Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып Жер құқығының пәні, түсінігі және жүйесі




1. Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде.

2. Жер құқығы қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері.

3. Жер құқығының әдістері, қағидалары.

4. Жер құқығының жүйесі.

5. Жер құқығының басқа құқықтармен байланысы және қарым-қатынастары.

 

1-Сұрақ. Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде.

Жер күнделікті өмірде келесі қызметтерді атқарады:

1. Саяси қызмет. Мемлекет ауылшаруашылығы болып табылады.

2. Экономикалық қызмет. Жер елдің байлығы.

3. Экологиялық қызмет.

4. Әлеуметтік қызмет. Жер адамдардың өмір сүру негізі.

Жер құқығы құқық саласы ретінде - жер құқық қатынастарын реттеуге бағытталатын құқық нормаларының жиынтығы болып табылады. Жер құқығы мемлекет және құқық қалыптасуына байланысты сала.

Жер құқығы бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілер бар:

1. Жер құқығы қатынастарының болуы;

2. Қазақстанның жер қатынастары заңдарының қалыптасуы мен дамуы.

3. Мемлекет тарапынан қалыптасатын жер қатынастарын реттеу қасиеттерін білдіру мен оған мүдделі болуы.

4. Жер құқығының өзіне тән қағидалары бар.

Жер құқығы ғылым саласы ретінде көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың ой пікірлерінің жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау.

Жер саласындағы қазіргі күнгі ғалымдар:

Стамқұлов Ә.С.

Бектұрғанов А.Е.

Еркінбаева Л.Қ.

Оқу пәні ретінде жер құқығының дәрістік тәжірибелік сабақтардың жиынтығы.



Жер құқық қатынастары. Жер Кодексінің 12-бабының 10-тармақшасында жер құқық қатынастарының түсінігі берілген. Ол жерге меншік құқығын, өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады.

Белгілері:

а) бұл қатынастар жер пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етеді.

 

б) бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістік ретінде және табиғат байлығы ретінде қарастырады.

Бұл қатынастардың обьектісі ретінде жер танылады. Жер Кодексінің 12 бабының 14-тармақшасы мынадай анықтама берген: егемендігі белгіленген ілетін шектегі, аумақтық кеңістік, табиғи ресурс жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық шегі.

Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:

2. елді мекендердің жері;

3. өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығына байланысты емес жерлер;



4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, тарихи мәдени, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жері;

 

Рекреация деп көпшіліктің демалыс орындарының, туризм қызметін қамтамасыз ету болып танылады.

Жер учаскесі. Жер құқығының қатынастарының субьектілері деп осы құқық қатынастар белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болып танылатын тұлғалар болып табылады.

 

1. мемлекеттік органдар;

2. жердің меншік иелері;

3. жер пайдаланушылар;

4. қазақстандық тұлғалар;

5. шетелдік тұлғалар;

6. халықаралық ұйымдар және т.б.

 

Түрлері:

1. мүліктік қатынастар;

2. әкімшілік бағыттағы қатынастар;

3. экологиялық болуы бар қатынастар;

4. процессуалдық қатынастар:

 

Әдістері деп - жер құқығы қатынастарын реттеп отыратын тәсілдердің жиынтығы. Олар:

А) императивті;

Б) диспозитивті;

 

Жер құқығының қағидалары деп жер құқық қатынастарынын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы. Бұл бастамалар Жер Кодексінің төртінші бабында көрсетілген. Оларға:

1. жерді нысаналы пайдалану;

2. жерді ақылы пайдалану;

3. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4. жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

5. жерді табиғи ресурс, ҚР халқының өмірі мен жұмыстарының негізі ретінде сақтау;

6. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басмдығы;

7. жердің жай күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

8. жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларын мемлекеттік қолдау;

9. жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардабын жою;

10. ҚР аумағының тұтастығы қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

 

Жер құқығының жүйесі үш бөлім:

Жалпы

Ерекше

Арнайы

 

Жалпы бөлім мынадай институттарды қамтамасыз етеді:

1. жерге меншік құқығы;

2. жер пайдалану құқығы;

3. жерді қорғау мен пайдалнуды мемлекет тарапынан реттеу;

4. жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауакершілік;

 

Ерекше бөлім жеті санатты қамтиды:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:

2. елді мекендердің жері;

3. өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауышаруашылығына байланысты емес жерлер;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, тарихи мәдени, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жері;

Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің Қазақстан жерін пайдалану мәселелерін зерттейді.

Жер құқығының өзге құқық салаларымен байланысымен қарым-қатынасы. Жер құқығы басқа салалармен тығыз байланыста болса да, ол бұл жүйеде ерекше орын алады. Себебі, жер құқығы жекеленген кешенді құқық саласы болып табылады.

Кешенді деп жер құқығының кешенді қарым қатынастарын реттейтінін білдіреді. Яғни жер құқық қатынастары біркелкі құқық қатынастарына жатпайды. Бұлардың қатарына: мүліктік, саяси, экологиялық, әкімшілік сипаты бар саяси орын алады. Оларды реттеу үшін біркелкі тәсілдер жоқ. Сондықтан мемлекет керек кезде басымдық көрсетеді. Тыйым сала алады немесе рұқсат беріп тараптардың тепе теңдігін қамтамасыз етеді.

Белгілері:

Реттейтін құқық пәні.

Мемлекеттің қалыптастыратын зер заңдарының жүйесі.

Жер құқығының өзіндік қағидалар жүйесінің болуында.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.016 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал