Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мағжан дүниетанымы

 

Жиырмасыншы ғ асырдың басы — қ азақ философиясының даму тарихы тұ рғ ысынан ә лі кү нге дейін толық жә не терең зерттелмеген кезең. Бұ л кезең де ә йгілі ақ ындар мен жазушылардан, ғ алымдар мен қ оғ ам қ айраткерлерінен қ ұ ралғ ан демократиялық бағ ыттағ ы қ азақ зиялыларының ерекше шоқ жұ лдызы: Шә кә рім Қ ұ дайбердіұ лы, Ә лихан Бө кейханов, Ахмет Байтұ рсынов, Мұ стафа Шоқ ай, Міржақ ып Дулатов, Жү сіпбек Аймауытов, Мағ жан Жұ мабаев, Мұ хтар Ә уезов сынды алыптар ө мір сү рді. Олардың бізге жеткен шығ армашылық мұ расын қ айта жү йелі зерделеу кезінде бұ л ойшылдардың сол заманда-ақ кө тер­ген мә селелерінің мә ні ө те терең екенін жә не айтқ ан ойларының мағ ынасын енді ғ ана толық тү сіне бастағ анымызды байқ аймыз. Шын мә нінде олар ө з заманынан озық туғ ан тұ лғ алар еді.

 

Жалпы, Шығ ыстың бай философиялық жә не ә леуметтік ойы, оның ішінде қ азақ халқ ының философиялық ойы Батыстағ ыдай қ алыптасқ ан философиялық жү йелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз ә дебиетінде, мифологияда, мақ ал-мә телдерде, қ анатты сө здерде жатыр. Ә лемді, адамды, оның ө зін-ө зі тануын, тұ лғ аның ө мірдегі орны мен рө лін философиялық жә не этикалық тұ рғ ыдан жан-жақ ты зерделеуге айрық ша мә н беру қ азақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұ л тұ рғ ыдан келгенде қ азақ философиясы — шығ ыстық философиядағ ы, ең алдымен, толық, рухани жағ ынан жетілген адам болу рухын қ астерлеу мен зерделеу дә стү рін жалғ астыра отырып, оны ө зіндік мазмұ нмен байытқ ан философия.

 

“Қ азіргінің талай елін қ айран қ алдырғ ан осынау байтақ кең істікті кернеген поэзиялық ә лем, — деп атап кө рсетті Президент Н.Ә.Назарбаев ө зінің “Тарих толқ ынында” атты кітабында, — тек қ ана сұ лулық пен сезімнің шең берінде шектелмеген. Ол жаң ашылдық тың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қ азақ тың поэзиялық шығ армашылығ ында мейлінше терең танымдық қ асиеттер бар. Сондық тан да қ азақ тың дә стү рлі поэзиясы ұ дайы философиямен шендесіп жатады”.

 

Қ азақ халқ ының философиялық жә не ә леуметтік ойын зерттеуші ғ алымдар осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұ лттық ә дебиетті ұ лттық философияның ө мір сү ру формасы ретінде тү сінгені, кө ркем ә дебиет туындыларын салыстырмалы талдау ә дісін қ олдана отырып зерделегені, жеке тұ лғ алардың поэтикалық мұ расындағ ы философиялық мазмұ нды ашып кө рсету ү шін оны герменевтикалық тә сілдің кө ме­гімен қ айта саралағ аны дұ рыс болар еді.

 

Жиырмасыншы ғ асырдың басындағ ы қ азақ ойшылдарының кө зқ арастары терең демократиялық жә не гуманистік сипатта болды. Олардың шығ армаларында жалпыадамзаттық маң ызғ а ие философиялық мә селелер — адамның болмысы мен еркіндігі, ө мірдің мә ні, дін мен еркіндіктің арақ атынасы, т.б. мә селелердің де кө терілгенін атап айтуымыз керек. Қ азақ ойшылдары адам бойындағ ы даралық қ асиетке ерекше мә н берді, кез келген кісіге қ айталанбас жаратылыс жұ мбағ ы ретінде қ арады, адам мен ұ лттың тарихтағ ы рө лін дұ рыс бағ алай білді. Филосо­фиялық мә селелерді ізгілік пен қ араулық аясында қ арастырып, дү ниетанымдық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.

 

Дә л осы кезең де ғ ұ мыр кешкен ең кө рнекті қ азақ ақ ындарының бірі Мағ жан Жұ мабаев поэзия аспанын ө зінің қ ұ дай берген жарқ ын талантымен ерекше шұ ғ ылағ а бө леді. “Ө лең нің тілге жең іл, қ ұ лақ қ а жылы тиюін Абай да іздеген, — деп жазады Жү сіпбек Аймауытов ө зінің 1923 жылғ ы “Мағ жанның ақ ындығ ы туралы” деген мақ аласында, — Абай да сө здің ішін мә нерлеп, тонын сұ лу қ ылуғ а тырысқ ан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сө здің сыртқ ы тү рін ә демілеуде Мағ жанғ а жеткен қ азақ ақ ыны жоқ... Олай болса, ақ ындық жү зінде Абайдан соң ғ ы ә дебиетке жаң а тү р кіргізіп, соң ына шә кірт ерткен, мектеп ашқ ан кү шті ақ ын Мағ жан екенінде дау жоқ ”.

 

Ал қ азақ халқ ының тағ ы бір кемең гер перзенті Мұ хтар Ә уезов 1927 жылы “Ең бекші қ азақ ” (қ азіргі “Егемен Қ азақ стан”) газетінің сауалдарына қ айтарғ ан жауабында “Мағ жан — культурасы зор ақ ын... заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақ ын бо­лады... Сондық тан бү гінгі кү ннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұ рып, артқ ы кү нге анық қ алуғ а жарайтын сө з Мағ жан сө зі. Одан басқ амыздікі кү мә нді, ө те сенімсіз деп білемін” деп жазады.

 

Бұ дан біз кө зі тірісінде-ақ Мағ жан Жұ мабаев жырларының қ азақ халқ ы, тек қ азақ халқ ы ғ ана емес-ау, бү кіл тү ркі ә лемі зиялы қ ауымының санасы мен сезімін жаулап алып, аймақ тық, тіпті, ә лемдік мә дениеттегі ерекше қ ұ былысқ а айналғ анын байқ аймыз. Шынымен-ақ, Мағ жан шығ армаларында айтылатын қ ағ идалар мен ойлар, ақ ын жү регін мазалағ ан толғ аныстар бү гінгі таң да, бір ғ асырғ а жуық уақ ыт ө тсе де, ө з мә нін жойғ ан жоқ. Керісінше, уақ ыт озғ ан сайын ұ лттық, ұ лыстық, жалпыадамзаттық философиялық -ә леуметтік проблемалар қ атарында алдымыздан қ айта шығ ып отыр.

 

Бұ л пә нидегі қ ырық бес жылдық ғ ұ мыры халқ ымыз тарихындағ ы атыс-шабысқ а толы, зұ лмат кезең ге тұ спа-тұ с келсе де, аттың жалында, тү йенің қ омында жү ріп, артында сан ғ асыр бойы ұ мытылмайтын мұ ра қ алдырғ ан Мағ жан Жұ мабаев шығ армашылығ ы соң ғ ы 10-15 жыл шегінде егжей-тегжейлі зерттеле бастады. Кө рнекті ғ алым Ш. Елеукеновтің “Мағ жан” монографиясы бұ л бағ ыттағ ы елеулі ең бек болып танылып, лайық ты бағ асын алды. Алайда бү гінге дейін жарық кө рген зерттеулердің кө пшілігінде, негізінен, Мағ жан Жұ мабаев шығ армашылығ ы ә деби-кө ркемдік тұ рғ ыдан талданып келді. Ал оның жырларындағ ы терең толғ аныстардың философиялық -дү ниетанымдық астары, ақ ынды сан тү рлі сезімге тү сірген жағ дайлардың ә леуметтік мә ні зерттеушілер назарынан тыс қ алып келеді.

 

Иә, Жү сіпбек Аймауытов сө зімен айтсақ, “Мағ жан сыршылдығ ымен, суретшілі­гімен, сө зге еркіндігімен, тапқ ыштығ ымен кү шті, маржандай тізілген, торғ ындай ү лбіреген нә зік ү нді кү йімен, шерлі, мұ ң ды зарымен кү шті”. Оның ө лең дері “ә лде ө кіндіреді, ә лде мұ ң айтады, ә лде жылатады, ә лде аятқ ызады, ә лде есіркетеді, ә лде жігер береді”.

 

Біздің бұ ғ ан қ осарымыз, ақ ын жырларындағ ы ә лгі “нә зік ү нді кү йдің ” де, “шерлі, мұ ң ды зардың ” да астарында қ орғ асындай ой жатыр, тұ лғ аның таң ды таң ғ а ұ рғ ан толғ аныстары жатыр. Ол қ андай ой, қ андай толғ аныстар?!

 

Ақ ынды алғ ашқ ы ө лең дерінен бастап, соң ғ ы демі ү зілгенше туғ ан халқ ының, бү кіл тү ркі жұ ртының, Шығ ыс мә дениетінің, жалпыадамзаттың тағ дыры толғ андырады. Ес білгеннен кө кжиекке дейін керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін ө скен, елінің ө ткен даң қ ты тарихы мен ертегі-аң ыздарын қ ұ лағ ына қ ұ йып ер жеткен Мағ жан бойында, ә уелгіде, ө ршіл ұ лттық рух кемерінен асып тө гіледі:

 

“Шынында менің ө зім де — от,

Қ ысылғ ан қ ара кө зім де — от.

Мен оттанмын, от — менен

Жалынмын мен жанамын

Оттан туғ ан баламын”.

 

Ақ ынның “от” деп отырғ аны — халық тың ұ лттық рухы. Ұ лттың тарихи жә не философиялық зердесін оятып, рухын кө теру арқ ылы ғ ана бодандық тан қ ұ тылуғ а, ел тә уелсіздігіне қ ол жеткізуге, тіпті, ә лем халқ ына ө з ө ркениетің ді танытуғ а болады деп есептейді.

 

“Қ айғ ыланба, соқ ыр сорлы, шекпе зар,

 

Мен — Кү н ұ лы, кө зімде кү н нұ ры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Кү ннен туғ ан, ғ ұ ннан туғ ан пайғ амбар”.

 

Жоқ, бұ л — кезінде Еуразия қ ұ рлығ ын ат тұ яғ ымен дү бірлеткен, алыс-жақ ын ұ лыстарғ а мә дениет пен шаруашылық тың жаң а тә сілдерін ү йреткен, бірақ кейін тағ дырдың жазуымен ә лемдік ө ркениет кө шінен кенжелеп қ алғ ан ө лке перзентінің аспандағ ы айды алам деп секірген тарпаң дығ ы емес. Бұ л — ө з халқ ының бойындағ ы биік рухқ а сенген, сол рух қ айта бір дү р сілкінсе, армандағ ан азаттық қ а жеткізеді, ә лемдік ө ркениет кө шінің алдың ғ ы легіне қ айта қ осылуғ а болады деп ү міттенген азаматтың парасатты да мақ сатты ә рекеті. Жалпы, біз — маркс­шілдердің “сананы тұ рмыс билейді” деген қ ағ идасын Қ ұ ран аятындай жаттап ө скен ғ алымдар кү ні кешеге дейін философиядағ ы “рух” категориясын, оның ә леуметті топтастырып, рухани жә не экономиялық табыстарғ а бастар ық палын зерттемей келдік. Тұ лғ а немесе тұ тас халық бойындағ ы рухтың осындай қ уатты ә леуметтік кү шке айналу ық тималдығ ын мойындау “идеализм” деген бә леге апарып соқ тырады деп қ орық тық. Еліміз тә уелсіздік алғ ан жылдардан бастап, Шығ ыс философиясын, оның ішінде қ азақ -тү рік философиясының ө зіне тә н ұ лттық ұ ғ ымдары мен категорияларын жү йелеуге бет бұ рсақ та, ә лі бұ л бағ ытта істелер ғ ылыми жұ мыс ұ шан-тең із.

 

Ал Мағ жан ақ ын болса, халық тың тарихи зердесін оятып, ұ лттық намысы мен ұ лттық рухын сілкіндірудің қ ажеттігін, ортақ мү дде жолында топтасқ ан ұ лттың ғ ана азаттық алып, ә лемдік ө ркениеттік қ ауымдастық қ атарына бә секеге қ абілетті болып қ осыла алатынын осыдан бір ғ асырғ а жуық уақ ыт бұ рын-ақ тү йсініп, ө ршіл жырғ а айналдырып, айта алғ ан. Жә не туғ ан халқ ының сол замандағ ы қ иын халін, кенжелеп қ алғ ан тұ рмыс-тіршілігін кө ре отырып, осылай жасағ ан:

 

“Ұ йқ ы басқ ан қ абағ ын,

Бастыра киген тымағ ын,

Жалқ аулық ты жар кө рген.

Жү рген ескі заң ымен,

Алдындағ ы малымен,

Бірге жусап, бірге ө рген.

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін —

Сол елімді сү йемін! ”, —

 

деп суреттейді ақ ын сол замандағ ы ұ лтының болмысы мен тұ рмыс-тіршілігі туралы. Ақ ын ә лемде не болып жатқ анымен шаруасы жоқ, “алдындағ ы малымен”, “ескі заң ымен” қ оң ырқ ай тіршілік кешіп жатқ ан халқ ын сү йіп қ ана қ оймайды, оның ертең гі болашағ ының жарқ ын болатынына сенеді. Оның сол жарқ ын болашақ қ а тезірек жетуі ү шін жанын да, қ анын да аямайтынын паш етеді.

 

Ұ лтты сү ю, кісілік дең гейге дейін кө терілу, туғ ан халқ ының мү ддесі ү шін қ ұ рбандық қ а баруғ а ә зірлік — Мағ жан Жұ мабаевтың ө мірлік мұ раты. Жас ұ рпақ қ а арналғ ан “Педагогика” оқ улығ ында ол: “Ө зінің елін сү юі, яғ ни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” ә рбір адамның қ асиетті борышы ретінде атап кө рсетеді.

 

Жиырмасыншы ғ асырдың бас кезіндегі қ азақ зиялыларының ұ лы шоғ ырын топтастырғ ан ортақ мұ рат — бодандық бұ ғ ауында жаншылғ ан елін қ ұ лдық тан қ ұ тқ ару, жаң а ұ лттық сананы қ алыптастыру, ө зге ө ркениетті елдер қ атарына қ осу болғ аны белгілі. Мағ жан да осы мұ ратты жү зеге асырудың жолдарын іздеп, басын тауғ а да, тасқ а да соқ қ ан.

 

“Кел, қ азақ, қ олдағ ыдан қ ұ р қ алмайық,

Отырайық жиылып, оң далайық.

Мың жылғ ы ө ткен қ умай ата заң ды,

Ө нерден кем қ алмайық, ойланайық,

Жер қ алар, біз жиылып қ ала салсақ,

Қ айдағ ы оң ды жерді таң дап алсақ ”, —

 

деп, отырық шы тұ рмысқ а кө шіп, қ ала салуды елді, жерді ешкімге бермей, сақ тап қ алудың бірден бір жолы ретінде ұ сынады. Сондай-ақ:

 

“Ескіше тұ рып егеспе,

Заман — тү лкі, тазы бол

Базарша дү кен қ ұ р енді”, —

 

деп халық ты сауданың тілін білуге, қ азіргі тілмен айтқ анда, нарық тық экономика заң дарын мең геруге шақ ырады. Ал мына ө лең інде ақ ын:

 

“Кітап ә пер, оқ ысын, балаң қ олына,

Малды аяма оқ у-білім жолына.

Ө нер алып, басқ алармен қ атар бол,

Қ осыл бірдей азаматтың тобына! ” —

деп, қ азақ ұ лтының ә лемдік ө ркениет кө шіне қ осылуының жолын ө нер-білімнен, жас ұ рпақ ты ө зге елдердегі замандастарымен бә секеге тү се алатындай етіп тә рбиелеу ісінен іздейді.

 

Мағ жан Жұ мабаев — тек бір ұ лттың ішкі ә леуметтік проблемаларымен шектеліп қ алмағ ан ойшыл. Дана ақ ын ойы қ азақ тың кең даласынан жоғ ары кө теріліп, бү кіл ә лемді шарлап кетеді:

 

“Адамзат баласына енді кө штім:

Япыр-ай, осындай-ау адам-дағ ы

Бірі кү шті, біреуі жаман-дағ ы

Кү штісі ә лімжеттік қ ылғ аннан соң,

Дү ние де жақ сылық тан аман-дағ ы”.

 

Иә, адамзат қ ауымындағ ы Мағ жан заманында болғ ан негізгі қ айшылық тар бір ғ асыр ө тсе де шешімін тапқ ан жоқ. Керісінше, жиырма бірінші ғ асырдың басында олар ә лдеқ айда кү рделене тү скен сың айлы. Бұ л ә лемде кү шті мен ә лсіз, бай мен кедей қ алай бейбіт қ атар ө мір сү ре алады? Кү штінің ә лсізді жем қ ылуы, ө з мү ддесіне пайдалануы, ө з ық палында ұ стауы ө згермейтін заң ба ә лде? Бү гінгі жаһ андану заманында талай елдің алдында тұ рғ ан осынау сауалдардың жауабы кезінде Мағ жан ақ ынды да толғ андырыпты. Қ андай жауап тапқ ан дейсіздер ғ ой. Ол, міне, мынау:

 

“Кү шсіздер де тырысып, қ атар болсын!

Дедім де жө нелдім мен қ олым сермей! ”

 

Қ алай “тырысады”, қ алай “қ атар болады”? Ә рине, ө зін-ө зі дамыту, содан соң бір-бірімен бірігу арқ ылы. Мағ жанның жұ рттың бә рі айтып жү рген “тү ркішілдік” идеясы, яғ ни тү ркі халық тарының рухани жә не мә дени бірлігін жырлауы, міне, осыдан шық қ ан.

 

“Қ арашы тө ң ірекке мойның бұ рып,

Алтай, Орал бойында тұ рғ ан тү рік.

Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,

Жоғ алғ ан ә лдеқ айда іріп-шіріп...” — деп, сонау замандарда ық палымен жарты ә лемді қ алтыратқ ан тү ркі халық тарының бір-бірінен іргесі ажырағ аннан соң, ә ркімге бодан болып кеткенін кү йіне жырлағ ан ақ ын, ендігі ә лемдегі кү штілермен тең есудің бірден-бір жолы сол бірлікті қ алпына келтіру деп біледі:

 

“Япыр-ай, айырылдық па қ алың топтан,

Шабылып қ айтпайтұ ғ ын жауғ ан оқ тан?!

 

Тү ріктің жолбарыстай жү регінен,

Шынымен қ орқ ақ қ ұ л боп жаудан бұ қ қ ан?!

Шарқ ұ рып ерікке ұ мтылғ ан тү рік жаны,

Шынымен ауырды ма, бітіп халы?!

 

От сө ніп жү ректегі қ ұ рыды ма

Қ айнағ ан тамырдағ ы ата қ аны?!

Бауырым! Сен о жақ та, мен бұ жақ та

Қ айғ ыдан қ ан жұ тамыз.

Біздің атқ а лайық па қ ұ л боп тұ ру?

Жү р, кетелік Алтайғ а, ата мирас алтын тақ қ а”.

 

Алтай – тү ркі халық тарының бір алтын бесігі, ө з тарихында мың ө ліп, мың тірілген ұ лысқ а пана болғ ан, жойылып бара жатқ ан тә уелсіз елдігін сан мә рте қ айтадан қ алпына келтіруге қ уат берген қ ұ тты мекен. Кезінде сақ тар да, ғ ұ ндар да, тү ркілер де, тіпті, Шың ғ ыс хан да сол Алтайдан шығ ып, ә лемнің жартысын жаулап алғ ан. Мағ жан ақ ын да сол даң қ ты оқ иғ аларды тү ркі жұ ртының жадына тү сіріп, “кү штілермен қ атар болғ ымыз келсе қ айта бірігейік” деп жар салады.

 

Ақ ынның бұ л ұ лы арманы Кең ес одағ ы ыдырап, ә лем картасында тү ркі халық тарының жаң а тә уелсіз мемлекеттері пайда болғ аннан кейін ғ ана жү зеге аса бастағ аны белгілі. Тү ркі халық тарының бү гінгі ө зара саяси, экономикалық жә не мә дени-рухани қ арым-қ атынастарының даму қ арқ ыны жаман емес, тек тіл-кө зден сақ тасын дейік.

 

Қ азір қ ырық тан аса халық болып қ алыптасқ ан барлық тү ркі жұ ртының ә рбір баласы ү шін жер бетінде ыстық та, қ астерлі екі мекені бар. Оның бірі — жоғ арыда ө зіміз айтқ ан Алтай, екіншісі — Тү ркістан. Мағ жан ө зінің “Тү ркістан” поэмасында былай дейді:

 

“Тү ркістан — екі дү ние есігі ғ ой,

Тү ркістан — ер тү ріктің бесігі ғ ой,

Тамаша Тү ркістандай жерде туғ ан,

Тү ріктің тә ң ірі берген несібі ғ ой”.

 

Шынында да, Тү ркістан екі дү ниенің — Шығ ыс пен Батыстың рухани есігі ғ ой. Бұ л тек қ ана ақ ынның жеке тұ жырымы емес, барша тү ркі баласының санасына мық тап орнық қ ан тү сінігі. Себебі, дә л осы қ алада жеке ү лгі-ө негесімен барша тү ркі жұ ртын ислам біліміне, сопылық іліміне ұ йытқ ан, бұ дан кейінгі танымы мен тү сінігін қ алыптастырғ ан, алпыс ү ш жасында ө з еркімен қ ылуетке тү сіп, Хақ дидарын кө руді, яғ ни дү ниенің ақ иқ атына жетуді мұ рат тұ тқ ан ұ лы піріміз Қ ожа Ахмет Ясауи тұ рғ ан. Себебі, дә л осы қ алада ақ тық аманаттары орындалғ ан аруақ ты ата-бабаларымыз жерленген. Мұ нда ақ ыл-парасатымен болашақ ты болжағ ан даналарымыз, қ аһ арымен алыс-жақ ын кө ршілерін қ алтыратқ ан ә міршілеріміз, кең байтақ еліне кө з алартқ ан дұ шпандардан қ аһ армандығ ымен қ орғ ап қ алғ ан атақ ты батырларымыз бақ илық орнын тапқ ан. Тү ркістанның пә ни жалғ аннан бақ и дү ниені жалғ ар қ асиетті рухани қ ақ па аталатыны, міне, осыдан.

 

Ұ лт тағ дыры, ұ лыс бірлігі туралы “он ойланып, жү з толғ анғ ан” қ азақ ақ ыны бірте-бірте ә лемдік ойшылдар қ атарына кө теріліп, жалпыадамзаттық проблемаларғ а ө зінше ү н қ атады. Адамдардың жаппай пайда қ ууы, ө нер-білімнің ө зін пайда табудың, біреуге зорлық жасаудың қ ұ ралына айналдыру — адамзатты апатқ а соқ тыратын жол екенін Мағ жан сол кезде-ақ сезінген. Пайдакү немдік рационалдық ойлауғ а негізделген Батыс ө ркениеті ақ ынды қ атты шошындырады. Шығ ыс философиясындағ ы сезімдік таным ә дісі, пайдалылық қ а емес, руханилық қ а басымдық беру дә стү рі Мағ жанды қ атты қ ызық тырғ ан. Ә лемді апаттан қ ұ тқ аратын Шығ ыстағ ы дә л осы руханилық нұ ры деп есептейді ақ ын.

 

“Кө п білем деп бө луге,

Кө п кү лем деп ө луге

Жақ ын қ алды Кү нбатыс...

Қ ысық кө зді Кү ншығ ыс,

Болсын соң ғ ы бұ л жү ріс.

Кү нбатысқ а жү релік...

 

Гү л қ ылайық қ аласын,

Ұ л қ ылайық баласын,

Мейірім есігін ашалық.

Мұ ндарларды адасқ ан,

Айырылып естен шатасқ ан

Кү ншығ ыстың жолына

 

Салайық, шетсің демейік,

Аямайық кө мейік

Кү ншығ ыстың нұ рына...”

 

“Таспен атқ анды, аспен ат” деп, қ атігез адамның ө зін мейірім шуағ ымен қ айта тә рбиелеп алуғ а болатынына сенетін қ азақ халқ ының ұ лы гуманистік рухын бойына сің іріп ө скен Мағ жан ә лемді мең деген “ө зімшілдік” дертін де мейіріммен, рухани­лық нұ рымен ғ ана жең у қ ажет дейді.

 

Біз қ азір тө рткү л дү ниенің Батысы мен Шығ ысы, Солтү стігі мен Оң тү стігі арасындағ ы тайталастың тым ө ршіп кеткенінің куә сі болып отырмыз. Не жасаса да пайдалылық принципін ғ ана ұ станғ ан АҚ Ш пен Батыс ә лем байлығ ының басым бө лігін бауырына басып қ ана қ оймай, ғ ылым мен техниканың барша жетістіктерімен мұ здай жарақ танып алып, енді жұ мыр жер бетіндегі адамзатты бірегейлендіруді кө здеген жаһ андану процесін бастап кетті.

 

Ә рине, жер бетіндегі адамзат қ ауымы біртұ тас. Бірақ олардың ұ станатын діни сенімі де, ділі де, дү ниетанымы да, ойлау машығ ы да сан алуан. Ә рбір ұ лт пен ұ лыс жаһ анданудың аранында жұ тылып кетпей, ө зіндік ерекшелігін сақ тап қ алғ ысы келеді. Оғ ан ық палды да ө зімшіл АҚ Ш пен Батыс бой берер емес. Бү кіл ә лемге ә леуметтік қ ұ рылым туралы ө з тү сінігін, ө зіндік ойлау машығ ын таң ғ ысы келеді. Мұ ндай тегеурінге қ арсы тұ рар қ ауқ ары жоқ Шығ ыс не істей алады? Біреулер кү рестің тым ұ шқ ары тү рі — жанкештілік (шаһ иттік) пен лаң кестікті (терроршылдық) таң дап алуда. Бұ ғ ан біздер қ арсымыз. Ал қ азақ ақ ыны Мағ жан Жұ мабаев осыдан бір ғ асыр бұ рын-ақ бұ л тайталастың басты қ аруы — Батысты Шығ ыстың “мейіріміне, руханилық нұ рына” бө леу деп айтып кеткен. Мағ жан ақ ынның бү гінгі тә уелсіз Отаны — Қ азақ стан дә л осы бағ ыттың, Батыс пен Шығ ыс арасында ө ркениеттік сұ хбат арқ ылы рухани келісім мен татулық орнату ісінің бірден-бір орталығ ына айналып келеді.

 

Ұ лт — ұ лыс — жалпы адамзат қ ауымындағ ы саяси-ә леуметтік мә селелер туралы терең нен ой толғ ағ ан Мағ жан ақ ын ә лемдегі барлық дау-жанжал мен қ айшылық тардың тү п тамыры жеке адамда, оның бойындағ ы ізгілік пен зұ ­лымдық тық тың арақ атынасында жатыр деген тұ жырымғ а келеді.

 

Ойшыл ақ ын адам болмысына жақ сылық жасауғ а деген ұ мтылыс пен жаман­дық тан бойын аулақ салу тә н, “ізгілікке ұ мтылу, жауыздық тан безу адамның жаратылысының ө зінде бар нә рсе” деп есептейді. Мағ жанның пікірі бойынша, “махаббат” жә не “ізгілік” сө здерінің мазмұ ны ө те жақ ын, ө йткені сү ю ізгілікке ұ мтылуды, қ ара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақ ытты ө мір адам мен қ оғ амның, ұ лт пен адамзаттың бірлігін қ алайды. Адам бақ ыты — біріншіден, анағ а, одан кейін жақ ынына, Отанына сү йіспеншілігіне, екіншіден, ұ лт пен адамзаттың жай-кү йіне тә уелді. Адам ө з заманы мен мә дениетінің перзенті, ол ө зінің қ ызметінде ө з ұ лты мен адамзаттың мү ддесін басшылық қ а алады. Ой еркіндігі Мағ жан дү ниетанымының басты принциптерінің бірі. Еркіндік адамның ө з ойы мен ісі ү шін жауапкершілікте екенін білдіреді. Жауапкершілік сезімі адамның басқ алармен бір­ге ө мір сү ру қ ажеттілігінен туындайды. Адамның ақ ылы мен ойы неғ ұ рлым терең болса, соғ ұ рлым оның жауапкершілік сезімі де жоғ ары.

 

Мағ жан қ азақ халқ ының шынайы ө кілі ретінде ә лемді, тарихты, кең істікті “адам мен адам”, “адам мен қ оғ ам” жә не “адам мен табиғ ат” арасындағ ы ү йлесім арқ ылы бейнелейді. Ұ лы ойшыл адамның жандү ниесіне керекті бірден-бір қ асиет — қ иял­дың қ алыптасуына жағ дай тудыратын оның қ оршағ ан ортасы деп санағ ан. Адам халық тың мү ддесі тұ рғ ысынан шынайы қ иялдай білуге тә рбиеленуі керек, сонда ғ ана арман мен қ иял адамды жақ сылық қ а, ізгілікке жетелейді.

 

Мағ жанның кө зқ арасы бойынша, адамның ә демі пішіндерді, табиғ аттың сұ лулығ ын кө ру қ абілеті, терең ойлау мен қ иялдың ұ шқ ырлығ ы кү рделі таным процесі арқ ылы жү реді. Ақ ын жалпы “таным” деген ұ ғ ымды ә ртү рлі ә демі тү стерден рақ ат алу, табиғ ат қ ұ былыстарының жаратылысы, ондағ ы дыбыстардың сан алуандылығ ынан ерекше ә сер алу деп ұ ғ ады. Сұ лулық ты сезіну адамның ө мірге деген қ ызығ ушылығ ын арттырады. Ол эстетикалық талғ амы бар адамның барлық уақ ытта жамандық тан жиреніп, ізгіліктің, жақ сылық тың қ ажеттілігін сезіне білетіндігін баса айтады: “Сұ лулық сезімдері адамның дұ рыс, сұ лу, лә ззат іздеуіне, сұ лу нә рсені сү юіне, кө ріксіз нә рседен жиренуіне, хатта жақ сылық қ а ұ мтылып, жауыздық тан тыйылуына кө п кө мек кө рсетеді”.

 

Ақ ын табиғ ат жайлы былай толғ анады: “Ү лбіреген гү л, кү ң іренген орман, сыл­дырағ ан су, былдырағ ан бұ лақ, шексіз-шетсіз қ ара-кө к тең із... Міне, осылар сық ылды жаратылыстың сұ лу заттары, яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ә н, кү й, сиқ ырлы сө з... адамның кө ру сезімін сиқ ырлап барып, жанда сұ лулық толқ ындарын туғ ызады”.

 

Мағ жанның философиялық кө зқ арасы бойынша, жан дегеніміз ә лемді тануғ а бейім ә рі адамның ерік кү ш-жігерін ө зіне аудару, ә демі буын, тамаша дыбыс, ғ ажап тү рмен (пішінмен) лә ззаттану. Жан жамандық қ а жиіркеніш сезіммен қ арап, жақ сылық қ а, ізгілікке қ арай талпынады. Философ-ақ ын адам ү шін жанның қ ан­шалық ты мә нді екені жайында: “Адамзат дене һ ә м жан аталғ ан екі бө лімнен тұ рады, бұ л екі бө лімнің соң ғ ысы, яғ ни жан, адамзат ү шін аса қ адірлі болады, дұ рысын айтқ анда, адамғ а шын мағ ынасымен адам деген атты осы жанғ а береді” деп жазады.

 

Мағ жанның ойынша, жан дегеніміз оның кө ріну формаларының жиынтығ ы емес, ол қ ұ пия қ алпында қ алады. Тек тіл ғ ана жан қ ұ пиясына жақ ындай тү суге мү мкіндік береді.

 

Қ азақ халқ ының дә стү рлі дү ниетанымы арнасында Мағ жан жанды, кө бінесе, жү рек бейнесінде жырлайды:

 

“Ө згеріссіз ө мір сорғ а айналмақ,

Жү йрік жү рек сұ р ө мірде байланбақ.

Шын адам сол — ылғ и шаттық жырымен,

Жү рек қ алай қ уса, солай айдалмақ ”.

 

Ө з жү регінің қ алауымен, жан-дү ниесінің тілегімен ғ ұ мыр кешкен адам ғ ана бақ ытты дейді ақ ын. Бірақ Мағ жан ғ ұ мыр кешкен заман ақ ынның ө з жү рек қ алауымен ө мір сү руіне мү мкіндік бермеп еді. Содан да ол:

 

“Уланды жү рек, жан кү йді,

Ішім толғ ан қ ызыл шоқ.

Не себептен, тә ң ірі ие,

Денеге ем бар, жанғ а — жоқ ”, — деп кү ң іренеді, бұ л пә нидегі ө з ғ ұ мырының, жалпы адамзат тіршілігінің мә ніне ой жібереді.

 

Жалпы, адам ө мірінің мә ні, ө мір мен ө лім проблемасы — философиядағ ы мә ң гілік тақ ырыптардың бірі. Ә сіресе, қ азақ философиясында бұ л тақ ырып терең зерделенген. Мысалғ а, ө лімді ө нердің кү шімен кідірткен Қ орқ ыт Ата ұ лағ атының ө зі ә лемдік философиядағ ы мә ң гілік проблеманың ө згеше шешімі болып табылады.

 

Ал, Мағ жан “Қ орқ ыт” поэмасын жазып, философиядағ ы ө мір мен ө лім тақ ырыбын ө зінше қ озғ айды:

 

“Ә ншейін ө мір деген ермек ү шін,

Кү ні ертең соғ ар жү рек ө лмек ү шін.

Ойланып қ алай ғ ана уланбассың,

Берілсе адамғ а ө мір ө лмек ү шін”.

 

Иә, адам — жер бетінің қ онағ ы. Қ азақ халқ ы бұ л ақ иқ атты “ө зекті жанғ а бір ө лім” деп қ ысқ а да нұ сқ а тұ жырымдағ ан. Ал Мағ жан болса, ө лімді — адамның жер бетіндегі ғ ұ мырының аяқ талуы деп қ ана емес, мә ң гілік мекеніне аттануы деп бағ а­лайды. Ажал адамның:

 

“Ө лгені емес, жерді тастап кеткені,

Шын бақ ытқ а ерте бастан жеткені”.

Содан да ақ ын бір сә т:

 

“Жел кү ң іренбе, жасың тый

Ө лім кү йі — тә тті кү й

Балқ иды жаным бұ л кү йге

Мені де, ө лім, ә лдиле

Ә лдиле, ө лім ә лдиле”, — деп, жер бетіндегі азап пен қ асіреттен қ ұ тылып, мә ң гілік тыныштық табуды аң сайды?.

 

Жалпы, Шығ ыс философиясында, оның ішінде қ азақ философиясында да, адам баласының ертең гі “бір ө лім” туралы ойлануы оның имандылық қ а, ізгілікке бет бұ руының ө лшемі ретінде қ арастырылады. Ө лім туралы ойланғ ан адам сатқ ындық пен арамдық жасамайды, бұ л пә нидегі ғ ұ мырын мә нді ө ткізуге ұ мтылады. Мағ жан да ө лім туралы ойлана отырып, бұ л пә нидегі ө з ө мірінің мә ні туралы тебіренеді:

 

“Ақ ылғ а кеш айналдым, қ айран кү нім,

Бір кү ні қ ұ шағ ына алар ө лім.

Қ ара жерді қ ұ шақ тап мен жатармын,

Сол кезде не деп мені сынар елім? ”

 

Кешегі кең естік қ ұ қ ық тық саясат ұ зақ уақ ыт бойы осынау кемең гер ақ ынның есімін де айтқ ызбай, халық жадынан ұ мыттыруғ а тырысып бақ са да, Мағ жан жырлары қ ара тү нектің ө зін жарып шық ты, сө йтіп, ө зі армандағ ан тә уелсіз қ азақ елінің еркін ойлы азаматтарына мә ң гілік рухани азық қ а айналды.

 

“Жібердің басқ а жұ ртқ а жолбасшылар,

Ә р жұ рттың жолбасшымен кө зі ашылар.

Не елші, не жол сілтер кітабы жоқ,

Алашқ а ә лде жазғ аны бар да шығ ар? ” — деп, бү гінгі кү нді болжап кеткен ақ ынның сұ ң ғ ылалығ ына тә нті бола отырып, нағ ыз сын сағ атта елімізді тә уелсіздікке бастағ ан Жолбасшының да болғ анына, жол сілтер кітаптардан да кенде қ алмағ анымызғ а мың да бір шү кіршілік етеміз.

 

Шынайы поэзия туындысының қ адір-қ асиеті уақ ыт ө ткен сайын бедерлене тү сетіні белгілі. Тарихи тұ лғ а Мағ жанның туғ ан халқ ы мен адамзат ө ркениеті алдында сің ірген ең бегі де солай — ғ асырдан ғ асыр озғ ан сайын ө ркештене тү седі. Ал, тағ дырдың ең бір қ иын бұ ралаң дарында халқ ының бойына қ уат берген, жігерін жанумен болғ ан Мағ жан поэзиясы келер ғ асырлардағ ы толқ ын-толқ ын талай ұ рпақ қ а ата-бабаларының мұ ң ы мен шерін, арманы мен рухын ұ мыттырмай, ү немі қ ұ лағ ына қ ұ юмен болары анық. Жер бетінде Қ азақ елі мә ң гі тұ рғ анда, осынау мә ң гілік сарын да ешуақ ытта ү зілмейді жә не сө нбейді. Оғ ан ешкімнің ешқ андай кү мә ні болмас. Сонымен қ атар, оның рухани мұ расында ө з халқ ының жарқ ын болашағ ына мол сенімі, жалпы сенім қ ұ ндылық ретінде терең ірек қ арастырылғ ан.

 

Мағ жан поэзиясындағ ы адам қ ұ қ ы мен бостандығ ы ұ лттық пен жалпыадамзаттық қ ұ ндылық тар, поэзия мен философияның арақ атынасы, ой еркіндігі, адам болмысы мен имандылығ ы, ә леуметтік таным мә селелері, Мағ жанның ойлау мә дениеті жә не дү ниетанымы қ азіргі кү ні жаһ андану тұ рғ ысынан жү йелі жә не терең ірек философиялық -дү ниетанымдық зерттеуді қ ажет етіп отыр.

 

 

Авторы: Ә бдімә лік НЫСАНБАЕВ.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Луноликий | МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ КЕСТЕЛІ ӨЛЕҢ ӨРНЕГІ




© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.