Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биліктің түрлері






Биліктің жү зеге асырылуы тә сіліне жә не қ ұ рылысына қ арай басқ ару тү ріжә не мемлекеттік қ ұ рылысы болып бө лінеді.

Басқ ару тү ріне байланысты билік монархиялық жә не республикалық болып бө лінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғ арғ ы ө кімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қ олында болып, ол ә кеден балағ а мұ ра ретінде қ алатын тү рін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мү мкін. (Монарх мемлекет басшысы болғ ан кезде оғ ан сол елдің король, император, ұ лы герцог сияқ ты қ ұ рметті атағ ы бірге беріледі).

Монархия ө з кезегінде абсолюттік (шексіз) жә не конституциялық болып екіге бө лінеді. Абсолюттік монархия деп жоғ арғ ы ө кімет билігі бү тіндей, тұ тас, формальды тү рде де шектелместен бір адамның (монархтың) қ олында тұ рғ ан қ оғ амдық қ ұ рылысты айтады. Ертеде басқ арудың мұ ндай тү рі кең тарағ ан, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқ арғ ан шақ та) болатын. Қ азіргі дамығ ан елдердің ешқ айсысында басқ арудың мұ ндай тү рі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дә режеде заң шығ аратын билік парламентпен шектеледі. Басқ арудың мұ ндай тү рі алғ аш рет Англияда пайда болды жә не қ азірдің ө зінде ойдағ ыдай қ ызмет етуде. Қ азір конституциялық монархиялық қ ұ рылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люсембург, Морокко, Сауд Арабиясы, Швеция, Жапония жә не т.б. елдерде сақ талғ ан.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғ ары органдары белгілі бір уақ ытқ а сайланатын немесе ө кілдік мекемелер (парламент) арқ ылы қ алыптасатын мемлекеттік басқ арудың тү рін айтады.

Республика президентік, парламенттік жә не аралас (немесе жартылай президенттік) болып ү шке бө лінеді. Президенттік басқ аруда, ә детте, мемлекеттің де, ү кіметтің де басшысы президент болып санады. Оны парламент немесе халық сайлауы мү мкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде қ ұ рылғ ан коллегия сайласа, оны парламенттік президент дейді. Ол-салтанатты ө кілдігі бар символдық қ айраткер. Конституция боцынша оғ ан белгілі бір қ ұ қ ық тар беріледі. Бірақ ол қ ұ қ ық тарды жү зеге асыру ү шін тиісті қ ұ жатқ а премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қ ойылғ ан қ олы керек. Онсыз кү ші болмайды. Басқ а сө збен айтқ анда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Ү ндістанда, Италияда солай.

Ал егер президентті жалпығ а бірдей, тікелей, қ ұ пия сайлау арқ ылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АҚ Ш, Франция т.б. елдерде. Мұ нда атқ арушы билік тікелей парламентке бағ ынбайды. Президент ү кіметті ө зі тағ айындап, ө зі басқ арады. Мұ ндай билік алғ аш рет АҚ Ш-та орнады. Бұ л елдің басқ аруы президенттік демократияның ішінде ең ү лгілісіне жататындық тан оғ ан толығ ырақ тоқ талайық. АҚ Ш-та президент 4 жылғ а сайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, ү кіметті де басқ арады. Ол департаменттердің министерстволардың аты басшыларын, министрлер кабинетін жә не ү кіметті тағ айындайды. Олар тек Президентке ғ ана есеп береді. Оның қ ылмыскерге кешірім жасауғ а, марапаттауғ а, халық аралық келіссө здерді жү ргізуге қ ұ қ ығ ы бар. Атқ арушы билік шең беріндегі шешімдердің бә рін президент қ абылдайды. Ол саясаттың ішкі жә не сыртқ ы басты бағ ыттарын айқ ындайды, тұ рақ тылық ты бейнелейді. Ал ү кімет бұ л кезде кү нделікті істермен елді басқ ару мә селесімен айналысады. Президенттік билік тө релік ететін ә ділқ азы сияқ ты рө лді атқ арады. Мысалы, экономикалық бағ ыт қ иыншылық тар туса, ү кімет алмасуы мү мкін. Жаң а ү кімет басқ а саясат жү ргізеді. Ал мемлекеттің бастығ ы баяғ ы орында қ ала береді. Бұ дан біз президенттік басқ аруы зор екенін кө реміз. Бірақ бұ л биліктін да шегі бар. Ең алдымен президенттің заң шығ аруғ а ө кілеттілігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды(оны конгресс шешеді). Парламент президенттің қ ай тағ айындауын болса да бұ за алады (оны “право вето” деп атайды). Конгресс президентті орнынан ала алады. (оны “импичмент” дейді).Мысалы, АҚ Ш-тың бұ рынғ ы президентінің бірі Р.Никсон “уотергейт” ү шін (“Уотергейт” қ онақ ү йінде орналасқ ан демократтардың штаб пә теріне жасырын тындау қ ұ рылғ ысын қ оймақ болғ аны ү шін) отставкағ а кетуге мә жбү р болды. Егер президент конституциясын бұ зса, не мемлекетке опасыздық жасаса конгресс оны жұ мыстан босата алады. Бірақ ол президенттің саясатымен келіспесе, ол ү шін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кең тарағ ан. Ондай билік Ресейде, Қ азақ стан жә не ТМД елдерінің басқ а Республикаларында да орын алуда.

Парламенттік тә ртіпте елдің жоғ арғ ы басшысы парламентке бағ ынады. Онда заң шығ арушы билік те атқ аушы билік те парламентке тә уелді. Ол салық ты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды қ ұ рады, сауданы реттейді, халық аралық келісім шарттарды қ абылдайды, соғ ыс аша алады, ә скерді қ амтамасыз етеді жә не т.б.

Қ азіргі кезде кө птеген елдердің парламенті екі палатадан тұ рады. Феодалдық мемлекеттерде ол елдің ө кілдігін ү йлестіруге мү мкіндік береді. АҚ Ш-та, Францияда оны ү стемдік етуші топтар заң герлерді“шектен тыс демократияландыруғ а” жібермеу ү шін парламент ішінде қ осымша тежеу факторы ретінде пайдаланады.

Тө менгі палата жалпығ а бірдей тікелей сайлау арқ ылы қ алыптасады. Жоғ арғ ы палатаның қ ұ рылуы ә р тү рлі. Мысалы, Англияда парламенттің жоғ арғ ы палатасына (Лордтар палатасы) мұ рагерлікпен –м3р бойы болатын перлер (жоғ арғ ы аристократтық атақ) ондай қ ұ қ ығ ы жоқ перлер жә не Англия шіркеуінің жоғ арғ ы шиенділері кіреді. АҚ Ш-та сенатқ а (конгрестің жоғ арғ ы палатасы) ә р штаттан (халық санына байланысты емес) екі ө кілден сайланады. Германияда жоғ арғ ы палатаның депутаттарын ә р жердің ү кіметі тағ айындайды.

Кө п елдерде белгілі бір дә режедегі адамдарды парламентке сайламау заң жү зінде ескертілген. Ә детте, бұ л ереже мемлекеттік, қ арулы кү штер, сот қ ызметкерлеріне қ олданылады. Сонымен қ атар депутаттың тә уелсіздігін қ амтамасыз ету, сыбайлас жемқ орлық ты ө рбітпеу ү шін, парламент мү шелеріне олардың мерзімі ө ткенше мемлекеттік жә не жеке меншік фирмаларда, компанияларда қ ызмет етуге тыйым салынады. Саясаткерлер мен заң герлер қ ызмет бабындағ ы мә ліметтерді ө здерінің жеке басының байюына, пайдалануына рұ қ сат етілмейді. Парламент бір партиялық жә не екі партиялық болуы мү мкін. Бір париялық парламент ә детте, кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы, Финляндияда солай, ірі жә не дамығ ан елдерде екі партиялық парламент болып келеді. Мысалы, АҚ Ш-та, Англияда, Германияда, Францияда жә не т.б. елдердегі сияқ ты. Парламенттің мезгіл-мезгіл ү кіметтен есеп берудің талап етуіне, ең маң ызды саяси шараларды бекітуге, ү кіметке сенім білдіруге қ ұ қ ығ ы бар. Мұ нда ең маң ызды нә рсе ү кіметке сенім білдіре ме, жоқ па, ол дауы беру арқ ылы шешіледі. Сондық тан кү рес дауысты кө бірек алудың айналасында болады. Мысалы, Германия, Ұ лы Британия жә не т.б. демократиялық парламенттік тә ртіптің ө мір сү руі олардың парламентте кө пшілік дауыс алуынан. Егер сенімсіздік білдірілсе, кабинеттің отставкағ а кетуіне тура келеді.

Ә р елде парламентті ә р тү рлі атайды. Мысалы, АҚ Ш, Филипинде жә не Латын Америкасының кө птеген елдерінде оны конгресс, Польша мен Финлянцияда-Сейм, Иран мен Турцияда-Мә жіліс, Израильде-Кнессет, Швейцарияда-Риксдаг, Францияда-ұ лттық жиналыс дейді.

Республиканың ү шінші тү ріне аралас (оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды) республика жатады. Мұ нда президенттік те парламентік те тү рлердің белгілері кездеседі. Ү кіметке екі жақ ты(президенттің алдын да да парламенттің алдын да да) жауапкершілік жү ктеледі. Республиканың ондай классикалық тү ріне Франция жатады. Сонымен қ атар оғ ан Австрия, Ирландия, Польша, Португалия, Финляндия жә не т.б. мемлекеттерді жатқ ызуғ а болады.

Билік басқ ару тү рімен қ атар қ ұ рылысына қ арай да ерекшеленеді. Билік мемлекеттің қ ұ рылысына қ арай унитарлық, федеративтік жә не конфедеративтік болып ү ш тү рге бө лінеді.

Унитарлық (латынның біртұ тас, біріккен деген сө зінен) қ ұ рылыста саяси билік бір орталық қ а бағ ынады, мемлекеттің ішінде ө з алдына бө лек басқ а қ ұ рылымғ а жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекетік биліктің жоғ ары органдар жү йесі, азаматтығ ы ортақ. Мысалы, ондай мемлекет Греция, Италия, Қ азақ стан, Польша, Финляндия, Франция, Ұ лы Британия жә не т.б.

Федерация деп белгілі бір саяси тә уелсіздігі бар бірнеше қ ұ рылымдардың бірігіп одақ тық жаң а бір мемлекетті қ ұ руын айтады. Федерация мен оғ ан кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағ ы айырмашылық тар жалпы мемлекетік конституциямен реттеледі. Ә рбір субъектінің ө зінің жоғ арғ ы билеу (заң шығ арушы, атқ арушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарғ а бағ ынуы тиіс. Мысалы ондай федеративтік мемлекетке АҚ Ш, Австралия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей жә не т.б.

Конфедерация деп ө здерінің кейбір амал-ә рекеттерін ү йлестіріп, белгілі бір мақ саттарды (ә скери, сыртқ ы саясаттағ ы жә не т.с.с.) жү зеге асыру ү шін бірлескен егеменді елдер одағ ын айтады. Онда жалпы одақ тық азаматтық немесе заң шығ арушы немесе ол одақ қ а кірген мү шелердің бә ріне міндетті заң шығ арушы билік болмайды. Оның алғ ан шешімдері оғ ан кірген мү шелердің бекітуінен ө ту керек. Конфедерация ө мірде сирек кездеседі. Мысалы, 1848 жылғ а дейн Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтү стік Америка Штаттарында, 1981-1989 жылдарда Сенегамбияда болды. Қ азір конфедерацияғ а ұ қ сас қ ұ рылымды Еуропалық одақ қ ұ рмақ ойы бар.

Мемлекеттер басқ ару тү рі, ө зіндік қ ұ рылысымен ғ ана емес саяси тә ртіп жағ ынанда ерекшеленеді. Бірақ біз ол жө нінде “Қ оғ амның саяси жү йесін” талдағ анда қ арағ ан болатынбыз. Сондық тан оғ ан қ азір тоқ талмаймыз.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.