Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Куанза жаҒалауындаҒы лагерь






 

Термиттер қ аласы тұ рғ ан ойпат су астында қ алып, кө лге айналғ ан соң, маң айдағ ы жер адам танығ ысыз боп ө згеріп кеткен еді. Су басқ ан алапта тек бірнеше кү мбездің тө бесі ғ ана қ ылтиып кө рінеді.

Тү німен сабалап жауғ ан нө сер Куанза ө зеніне қ ұ ятын салалардың бә рін тасытып, ө зеннің ө зін де кемерінен шығ арып жіберіпті.

Куанза – Анголадағ ы ү лкен ө зендердің бірі, бұ л

«Пилигрим» қ ирағ ан жерден жү з миль шамасы қ ашық тан барып Атлант мұ хитына қ ұ яды.

Диктің кеме жү зе алатын ө зенді солтү стіктен іздеуі ө те дұ рыс еді. Отряд жағ алап келе жатқ ан сала тіп-тіке барып Куанзағ а қ ұ яды екен. Егер Дик Сэнд жергілікті халық тың қ апыл шабуылына кезікпесе, термиттер қ аласынан бір миль


ұ замай-ақ, сол ө зенді табатыны сө зсіз. Отряд қ иналмай-ақ сал жасап алып, сонымен ө зенді тө мен ағ ып, сағ адағ ы португал еліне аман-есен жетер еді. Ол арағ а пароходтар да жиі тоқ талып ө теді жә не жолаушылар ү шін қ ауіпсіз жер.

Бірақ тағ дыр жолаушыларды кө здеген мақ саттарына жеткізбеді.

Дик Сэнд ө здеріне мола бола жаздағ ан термиттер кү мбезінің тө бесінен басын қ ылтитып қ арағ анда, сол маң айдағ ы қ ырқ ада тұ рғ ан жергілікті халық тардың бір лагерін байқ ап қ алғ ан еді. Қ ырқ аның шоқ ысында зә улім биік бір інжір ағ ашы ө скен. Оның айнала тарамданғ ан бұ тақ тарының саясына бес жү з адам еркін сиярлық. Африканың алып ағ аштарын кө рмеген адам бұ л ағ аштың соншалық ты ірілігіне сенбеуі мү мкін. Інжір ағ ашының жасыл кө лең кесінен Гэрристің Негороғ а айтқ ан еріксіздер керуені орналасқ ан орталық базары Казондеге тұ тқ ындар жө нелтіп жатты. Казондеге жеткен сорлылар батыс жағ алаудағ ы немесе Ү лкен Кө л ө лкесіндегі Ньянгве лагерлеріне жө нелтілетін: Ньянгвеге жеткен соң солтү стікке – Египетке қ арай немесе шығ ысқ а – Занзибарғ а қ арай жө нелту ү шін жаң адан керуен қ ұ рылады.

Лагерьдегілер жергілікті халық тан алынғ ан тұ тқ ындарғ а қ андай қ араса, қ олғ а жаң а тү скен жолаушыларғ а да сондай қ арады. Кә рі Нанды, Том ақ сақ алды, шалдың баласы Батты, Остин мен Актеонды екеу-екеуден қ осақ тап, мойындарына ұ зындығ ы алты фут ағ аш бұ ғ ау кигізді: бұ ғ аудың екі басында

(V) рим цифрына ұ қ сағ ан ойық бар. Ойық тың мойынғ а кигізетін жеріне темір қ ұ рсау салынғ ан. Қ аныпезер сұ мдар сорлары қ айнағ ан еріксіздерді не оң ғ а, не солғ а бұ рылдырмай, бірінің соң ынан бірін қ аздай шұ быртып жү ргізеді. Ағ аш бұ ғ ауғ а қ осымша сорлыларды ауыр шынжырмен белінен тағ ы қ осақ тайды. Сө йтіп, еріксіздердің қ олы мен аяғ ын ғ ана матамай бос қ алдырады. Қ олын бос қ оятын себебі, оның жү к кө теріп жү руі керек, ал аяғ ын бос қ ойғ анда, ұ зақ жолғ а ө зі жү ріп жетсін дейді. Ә рине, аяқ – қ ашу ү шін бос қ ойылмайды... Мінеки, тұ тқ ынғ а алынғ ан сорлылар кү ннің


шыжып тұ рғ ан кезінде хавильдарлар (айдаушылар) шыбыртқ ысы жондарын тілгілеп, жан тө згісіз жағ дайлармен жү здеген миль жол жү реді.

Дик пен оның жолдастары алысумен жү ріп ә лсіреді, сондық тан ендігі жерде қ арсыласа берудің пайдасыз екендігін аң ғ арды да, арпалысуды тоқ татты. Бұ лар неғ ып қ ана Геркулес қ ұ сап қ ашып қ ұ тыла алмады екен? Геркулес қ аншама қ айратты болғ анымен, егер қ олғ а тү се қ алса, мына қ атыгез елде оның халі не болар еді? Алдында аранын ашқ ан аштық пен жабайы аң дар, аң нан да жаман жергілікті халық тар тұ рғ анда, сорлы қ ашқ ын неге сенді екен? Кө п кешікпей ө зінің тұ тқ ынғ а тү скен жолдастарының тағ дырына қ ызығ уы да мү мкін.

Дегенмен тұ тқ ынғ а тү скен жолаушылардың керуен- басылардан жақ сылық кө реміз деген ешқ андай ү міттері жоқ - ты. Керуенді басқ арып жү рген арабтар мен португалдар ө зара басқ а тү рлі тілмен сө йлесетін де, еріксіздермен тек қ ана ақ ырып, қ орқ ытып, кү ш кө рсетіп ымдап «сө йлесетін».

Дик Сэнд ақ нә сілді адам болғ андық тан, қ ұ л саудагерлері басқ аларғ а істегенін бұ ғ ан да істеуге батылы бармады. Жас жігіттің қ аруын тартып алды, бірақ шынжырлағ ан жоқ. Оның есесіне Дикті арнаулы хавильдарғ а бақ тырып қ ойды, бақ ташы Диктен кө з айырмауы керек.

Дик Сэнд, Негоро мен Гэрристің біреуі кө рінбес пе деп айналағ а кө з жү гіртті, бірақ ешқ айсысы кө рінген жоқ. Ол екеуі керуенде жоқ болғ анымен, отряд адамдарын тұ тқ ынғ а алуда сол оң бағ андардың тікелей қ атысы барлығ ына Дик Сэнд кү мә нданбағ ан.

Америкалық тың немесе португалдың бұ йрығ ы бойынша миссис Уэлдонды, кішкентай Джек пен Бенедикт ағ айды басқ а тұ тқ ындардан бө лген болар деп шамалады Дик Сэнд. Бұ лар лагерьде кө рінбеген соң, сыбайластар ол бейшараларды басқ а жақ қ а айдап ә кеткен екен деді жас жігіт ө зіне-ө зі. Олар миссис Уэлдонды қ айда апарады? Оғ ан не істер екен? Бұ л мазасыз ой Диктің тынышын алып, ө з басының қ айғ ы-

қ асіретін есінен шығ арды.


Зә улім биік інжір ағ ашының тү біне кө лең келеп иіріліп жатқ ан керуеннің кем дегенде сегіз жү здей адамы бар-ды. Олардың ішінде еркегі, ә йелі аралас бес жү зге тарта еріксіздер, екі жү здей жергілікті солдаттар, жү з шамалы жү к кө терушілер мен хавильдарлар жә не қ ұ л саудагерінің агенттері бар.

Хавильдарлар араб немесе португал болатын. Бұ л адамдардың еріксіздерге істеген қ аталдығ ын ауызбен айып жеткізу мү мкін емес Олар еріксіздерді болмашы нә рсеге ұ рып-соғ ып ө лтіре қ инайтын, таяқ кө тере алмай ауырғ андардың кейбіреулерін пышақ пен жарып ө лтіреді немесе атып тастайды, ө йткені ондайлар енді сатуғ а жарармайды. Керуендегі тә ртіп адам тө згісіз қ атал еді.

Бұ л сияқ ты ауыр жағ дайдың нә тижесінде керуендегі «тірі тауардың» мегзеген жерге жарымы ғ ана тірі жететін. Басқ аларының сү йегі Африканың ішкі ө лкелерінен Мұ хит сағ алауына баратын керуен жолында шашылып қ алатын-ды. Еріксіздер керуенін бастап жү рген қ ұ л саудагерінің еуропалық -португалиялық агенттерінің адамгершіліктен жұ рдай болғ ан ұ сқ ынын тану қ иын емес. Бұ лар қ оғ амнан аласталып, елінен қ уылғ ан, каторгадан қ ашқ ан, ұ ры-қ ары азғ ындар болатын. Негоро мен Гэррис те осы азғ ындардың бірі еді. Бұ л екеуі ірі қ ұ л саудагері Хозе-Антонио Альвецке қ ызмет ететін-ді, бұ л жө нінде Камеронның талай-талай

қ ызғ ылық ты мә ліметтері де бар.

Қ ұ л саудагерлері қ ұ л керуенін айдау ү шін кү зетші солдаттар жалдағ анда, кө пшілігін жергілікті халық тардан алады. Адам аулау кә сібі тек қ ана қ ұ л саудагерлерінің еншісіне тиген нә рсе емес. Жергілікті негр кө семдері де адам аулау мақ сатымен іргелес руларғ а қ ырғ ын шабуыл жасайды. Жең ген жағ ы тұ тқ ынғ а тү скен ә йел, еркектер мен балаларды қ ұ л саудагерлеріне ә келіп сатады. Олардың сондағ ы алатыны – бірнеше метр шыт, бір уыс мылтық дә рісі, мылтық, қ ызыл- жасыл ала моншақ, ал ашаршылық жылдары адамды бір уыс жү геріге де сатып жібереді деп жазыпты Ливингстон.


Альвецтің еріксіздер керуенін кү зетіп жү рген отрядтың тү рі африкалық жалдамалы армиядан айнымайтын. Бұ лар ұ зын ұ ң ғ ылы білтелі мылтық пен қ аруланғ ан, жартылай жалаң аш, қ арақ шылар тобының жиынтығ ы еді. Кү зет отрядының мұ ндай тү рімен істес болу қ ұ л саудагерінің агенттеріне жең іл соқ пайтын-ды. Ол қ арақ шылар қ ашан да болса бұ йрық ты жү ре тың дап, онша қ ұ лақ аса қ оймайтын. Олар демалыс пен жол жү ру мерзімін ө здері белгілейтін. Қ ит етсе, керуенді тастап жө німізге кетеміз деп, ырық қ а кө нбеген қ арыспа агенттерді оп-оң ай жуасытып ала қ оятын- ды.

Керуеннің ауыр жү ктерін тұ тқ ынғ а тү скен еркек-ә йелдердің ө здері кө теріп жү реді. Сонда да болса қ ұ л саудагерлері бірнеше жү к кө теруші адам жалдайды. Бұ ларды сенімді кө ріп, қ ымбат бағ алы, ә сіресе, піл сү йегі буылғ ан тайларды кө тертетін. Кейде екі кісілеп кө теруді керек қ ылатын піл тістерінің небір ірісі буылғ ан тай жү ктер де кездеседі. Жағ алаудағ ы факториялардан піл сү йектерін Хартум, Занзибар мен Наталь базарларына жө нелтіп тұ рады. Жү к кө терушілердің ең бегін уә делі жерге жеткен соң ғ ана тө лейді, оларғ а берілетін ақ ының сиқ ы мақ тадан тоқ ылғ ан бірнеше метр мата немесе бір уыс кауыр (Африкадағ ы ұ сақ ақ ша орнына жү ретін металл), мылтық дә рісі, жіп, моншақ сияқ ты тү кке тұ рғ ысыз заттар, егер қ ұ л саудагерінің мұ ндай бағ алы заттары болмаса, бұ лдап сата алмайтын кейбір тұ тқ ынын да бере салады.

Альвец керуеніндегі бес жү з еріксіздер қ атарында егде тартқ ан еріксіздер тым аз еді. Ә детте қ ирап, ө ртеніп жатқ ан қ ыстақ қ а шабуыл жасағ ан кезде жасы қ ырық тан асқ ан еркектерді қ ырып тастайтын-ды. Ө йткені базардағ ы ө тімді

«тауар» жас, дені сау еріксіздер мен жас балалар еді. Мұ ндай қ ырғ ыннан кейін қ ыстақ адамдарының оннан бірі ғ ана тірі қ алатын. Экваторлық Африкада тұ тас бір ө лкенің қ аң ырап иесіз қ алу себебі – осындай жантү ршігерлік қ ырғ ынның нә тижесі.


Малша иірілген адамдар тобына қ арауғ а жү зің шыдамайды! Еріксіздер жартылай жалаң аш, ағ аш торқ асынан дө рекі тоқ ылғ ан сылымтырмен денесін жапқ ан болыпты. Арқ асындағ ы шыбыртқ ы айғ ыздағ ан жаралары ірің деп кеткен ә йелдер, терісі сү йегіне жабысқ ан арық, борбайы шидей, ү сті-басы қ ан-қ ан балалар, ө з басын алып жү руге шамасы келмесе де баласын кө теріп сү йретілген бейшара ә йелдер, мойындарында ағ аш қ амыт, мұ нысы аз болғ андай ауыр шынжыр белдерін басқ ан адамдар!

Кү ні біткен қ ұ р сү лде мына сорлыларды, Ливингстонша айтқ анда, «қ ара ағ аштан жасалғ ан адам сү йектерін» кө ргенде, бұ ларғ а адам тү гіл жыртқ ыш аң дар да аяушылық етер еді. Бірақ бұ л кө рініс хавильдар-арабтардың ойына да кіріп шығ ар емес. Камеропның сө зімен айтқ анда, хавильдар-арабтар португалдардан да қ атал еді1.

Қ онып тү стенген кезде болсын, жол ү стінде болсын, тұ тқ ындарды барынша қ атал бақ ылап кү зететін-ді. Дик Сэнд қ ашу дегенді ойламаса да болады екен деді ө зіне-ө зі. Оның мазасын кетірген – тек қ ана миссис Уэлдонның тағ дыры. Жас ә йелді нә рестесімен қ оса тұ тқ ынғ а алуда Негороның тікелей қ атысы барлығ ы айдан анық. «Пилигрим» апат болғ ан соң португалдың нендей мақ сатпен отрядтан бө лініп кеткенін Дик Сэнд ә лі кү нге білген жоқ -ты. Бірақ қ ылмыстың нендей тү рі болса да Негоро жиіркенбейді, оның қ олынан бә рі де келеді, миссис Уэлдонғ а тө нетін қ ауіп-қ атерді ойлап жасө спірім қ атты қ ынжылды.

– «Ә ттеген-ай! – деп ө кінді Дик Сэнд. – Ол оң бағ андардың екеуін де атып тастауғ а мү мкіндігім бар еді, бекер-ақ атпағ ан екенмін!»

 

1 Бұ л туралы Камерон ө зінің «Вокруг света» деген кітабында былай жазғ ан:

«Альвецке он ә йел кү ң ә келіп беру ү шін он қ ыстақ тың орны қ ұ рып, кү лі кө кке ұ шады... он қ ыстақ тың ә рқ айсысында жү зден екі жү зге тарта халық тұ рады, бә рін қ осқ анда мың жарым адам! Бұ л қ ырғ ыннан олардың бірен-сараны ғ ана тірі қ алады. Португалия туын жамылып, ө здерін сол елдің азаматымыз деп есептейтін лиссабондық билеушілердің қ арамағ ындағ ы адамдардың бұ л сияқ ты сұ мдық істер істеп жатқ анын білмеулері мү мкін емес».


Мазасыз ойлар жас жігіттің жанын жегідей жеді. Миссис Уэлдон мен кішкентай Джектің сү йенер ешкімі жоқ, тұ лдыр жетім баладай боп қ орғ анышсыз қ алды. Бенедикт ағ ай оларғ а сү йеу бола алмайды. Ол ө з қ ара басын аман алып жү рсе де жарағ аны. Олардың ү шеуін де Анголаның жырақ бір тү кпіріне ендігі жө нелткен де болар. Бірақ ауру баланы жолда кім кө теріп жү реді!

«Анасы кө тереді ғ ой, – деді Дик ө зіне-ө зі, – анасы кө тереді! Джекті анасы ғ ана кө теріп жү руге тиіс. Бейшара ә йел нә рестесінің халі бітіп жығ ылғ анша кө теріп жү реді... Кү ң сорлылар не істесе, о да соны істейді... Ақ ырында сол кү ң дер қ ұ сап о да жолда ө леді. Ә ттеген-ай, бізді осыншалық қ орлық қ а салғ ан жендеттермен кө збе-кө з кездесер ме едім!». Бірақ Диктің ө зі де тұ тқ ын. Африканың алыс тү кпіріне айдалып бара жатқ ан «бір қ ора» адамдар тобының Дик те бірі болып кетіп бара жатыр. Тек миссис Уэлдон сорлығ а

Геркулес қ ана жә рдем ете алады.

«Суғ а кеткен тал қ армайды» дегендей, Дик Сэнд осы сенімге жармасты. Ол Геркулестің сырына ә бден қ анық, оғ ан сенуге болады. Геркулестің басы бос, алып негр жолдастарын қ ұ тқ ару ү шін, ә сіресе миссис Уэлдонды қ ұ тқ ару ү шін адам баласының кү ші жетерлік істің бә рін де істейді деді Дик ө зіне-ө зі. Геркулес ендігі тұ тқ ын ә йелдің соң ынан кеткен болар, амалын тауып жә рдемнің жуық екенін оғ ан білдірген де шығ ар. Ол ә лде алдымен Диктің ө зін қ ұ тқ арып, сосын екеулеп миссис Уэлдонды қ ұ тқ аруды қ арастыруы да ғ ажап емес!

Дик лездің арасында кө з алдына мыналарды елестетті: Геркулес тү н ішінде білінбей келіп еріксіздер керуеніне кіреді де, қ ұ лдар тобына араласады. Кү зетшілер оның бө тен адам екенін білмей қ алады, ө йткені басқ а қ ұ лдар сияқ ты ол да қ ара, оны қ араң ғ ыда бірден тани қ ою қ иын. Ол, мінеки, ең бектеп Дикке келеді де, шығ арып алып орманғ а ертіп ә кетеді... Енді екеуі де бостандық та!.. Миссис Уэлдонды қ ұ тқ ару ү шін бұ лар қ олынан келгенін аямас еді-ау!


Сө йтіп, ол торығ уды қ ойып енді ү мітке кө шті. Жас жігіт сары уайымғ а салынбады, жігерлі жас кү рессіз берілуді ө з басына ар кө рді. Ол реті келіп қ алғ ан кішкентай ғ ана мү мкіндіктер болса да пайдаланып қ алуғ а бел байлады.

Бә рінен бұ рын еріксіздер керуенінің қ айда бара жатқ анын білу керек. Егер керуеннің барып тоқ тайтын жері Ангола факториясы болса, оғ ан жету ү шін не бары бірнеше кү ндік қ ана жол қ алды. Бірақ керуен Экваторлық Африканың ішкі ө лкелерін аралап келе жатса, онда ә лде де болса бұ лардың алдында бірнеше жү з миль жол бар. Қ ұ л базарының ең зоры Ү лкен Кө л ө лкесіндегі Ньянгведе болатын. Ньянгве Африканы екіге бө ліп тұ рғ ан меридианның нақ ү стінде. Бірақ Куанза жағ алауындағ ы лагерьден Ньянгвеге дейін ө те алыс, онда жету ү шін бірнеше ай жол жү ру керек.

Керуеннің қ айда бара жатқ анын білуге Диктің қ ұ мартуы тегін емес, ө йткені Ньянгведе қ ашам дегенді ойғ а алудың да қ ажеттігі жоқ. Бұ лардың қ ай-қ айсысы болса да сә ті тү сіп қ аша қ алғ анымен, Ү лкен Кө л ө лкесі мен мұ хит жағ алауының арасында, мегзеген жерлеріне жете алмай, бә рібір жолда ө лер еді.

Бірақ Дик Сэнд кешікпей-ақ білгісі келген мә ліметті біліп тынды. Ол керуенбасылардың ө зара сө йлескен бұ ралқ ы тілдеріне тү сіне алмады, олар африка тілдерінің бірімен будандас араб тілінде сө йлесетін, ә йтсе де керуенбасылардың жергілікті еріксіздер базарының бірін жиі-жиі айта бергенін байқ ады. Ә ң гіме Казонде туралы еді, бұ л жер Анголадағ ы қ ұ лдар базарының орталығ ы болатын, жас жігіт мұ ны анық тү сінді. Айдалып келе жатқ ан барлық тұ тқ ындардың тағ дыры Казондеде шешіледі екен деп шамалады Дик, жас жігіт бұ л жө нінде қ ателеспеді.

Лоанд пен Казонденің арасы тө рт жү з мильден аспайтыны Диктің есінде бар-ды, ө йткені жас жігіт географияны барынша жақ сы білетұ ғ ын. Ендеше, Куанзадағ ы лагерьден орталық қ ұ лдар базары екі жү з елу мильден аспаса керек. Жайшылық та мұ ндай жолды он, он екі кү нде алуғ а болады. Бірақ еріксіздер


керуені ұ зақ жолда жү ріп ә бден қ ажып болдырғ ан еді. Дик Сэнд осы жағ дайды ескеріп, Казондеге жету ү шін кем дегенде ү ш жеті уақ ыт керек деп есептеді.

Дик Сэнд ө зінің бұ л мө лшерлеуі жө нінде Том қ артпен жә не басқ а жолдастарымен пікір алысқ ысы келді. Жан қ ұ тылмас Экваторлық Африкағ а қ ұ лдар керуенінің бармайтынын білсе, ол сорлылар қ андай қ уанар еді. Бірақ бұ л жақ сылық хабарды оларғ а қ алай жеткізуге болады?

Тұ тқ ынғ а алынғ ан тө рт негр лагерьдің оң жақ қ анатында еді. Олар екеу-екеуден, Актеон Остинмен, Том баласы Батпен қ осақ талып шынжырмен бұ ғ ауланғ ан болатын. Оларғ а айрық ша хавильдар белгілеп, он шақ ты солдат қ арауыл қ ойылғ ан-ды.

Дик Сэнд бұ ғ аусыз, қ ол-аяғ ы бос болатын, ө зінен елу қ адамдай жерде отырғ ан жолдастарына жолығ айын деп, хавильдарлардың кө зін ала беріп оларғ а жақ ындай тү сті. Шамасы, Диктің ниетін Том қ арт та білсе керек, жолдастарына бірдең е деп кү ң к ете қ алып еді, негрлер сө йлесіп отырғ ан сө зін тоқ татып, назарларын Дикке аударды. Бейшара тұ тқ ындардың отырғ ан жерінен қ озғ алуғ а мү мкіндігі жоқ, бірақ қ ұ лақ тү ріп сө з тың дауғ а, мойын бұ рып қ арауғ а ғ ана шамасы бар.

Дик кө зге тү спей елеусіз жылжып, жарым жолғ а жетті. Оның енді қ ұ лдар керуенінің бара жатқ ан қ аласының атын атап, онда жету ү шін қ анша уақ ыт керек екендігін Томғ а айқ айлап айтуғ а мү мкіндігі бар. Бірақ жолдастарымен кездесіп, жол бойындағ ы мә селелер жайлы бір-екі ауыз тіл қ атысқ ысы келді. Сондық тан хавильдарлардың кө зін ала беріп ілгері қ арай жылжи берді. Оның жү регі тайдай тулап кеудесіне сыяр емес, енді бірнеше қ адам аттаса болғ аны, межелі жеріне жетеді... Бірақ хавильдар Диктің ниетін біліп қ алғ ан сияқ ты, жас жігіттің алдын кес-кестеп ақ ыра ұ мтылды.


Хавильдардың айқ айы жайбарақ ат отырғ ан солдаттардың шырқ ын бұ зды, солдаттар жү гіріп келіп Дикті итеріп жіберді, сол сә тте Томды жолдастарымен бірге тү йгіштеп лагерьдің басқ а жағ ына қ арай айдап ә кетті.

Дик Сэнд ызағ а булығ ып есі-тү сін білмей хавильдарғ а бас салды. Оның қ олындағ ы мылтығ ын тартып алғ ысы келді, мылтық тың қ ұ ндағ ы хавильдардың қ олында қ алды да, ұ ң ғ ысын Дик жұ лып ә кетті. Бірақ солдаттар шуласа жабылып жас жігітті жерге жық ты. Егер керуенбасылардың біреуі – бетінен зұ лымдық тың оты шашырап тұ рғ ан ұ зын бойлы араб келіп арағ а тү спегенде, ызаланғ ан солдаттар Дикті бұ тарлап тастайтын еді. Бұ л кә дімгі Гэрристің анадағ ы Негороғ а айтқ ан Ибн-Хамис деген арабы болатын.

Араб бар болғ аны бірнеше ауыз тіл қ атты, ә рине, Дик оның тү гіне де тү сінген жоқ, бірақ солдаттар ө лтіргелі тұ рғ ан адамын жайына қ алдырып, ө здері бір жақ шетке ығ ысып кетті. Шамасы, бұ ларды біріне-бірін жолық тырмайтын болса керек. Бірақ Дикті аман сақ тау кү зетшілерге нық тапсырылғ ан. Бұ л тапсырманы Гэррис пен Негородан басқ а кім беруші еді?

Осы сә тте керней тартылып, барабан соғ ылды. Бұ л – жолғ а шығ удың белгісі еді. Лагерьді жығ ып жинады, Лездің арасында керуенбасылар да, солдаттар да, жү к кө терушілер де, айдалып бара жатқ ан қ ұ лдар да аяқ тарын тік басты. Еріксіздер тайлап буылғ ан жү ктерді кө теріп сапқ а тізілді, ең алда шұ бар туды желбіретіп бір хавильдар тұ р.

Сосын жолғ а шығ уғ а белгі берілді.

Ың ырсып айтылғ ан ә н естілді. Бірақ ә н салғ ан қ анаушылар емес, қ аналушылар еді. Бұ л ә ннің ішінен жендеттерге тігілген қ аһ ар мен келешектің игілігіне балаша иланғ ан ү н естіледі.

«Сіздер мені қ ұ лдық қ а айдап бара жатырсыздар, кү ш сіздер жақ та. Бірақ мен жуырда ө лемін. Ө ліп жатсам да, қ айтып келіп сендерді ө лтіремін!»


 







© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.