Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Д)дауыс беруге екіден аспайтын кандидат саны қатысып олардың бір де бірі сайланбай қалған жағдайда




Е) сайлау бюллетеніне екіден артық кандидат енгізіліп, олардың бір де біреуі сайланбай қалған жағдайда

Жауап: Е

 

508. Кімдердің сайлауы мемлекеттік қаржыландыруға жатпайды:

А) Президенттiң сайлауы

В) Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауы

С) Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы

Д) мәслихаттар депутаттарының сайлауы

Е) өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы

Жауап: В

 

509. Мыналардың сайлауды (сайлау шараларын) қаржыландыруына рұқсат етіледі:

А) шет елдердiң заңды тұлғалары

В) азаматтығы жоқ адамдар

С) шетелдiк мемлекеттiк органдар

Д) сайлау комиссиялары

Е) халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер

Жауап: Д

 

510. Төмендегі жағдайлардың қайсысында сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылмайды:

А) кандидат өз кандидатурасын алып тастаған жағдайда

В) саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған жағдайда

С) дерегi жоқ қайырмалдықтар болса

Д) кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда

Е) кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда

Жауап: С

 

511. Дауыс беру уақытын келесі орган ұзартуы мүмкін:

А) орталық сайлау органы тиiстi әкiмнiң ұсынысы бойынша

В) аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары кандидаттың немесе саяси партияның ұсынысы бойынша

С) аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша

Д) ҚР Президенті сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша
Е) жергілікті сайлау комиссиялары жергілікті халықтың ұсынысы бойынша

Жауап: С

 

512. Дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау басталады:

А) жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада

В) жергiлiктi уақытпен кешкі сағат алтыда
С) жұмыс уақыты аяқталғаннан соң дереу
Д) соңғы сайлаушы дауыс беріп біткеннен кейін
Е) дауыс беру аяқталардан қырық минут бұрын



Жауап: А

 

513. Сайлау кезінде дауыстарды қайта санау кімнің талабы бойынша жүргізіледі:

А) сенім білдірілген адамдардың

В) әкімдердің

С) маслихат депутаттарының

Д) мемлекеттік хатшының

Е) сайлаушылардың 50 пайызынан астамының

Жауап: А

 

514. Сайланған Республика Президентiн тiркейдi:

А) аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде

В) Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде

С) Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн iшiнде

Д) аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде

Е) Әділет министрлігі Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күнде

Жауап: С

515. ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

А) сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге 4 ай қалғанда аяқталады
В) сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге 1 апта қалғанда аяқталады
С) сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге 1 ай қалғанда аяқталады
Д) сайлау өткізілетін күнге 4 ай қалғанда басталып, 1 ай қалғанда аяқталады
Е) сайлау өткізілетін күнге 5 ай қалғанда басталып, 1 ай қалғанда аяқталады



Жауап: С

 

516. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізім ұсынған келесі саяси партиялар жалпы сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде ғана сайлау жарнасын төлейді:

А) бүкіл республика аумағында филиалдары бар және мүшелерінің саны 50 мыңнан асатын саяси партиялар

В) алдыңғы сайлауға қатысқан барлық саяси партиялар

С) алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

Д) Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия

Е) республиканы өркендету ісіне белсенді қатысып жүрген саяси партиялар

Жауап: Д

 

517. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізім ұсынған келесі саяси партиялар жалпы сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде ғана сайлау жарнасын төлейді:

А) бүкіл республика аумағында филиалдары бар және мүшелерінің саны 50 мыңнан асатын саяси партиялар

В) алдыңғы сайлауға қатысқан барлық саяси партиялар

С) алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

Д) Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия

Е) республиканы өркендету ісіне белсенді қатысып жүрген саяси партиялар

Жауап: Д

 

518. Бiр мәселе бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстарды қайтадан қарау жүргізіледі:

А) аталған мәселе қаралғаннан кейін екі апта ішінде

В) аталған мәселе қайта ұсынылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде
С) аталған мәселе жөнiнде алдыңғы шешiм қабылданғаннан кейiн кемiнде екi жыл өткеннен соң
Д) аталған мәселені алғашқы ұсынғаннан кейін бес жыл өткен соң
Е) аталған мәселені қарау кез-келген уақытта болады
Жауап: С

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал