Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Компас бағдарламасын іске қосу, бағдарлама интерфейсі.




А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ФАКУЛЬТЕТІ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ” КАФЕДРАСЫ

 

 

«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі, техн.ғ.к.

___________ Қуатбеков Б.Н.

хаттама №1 03.09.2013 ж.

 

 

“ Электрэнергетикалық есептеулер мен тәжірибелерде ЭЕМ қолдану” пәнінің

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

 

 

5В071800 - электр энергетикасы мамандығы студенттері үшін

 

Дайындаған: магистр оқытушы Кибишов А.Т.

 


Лекция 1

Электрэнергетикалық есептеулер мен тәжірибелерде ЭЕМ-ді қолдану” пәніне кіріспе

- Машиналық графиканың қоғамның түрлі саласындағы орны.

- Компас графикалық жүйесі.

- Компас бағдарламасын іске қосу, бағдарлама интерфейсі.

- Құжат типтері.

Электрэнергетикалық есептеулер мен тәжірибелерде ЭЕМ-ді қолдану” пәні ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқасында алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктерді өндріске енгізудің жаңа жолдарын іздеуге мүмкіншілік береді. Пән энергетиканың математикалық есептерін компьютер көмегімен есептеуге және автоматты жобалау жүйесінде сызба жұмыстарын орындау, безендіру түзету тәсілдерін меңгеруге арналған.

Студенттерді техникалық сызбалардың үлгісін үш өлшемді жүйеде құруды және техникалық объектілерді басқару, динамикалық жүйелерді (ДЖ) Mathcad жүйесінде математикалық түрде сипаттау және ДЖ зерттеу негізінде математикалық модельдерді өңдеу қағидасына үйретеді.

“Электрэнергетикалық есептеулер мен тәжірибелерде ЭЕМ-ді қолдану” пәнін оқу нәтижесінде студенттер келесіні меңгереді: электрэнергетика саласының қалыптасқан режиміндегі сипаттайтын теңдеулер жүйесін пішімдеу мен түрлендіру тәсілдерін игеру; электрэнергетика саласының қалыптасқан режиміндегі сипаттайтын теңдеулердің матрицалық түрде жазуды игеру; сызбаларды сызу үшін ақпараттық технологияларды қолдануды үйрену;



“Электрэнергетикалық есептеулер мен тәжірибелерде ЭЕМ-ді қолдану” пәнінің мамандықтарда оқитын студенттердің кез-келген салада ақпараттық мәселелерді компьютер көмегімен шешуге әр түрлі әдістерді, компьютер жүйелерін игеруге, информациялық технологияларды болашақта өз кәсіпкерлік қызметіне қолдануға қажет.

Машиналық графиканың қоғамның түрлі саласындағы орны. Машиналық графика – автоматты жобалау жүйесінің саласы. Компьютерлік технология заманында машиналық графика экономикада, электроникада, машина жасауда, ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылуда. Автоматты жобалау жүйесі – еңбекті жеңілдетіп қана қоймай, жобалау процессінің тиімділігін арттырады.

Машиналық графика сызбалардың жылдам орындалуын, дәлдігінің жоғарлауын, сызба сапасының жоғарлауын қамтамасыз етіп қана қоймай, сызбаларды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.

Қазір кең тараған автоматты жобалау жүйелеріне: Pro/ENGINEER (АҚШ), Auto Cad (АҚШ), Solid Works («Solid Works» фирмасы), Компас («Аскон», Ресей) және т.б. жатады.

Компас графикалық жүйесі. Компас жүйесі қолданушыға обьектіні жеңіл енгізуге, түзетуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған.



КОМПАС-3D графикалық редакторында тиімді жұмыс жасау үшін IBM PC типіндегі компьютерлерін қолдану ұсынылады.

Ескерту.ОЖ ең төмен деңгейі:

 Win2000 SP2,

 WinXP SP1.

Жүйе орнатылып іске қосылу үшін қажетті компьютер конфигурациясы:

 Pentium II процессоры, тактілік жиілігі 450 МГц;

 128 Мб жедел жады;

 SVGA графикалық адаптер, видеожады 4 Мб;

 CD-ROM жетегі;

 қатты дискіде 100 МБ-тан кем емес бос орынның болуы;

 тышқан және клавиатура

Компас бағдарламасын іске қосу, бағдарлама интерфейсі.

Компас бағдарламасы келесі команда арқылы қосылады :Іске қосу (Пуск) – Бағдарламалар (Программы) – Аскон – Компас-3D (1 сурет).

(1 сурет)

Бағдарлама интерфейсі 2-суретте көрсетілген.

2-сурет

 

Тақырып қатарында бағдарлама версиясының нөмірі, ағымдағы құжаттың аты, жүйе терезесін басқаратын батырмалар орналасады.

Басты мәзір қатарында - жүйе командалары орналасады. Басты мәзір құрамы ағымдаға құжат типіне байланысты.

Стандартты құрал-саймандар панелінде обьект және файлдарға орындалатын стандартты батырмалар орналасады.

Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде ағымдағы құжаттың көрінісін баптайтын батырмалар орналасады.

Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) – құжаттың ағымдағы жағдайын көрсетеді.

Құжат типтері. Компас бағдарламасында құжаттардың бірнеше түрлері бар. Әрбір типтегі құжатқа файлдың анықталған кеңейтілулері сәйкес келеді. Оның бірі сызбаға қатысты болса, басқасы үш өлшемді модельдеуге, үшіншісі мәтінге қатысты.

- Сызба (чертеж) – штамп және рамкасы бар сурет (сызба файлының кеңейтілуі cdw).

- Фрагмент – штамп және рамкасы жоқ көмекші құжат, кеңейтілуі frw.

- Мәтіндік құжат (текстовый документ) – мәтін жазылатын құжат, кеңейтілуі kdw.

- Спецификация - кесте түрінде рәсімделген құжат, құрастыру бөлшектері туралы ақпарат жазылады (кеңейтілуі spw).

- Сборка - әр түрлі детальдардан құрлған модель (кеңейтілуі a3d).

- Деталь – біртекті материалдан құралған модель (кеңейтілуі m3d).


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал