Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тіл бұзылыстарының түрлері.






Дыбыс айту бұ зылыстарын дислалия деп атайды. Механикалық дислалия – дыбыс айту бұ зылыстары артикуляциялық аппарат қ ұ рылымының бұ зылыстарымен байланысты: тістесудің дұ рыс болмауы, тіласты жү генінің қ ысқ алығ ы, шектен тыс тілдің ү лкен (макроглосия) немесе кішкентай (микроглосия), жің ішке болуы. Артикуляциялық аппарат қ ұ рылымы қ алыпты болғ андағ ы дыбыс айту бұ зылыстары функционалдық дислалия деп аталады.

Жиі кездесетін тілдің дыбыс айту бұ зылыстарының тү рі – дизартрия деп аталады. Ол орталық жү йке жү йесінің органикалық зақ ымдануында пайда болады. Мұ ндай жағ дайда баланың кемістігі дыбыс айту бұ зылысымен шектелмейді, бала тілінің просодикалық жағ ы да бұ зылады – сө йлеу жылдамдығ ы (жә й немесе жылдамдатылғ ан), ырғ ағ ы (тақ пақ тап (буындап) сө йлеу, ү зіп, ырғ ақ тық -ретсіз сө йлеу) жә не интонациясы. Неврологиялық пікір бойынша (жү йке жү йесінің зақ ымдану бө лігіне байланысты) дизартрия қ ыртысасты, қ ыртысты, мишық тық, бульварлы жә не псевдобульварлы болып бө лінеді.

Тіл бұ зылыстарының ауыр тү ріне ринолалия жатқ ызылады. Ринолалия – тілдің просодикалық жағ ы мен дыбыс айту бұ зылысы. Бірінші кезекте, артикуляциялық аппараттың қ ұ рылымындағ ы еріндер, альвеоларлық ө скін, қ ызыл иектер, қ атты жә не жұ мсақ таң дай, қ уыс тү ріндегі бұ зылыстардың дауысқ а ә сер етуі. Баланың сө йлеуі ұ зақ уақ ыт тү сініксіз болады (кө п дыбыстарды дұ рыс айтпауынан).

Кейде балада ринофония да кездеседі – дыбыс айтуы сақ талғ ан жағ дайда фонация мен просодикалық бұ зылуы.

Моторлық алалия (жалпы тіл кемістіктері бар балалардың топтарында мұ ндай балалар басым болады) - бас миының жетілмеуімен байланысты бү кіл сө йлеу жү йесінің қ алыптаспауы.

Сенсорлық алалияны негізгі кө рсеткіші – қ атысты сө йлеуді тү рлі дең гейде тү сінбеу: бір жағ дайларда бала сө йлегенді мү лдем тү сінбейді, басқ а жағ дайларда кейбір сө здерді ғ ана тү сінеді, жең іл жағ дайларда -қ арапайым қ атысты сө йлеуді тү сінеді, бірақ балада фонематикалық қ абылдау жеткіліксіз қ алыптасқ ан, акустикалық ажырату, акустикалық талдау мен синтездеу жоқ. Бұ л бас ми қ ыртысының жетілмеуімен байланысты. Моторлық алалияғ а қ арағ анда, сенсорлық алалия жиі кездеседі.

Сө йлеу тілінің жалпы дамымауы – қ алыпты есту жә не алғ ашқ ы сақ талғ ан интеллект жағ дайында, барлық тілдік жү йе тілдің дыбыстық жә не мағ ыналық жақ тары (дыбыс айту, сө здік қ ор, грамматикалық қ ұ рылым, байланыстырып сө йлеу) компоненттерінің қ алыптасуындағ ы бұ зылыстар.

Сө йлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар топтары ү шін жинақ ы термин болып табылады.

Тілдің фонетикалық -фонематикалық жетілмеуі дегеніміз – фонемаларды айту мен қ абылдау кемістіктері себебінен тү рлі тілдік бұ зылыстары бар балаларда ана тілінің дыбыс айту жү йесінің қ алыптасу процесіндегі бұ зылыстар. Оқ у процесінде, білім беру Стандартына, оқ ушылардың білімдері мен іскерліктеріне, балалардың даму ауытқ ушылық тарына жоюғ а қ оятын талаптарғ а сай, тіл бұ зылыстары бар балалардың бағ дарлама материалын нә тижелі мең геруіне кө мек беретін, арнайы қ ұ растырылғ ан оқ у-ә дістемелік кешендер қ олдану керек. Сонымен қ атар, арнайы педагогикалық қ олдауды логопед, қ ажет болғ анда психолог кө рсетеді. Логопедиялық сабақ тар жеке немесе 2-4 адамнан тұ ратын кіші топтармен жү ргізіледі. Сабақ тың ұ зақ тылығ ы: бастауыш мектепте – жеке 15 минут, кіші топтарда – 30-40 минут. Жеке сабақ тарғ а балалар аптасна 2-3 рет барады. Логопедиялық сабақ тарғ а балалар логопунктқ а немесе психологиялық -педагогикалық тү зету кабинеттеріне барады.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.