Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.




Алпыс нарың болғанша, ақылды жарың болсын.

Иманды күшейту үшін мұсылман бауырлармен дос бол.

Мейірімді ұстаздың жүзінен нұр төгіліп тұрады.

Кез-келген адам талғамды бола бермейді, талғам – туа біткен қасиет десе де болады.

Инабатты қыз – өмір көркі деп бекер айтылмаса керек, қыз баланың әдепті, ибалы, инабатты болып өсуі ата-ана мен өмір мектебінің көрінісі.

 

49. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:

Қара шаңырақтың иесі менің кенже бала Асылбек.

Жастар жан-жақты болуға талпынса, еліміздің болашағына алаңдамауға болады.

Білім беру жағынан Қазақстанның деңгейі жоғары деп есептеймін.

Әрбір ер азамат ең әуелі мамандық таңдаудан, сонан соң жар таңдаудан қателеспеуі керек деп есептеймін.

Адам өмірінің ең тамаша да қызықты кезі – ол студенттік өмірі.

 

50. сөйлем құраңыз:

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады.

Бәйтерек – Астананың символы.

Әйгілі Құрманғазы Динаны арнайы іздеп келіп, оған батасын берді деседі...

Күмбезді бейіт салу – ежелгі дәстүр.

 

51. берілген сөздермен сөйлем құраңыз:

Әдептілік – әр адамның мәдениеттілігінің бір белгісі.

Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады.

Қасиет– адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым.

Менің ойымша, ең сұлу қыздар – иманды қыздар.

Сыйластық бар жерде барлық ұлы сезімдер орын табады.

 

52. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:

Қазақ ұлты үшін демография – ең өзекті мәселелердің бірі.

Ауылдың дамуы – елдің дамуы екендігін ауыл азаматтары естерінен шығармаса игі.

Теңгенің құнсыздануы елдегі жұртшылықты алаңдатты.

Пайдалы кеңесті есімізге сақтап, келешекте жарату үлкен игілік.



 

53. Сөйлем құраңыз:

Жібек жолы – әлемдік өркениеттің Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы жол салған жарқын көрінісі.

Сауда-саттық еңбектенудің бір түрі.

Айша бибі кесенесі тек қана ерекше сәулетімен қатар, Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат туралы аңызымен қызықтырады.

Шет елдерге сапар шегу арқылы сол елдің салт-дәстүрі, мәдениетімен қатар, өмір сүру дағдыларымен танысасың.

Өмірімізді нұрландыру, суретті түрлі түсті бояулармен бояғанмен пара-пар.

 

54. Сөйлем құраңыз:

Жер жүзіндегі барша балалар ата-аналық махаббатқа лайық.

Күннің ауа-райының құбылмалы болуынан не киерімді де білмей отырғаным.

Еліміздің көп аймақтарында орын алған жаңбырлы ауа-райы көңілді түсірді.

Қазақтың дархан даласына не жетсін, шіркін!

Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.



55. Сөйлем құраңыз:

Бағалы тастар - әдемi, көз тартарлық жылтырақ қасиетке ие.

Көшкен керуеннің соңынан қол бұлғап қала бердім.

Сауда саттық жасап жүрген саудагерлер Алматыға қарай беттеді.

Халықаралық күре жол екі жылға жетпей бұзыла бастады.

Айнаымдағы тауарлардың бағасы доллардың өсуіне байланысты өсіп жатыр.

 

56. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз;

Көне түркі ескерткіштеріне барып келдік.

Мексикада күн мен түннің теңелу күні мереке ретінде тойланады.

Араздық — адамның мінез-құлқындағы өштесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты жағымсыз қылықтар.

Ренжіскен жандар қасиетті Рамазан айына татуласуы қажет.

Сылы қонақ босағада отырмайды деген қазақ мәтелде терең мағына жатыр.

Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам.

Әжемнің үйінде барсам сүр ет жеп қайтам үнемі.

 

57. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз;

Қазақтың қазысы мен қартасына шіркін не жетсін!

Наурыз көжені наурызда бір аңсап ішеміз.

Қымыз қазақ халқының ұлттық сусыны.

Көршім тарыны жақсы қуырады.

Қоспа – бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе.

Ірімшік — сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі .

Ануардың ауылдан әкелген құртының дәмі ерекше.

 

58. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз;

Қазақ елі жастар белсенділігімен қарқынды даму үстінде.

Қар барысын сақтап қалу мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Бурабай-Көкшетаудың ең бір әсем және шипалы орны.

Шет елден келген қонақтардықазақ елінің ғажайып табиғатымен тамсандырар жерлері көп

Мектеп мүсіншілерімен бірге оқушылар мектеп ауласына қардан әсем мүсіндер дайындады.

 

59. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:

Інім мейірімді, бауырмал болсын деп атын Мейірбек қоғай болатынмын.

Жақсы адамның жолын тілеу мақсатында Асылымның тұсауын кесу бақыты үйдің үлкені Нағашыбай атамызға берілді.

Адамға айталған ауыр сөз жүрекке қадалған оқпен тен.

Жолы болу, жолы болмау әр адамның ұмтылысына, ішкі рухани жігеріне тікелей байланысты.

 

60. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз:

Жүректі шымырлатып ерекше сөзімге бөлер өлең жолдарын оқығанды ұнатамын.

Күздік соғым қуырдағынан дәм татуға шақырған көршіме алғысым шексіз.

Тойдың дәмінен көршілердің балаларына той көп болсын деген ниетпен таратып бердім.

Сый табақ— құда-жегжаттық қатынасы болмаса да, ерекше сый құрметке ие адамдарға арнайы тартылатын табақ.

Бал қуырдақ – көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады.

 

 


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.012 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал