Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






МаҒжан жҰмабаевтыҢ “тҮркістан” ӨлеҢіндегі тілдік ерекшеліктер

 

 

Мағ жанғ а дейінгі, шамамен екі ғ асырлық кезең патшалық Ресейдің Тү ркістан аймағ ын басып алу мақ сатында жү ргізген саясатында туғ ан ә рекетімен жә не Тү ркістан халқ ының оғ ан қ арсылық кө рсетуімен ө ткен. Ғ асырлар бойы кең жазира қ ала қ анғ а бө гіп, ел қ ажып кү йзеліп, халық жаны мен жү регіне жара тү скен. Ал Мағ жан туғ ан жылдары Тү ркістан аймағ ы тү гелімен патшалық Ресейдің езгісінде болатын. Бірақ соғ ан қ арамастан Тү ркістанда қ алыпты бір жү йе қ ұ рылмағ ан еді. Тү ркістан халқ ының патшалық Ресейдің жаулап алу саясатына қ арсы жү ргізген кү ресі енді саяси ү стемдікке наразылық білдірген бітпес бас кө теруге айналды. Ал, бұ л кө терілістерді патша ә скерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағ жан Ресейдің Тү ркістан аймағ ында отаршылдық саясатын кү шейту мен славян тектес кө шпенділерді жаппай Тү ркістан территориясына қ оныстандыруына қ арсы Тү ркістан аймағ ының 1916 жылғ ы кө терілісіне де куә болды.

Тү ркістан ө ң ірінің тә уелсіздігі ү шін жү ргізген кү ресі жолында халық тың қ аншама қ аһ арман ұ лының қ аны тө гіліп, қ аншама бір туар зиялы перзенті қ ылқ аламын найза етіп жан аямай кү ресті. Олардың ішінде Мағ жанның алар орны ерекше. Мағ жан Жұ мабаев – ұ зақ қ а созылғ ан бодандық кезең інде келімсек отаршылдардың халық жадынан ө шіруге тырысқ ан рухани байлығ ын сақ тап қ алуғ а бү кіл ғ ұ мыры мен ә деби кү ш жігерін арнағ ан ұ лы тұ лғ алардың бірі. Ол жанын қ ұ рбан еткен қ асиетті кү рес тек оның ө лімінен кейін жең іс тапты. Келешек ұ рпағ ына ол армандағ ан бақ ытты кү ндерде ө мір сү ру нә сіп болды. Қ айсар ел перзентінің қ ұ рметке лайық ө негелі істерін мә ң гі есте сақ тап, ардақ тау біздің қ асиетті парызымыз. Мағ жан ө лең дерінде ә р сө з, ә р сө з тіркесі, ә р ө лең жолы, сонымен қ атар шумақ тар талдауды қ ажет етеді. Себебі, ө лең дерінде мынадай логикалық байланысқ а шығ уғ а болады: жалпыдан жекеге, жекеден жалпығ а ө ту. Мысалы: Тү ркістан – екі дү ние есігі ғ ой, Тү ркістан – ер тү ріктің бесігі ғ ой.

Тамаша Тү ркістандай жерде туғ ан, Тү ріктің Тә ң ір берген несібі ғ ой. «Тү ркістан – екі дү ние есігі ғ ой» - бұ л жолдағ ы «екі дү ние» сө зі, біріншіден «дү ние» сө зі полисемия, екіншіден «екі дү ние» тіркесін кө птеген мағ ынада тү сінуге болады. Мү мкін ол жаң а мен ескінің арасы, мү мкін ғ ылым мен ө нердің, мү мкін фә ни мен бақ илық, тіпті кешегі ө мір мен бү гінгі тіршіліктің нысаны болар. «Екі дү ние» сө зі метонимия, яғ ни мұ нда ол қ андай дү ние екенін жасырын кү йде, тек ү лкен ой сала отырып берген. Ал «есік» сө зі осы сө з тіркесіне жалғ ана метофора болады. «Тү ркістан – ер тү ріктің бесігі ғ ой» деген ө лең жолындағ ы «тү рік» сө зінің этималогиясына тоқ талсақ ол «ер жү рек, батыл» деген мағ ына береді. Бү гінде «тү рік» атауы жалпылама мағ ынада қ олданылады. Ал «бесік» сө зі кіндік қ аны тамғ ан, туғ ан жер деген мағ ына ү стейді. «Тү ркістан – екі дү ние есігі ғ ой, Тү ркістан – ер тү ріктің бесігі ғ ой» деген жолдардан параллелизм ә дісін кө руге болады. Дә лел: біріншіден «екі дү ние»сө зінде –(нің) жұ рнағ ы жасырын, екіншіден «есік»сө зі ұ лттық санамызда қ алыптасқ ан бірнеше мағ ына береді. Айталық, ө мірге келгенде ме, ә лде ү йге кіргенде ме алғ аш ашылатын есік. Сол сияқ ты, бесік те нә рестенің дү ниеге келгендегі ең алғ ашқ ы орны болып табылады. Сонымен қ атар, Тү ркістанғ а назар аударту ү шін, ө лең ге бірден ену ү шін «тү рік» сө зін қ айталау амалын қ олданады. Бұ л шумақ та «т»ә рппінен қ ұ ралғ ан аллитерация қ ұ былысы кездеседі. «Тамаша Тү ркістандай жерде туғ ан тү ріктің Тә ң ір берген несібі ғ ой» деп қ ара сө збен айтсақ дұ рыс болады. Мұ ндағ ы «тамаша» сө зі эпитет. Ал соң ғ ы тармақ шумақ ты қ орытындылайды. Мағ жан бұ дан кейінгі шумақ тарда қ ысқ а, бірақ нақ ты тарихи мә ліметтер бере кетеді.



Мысалы: Ертеде Тү ркістанды Тұ ран дескен, Тұ ранда ер тү рігім туып ө скен. Тұ ранның тарихы бар толқ ыламалы, Басынан кө п тамаша кү ндер кешкен. Бірінші тармақ та «Ертеде Тү ркістанды Тұ ран деген» деп айтса да болады, бірақ онда ақ ын ортақ мә нді беретін жұ рнақ ты қ оса отырып, халқ ын саналы тү рде тү гелдейді, тарихын – «толқ ымалы», кү ндерін – «тамаша» деген шынайы эпитеттермен ә серлейді.

Тұ ранның тарихи бар отты желдей, Заулағ ан қ алың ө рттей аспанғ а ө рлей.

Тұ ранның жері мен суы да жат, Тең іздей терең ауыр ой бергендей, - дегендегі от сө зі, Мағ жанның ө лең деріндегі бір ерекшелік десек те болады, зор символғ а ие. Бұ ны тағ ы ақ ынның мынадай ө лең жолдарынан кө руге болады: «Ерте кү нде отты Кү ннен Гү н туғ ан, Отты Гү ннен от боп ойнап мен туғ ам, От дегенің аспан ғ ой, Аспан жерді басқ ан ғ ой, немесе Отқ а табын, Тә ң ір от, Оттан басқ а Тә ң ір жоқ». Сондай-ақ жел сө зі де «Жел еш нә рсеге тең емес, Тау да жолын бө гемес», «Жерде желмін гулеген» сияқ ты ө лең жолдары туындыларында кө птеп кездеседі. Тарихымызды осы аталғ ан символдарды қ оса атап, заулағ ан қ алың ө рттей аспанғ а ө рлеген отты желге тең ейді. «Тұ ранның жері мен суы да жат» деген тармақ та «жат» сө зі бө тен, басқ а, бө где деген мағ ынада емес. Мағ жанның қ олданысында ол «тамаша, керемет» дегенді білдіреді [1, 216]. Ақ ынның тең іздей терең, тең іздей ауырғ а тең еген ойы – Тұ ранның тарихы, жері мен суы. Мұ нда Мағ жан тең еуді пайдаланады. Бұ л шығ арманы тү гел дерлік оқ ып шық сақ, оның бір асып толқ ығ ан кө ң іл-кү ймен жырлағ ан отанғ а, жерге, елге, тарихқ а деген сү йіспеншілігін, зор қ ұ рметін анық байқ аймыз. Ал, енді осы жолдан ақ ын осының бә рін ойлай отырып, ойы сол кездегі Тұ ранның басынан ө тіп жатқ ан қ иын-қ ыстау кезең і, жері мен суының отарлануы жанына батады. Жерге, суғ а деген қ имастық сезімі сезіле, ө лең ін ары қ арай ө лең жолдарымен ө реді.

Тұ ранның шегі-шексіз шө лі қ андай, Тең іздей кемері жоқ кө лі қ андай! Тұ ранның дария аталғ ан ө зендері, Тасыса шө лді басқ ан селі қ андай! Тұ ранның таулары бар аспанғ а асқ ан, Мә ң гіге басын аппақ шаштар басқ ан. Бауырында ерке бұ лақ салады ойнақ, Жарылып таудан ақ қ ан салқ ан жастан. Енді осы жерден бір қ айыра талдап, аша кетсек...Тө ртінші шумақ тү гелімен кө з алдымызғ а, айталық, шексіз шө л, кемері жоқ кө л, ө зеннің селі, махаббат пен мақ танышқ а толы сезіммен суреттеледі. Интонация – дауыс толқ ыны сө йлегенде сө з мағ ынасын ә серлі жеткізу ү шін дауыстың қ ұ былып, жоғ арылап, тө мендеп ө згеріп отыруы, сө здің мә нерімен, ә р тү рлі сезіммен айтылуы [2, 170]. Бұ л шумақ та ажар беріп, оның мағ ынасын толық тырып тұ рғ ан тә сіл – интонация. Сонымен қ атар, шө лі қ андай, кө лі қ андай деген сө з тіркесіне аяқ талғ ан жолдарда параллелизм ү лгісі, яғ ни шумақ басындағ ы дыбыстың бірың ғ ай қ айталануы кездеседі. Алдың ғ ы қ ұ былыстан соң ғ ы қ ұ былысты асыра асқ ақ тата градация тә сілін қ олданғ ан. Бесінші шумақ та сол суретті жалғ астырып, аспаннан асқ ан тауларын, оның басын мә ң гіге жапқ ан қ арды аппақ шашқ а ауыстыру (метафора) арқ ылы тамаша ү лгіде суреттейді. Келесі жолдары сондай ә демі. Ол жердегі ерке бұ лақ – айқ ындау (эпитет), таудан ақ қ ан салқ ын жас сияқ ты сө з тіркесі бұ лақ тың бастау алар кө зі. Бұ л жолдардан жай ғ ана бұ лақ ты балаша ойнатып, бастауды тірі жандай жылатып, жандандырып адам қ ылығ ымен ауыстыра суреттеген. Шығ армада жансыз табиғ ат қ ұ былысы кә дімгі тірі кісінің қ ылығ ымен ауыстырыла суреттеледі. Қ ұ былтудың мұ ндай тү рі – кейіптеу деп аталады [3, 234]. Мағ жан Жұ мабаев кейіптеу тә сілінің керемет ү лгісін кө рсеткен.

Шө лдер бар, желде жү рмес сап-сары қ ұ м, Моладай ешбір ү н жоқ, мә ң гі тып-тың. Болмақ па жан-жануар шексіз шө лде, Сары қ ұ мда салар ойнақ пері мен жын. Шексіз шө лдегі сап-сары қ ұ м деген сө з тіркесі қ арапайым эпитет тә сілі арқ ылы жасалғ ан. Мә ң гі тыныштық орнағ ан шө лде тірі жан жоқ деп оны молағ а тең ейді. Ақ ын енді Тұ ран ө лкесіндегі суаттарғ а тоқ талып, оның кешегісін де айта отырады. Тұ ранның тең із дерлік кө лдері бар, Шалқ ығ ан шегі шетсіз тең із Арал. Бір шетте қ асиетті Ыстық кө лдің, Бауырың да дү ние кө рген тү рік кө кжал. Ертеде Оқ ыс, Яқ сарт-Жейхун, Сейхун, Тү ріктер бұ л екеуін дария дейтін. Киелі сол екі су жағ асында, Табасың қ асиетті бабаң бейтін. Бұ л шумақ тарда кө лдерін тең ізге (дерлік шылауын қ олдана) тең ей отырып, Аралды шалқ ытып, Ыстық кө лдің қ асиетін асырып айқ ындайды. Дә л осы кө лде «Бауырында дү ние кө рген тү рік кө кжал» дейді. Тү ркі халық тарында, соның ішінде қ азақ жұ ртшылығ ында бө рі тотем ретінде танылғ ан. Ол тарихтың терең қ атпарларында қ алыптасқ ан мифтік аң ыздар мен балбал тастардың қ айнауында. Сү йінбай ақ ын жырлағ ан «Бө рі басы ұ раным, Бө рілі менің байрағ ым» деп толғ ағ ан. Оқ ыс, Жейхун – Амудария, Яқ сарт, Сейхун – Сырдария ө зендерінің атаулары. Оқ ыс, Яқ сарты – латындар қ ойса, Жейхун, Сейхун арабтар берген атау [4.355], [5.492.] «Табасың қ асиетті бабаң бейтін» деген жолда ақ ын бү кіл ө лең қ ұ рылысында айтпағ ан бабаң бейті ол қ андай бейіт? Ә рине, қ асиетті Қ ожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесі.

Тұ ранның Тянь Шаньдай тауы қ алдай, Пар келмес Тянь-Шаньғ а таулар талай!

Еріксіз ер тү рікті ойғ а аларсың, Кө кке асқ ан Хантә ң іріге қ арай-қ арай.

Балқ ашты бауырына алғ ан Тарбағ атай, Жоталы жер кіндігі – Памир, Алай.

Қ азығ ұ рт қ асиеті тау болмаса, Топанда Нұ қ кемесі тоқ тар қ алай? – деген шумақ тарда Мағ жан тауарларды атап кө рсетеді. Ер тү рікті Тянь Шаньдай алып таудың, ең ә демі, ең биік, ақ мә рмә рдан шың ы жылтырайтын Хантә ң іріне салыстыра тең ейді жә не шешендестіріп отыр. Балқ аш бойлап орналасқ ан Тарбағ атайды да ұ мытпайды. Келесі жолда І. Жансү гіров: «Гималай кө ктің кіндігі» десе, М.Жұ мабаев: «Памир, Алай – жер кіндігі» дейді жә не жоталы жердің кіндігі екенін кө рсетеді. Одан кейін Қ азығ ұ рттың жайын жырлайды. Осы жерге дейін Мағ жан кө з алдымызғ а Тұ ран ө лкесінде бейне бір географиялық картасының суретін жырмен салды. Дә л осы жерден байқ ап қ арасақ, ақ ын алшақ тығ ын сездірмей жағ рафиядан тарихқ а кө шеді де халық тың жадында жатталып қ алғ ан аң ыз ө лең жолдарын еске тү сіреді: «Басында Қ азығ ұ рттың кеме қ алғ ан. Ол Ә улие болмаса неге қ алғ ан? Жетім бота тү бінде жатып алып, Ойсыл қ ара жануар содан қ алғ ан» [6.40]. Шумақ тың басында дыбыстың қ иысуы байқ алады: Б алқ ашты б ауырына, ж оталы ж ер, Қ азығ ұ рт қ асиетті

Тұ ранның жері де жат, елі де жат, Қ ұ йындай бастан кешкен кү ні де жат.

Тұ ранды тү гелімен билеп тұ рғ ан, Ертеде ертегі хан Афрасияб.

Жоғ арыда атап кө рсеткендей «жат» сө зі бұ л тамаша, керемет деген мағ анада екендігін бірінші жолда кө рсетсе, енді екінші жолда олай емес «жат» сө зінің тағ ы бір мағ ынасы жадылап алу, сиқ ырлау дегенді білдіреді [7.500]. Басынан кешіп жатқ ан кү нін қ ұ йынғ а тең ейді. Яғ ни патшалық Ресейдің саясаты, отарлауы, қ азақ халқ ының басына тү сірген ауыртпалығ ы қ ұ йындай ұ йытқ ып басынан кетпей тұ рғ анын мең зейді ақ ын.

Афрасияб – аң ызғ а айналғ ан тарихи адам, ә деби образ. Ол – ежелгі тү ркі тайпаларының ел ағ асы, Иран патшаларымен жауласумен даң қ ы шық қ ан кө сем деп Фирдаусидің “Шахнамесінде” айтылады, Махмұ д Қ ашқ ари айтуынша, Афрасиябтың тү рікше аты – Тоң Алып. Тұ рғ ан ө лкесі ежелде «Афрасияб жұ рты» деп аталғ ан [4.600].

Алып Ер Тоң а елді ме? Жаман дү ние қ алды ма?

Заман ө шін алды ма? Енді жү рек жартылар, - деген жоқ тау жолдары «Кү лтегін мен Тоныкө к» кө не жазба ескерткіш жазуларында бар [8.85].

Ежелден жер емес ол қ арапайым, Білесің тарихты ашсаң Тұ ран жайын.

Тұ ранғ а қ асиетті қ ұ мар болғ ан, Ертеде Кей-Қ ысырау мен Зұ лқ арнайын...

Кей-Қ ысырау мен Ескендір Зұ лқ арнайын – ежелгі дү ниенің аса ірі қ олбасшылары. Мысалғ а сондай кү шті қ олбасшы Александр Македонский Тұ ран ө лкесін ү ш жылдай жаулап ала алмай, ақ ыры кейін қ айтқ аны тарихтан белгілі.

Тұ ранғ а жер жү зінде жер жеткен бе? Тү рікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақ ыл, отты қ айрат, жү йрік қ иял, Тұ ранның ерлеріне ер жетке бе?!

Осы ө лең нің ә рбір тармағ ында дерлік тү рік пен оның отаны Тұ ран туралы сө з қ озғ айды. Мағ ыналарын толық алуғ а тырысады. Ө лең де шө лдерін, кө лдерін, селдерін, тауларын, қ азақ тың даласын, жерін жырғ а қ осады. Сол сияқ ты бұ л шумақ та Тұ ран ө лкесінің халқ ына, жеріне ешкім, ешнә рсе жетпейтінін кө рсетеді. Бірінші жолда «Тұ ранғ а жер жү зінде жер жеткен бе?» жә не соң ғ ы жолда «Тұ ранның ерлеріне ер жеткен бе?» деген жолдарда ж ә ріпін қ айталайтын аллитерация қ ұ былысы, сонымен қ атар е ә ріпін қ айталайтын ассонанс та бар. Шумақ тұ тас дерлік синтаксистік параллелизмге қ ұ ралғ ан. Ақ ын жер – ел – ер байланысын шығ арманың ө н бойында алып жү реді. Абай «нұ рлы ақ ыл, ыстық қ айрат, жылы жү рек»десе, Мағ жан «кең ақ ыл, отты қ айрат, жү йрік қ иял» деген тың эпитеттерді Тұ ранның ерлеріне байланысты қ олданғ ан.

Тумайды адамзатта Шың ғ ыстай ер, Данышпан, тұ ң ғ иық ой, болат жігер.

Шың ғ ыстай арыстанның қ ұ р атыда, Адамның жү регіне жігер берер.

Шың ғ ысханды данышпан, ойы тұ ң ғ иық, болаттай жігерлі екендігін суреттейді. Шың ғ ысханды арыстанғ а тең еп, есімінің ө зін айтқ анда шынында да қ аһ арлы, зор тұ лғ аны сеземіз.

Шың ғ ыстан Шағ атай, Ү кітай, Жошы, Тө ле, Атағ а тартып туғ ан бә рі бө рі.

Шың ғ ыстың қ ол бастағ ан екі кө зі: Жолбарыс, Сұ пытай мен кө кжал Жебе...

Шың ғ ысханның тікелей мұ рагерлері бә йбішеден тарағ ан тө рт ұ лын бө ріге тең ейді. Шың ғ ысхан Жебе мен Сұ пытайды «ө зімнің қ андас бауырларым, ө зімнің сенімді кү шіктерім» деп атап, ә скер басшысы қ ылғ ан сенімді серіктері етті[5.465].

Тұ ранның билері бар Тарағ айдай, Сол биден Темір туғ ан от боп ойнай.

От шашып жер жү зіне Ақ сақ Темір, Жарқ етіп ө те шық қ ан нажағ айдай.

Ақ ынның «Ақ сақ Темір сө зі» деген ө лең інде Ақ сақ Темірді нағ ыз билейтін қ олбасшысы екенін айта отырып «Жер тә ң ірісі Темірмін, Жеріме тә ң ірім тимесін. Жер тә ң ірісі Темірдің, Тұ қ ымы – тү рік, заты – от!» деген жолмен аяқ талады. Бұ л ө лең мен осы шумақ сабақ тас болып келеді. Ақ сақ Темірді – жарқ етіп ө те шық қ ан найзағ айғ а тең ейді.

Тұ ранды мақ тамаймын тіпті текке, Онсыз – ақ Тұ ран таныс талай шетке.

Сырласқ ан ү йде отырып аспан кө кпен, Білгіш аз жеткен жү йрік Ұ лық бекке.

Асыл қ ан – қ асиетті тү рік қ аны, Сол қ аннан – Ибн – сина Ә буғ али.

Молдығ ы білімнің сиқ ыр дерлік, Дү ниеге мұ ндай адам туды ма ә лі?

Тү ріктің кім кеміткен музыкасын, Фараби тоғ ыз шекті домбырасын?

Шерткенде тоқ сан тоғ ыз тү рлендіріп, Жұ банып, кім тыймағ ан кө здің жасын?!

Осы ү ш шумақ та ғ ылымның кө зін тапқ ан, басқ а елдің ғ алымдарынан озғ ан данышпандарымызбен мақ танады. Ұ лық бекті білгіштердің жү йрігіне, Ибн-синаның білімін сиқ ырғ а тең еп «дү ниеге мұ ндай адам туды ма ә лі?» деп жалпығ а сұ рай арнайды. Яғ ни ол Қ.Жұ малиевтің пікірінше: «Сұ рай арнаудың бір тү рі – риторик сұ рау, ойын сұ рау, жауап ретінде айтушылық. Риторик сұ рау жауапты керек етпейді. Сұ рай арнауда жауап беру міндетті болмасада, оқ ушығ а бұ л сұ рауды неге беріп отыр деген ой тү суі мү мкін. Ал риторикалық сұ рауда сұ раудың не ү шін қ ойылатындығ ы оқ ушыларғ а тү сінікті, ә р сұ раудың жауабы оқ ушылардың ойында тұ рады» [9.133].

Тұ ранда тү рік ойнағ ан ұ қ сап отқ а, Тү ріктен басқ а от болып жан туып па?

Кө п тү рік енші алысып тарасқ анда, Қ азақ та қ ара шаң ырақ қ алғ ан жоқ па?...

Бұ л шумақ та да қ ойылғ ан сұ рақ тарғ а жауап кү тпейді, ө йткені олар жауапсыз-ақ тү сінікті сұ рақ тар, яғ ни сұ рай арнау болып табылады. Соң ғ ы тармақ мә н аударарлық. Ерекшелік «қ азақ» сө зінің ө лең де алғ аш қ олданылуы жә не қ азақ тың жеке ө зіне байланысты тарихқ а кө шуі. Соң ғ ы тармағ ында былай дейді: «қ азақ та қ ара шаң ырақ қ алғ ан жоқ па?». Мұ ндағ ы қ азақ тың қ ара шаң ырағ ы – жеті атасынан бастап, мұ ра болып келген киелі ордасы. Яғ ни ол: Тұ ран, Тү ркістан, Жетісу, Сырдария, Тянь-Шань.

Арыстан елге отан болғ ан Тұ ран, Тұ ранда қ азағ ым да хандық қ ұ рғ ан.

Қ азақ тың қ асқ а жолды Қ асым ханы, Тұ ранның талай жерін билеп тұ рғ ан

Ә діл хан аз болады Назардайын, Алашқ а Есім ханның жолы дайын.

Тә укедей данышпан хан қ ұ рғ ан екен, Басында кү лтө бенің Қ ұ рылтайын.

Бұ л Тұ ран ежелден-ақ алаш жері, Тұ ранның тарқ амағ ан алаш шері.

Тұ ранның топырағ ында тыныштық тапқ ан, Алаштың арыстаны Абылай ері.

Тұ раннан Сарыарқ аны бө лек деме, Тү ркістан алты алашқ а болғ ан кебе.

Тұ ранның топырағ ын қ ұ шып жатыр, Кешегі ердің ері кө кжал Кене

Осығ ан байланысты атақ ты тү рік қ айраткері Мұ стафа Кемал Ататү ріктің мынадай айтқ ан сө здері бар: «Тү рік баласы ата-бабасын танып білген сайын ұ лы істер жасау жолында тек ө з бойынан ғ ана кү ш-қ уат табады» [10.3]. Бұ л дә л осы жерде Мағ жанғ а қ атысты айтылғ ан секілді. Ақ ын ө з елі ү шін жанын қ ұ рбан еткен ұ лдарын саралап отыр: «Қ асым ханның қ асқ а жолы», Ең сегей бойлы Ер Есім аталғ ан «Есім ханның ескі жолы», қ ой ү стінде бозторғ ай жұ мыртқ алағ ан жылдарындағ ы Тә укенің «Жеті жарғ ысы», қ азақ халқ ының ұ лы хандарының реформатор екендігі. Ол заң дар халық тың игілігі ү шін қ ызмет еткен. Тарихтан белгілі Назар немесе Хақ назар қ ырық жылдан астам уақ ыт ө зінің атына сай хақ, ә діл хан болғ ан. «Кү лтө бенің басында кү нде жиын» деген бірауыз сө з қ алғ ан. Расында да жоң ғ арлар бір жақ тан, қ алмақ тар бір жақ тан қ ысқ анда Тә уке хан ү ш жү здің ү ш биін жинап қ ұ рылтай ө ткізген. «Бірлік тү бі – жең іс» дегендей ауызбіршілік бар жерде қ азақ халқ ы жең іске жетіп отырғ ан. Сабалақ бала атанып, еліне қ ұ т ә келетін данышпан, ақ ылгө й ұ лы ханы болатынын кім білген? «Алаш, алаш болғ анда, туырлығ ымыз киіз, керегеміз ағ аш болғ анда, бә ріміз бір анадан туғ ан болайық» [11; 51] деп ұ рандағ ан алты сан Алаш, яғ ни алты рулы ел қ ыпшақ, найман, қ аракесек, алшын, қ оң ырат, жалайыр – «Тү гел сө здің тү бі бір, Тү п атасы Майқ ы би» [4.247] деп Майқ ы биді ежелгі атасы ретінде санағ ан, бірегей ұ лт екенін кө рсеткен. Кенесары туралы ақ ын «Сырдағ ы алашқ а» деген ө лең інде былай дейді: «Арқ ада Бурабайғ а жер жетпейді, Алашта Кенекеме ер жетпейді».

Шер батса кім іздемес туғ ан елін, Тұ лпар да кө ксемей ме туғ ан жерін.

Арқ аның ардагері – қ алың алаш, Тұ ран да, біле білсең, сенің жерің!

Қ азақ халқ ында «Туғ ан жердей жер болмас, Туғ ан елдей ел болмас», «Отансыз адам – ормансыз бұ лбұ л» деген аталы сө здер бар. Қ азақ соң ғ ы сапарғ а аттанарда да ө з елімде, ө з жерімде сү йегім қ алса екен деп, ө лгенде де туғ ан ел, туғ ан жердің қ адірін тү сінген. Шер бату, уайымнан, мұ ң нан туғ ан сағ ыныштың қ атты батқ анын айтады. Салыстырмалы тү рде «Тұ лпар да кө ксемей ме туғ ан жерін?» деп сұ рай арнайды. Ол жауапсыз риторикалық айшық десек те болады. Параллелизм ү лгісі де бар. Арқ адағ ы қ алың алашқ а Тұ ранның қ азіргі қ айғ ылы жайын ойлануғ а шақ ырады.

Ертеде Оқ ыс, Яқ сарт-Жейхун, Сейхун, Тү ріктер бұ л екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағ асына, Болмаса, барсаң шы іздеп бабаң бейтін!

Жыр соң ындағ ы соң ғ ы шумақ, соң ғ ы тармақ «Болмаса, барсаң шы іздеп бабаң бейтін!» деп аяқ талады. Сө з басында ең алғ ашқ ы шумақ та мынадай заң дылық айтылды: жалпыдан жекеге, жекеден жалпығ а шығ у жолы. Осығ ан дейін жалпыдан жекеге шық қ анбыз, Тү ркістаннан Тұ ранғ а кө шіп оны жеке-жеке бө ліп, шашып, барлық дү ние қ амтылғ ан. Енді дә л осы жерде, керісінше, жалпыдан жекеге қ айту, яғ ни Тұ раннан Тү ркістанның дә л ө зіне, нақ тылай айтса, дә л осы қ аладағ ы дара ү лгі ө негесімен бү кіл тү ркі жұ ртын ислам іліміне бағ ыттағ ан, бұ дан кейінгі танымы мен тү сінігін қ алыптастырғ ан, алпыс ү ш жасында ө з еркімен қ ылуетке тү сіп, дү ниенің ақ иқ атына жетуін мұ рат еткен ұ лы бабамыз Қ ожа Ахмет Яссауидің қ асиетті бейітіне қ айтамыз. Тү ркістан – тұ тас, ортақ, жалпы бірегей шежірелі ө лке екеніне ақ ын кө зімізді толық жеткізгенін тү сінеміз. Сө з соң ында ақ ынғ а мынадай шынайы бағ а берілгенін айтқ ымыз келеді: «Мағ жан – қ азақ халқ ының ғ ана емес иісі тү ркі дү ниесінің ұ лы дауылпазы» [2.4]. Мағ жан шығ армашылығ ы қ азіргі таң да миллиондағ ан ұ рпақ тардың тә уелсіз жү ректерінде мә ң гі жасай берері хақ.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | из Притобольного района снял любительский фильм про своего прадеда к 9 мая. Мы запускаем проект Наша Победа.




© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.