұ лы, Бұ харбай, Жанайдар, Басығ ара, Аң ғ ал, Жә уке, Байсейіт, Сұ раншы батырлар болды.

Наурызбай 1847 жылы ағ асы Кенесарымен бірге қ ырғ ыз жеріндегі қ ақ тығ ыста мерт болды. Олардың ө лімі туралы да ел ауызында қ исса- дастандар кө п.

Ө зінің ә скери ерлігімен Кенесарының ә пкесі Бопайдың да аты шық ты. Ол алғ ашқ ы кү ндерден-ақ ө зінің жұ байы, алты баласы жә не туғ ан-туыстарын ертіп кө терілісшілерге қ осылды. Бопай 600 адамдық зекет жинайтын ерекше топты басқ арды. Сонымен қ атар барлық ірі шайқ астарғ а қ атысып, Кенесарының басты ақ ылшы-кең есшісіне айналды.

Ал орысшағ а жү йрік тағ ы да бір інісі Ә білғ азы Кенесарының Ресей ө кімет орындарымен хат-қ ағ аз алмасу ісін жү ргізіп отырды.

Кө теріліске қ атысушылардың қ ұ рамы кө п ұ лтты еді. Онда қ азақ тар, орыстар, ө збектер, қ ырғ ыздар, поляктар, т.б. болды.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.