Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аграрлық саясат




Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары

Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2003 жылғы 4 сәуiр

 

"Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 5 сәуiр N 79

 

Қымбатты отандастар!
Құрметтi депутаттар!

Бiздiң елiмiз "Қазақстан-2030" ұзақ мерзiмдi бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай iлгерi дамып келедi.
Соңғы жылдары бiздiң қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетiстiктерi, экономикалық өрлеуi мен халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруi жалпыға мәлiм, әрi әлемдiк қоғамдастыққа да танылып отыр.
Ұлттық қауiпсiздiк пен iшкi саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамды одан әрi демократияландыру, өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту жөнiнде ұдайы дәйектi шаралар қолданылып жатыр.
Ең бастысы, бiзде қоғам мен мемлекеттi, экономика мен әлеуметтiк саланы тұрлаулы дамытудың келелi жолдарын iздестiру тынымсыз әрi нәтижелi жүргiзiлiп келедi.
Бұл Жолдауда келесi, 2004 жылғы экономикалық және әлеуметтiк саясаттың, қоғамды одан әрi демократияландыру мен мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттырудың, мәдениет, бiлiм беру мен руханият салаларын дамытудың негiзгi бағыттары баяндалып отыр.

I. Экономикалық өсу

Бүгiнгi таңда Қазақстанның қолында экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз ететiн серпiндi дамып келе жатқан отын-энергетика, металлургия және химия кешендерi бар.
Сонымен бiр мезгiлде бiздiң алдымызда экономиканың теңдестiрмелiгiн қамтамасыз ету өңдеушi өнеркәсiп, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндiрiстердi, өндiрiстiк инфрақұрылымды және агроөнеркәсiп секторын iлгерiлете дамыту жөнiндегi аса маңызды мiндеттер тұр.

Аграрлық саясат

Өткен жылғы Жолдауымда мен 2003-2005 жылдарды ауылды өркендету кезеңi деп жарияладым.
Елiмiздiң ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарын жаңғырту мен дамыту жөнiндегi негiзгi мiндеттердi шешу Yкiметтiң алдағы кезеңдегi әлеуметтiк-экономикалық саясатының басты мазмұнын құрайтын болады.
Мұны ойдағыдай iске асыру үшiн қазiрдiң өзiнде мемлекеттiк басқару жүйесiнде құрылымдық қайта құру жүргiзiлдi.
Өткен жылдың iшiнде Жер , Су және Орман кодекстерiнiң, "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңның жобалары әзiрленiп, Парламентке ұсынылды, "Ветеринария туралы" , "Өсiмдiктердi қорғау туралы" , "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңдар қабылданып, "Өсiмдiктер карантинi туралы" Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Бекiтiлген бағдарламалық құжаттарға сәйкес мемлекет 2004-2005 жылдары ауыл экономикасына 150 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Соның iшiнде 2004 және 2005 жылдары бұл сома жыл сайын 10 миллиард теңгеге ұлғайтылады.
Алдағы екi жылда денсаулық сақтау мұқтаждарына қосымша 30 миллиард теңге, яғни жыл сайын 15 миллиард теңгеден бөлiнедi. Сонымен бipгe 2003-2005 жылдары ауылдағы бiлiм беру мен денсаулық сақтау iсiне, ауылды сумен жабдықтау объектiлерiне инвестицияға мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын 15 миллиард теңгеден бөлiнетiн болады.
Мен Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасынан тыс биылғы жазда Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын бекiтсем деп отырмын.
Сөйтiп, 2004 жылдан бастап, оны iске асыруға да мемлекет едәуiр қаражат бөлетiн болады.
Бұл бағдарламаның мақсаты - ауылдың әлеуметтiк дамуын жеделдету және жұртты тоқыраулы әрi экологиялық және экономикалық жағынан келешегi күмәндi ауылдық аумақтардан көшiруге және еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету.
Ocы орайда, ауыл экономикасына мемлекеттiк қолдаудың өсе түскен көлемiнiң де, жерге жеке меншiк құқығын енгiзудiң де - тегiнде, осының бәрiнiң де, елiмiздiң экономикасындағы аграрлық сектордың үлесiн ұлғайту, тиiсiнше ауылдағы әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн жасалып отырғанын еске салған орынды деген ойдамын.






mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал