Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дүние, өмір және адам мәселелері.






Енді Аристотельдің метафизикалық кө зқ арастарын нақ тылай “ай астындағ ы Дү ниеге², яғ ни оның натурфилософиялық кө зқ арастарына келер болсақ, онда бұ л Дү ниенің бұ рынғ ы философтар айтқ ан тө рт стихиясына қ айтадан ораламыз.

Аристотель алғ ашқ ы материя қ анша енжар, сапасыз, сансыз т.с.с. болғ анымен дегенмен оның жылылық, суық тық, қ ұ рғ ақ тық пен дымқ ылдығ ы бар. Ал олардың бір-бірімен жұ п-жұ п болып қ осылуы Дү ниенің негізінде жатқ ан тө рт стихияны тудырады: жылы мен қ ұ рғ ақ - отты, жылы мен дымқ ыл – ауаны, суық пен дымқ ыл – суды, суық пен қ ұ рғ ақ - жерді.

Ал аспанды алар болсақ - ол қ ұ діретті Эфирден – квинтэссенциядан (бесінші мә н) тұ рады.



От пен ауа жең ілірек болғ аннан кейін Дү ниенің шекарасына, ал жер мен су ортасына қ арай жылжиды. Сондық тан оттың жалыны, жылы ауа жоғ арығ а кө теріліп кетеді, ал су тө менге қ арай ағ ады, ауағ а лақ тырылғ ан жер қ айтадан тө менге тү седі.

“Ай астындағ ы Дү ние² осы тө рт стихиядан қ ұ ралады. Егер Демокрит, я болмаса Анаксагор заттарды ұ сақ бө лшектердің бір-бірімен араласуының негізінде пайда болады десе, Аристотель олар бір-бірімен сің ісіп кетеді, - деген пікір айтады, яғ ни затты біртұ тас нә рсе ретінде оның қ ұ рамдас бө лшектеріне тең еуге болмайтынын кө рсетеді.

Сонымен дү ниеге келген заттардың формасы болғ аннан кейін олар ө зінің ішкі мақ сатына лайық ты ө згеріске, қ озғ алысқ а тү седі. Аристотель қ озғ алыстың тө рт тү рін кө рсетеді.

Пайда болу мен қ ұ ру.

Сапалық ө згерістер, яғ ни заттардың қ асиеттерінің ө згеруі.

Сандық ө згерістер, яғ ни заттың ү лкеюі мен кішірейуі.

Орын ауыстыру.

Бірінші қ озғ алыс тү ріне келер болсақ, бірдең е дү ниеге белгілі бір мү мкіндіктің іске асуы арқ ылы келеді. Олай болса, пайда болу дегеніміз бір нә рсенің қ ұ руына, қ ұ ру – басқ а бір нә рсенің Дү ниеге келуіне ә келеді.

Қ озғ алыс белгілі бір кең істікті талап етеді жә не уақ ыттың шең берінде болады. Аристотель кең істікті заттың алатын орны ретінде тү сінеді, ол Демокриттің кө зқ арасына бұ л мә селе бойынша қ арсы келеді.

Уақ ыт - қ озғ алыстың саны. Санды есептейтін адамның жан-дү ниесі ғ ана. Олай болса, ол жан-дү ниенің қ асиеті ғ ана. Шын дү ниеде тек қ озғ алыс қ ана бар.

Енді тіршілік ә леміне келер болсақ, Аристотель оғ ан материя жә не форма тұ рғ ысынан қ арайды. Тірінің денесі материядан тұ рса, жаны – формадан тұ рады. Тіршіліктің жаны оның ішкі энтелехиясынан қ ұ райды да, белгілі бір мақ сатқ а лайық ты етіп қ озғ алтып дамытады.

Дү ниедегі тіршілік негізінен ү шке бө лінгеннен кейін, Аристотель жанды да ү шке бө леді.

Ө сіп-ө нетін жан (ө сімдіктер ә леміне тә н).

Сезінетін жан (жануарлар ә леміне тә н)

Ойлайтын жан (адамдарғ а тә н).

Адамның орны тіршілік ә лемінде – ерекше. Ол – ақ ыл-ойдың иесі. Сондық тан, оның жан-дү ниесі, дене қ ұ рылымы да ө згеше. Ол тік жү реді, ең бек етіп, сө йлей алады т.с.с. Адам тү йсіктері арқ ылы заттардың формасын қ абылдай алады, барлық тү йсіктер бір-бірімен байланысқ а тү сіп затты біртұ тас қ ұ былыс ретінде қ абылдауғ а мү мкіндік береді.

Адам ақ ыл-ой арқ ылы сезімдік кейіптерді қ абылдап, шығ армашылық жолмен игереді. Олай болса, ол қ абылдайтын ақ ыл-ойғ а жә не шығ армашылық ақ ыл-ойғ а бө лінеді. Соң ғ ыны Аристотель “ә рекетті ақ ыл-ой² дейді. Оның қ айнар кө зі “форманың формасы² - Қ ұ дайда.

Кө п адамдар ө мірдің мә нін лә ззат алумен тең естіреді. Ол – шынына келгенде, - қ ұ лдың арманы;

Екіншілер сый-сиапатқ а бө леніп, даң қ ты армандайды, олардың бә рі де басқ а біреулердің ық палымен байланысты, бү гін бар, ертең жоқ;

ү шіншілер байлық қ уып шаршайды, бұ л соң ғ ы ең мә нсіз, ө йткені ол табиғ атқ а қ айшы келетін нә рсе, ө йткені байлық басқ а мақ саттарғ а жетудің қ ұ ралы ретінде пайдаланылуы мү мкін, мақ сат ретінде оның ешқ андай мағ насы жоқ, - дейді Аристотель.

Адамның барлық іс-ә рекетінің мақ саты – рахатқ а жету. Адам ақ ыл-ойдың иесі болғ аннан кейін, ә рине, рахаттың ең биік тү рі – Дү ниені ақ ыл-оймен шолу (theorіa). Бірақ адам тірі пенде болғ аннан кейін ең алдымен ө мір сү ру керек – ол ү шін басқ а адамдармен қ арым-қ атынасқ а тү суі қ ажет.

Ә рине, кедейлік, ү не бойы керекті нә рселердің жетіспеушілігі, ауру, бақ ытсыздық т.с.с. адамды рахаттан алыстатады. Егер бай болсаң, қ алағ аның ның бә рі қ ол астында болса, денсаулығ ың, кү ш-қ уатың мол болса, онда ө зің ді бақ ытты сезінесің. Бірақ ол рахатқ а жақ ындатқ анымен оның ө зі емес.

Рахатқ а жетудің негізгі жолы ол – арете (arete – грек сө зі, -ізгілік, ішкі салмақ тылық). Сонымен рахат дегеніміз ізгілікті іс-ә рекеттің нә тижесі, яғ ни ақ ыл-оймен шектелген лә ззат. Олай болса, ол туа бітпеген, оғ ан ү йрену керек.

Ә ң гіме, біржақ тылық тан аулақ болып, ә р нә рсе, іс-ә рекет, жү ріс-тұ рыстың ортаң ғ ы жолын табуда. Оғ ан ақ ыл-оймен тоқ у арқ ылы жетуге болады. Мысалы, кең пейілдік – даң қ ойлық пен жансақ таулық тың екі ортасында; ерлік – ессіз батылдық пен қ орқ ақ тық тың ортасында; мырзалық - шашып-тө гу мен сараң дық тың ортасында т.с.с. Сонымен, еш нә рсе “ө те² болмауы керек.

Аристотель ізгіліктің екі тү рін кө рсетеді – біріншісі – дианоэтикалық, екіншісі – этикалық. Біріншіге жету ү шін адам жақ сы білім алып, оны ө мірдегі тә жірибемен ұ штастыруы керек. Этикалық қ ұ ндылық тар ә дет-ғ ұ рып арқ ылы беріледі (ethos - ә дет). Дианоэтикалық қ ұ ндылық тарғ а ақ ыл-оймен жетсек, этикалық қ ұ ндылық тарғ а – іс-ә рекет, жү ріс-тұ рыс арқ ылы жетеміз. Батыл болу ү шін батыл іс-ә рекеттер жасау керек, ә ділетті болу ү шін - ә ділеттілік жолымен жү ру керек т.с.с.

Соң ғ ы қ ұ ндылық Аристотельді, ә сіресе, қ ызық тырады. Оғ ан бізде тоқ таң қ ырайық, ө йткені, бү гінгі ө тпелі заманда ә ділеттік деген сө зді біз тіпті ұ мытып кеткен сияқ тымыз, ал ө ткен кең ес заманында ә ділеттілікті саясатта адамдарды кедейліктің негізінде тең еуге ә келіп тіреген болатын.

Аристотельдің айтуынша, ә ділеттілік бір жағ ынан адамдарды тең еу арқ ылы, ал екінші жағ ынан игіліктерді ә р адамның, қ оғ амдағ ы алатын орны арқ ылы бө лу керектігінен шығ арады.

Ә ділеттік мә селесі бізді мемлекетке тікелей жеткізеді. Аристотель адамды “zoon polіtіcon² – саяси жануар ретінде анық тайды, ө йткені, адам жануарлар сияқ ты жалғ ыздан жалғ ыз ө мір сү ре алмайды. Мемлекет, сондық тан, адамдардың бірігіп ө мір сү руінің жолында пайда болғ ан қ ажетті қ ұ былыс.

Аристотель мемлекет мә селесін жеке меншікпен жә не еріктілікпен ұ штастырады, қ ұ лдар – мемлекеттің азаматы бола алмайды.

Егер Платон жеке меншік жойылу керек, - деген болса, Аристотель, керісінше, оның қ ажеттігін кө рсетеді. Жеке меншіктің кө п пайдалығ ын айтпағ анның ө зінде-ақ, дейді ойшыл, бір нә рсенің иесі болу адамғ а тү сінбейтін лә ззат сезімін ә келеді. Сонымен қ атар, байлық тың иесі мырза болып қ арапайым халық қ а, кем-тарларғ а кө мектесіп, оларды қ олдап отыруы қ ажет, басқ а жағ дайда қ оғ ам тұ рақ тылығ ынан айырылып қ алып, мемлекетке қ ауып тө нуі мү мкін. Соң ғ ы мә селеге кө п кө ң іл бө ліп, ойшыл ел тұ рақ ты болуы ү шін оның негізгі халқ ы орта дә режеде ө мір сү руі керектігін айтады. ХХ ғ асырда ә леуметтік философияда бұ л “орта таптың теориясына² айналды. Аристотельше ойласақ, бү гінгі таң дағ ы біздің қ оғ амның қ ұ рылымындағ ы орта топтың ә лсіздігі, кедейлер мен байлардың айырмашылығ ының шеттен шығ уы қ оғ амның тұ рақ тылығ ына теріс ә серін тигізіп жатыр.

Аристотель ө з заманының саяси тарихын зерттеп, мемлекеттің басқ ару формаларының заң ды тү рде алмасып отыратынын байқ айды. Мемлекетте де, сонымен, ол форманың белсенділігін, ө зінің философиясына сә йкес, кө рсеткісі келеді.

Мемлекеттің басқ ару формалары билікті ұ стап отырғ ан адамдардың санына қ арай бө лінеді, ал оның ө зі байлық тың кө лемімен тығ ыз байланысты. Екінші жағ ынан – билік басындағ ы отырғ ан адамдардың мақ саты қ андай – халық тың мү ддесін, я болмаса ө здерінікін қ орғ аумен байланыстырады.

Осы екі тұ рғ ыдан Аристотель басқ арудың ү ш дұ рыс тү рін, ү ш бұ рыс формаларын ашады.

Дұ рыс тұ рлері – монархия (monos – бір, arche – билік), бір адамның билігі, аристократия (arіston – ең жақ сы, асыл), аз ақ сү йектердің бірігіп басқ арғ ан билігі, полития (polіs – қ ала), ерікті адамдардың байлығ ына қ арай байланысты қ ұ рылатын ү кімет билігі.

Бұ рыс биліктерге келер болсақ, монархия, қ андай жақ сы билеу тү рі болса да бірте-бірте тиранияғ а – бір адамның зорлығ ына, заң сыз басқ аруына ә келуі мү мкін.

Аристократия да жү ре келе бір-бірімен сыбайлас болып қ ыз-алысып – берісіп, халық қ а қ ызмет етпей олигархияғ а ауысуы ғ ажап емес.

Полития да бірте-бірте демократияғ а ауысып (Аристотель демократия ұ ғ ымын қ азіргі мағ насынан кө рі басқ аша қ арайды) кез келген надан адамның кеудесін қ ағ ып “мен басқ арамын² деген пиғ ылын туғ ызып мемлекеттің билігіне олардың келуін тудырады (қ азіргі ө тпелі қ оғ амдағ ы кейбір сайлаулар кезіндегі ү рдістерге ұ қ сас).

Сонымен, Аристотельдің біршама ә леуметтік-саяси кө зқ арастары бү гінгі таң ғ а дейін ө зінің маң ызын жойғ ан жоқ. Оның кө терген кө п мә селелері болашақ дә уірлердегі ғ алымдарғ а рухани азық болып, олардың шығ армашылық шабытын оятты.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.