Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляция сценариі






Клиникалық жағ дай: Экссудатты плевритпен асқ ынғ ан пневмонияның диагностикасы.

 

Ситуациялық есеп: Сіз – терапия бө лімінің дә рігерісіз.Палатағ а 24 жасар Б. науқ ас келіп тү сті.

Ø Науқ асты қ арап анамнезін жинаң ыз

Ø Зертханалық -аспаптық зерттеу мә ліметтеріне интерпретация жү ргізің із

Ø Алғ ашқ ы диагноз қ ойың ыз

Ø Науқ асты жү ргізу жә не емдеу тә сілін анық таң ыз

 

Қ орытынды нә тиже (outcomes):

Ø Ө кпе патологиясы бар науқ асты физикальді қ арау жә не сұ растыруды жү ргізудің дұ рыстығ ы.

Ø Ауруханадан тыс пневмонияның клиникалық диагностикасы жә не асқ ынуын анық тау

Ø Зерттеу мә ліметтерін интерпретациялау: жалпы қ ан анализі; қ ақ ырық анализі, плевра сұ йық тығ ының анализі, кеуде қ уысы ағ заларының рентгенограммасы; электрокардиограмма;

Ø Плевра қ уысында сұ йық тық жиналу кезінде шұ ғ ыл кө мек кө рсету.

Ø Экссудатты плевритпен асқ ынғ ын пневмониясы бар науқ асты жү ргізу тә сілі, жағ дайының мониторингі.

 

Стандартталғ ан ә ртіс (науқ ас) ү шін сценарий тексті жә не оның рө лі:

Шағ ымдары: кеуде аймағ ында сыздап ауру сезімі жә не ауырлық сезімі, аздағ ан физикалық кү штемеде ентігу, жү рек соғ уы, мө лшері аз қ ақ ырық пен жө тел, қ алтырау, дене температурасының 38, 5-39°С дейін жоғ арылауы, бас ауруы, жалпы ә лсіздік, дімкә стік, тершең дік.

 

Сұ рақ мә ні Сұ рақ тың дұ рыс койылуы Жауап
Ентігу тү рін нақ тылау Қ андай ентігу – тыныс алу немесе тыныс шығ ару қ иын ба? Ауа жетпейді, тыныс алу қ иын.
Ентігу ұ зақ тығ ы   Ентігу ү немі мазалайды ма немесе тек кү штемеде пайда болғ анда ма? Ентігу апта бойы мазалайды, алғ ашқ ы кү ндері физикалық кү штемеде пайда болды, енді ү немі жә не тыныштық та да мазалайды
Жө телдің сипаттамасы Жө тел қ андай: жиі, ұ стама тә різді, қ ұ рғ ақ, ылғ алды? Жө тел жиі, кү шті емес, тү нде жиіірек мазалайды.
Қ ақ ырық бө ліне ме, бө лінсе қ андай. Жө телгенде қ ақ ырық бар ма, шырышты, ірің ді, қ ан араласқ ан ба? Жө тел қ ақ ырық пен, қ ақ ырық аз, сары тү сті, жең іл бө лінеді.
Кеуде қ уысындағ ы ауру сезімі Кеуде қ уысындағ ы ауру сезімі немен байланысты, қ ай бө лігінде қ атты ауру сезімі байқ алады? Ауру сезімі кеуденің оң жартысында, алғ ашында кү шті шаншитын ауру сезімі болды, жө телгенде кү шейетін, терең тыныс алуғ а мү мкіндік бермеді. Кейін азая бастады, қ азір ауру сезімі жоқ, тек ауырлық сезімі мазалайды
Температураның жоғ арылау ұ зақ тығ ы Дене температурасы қ анша уақ ытқ а жә не қ аншағ а дейін кө терілді? Температура апта бойы болды, алғ ашында 37, 5°С, кейін 39, 2°С кө терілді, кеше қ алтырау қ осылды.

 

Анамнезінде: ауыру 2 апта бұ рын суық таудан кейін басталды. Мұ рыннан су ағ удан, дімкә стіктен, бас ауруынан, дене қ ызудың 37-38°С жоғ арылауынан басталды. Кейін қ ұ рғ ақ жө тел, жө телгенде жә не терең тыныс алғ анда кеудеде шаншып ауру сезімі, ә лсіздік қ осылды. Жө телгенде аз мө лшерлі, сары тү сті қ ақ ырық бө ліне бастады. Кейін ауру сезімі біртіндеп басылды, бірақ ентігу ө рши тү сті. Кеше қ алтырау пайда болды, температура 39, 2°С дейін жоғ арылады. Тү нде жағ дайы нашарлап, таң ертең жедел жә рдем шақ ырып ауруханағ а жеткізілді. Қ абылдау бө лімінде қ ан, зә р, қ ақ ырық анализі алынды, кеуде қ уысына рентген зерттеу жасалды, ЭКГ тү сірілді.

Жеке ү йде тұ рады, пеш арқ ылы жылытылады. Қ ұ рылыста жұ мыс істейді, темекі шекпейді.

Қ арау: бойы 170 см, дене салмағ ы 63 кг. ТАЖ – 28 рет мин. АҚ Қ – 95/65 мм.с.б., ЖСЖ – 115 рет минутына. Дене температурасы 39, 0°С. Интоксикация симптомдары жә не тыныс жетіспеушілігі ә серінен науқ ас жағ дайы орташа ауырлық та. Науқ ас ә лсіз, қ имылы аз, тыныс алуы жиі, беткей. Тері жабындысы бозарғ ан, ылғ алдылығ ы жоғ ары, периоральды орташа цианоз. Кеуде қ уысы нормостеникалық, оң жақ бө лігі тыныс алғ анда қ алынқ ы, оң жақ қ абырғ ааралық тар тегістелген.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.