Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жердің глобалдық динамикалық үдерістері






 

Жердің ішкі қ ойнауы мен Жер бетінде жү ретін барлық ү дерістер: ішкі – эндогендік (грекше endon – ішкі) жә не сыртқ ы – экзогендік (грек. ехо – сырт) болып екі ү лкен топқ а бө лінеді.

Эндогендік ү дерістер арқ ылы жер қ ойнауында физикалық -химиялық жә не физикалық -механикалық ө згерістер, соның нә тижесінде оның тасты жә не шө гінді қ абығ ының тұ ла бойын ө згертетін кү штер пайда болады. Эндогендік ү дерістердің ә серінен таулар тү зеледі, жер сілкіністері болады жә не вулкандар атқ ылайды, мұ хиттар мен қ ұ рылық тардың пішіні ө згереді.

Экзогендік ү дерістерге байланысты жердің қ атты қ абаты жылу, су, мұ здық тар, жел ә серлерінен ө згеріп денудацияғ а (лат. denutatio – ашылу, бұ зылу, кө шу жә не ә ртү рлі тау жыныстарының аккумуляциясы – лат. accumulatio – жинақ талу) ұ шырайды.

Экзогендік ү дерістерді зерттейтін ғ ылымдарғ а: эрозиятану – жел, су ә серінен топырақ қ ұ рамының бұ зылуы туралы ғ ылым; гидрология – жерү сті сулары туралы ғ ылым; гляциология жә не криология – сулар мен мұ здардың геологиялық ә рекеттері туралы ғ ылымдар; лимнология – кө лдер мен саздардың, батпақ тардың геологиялық ә рекеттері туралы ғ ылым жатады.

Жердің қ озғ алмалы қ абаттары – атмосфера мен гидросфераның тү зілуі оның қ атты қ абатын қ ұ райтын тау жыныстарының бұ зылу ү дерістеріне ә келіп соқ ты. Мысалы, атмосферасы мен гидросферасы жоқ Ай бетінде тау жыныстары осындай дең гейде бұ зылмайды, аспан денелерінің қ ұ лауынан қ алғ ан кратерлер кө п уақ ытқ а дейін сақ талады.

Топырақ тү зілу ү дерістері экзогендік – жел, су, мұ здық тардың геологиялық ә рекеттерімен, яғ ни динамикалық геологияның маң ызды бө лімдерімен тығ ыз байланысты.

Экзогендік ү дерістер дегеніміз – тау жыныстары мен минералдардың денудациялық кү штер ә серінен – жылу, ауа, жел, су, мұ з жә не ауырлық кү ші ә серінен бұ зылу, тасымалдану жә не шө гу ү дерістері.

Тау жыныстары мен минералдардың бұ зылуы

Тау жыныстары мен минералдардың бұ зылуы дегеніміз тау жыныстары мен минералдарғ а температураның, ауаның, судың, оттегінің, кө мірқ ышқ ылының жә не ағ залардың биологиялық ә серінен болатын бұ зылу жә не ө згеру ү дерістері. Бұ зылуды: физикалық, химиялық жә не биологиялық деп ү ш типке бө леді.

Физикалық бұ зылу – тау жыныстары мен минералдар кристалдарының химиялық қ ұ рамы ө згерместен одан да кіші бө лшектерге бө лінуі. Физикалық бұ зылу барысында температураның маусымдық жә не жылдық айырмашылығ ының ү лкен маң ызы бар. Егер орта ендіктерде тә уліктік орташа температураның айырмашылығ ы жазда 10-15°-қ а тең болса, қ ыста 20-25, жыл бойы 40-500. Шө лдерде температура айырмашылығ ы 70-800-қ а дейін жетеді.

Қ ұ рлық бетінде тау жыныстарының сууы мен қ ызуы терең дегіге қ арағ анда ә лдеқ айда тез жү реді. Қ ызғ ан кезде тау жыныстары ұ лғ аяды, суығ анда кішірейеді, жә не бұ л тө менгі қ абатымен салыстырғ анда, ү стің гі қ абатында кө бірек болады, соның ә серінен вертикаль жә не горизонталь бағ ыттарда микросызаттар пайда болады. Бұ зылу ү дерісі сызаттарда судың конденсациялануы мен қ атуы кезінде ү дей тү седі. Бірнеше минералдардан тұ ратын массивтер, ә р минералдың сызық тық ұ лғ аю коэффициенті ә рқ алай болатындық тан, ажырай бастайды. Нә тижесінде тау жыныстарын кө птеген сызаттар басып, жарылып, уақ ыт ө те келе одан да ұ сақ бө лшектерге бө лінеді. Жер бетіндегі физикалық бұ зылу терең дікке қ арағ анда тезірек жү реді, сондық тан бұ л ү деріс алдымен тас қ абаттарында, содан кейін жеке тастарда байқ алады. Физикалық бұ зылу нә тижесінде су мен ауаны ө ткізе алатын, ал одан да қ атты бұ зылғ ан кезде суды бө гейтін қ асиетке ие болатын ә ртү рлі мө лшердегі бө лшектер пайда болады.

Ең бастысы, химиялық бұ зылу оттегінің, судың, кө мір қ ышқ ылының химиялық ә сер етуіне байланысты бұ зылатын жыныстардың жеке бө лшектерінің мө лшері мен химиялық қ ұ рамының ө згеруіне ә келетін ү деріс.

Жер қ ыртысында немесе қ ұ рылық тың беткі қ абаттарында тү зілетін барлық минералдардың кү рделілігі ә ртү рлі дең гейдегі химиялық қ осылыстардан тұ рады. Физикалық бұ зылу ү дерісі тау жыныстары мен минералдардың бө лшектенуіне ә келуімен қ атар, олардың су жә не ауамен беттесу аумағ ын ү лкейтеді. Беттесу аумағ ының ү лкеюі ө те тез жү реді.

Химиялық реакция жылдамдығ ы беттесу аумағ ына тура пропорционал ө сетіні белгілі. Сондық тан тау жыныстары мен минералдардың сумен, ауамен жә не кө мірқ ышылымен беттесу шекарасындағ ы химиялық реакциялардың беттесу аумағ ы неғ ұ рлым ү лкен болғ ан сайын, соғ ұ рлым тез жү реді.

Химиялық бұ зылу кезіндегі кең тарағ ан реакциялар – тотығ у, гидратация, дегидратация, гидролиз, еру жә не алмасу реакциялары. Тотығ у нә тижесінде оттегін қ осып алу ү дерісі жү реді.

Кө бінесе металдар, ә сіресе, темір тұ здары тотығ ады. Мысалы, пирит оттегімен жә не сумен ә рекеттескенде:

2FeS2 + 702 + 2H2O = 2FeSO4;

пирит

12FeSO4 + 6H2O = 302 = 4Fe2 (SO4)3 + 4Fe(OH)3

2Fe(SO4)3 + 9H20 = 2Fe2 О3 3H20+6H2SO4лимонит сияқ ты ө згеріске ұ шырайды.

Реакция нә тижесінде лимонит пен кү кірт қ ышқ ылы тү зіледі.

Гидратация – судың ә рекеттесуі арқ ылы жү ретін реакция. Мысалы, темір тотығ ы – гематит (қ ызыл темір рудасы) сумен ә рекеттескенде гидрототық немесе лимонит тү зеді. Дегидратация – керісінше, қ ұ рғ ақ жағ дайда жү ретін ү деріс.

Гидролиз – табиғ атта алюмосиликаттар мен кө мір қ ышқ ылының ө зара ә ркеттесуі барысында жү ретін реакция, сол реакция кезінде минералдан Са2+, Mg2+ немесе К+ катиондары ығ ыстырылып, олардың орнын сутегі басады.

Жер қ ыртысында ең кө п тарағ андары дала шпаттары, олар орта ендіктерде су жә не кө мір қ ышқ ылымен ә рекеттесіп, каолинитке айналады, ол реакция:

K2О•Al2О3-6SiО2+2HОH=H2О•Al2О3•6SiО2+2KOH.

ортоклаз

Судың диссоциацияланғ ан бө лігі ортоклазбен ә рекеттеседі, ондағ ы калий ығ ыстырылады, оның орнын сутегі басып, КОН сілтісі тү зіледі. Су ерітіндісінде тү зілген сілті кремнеземнің біраз бө лігін ерітеді, содан кейін:

H2О•Al2О3•SiО2+2KOH+nH2 О =

=H2О•Al2О3•SiО2+ 4SiО2•nH2О+2K2CO3 + H2О, кө мір қ ышқ ылымен ә рекеттеседі.

Реакция нә тижесінде каолин, кремнезем жә не кө мірқ ышқ ылды калийдің судағ ы ерітінділері тү зіледі. Каолин – мө лшері 0, 001 мм-ден кіші ұ сақ қ абыршақ тардан қ ұ ралғ ан, суды сің іру жә не сің ірілген жағ дайдағ ы К+, Са2+, Мg2+ жә не Н+ катиондарын жібермеу қ асиетіне ие, ақ тү сті балшық. Ыстық климат жағ дайында, одан ә рі бұ зылу барысында каолин темірдің гидрототығ ына, алюминийге жә не суда еритін кремний қ ышқ ылына ыдырайды. Кремнезем судың азғ антай концентрациясында шаң дардың фракциясын тү зе отырып шө геді, ал К2СО3 ерітіндісі суда К+ жә не СО32--ке диссоцияланады, сонымен қ атар К+ біразы шайылады (КСО3 формасында), біразы каолинге сің іріледі. Су мен кө мірқ ышқ ылының басқ а алюмосиликатты минералдарымен ә рекеттесуі барысында Са2+, Mg2+, K+, Na+ жә не басқ а катиондар босайды.

Химиялық бұ зылуғ а ұ шырайтын минералдар алғ ашқ ы минералдар деп аталады. Оларғ а жай тұ здармен қ атар магмалық минералдардың негізгі бө лігі: кварц, дала шпаттары, мү йізді алдамшы жә не т.б. жатады.

Екіншілік минералдар – алғ ашқ ы минералдардың одан ә рі химиялық бұ зылуының ө німі. Олар жай жә не кү рделі қ осылыстар тү рінде болады.

Екіншілік балшық ты минералдар – каолинит, монтмориллонит, гидрослюдалардың маң ызы зор. Бұ лар кө бінесе, мө лшері 0, 001 мм-ге жуық жә не теріс зарядты, ө те ұ сақ, жалпақ кристалды балшық тар. Бө лшектер мө лшерлерінің кішкентай болуы жабысқ ақ тық, қ оймалжың дық, ісінгіштік жә не алмасу реакциясына икемділік қ асиеттерінің туындауына себеп болады.

Химиялық бұ зылу кезінде бір мезгілде суда еритін қ осылыстар жә не кө бінесе кө мірқ ышқ ыл тұ здары К2СО3, СаСО3, МgСО3 тү зіледі. NaCl, MgCl2, т.б. минералдар суда еру арқ ылы алмасу реакциясына тү сіп, екіншілік суда еритін минералдарды тү зеді. Сондық тан кальцит, гипс, сода, галит сияқ ты минералдар алғ ашқ ы да, екіншілік те болуы мү мкін.

Ең кө п тарағ ан екіншілік минералдарғ а жай тұ здардың минералдары– кальцит, магнезит, галит, гипс, сода, тотық тар мен гидрототық тар минералдары – аморфты кремнезем (SiО2•nH2О), алюминийдің гидрототығ ы (Al2О3•nH2О), темірлер (Fe2О3• n H2О) – лимонит, гетит; марганецтің гидрототығ ы (Mg2О3•nH2О) – пиролюзит, псиломелан; екіншілік балшық ты минералдар – каолин, галлуазит, монтмориллонит, гидрослюдид (иллит) жатады.

Биологиялық бұ зылу тау жыныстарының, ағ залардың, олардың тіршілік ө німдерінің жә не органикалық ө німдерінің ыдырауы ә серінен болатын ө згеру ү дерісі.

Физикалық жә не химиялық бұ зылу кезінде барлық жай тұ здар сумен шайылады да, алдымен ө зенге, одан кейін тең із жә не мұ хитқ а ағ ып кетеді. Биологиялық бұ зылу кезінде ө сімдіктер мен микроағ залар суда еритін тұ здардың кей бө лігін таң дамалы тү рде сің іреді де, оларды органикалық заттар тү рінде бекітіп отырады. Бұ зылу ө німдерінде бірінші болып, осы жағ дайғ а бейімделген микроағ залар, қ ыналар жә не мү ктер, одан кейін – жоғ ары сатыдағ ы ө сімдіктер орналасады.

Тау жыныстарының бұ зылуы қ ышқ ыл немесе сілті реакциялы ферменттер, органикалық қ ышқ ылдар мен негіздер ә серінен болады. Кейбір силикатты бактериялар шырышты тү зілістер бө ле отырып, дала шпаттарын бұ зады. Нитраттаушы бактериялар азот қ ышқ ылын, кү кіртті бактериялар – кү кіртті бө ліп шығ аруғ а бейімделген. Диатомды балдырлар ө з денесінің қ аң қ асын тү зу ү шін алюмосиликаттардан кремнеземді сің іріп алады. Қ ыналар тау жыныстарына кү шті органикалық қ ышқ ылдар арқ ылы ә сер етеді. Ағ аштар мен бұ талардың тамырларының ө суі кезінде, олар тау жыныстарына сына тә різді физикалық ә сер етеді. Ө сімдік қ алдық тарының ыдырауы кезінде біраз мө лшерде қ ышқ ылдар мен тұ здар тү зіледі, олар да тау жыныстарымен ә ртү рлі реакцияғ а тү седі.

Сө йтіп, биологиялық бұ зылу кезінде, тау жыныстары мен минералдардың физикалық бұ зылуы мен бө лшектенуі, олардың биохимиялық ыдырауы болады. Нә тижесіне екіншілік минералдар мен кешенді – органикалық қ осылыстар тү зіледі, олардың кө п бө лігі топырақ тардың беткі қ абаттарында бекиді. Тү птеп келгенде биологиялық бұ зылу топырақ тү зілу ү дерістеріне жатады.

Ө сімдіктер бірнеше миллиард жылдар ішінде, біртіндеп, аммиак, метан, кү кіртсутек қ осылыстары басым болғ ан атмосфераның қ ұ рамын Жер шарының қ азіргі кездегі азоты, оттегісі, суы жә не кө мір қ ышқ ылы басым ауа қ абатына айналдырды. Алдында жү ріп ө ткен тотық сыздану ү дерістері жаң а минералдар пайда болатын тотығ у, гидролиз, гидратация ү дерістеріне ауысты. Ө сімдіктердің Жер бетіне тегіс таралуы нә тижесінде аса ү лкен бұ зылу жұ мыстарын атқ аратын ауа жә не су ағ ымдарының геологиялық ә рекеті қ ысқ арды. Ө сімдіктер мен микробтар химиялық заттарды сініріп ө здері ө лгеннен кейін топырақ қ а тү сіп шіріп, ыдырап қ айта тірі организмге тү скенін биологиялық айналым деп атайды.

Биологиялық айналым дегеніміз – тіршілікте ү здіксіз жү ріп жататын биологиялық қ ұ былыстардың кең істікте белгілі бір тә ртіппен қ айталануы. Табиғ атта болатын биологиялық айналымның сұ лбасын былай кө рсетуге болады:

– продуценттер (фотосинтез барысында ө нім шығ арушылар –ө сімдіктер) Кү ннің жарық энергиясын сің іруінің нә тижесінде органикалық заттарды (бастапқ ы ө німді) тү зеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады;

– консументтер (пайдаланушылар – жануарлар) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір тү рден екінші тү рге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің дамуына жә не олардың ұ рпақ тарының ү немі алмасып отыруына жағ дай жасайды;

– редуценттер (ыдыратушылар – микроорганизмдер) органикалық заттарды минералды заттарғ а ыдыратады, соның нә тижесінде табиғ атта қ ажетсіз қ алдық тардың жиналуына жол бермейді.

Биологиялық айналым нә тижесінде табиғ аттағ ы тіршіліктің дамуына қ ажетті элементтер топырақ тан, ауадан жә не судан тірі организмдерге таралады жә не қ айтадан топырақ қ а, ауағ а, суғ а оралады.

Ө сімдіктердің дамуы мен таралуына қ арай (бактериялар – тө менгі сатыдағ ы ө сімдіктер – жоғ арғ ы сатыдағ ы ө сімдіктер) олардың тау жыныстарымен арақ атынасы кү шейе тү сіп, біртіндеп, бұ рын болмағ ан жаң а ү деріс – топырақ тү зілу ү дерісі туындады. Ө сімдіктердің сумен, тау жыныстарымен, жә не атмосферамен арақ атынастары тірі ағ заларғ а бай биосфераның – Жердің жаң а қ абатының қ алыптасуына алып келді.

Қ ұ рлық бетіне жылу мен жарық тың ә рқ илы тү суі, тау сілемдері, мұ хиттар мен тең іздердің орналасу жағ дайына байланысты ө сімдіктердің топтары мен тү рлерінің зоналар бойынша таралуының алғ ышарты пайда болды. Жер бетінің салыстырмалы шектеулі азғ ана бө лігінің ө зінде, мұ здық тар шө гінділерінен тү зілген қ ыраттар мен жоталардағ ы қ ылқ ан жапырақ ты жә не жапырақ ты ормандар біртіндеп, мұ здық тар суларының шө гінділерінен тү зіліп жиналғ ан қ ұ мдауыт жазық тарда ө сетін ормандарғ а, олар – баяу ағ атын ө зендердің жағ аларындағ ы шалғ ындар мен саздарда ө сетін ө сімдіктерге ауысты. Дегенмен, қ айда болсын ө сімдіктердің, жануарлардың жә не микроағ залардың ә серінен тү зілетін ерекше дене – тірі жә не ө лі табиғ атты біріктіретін, сонымен қ атар ө зіндік ерекшеліктері мен қ асиеттерін сақ тайтын, биологиялық жә не геологиялық ү дерістер нә тижесінде пайда болатын – топырақ қ алыптасады.

 

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.