Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.




НҚА-нормативтік құқықтық актілер.

Мемлекет қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатымен өз функцияларын іске асыру барысында құқықжасаушылықпен тікелей айналысады, және бұл аса маңызды үрдіс болып табылады. Құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы органдарының қызметтерінің нәтижесінде қабылданады, өзгертіледі және жойылады. Мемлекеттің және оның органдарының құқық нормаларын жасауға бағытталған әрекеттерін құқық жасаушылық деп айтады. Мемлекет және құқық теориясында құқықжасаушылықтың ұғымы құқықты қалыптастырумен, құқық нормаларын жасаумен және қабылдаумен тікелей байланысты.Құқықжасаушылық негізінде ғана күрделі процестен өтіп, заңдар, жарлықтар, қаулылар, және басқа да норм.-құқ. актілер пайда болады.

Сонымен, құқықжасаушылық дегеніміз мемлекеттің қоғам мүддесіне сай, қоғамдық қатынастардың қажеттілігіне байланысты халықтың еркін, идеяларын, талаптарын заңға және басқа норм.-құқ. актілерге айналдыруда жасалатын арнайы қызметі.

Негізгі қағидалары:

Құқық жасаушылықтың қағидалары деп мемлекеттік органдардың норм.-құқ. актілерді шығаруда тұрақты мағынада пайдаланылатын негізгі идеялардың жиынтығын айтамыз.

1. Демократияшылдық. Ең негізгі қағидалардың бірі. НҚА-ді қабылдауда халықтың тікелей қатысуы, баспасөз беттерінде қабылданатын заң, қаулы, шешімдерге халықтың өз пікірлерін білдіруі.

2. Заңдылық. Құқықжасаушылық барысында мемлекеттік органдардың ҚР конституциясы белгілеген, талапта және оған қайшы елетін әрекеттер жасау арқылы норм.-құқ. актілерді шығаруға жол берілмейді. Конституцияның үстемдігі, заңдардың құқықжасаушылық барысында қатаң сақталуы заңдылық қағидасын нақтылы тәжіррибеде қамтамасыз етеді. Заңдылық – көппікірліктің іргетасы.



3. Ғылыми жағынан дәлелдігі. НҚА-ң мазмұны заң ғылымдарының жетістіктеріне, жаңа идеяларына сүйену тиіс. Заңдар ғылыми жағынан дәлелді болу үшін оларды сараптамалардан өткізу керек.

4. Парламент пен атқарушы органдар арасындағы үйлесімділік. Мемлекетте құқықжасаушылық қызметі тиімді болып, сапалы заңдардың шығуына кеңінен жол ашылады.

5. Жариялылық.Құқықжасаушылықпен айналысатын органдардың қызметтерінің ашық өткізілуі. Заң мен шешімдердің баспасөз беттерінде, радио, теледидар арқылы халықтың жоба туралы пікірлерінің ортаға салынуы.

6. Құқықжасаушылықтың икемділігі. Формализм және бюрократияға жол бермеу. НҚА-ді шығару кезінде тиімділік жағынан қамтамасыз ету.

7. Құқықжасаушылықтың жеделділігі. Қоғамға өте қажетті НҚА-дің жедел түрде қабылдануы.Заң жобалары әрқашан Парламентке түскен реті бойынша қабылдануы тиіс.

Негізгі сатылары:

1. НҚА-ң жобасын дайындау. Бұл сатыда мемлекеттік органдар әлеуметтік тәжірибеде жинақталған фактілер мен жағдайларды мұқият зерттеп, болашақта қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің бап, норма көлеміндегі негізгі қаңқасын жасайды. Жоба жаңа идеялармен толықтырылуы мүмкін. Басқа мемлекеттік органдармен келісім рәсімінен өтуі мүмкін.



2. Жобаны құқықжасаушылық қызметін іс жүзінде асыратын мемлекеттік органның (Парламент, Үкімет, мәслихат) талқылауына түсіру. Егер ол заң болса, поарламентке түсіруді заң шығару бастамасы дейміз. (Парламент депутаттары, Үкімет).

3. Жобаның құқық жасау мемлекеттік органдарда талқылануы. Жоба мұқият талқыланып, кәсіби мамандар қатысады.Егер ол заң болса, парламентте депутаттар талқылайды, қосымша өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Заңның сапалылығы Парламенттің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.

4. Норм.-құқ. актілерді қабылдау. Талқылаудан өткен НҚА-лер мемлекеттік органмен қабылданады. Заң болса, Парламентпен көп дауыспен қабылданып, ҚР Конституциялық Кеңесіне жіберіледі. Конституциялық Кеңес заңның Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды.

5. НҚА-ді жариялау. Парламент қабылдаған заң Конституциялық Кеңес мақұлдағаннан кейін Президенттің қолы қойылып, жарияланады. Негізінді заңның мәтіні «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Заң газеті», «Юридическая газета» басылымдарында жарияланады. Заңның күшіне ентін мерзімі мәтінінде көрсетіледі.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал