Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кәсіпорынның ақпараттық үлгісі.




 

Ақпараттық үлгіні құру үшін кәсіпорында ақпараттың алынуын, қолда­нылуын және сақталуын талдау керек. Кәсіпорынның жұмысы барысында зеттелетін құжаттар басты ақпарат тасушылардың бірі болып табылады.

 

Сурет 1.3. Кәсіпорынның ақпараттық үлгісі.[2]

Мұнда, сатушы сатып алушыдан тапсырысты қабылдап, тапсырыс туралы ақпарат (1) директорға жіберіледі, директор өз кезегінде шеберхана мен технологиялық бөлімшеге жіберіледі. Технологиялық бөлімшеде құжаттардың екі түрі дайындалады: комплектация есептемесі (2) бух­галтерияға, ал технологиялық құжатнама (3) шеберханаға жіберіледі. Бухгалтерияда материалдарды алуға рұқсатнама (4) құрылып, қоймаға жіберіледі. Егер қажетті материалдар қолда бар болса, онда қоймашы материал­дарды шеберханаға жіберуге рұқсатнама (5) дайындайды. Егер материалдар қоймада болмаса, сатып алуға есептеме (6) жасалып, ол директорға тапсырылады. Директор жабдықтаушылармен хабарласып, керекті материалдардың қоймаға тапсырылуы жайлы келіседі. Бухгалтерияда төлем (7) жүргізілгеннен кейін сатып алынған материалдар кіріс құжаттарымен (8) бірге жабдықтаушылардан қоймаға өткізіледі. Тапсырыс орындалғаннан кейін шеберханадан дүкенге оның дайын болғаны туралы ақпарат (9) түседі. Сатушы тапсырыстың дайын болғандығын айту үшін сатып алушымен хабарласады. Сатушы тапсырысты алу жайындағы құжатнаманы (10) жүргізушіге береді. Жүргізуші клиентке құжаттарға қол қойдырғызғаннан кейін бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтерияға сондай-ақ алдын ала төлем (11) мен тапсырыс төлемінің қалдығы (12) тапсырылады. Дизайнер құрастырған жұмсақ жиһаздардың жаңа үлгілері (13) құптау үшін директорға жіберіледі. Бухгалтерия ай сайын жергілікті өзін-өзі басқару қызметтеріне ай сайынғы төлемдерін жүргізіп отырады: салықтар (14), цех жұмыскерлерінің зейнетақы жинағы (15), тұрмыстық төлемдер (16). Бухгалтерия керек болған жағдайда ақпаратты директорға (17) жіберіп отырады. Сызбадағы қызыл сызықтар жеке құжаттарды құруға мүмкіндік бермесе де, өз басына жеке рөл атқарады. Оларға бухгалтерияның материалдық және қаржылай бақылауы (18), техникалық бөлімшенің тапсырыстың орындалуына жауапты техникалық бақылауы (19) және цех директорының басқарушылық бақылауы (20).



mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал