Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






азтуған Сүйіншіұлы

Астана қ аласы

Орта мектеп

Тақ ырыбы:

Азтуғ ан жырау

Тексерген: Оспанова М.Ә.

Орындағ ан: Амангельдина Ж.Ғ.

2015 жыл

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Ө мірі жайлы негізгі мә ліметтер

3. Таза далалық поэзия

4. Ө мірі жайлы тың деректер

5. Қ орытынды


Кіріспе:

Қ азтуғ ан Сү йінішұ лы (шамамен 15 ғ асырда ө мір сү рген) – жырау, жорық жыршысы, қ азақ эпосын жасаушылардың бірі. Оның ө мірі туралы деректер аз. Ғ алымдар оның қ ай ғ асырда ө мір сү ргенін білмей, ә лі дауласуда. Оның артынан сол замандағ ы қ азақ халқ ының жағ дайы туралы кө п мұ ра қ алғ ан. Ө кінішке орай, оның ү лкен мұ расынан табылғ аны – ү ш-ақ дастан. Осы дастандардың ө зі кө п мә лімет береді. Енді осы мә ліметтер арқ ылы оның ө мірін зерттеп кө рейік.

азтуғ ан Сү йіншіұ лы

Қ азтуғ ан Сү йінішұ лы (шамамен 15 ғ асырда ө мір сү рген) – жырау, жорық жыршысы, қ азақ эпосын жасаушылардың бірі. Қ азтуғ ан жыраудың артынан ө мір, болмыс туралы, атамекен, туғ ан ел жайлы жә не ә скери тұ рмысқ а қ атысты сан алуан жырдан қ ұ ралғ ан мол мұ ра қ алғ ан. Бірақ жырларының кө пшілігі сақ талмағ ан. Бізге жеткен шығ армаларынан қ азіргі кезде «Бұ дырайғ ан екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұ рт», «Белгілі биік кө к сең гір» деп аталатын ү ш толғ ауы ғ ана бар. Алайда аталғ ан ү ш шығ арманың ө зі-ақ Қ азтуғ анның қ азақ ә дебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қ иялының ұ шқ ырлығ ы, кең дігі, суреттеу тә сілдерінің байлығ ы мен ә семдігі орта ғ асырларда қ азақ тың ақ ындық ө нерінің жоғ ары дә режеде ә рі ө зіндік сипатқ а толы болғ анын танытады. Ұ лттық бояуы ашық, ө ршіл романтикағ а суарылғ ан, афористік толғ аныс, кө ркем тіркестерге бай Қ азтуғ ан жырлары ә лденеше ғ асырлар бойы қ азақ ақ ындарына ү лгі, ө неге мектебі болғ ан.
Жыраудың «Бұ дырайғ ан екі шекелі» толғ ауында ә рі жырау, ә рі батырғ а тә н ө з портретін ө зі жасап, ұ тымды да дә л метафоралық салыстырулар арқ ылы ә сем кө мкерген. Ал, «Алаң да алаң, алаң жұ ртта» халық тың туғ ан мекен? Еділін тастап, шу бойында алғ аш хандық қ ұ рып, қ оныс тебуі, тә уелсіз ел болу кезең ін мең зейді. Қ азтуғ анның туғ ан жер, ө скен елге деген махаббаты да кіршіксіз ә рі шексіз. Ол «Кіндік кесіп, кір жуғ ан» ата қ оныс? Еділдің дарқ ан байлығ ы мен шексіз де шетсіз қ уатты мекен екенін сипаттау арқ ылы ө з сү йіспендігін жайып салады. «Жатып қ алғ ан бір тоқ ты жайылып мың қ ой болғ ан жерді» суреттегенде, оның елге қ орғ ан, мық ты тірек болғ анын да ұ мытпайды. «Белгілі биік биік кө к сең гір» жырынан жауынгер-жыраудың ө мір жайлы тыныс-тү сінігі айқ ын аң ғ арылады. Бұ л аталғ ан жырлар қ азақ ә дебиетінде ө зінің мазмұ ны мен кө ркемдік сипаттары жағ ынан ғ ана емес, сыртқ ы тү зілім-қ ұ рылыс тұ рғ ысынан да ерекше дараланады.
Қ азтуғ ан жырлары алғ аш рет Ғ.Мұ штақ тың «Шайыр, яки қ азақ ақ ындарының басты жырлары» деген кітабында басылғ ан. Кейіннен «Ертедегі ә дебиет нұ сқ алары», «Алдаспан», «15-18 ғ асырлардағ ы қ азақ поэзиясы», «Бес ғ асыр жырлайды» атты жинақ тарда жарық кө рген. Дереккө зі: Қ азақ стан ұ лттық энциклопедиясы, 5 том
Қ азтуғ анның туып-ө скен қ онысы – Еділден бө ліне шығ ып, онымен жарыса ағ атын Ахтуба, Бодан (Бозан) ө зендерінің бойы, қ азіргі Красный Яр қ аласы тұ рғ ан маң ай. Жырау кө шпенділердің шынжыр балақ, шұ бар тө с ә скери аристократиясынан шық қ ан сияқ ты. Халық аң ыздарында ол қ олбасы батыр.
Ө зіне арнағ ан мадақ жырында Қ азтуғ ан былай толғ айды:
Бұ дырайғ ан екі шекелі,
Мұ здай ү лкен кө белі,
Қ ары ұ нымы сұ лтандайын жү рісті,
Адырнасы шә й жібек оқ қ а кірісті,
Айдаса – қ ойдың кө семі,
Сө йлесе – қ ызыл тілдің шешені,
Ұ стаса – қ ашағ анның ұ зын қ ұ рығ ы,
Қ алайылағ ан қ асты орданың сырығ ы,
Билер отты би соң ы,
Би ұ лының кенжесі,
Буыршынның бұ та шайнар азуы,
Бидайық тың кө л жайқ ағ ан жалғ ызы,
Бұ лыт болғ ан айды ашқ ан,
Мұ нар болғ ан кү нді ашқ ан,
Мұ сылман мен кә уірдің
Арасын ө тіп бұ зып дінді ашқ а
Сү йінішұ лы Қ азтуғ ан!

Таза далалық поэзия! Бұ л жолдар қ азақ тілінде ғ ана сұ лу, қ азақ оқ ушысына ғ ана тү сінікті. Мұ здай ызғ арлы ауыр сауыт киген батыр кө термелеу ү шін ө зін номадтың тү сінігіндегі ең ә улетті, ең қ ұ рметті деген заттарғ а балайды. Тарпаң тағ ыны ұ стар ұ зын қ ұ рық, ақ орданы сү йеп тұ рғ ан ә шекейлі сырық, жас бураның тал қ айзар ө ткір азуы, қ ыранның жембасар тырнағ ы, - алтын да, кү міс те, алмас та емес, бірақ алтыннан да, алмастан да салмақ ты, іріктеліп, екшелеп алынғ ан образдар. Осы жолдардан Қ азтуғ анның жорық шы, жауынгер жырау болғ андығ ы кө рінеді. Сонымен бірге жыраудың эпосшы болғ андығ ы да аң ғ арылады. Ноғ айлы цикліндегі жырлардың біразынан Қ азтуғ ан поэзиясының ә сері байқ алады. Бұ л тұ рғ ыдан алғ анда Қ азтуғ ан – қ азақ эпосын жасаушылардың бірі.
Бұ лыт болғ ан айды ашқ ан,
Мұ нар болғ ан кү нді ашқ ан, -
деп шалқ ығ ан Қ азтуғ анның білегінің кү ші қ аншалық болғ анын біз білмейміз, ал ақ ындығ ына келсек, оның мұ ндай сө здерді айтуғ а толық хақ ысы болғ андығ ы кө рінеді. Қ азтуғ анның нақ ыл-тақ пақ, жыраулық ой толғ анысынан келетін:
Балдағ ы алтын қ ұ рыш болат
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қ анғ а қ анар деп.
Арғ ымақ тың баласы
Арығ ан сайын тың жортар,
Арқ а мен қ осым қ алар деп.
Ақ дария толқ ын кү шейтер, -
Қ ұ йрығ ын кү н шалмағ ан балығ ын
Ортамнан ойран салар деп.
Азамат ердің баласы
Жабық қ анын білдірмес,
Жамандар мазақ қ ылар деп, -
Іспеттес жолдары жыраулық поэзияның бізге жеткен ең ескі ү лгісі. Бұ л жерде ү лкен ақ ыл иесі, кең тынысты жырау бой кө рсетеді.
Алайда Қ азтуғ анның ақ ындық қ уатын танытатын шығ арма – оның туғ ан жермен қ оштасу жыры. Бұ л толғ аудан кейін бү кіл қ азақ поэзиясына азық болғ ан образдарды ұ шыратамыз.
Алаң да алаң, алаң жұ рт,
Ағ ала ордам қ онғ ан жұ рт,
Атамыз біздің бұ Сү йініш
Кү йеу болып барғ ан жұ рт,
Анамыз біздің Бозтуғ ан
Келіншек болып тү скен жұ рт,
Қ арғ адай мынау Қ азтуғ ан батыр туғ ан жұ рт,
Кіндігімді кескен жұ рт,
Кір-қ онымды жуғ ан жұ рт,
Қ арағ айдан садақ будырып,
Қ ылшанымды сары жү н оқ қ а толтырып,
Жанғ а сақ тау болғ ан жұ рт!
Бұ л жолдарда оқ ушысын баурап алатын ерекше бір кү ш бар сияқ ты. Аң дап қ арасақ, ө згеше ештең е де жоқ, қ арапайым сө з тіркестері. Алайда осы қ арапайым сө здердің ө зінде адамды елітер, ерітер қ аншама сезім жатыр десең ші!
Қ азтуғ ан поэзиясы – табиғ ат аясындағ ы кө ң ілі таза сә би кө шпендінің поэзиясы. Бұ л поэзия номадтың санасының қ аншалық дә режеде болғ андығ ын кө рсетеді, оның ө зін қ оршағ ан, ә лі адам қ олы бү лдірмеген табиғ ат туралы тү сінігінен елес береді, ө мірге кө зқ арасын білдіреді. Табиғ ат аясындағ ы ақ кө ң іл номадтың қ иялы ө зінің ұ шқ ырлығ ымен, кендігімен, сонымен қ атар балаң дығ ымен бізді таң қ алдырады. Жырау туғ ызғ ан кейбір муреттер мен образдарғ а біз кішкене баланың қ ұ мнан соқ қ ан қ ұ рылыстарына қ арағ ан ү лкен кісінің сезімімен қ ызық тай қ раймыз, бірақ кү лмейміз, - сү йсінеміз. Бұ л сезім кейде бас ұ руғ а дейін жетеді. Ө йткені Еділ жө нінде айтылғ ан:
Шырмауығ ы шө ккен тү йе таптырмас,
Балығ ы кө лге жылқ ы жаптырмас,
Бақ сы мен шаяны
Кежідегі адамғ а
Тү н ұ йқ ысын таптырмас, -
деген жолдар хас суреткердің қ олынан ғ ана шығ уы мү мкін еді. Сү йкімсіз шө п шырмауық тың қ алың дығ ы, адамғ а тыныш ұ йқ ы ұ йық татпайтын бақ а-шаянының кө птігі де жырауғ а соншалық ыстық. Туғ ан жердің қ асиеттілігінің бір белгісі іспеттес. Бірақ біз жатырқ амаймыз, тыжырынбаймыз – суреткердің қ иялына таң ырқ ап, демімізді ішке тартамыз. Ө йткені біздің алдымызда орта ғ асырдың поэзиясы, ортағ асырлық кө шпенді. Осы тамаша толғ ау:
Сө йткен менім Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Хайырлы болсын сіздерге
Менен қ алғ ан мынау Еділ жұ рт, -
деп Еділ бойында қ алғ ан тү рік тектес руларғ а бақ ыт, береке, тыныштық тілеумен аяқ талады.
Біздің қ олымыздағ ы Қ азтуғ ан атына қ атысты деректер ә зірге осымен шектеледі. Бізге жеткен, ә рине, Қ азтуғ ан мұ расының жү зден бірі ғ ана. Бірақ осының ө зі қ азақ ә дебиетінің басы болып есептелуге тиіс суреткердің творчествосы жайынан біршама елес бере алады.
Қ азтуғ ан туралы аз жазылғ ан жоқ. Зерттеу ең бектердің баршасы да оны ХV ғ асырдың тұ лғ асына жатқ ызады. Бірақ ол пікірдің шындық тан ауылы алыстау. Қ азтуғ ан – Ноғ айлы жырауларының ең кенжесі, ХVІІ ғ асырдың бірінші жартысында ө мір сү рген тұ лғ а.
Жыраудың ө мір сү рген кезең ін анық тауғ а Ноғ айлы шежірелері септеседі. Қ азтуғ ан шежіресі былай тү зіледі: Ысмайыл – Дінбай – Тінікей – Абдол – Сү йініш – Қ азтуғ ан. Ысмайыл Мұ са бидің ортаншы ұ лдарының бірі болғ андық тан, 1480 жылдар шамасында дү ниеге келді деп болжауғ а болады. Ал ө лген жылы 1563 жыл. Оның тө ртінші ұ лы Дінбай Орыс би заманының 1578-1590 жылдары атыс-шабыстың бел ортасында болды. Қ азтуғ ан Ысмайылдың бесінші ұ рпағ ы. Ә р ұ рпақ қ а 20-25 жастан бергенде Қ азтуғ ан 1600 жылдар шамасында дү ниеге келген болады.
Ол ноғ ай ұ лтының тө л перзенті. Ү шінші атасы Дінбай би дә режесіне кө терілмегенмен, Башкирияның уә лиі болғ ан Ноғ айлының атақ ты мырзаларының бірі. Қ арғ ыс тигендей атыс-шабыспен ө мірлері Ысмайыл ұ лдары арасында ү немі ә ділет жолына жығ ылушылардың бірі болды.
1556 жылы Астраханды орыс лә шкері екінші рет алып, Ысмайылдың талабымен Еділдің ө ткелдеріне қ атаң кү зет қ ойылғ ан-ды. 1558 жылы Ливон соғ ысы басталып, кү зет алынып тасталғ анда, Ысмайылдың қ итұ рқ ы қ ылық тарына наразы болғ ан Дінбай ә кесінен бө лініп, Қ ырымғ а ауғ ан-ды. Қ ырым ханы Дә улеткерей апаларынан туғ ан жиен еді. Хан Ысмайыл балалары Дінбай мен Қ ұ тлық байды, олармен бірге ілесе барғ ан Сейідахмет би ұ рпақ тары мен Оразалының тоғ ыз ұ лын қ ұ шақ жая қ арсы алды. Дә улеткерей 100 мың лә шкермен Мә скеуге жорық қ а аттанбақ шы еді. Ә лгілерді лә шкер санатына қ осты. Бірақ орыс межелерінің кү зеті мық ты екенін барлап біліп, жорық тан бас тартты. Ноғ айлыдан келгендерге елдеріне қ айтуғ а кең ес берді. Дінбай қ айтар жолда Дон казактарының шабуылына ұ рынып, інісі Қ ұ тлық байды тұ тқ ында қ алдырып, соң ындағ ы қ алың найман елін жауғ а беріп, он бес адаммен ғ ана қ ашып келді (В.В. Трепавлов... 303-б.). 1559 жылы ә жептә уір жасақ пен барып, тұ тқ ын болғ ан інісін, қ олды болғ ан елін жә не бү лгін кезінде ауып кеткен қ ыруар жұ ртты қ айтарып ә келді. Риза болғ ан ә ке оны Башкирияғ а уә ли ғ ып жіберді.
Дінбай 1563 жылдың қ ысында Ноғ айлыдан қ ашып кеткен Шейхмамайдың ү ш ұ лы Ташкент билеушісі Барақ ұ лы Баба жасақ тарымен тізе қ осысып, Ноғ айлының шығ ыс қ анатын тонағ анда, соң дарынан аттанып, мал-мү лікті айырып алып, жорық жетекшілерінің бірді-екісін байлап алып қ айтқ ан да осы Дінбай еді (Сонда, 309-б.).
Ал 1576 жылы Дінахмет бидің тұ сында Башкирия уә лиі Дінбай дә режесі жағ ынан бимен тең естірілді (Сонда, 315-б.). Ал Орыс би тұ сында ол батыс тарап шекарағ а жауапты – нұ радын қ ызметін 1584 жылғ а дейін атқ арды. 1586 жылы қ аң тарда Орыс пен Дінбай елшілері Бақ шасарайғ а келіп, Тү рік сұ лтанына сұ ранды. Дінбай Орыс бидің тү рікпен тізе біріктіру саясатын қ олдады.
Міне, осы шамадан бастап, Дінбай аты қ ұ жаттарда кезікпейді де, Дінбай ұ рпақ тары атымен Тінікей, Қ анай, Рахманқ ұ л есімдері ауызғ а ілігеді.
Демек, Дінбай ақ патшағ а жаны қ ас Орыс бидің ү немі серіктесі болып, саяси сахнағ а Орыс бидің ұ лы Жанарслан шық қ анда да, Дінбай ұ лдары оның шашбауын кө терді. Сө йтіп, Дінбай жә не Дінбай ұ рпағ ы Ноғ айлының Ресейге қ арсы тобының басты тіректерінің бірі болды деуге негіз бар. Дінбай ұ рпақ тары орысшыл Ормамбетті ө лтіруге қ атысты. Осы оқ иғ адан кейін Ноғ айлығ а Астрахан атқ ыштары шық қ анда Дінбай ұ рпақ тары Жемнің сыртына кө шіп кетті.
Бұ л мә селелерді тә птіштеп баяндап отырғ ан себебіміз: сө з болғ ан жағ дайлардың кө бісі Қ азтуғ ан толғ ауларына жыр жолдары болып енген.
Сап-салпыншақ анау ү ш ө зен,
Салдары менің ордам қ онғ ан жер...
Мұ ндағ ы ү ш ө зен: Еділ, Жайық, Жем. Бұ л ү ш ө зенді жайлағ аны рас. Соң ғ ысында тіпті Жемнің шығ ысына асып кеткен-ді.
Мұ сылман мен кә уірдің
Арасын ө тіп бұ зып дінде ашқ ан,
Сү йінішұ лы Қ азтуғ ан.
Мұ ндағ ы кә уірі Ресей екені бесенеден белгілі. Кә рі атасы Дінбайдың орысқ а қ арсылығ ымен жастайынан сусындап ө скен Қ азтуғ анның бұ л мә селедегі кө зқ арасы анық та біржақ ты.
Еділ – Жайық арасын 1508-1513 жылдар аралығ ында Ормамбет інілері мен балалары тастап шық қ ан соң, Есет, Ор, Жем сыртында жү рген Орыс пен Дінбай ұ рпақ тары Астрахан аймағ ына келіп, қ азіргі Қ ызылжар, Володар ауданындағ ы Бозан суының бойына қ оныстанды. Қ ұ т-береке Бозан ө зенінің кө рінісі қ аз-қ алпы Қ азтуғ ан жырына кө шірілген:
Ботташығ ы бұ заудай,
Боз сазаны тоқ тыдай,
Балығ ы тайдай тулағ ан,
Бақ асы қ ойдай шулағ ан.
Шырмауығ ы шө ккен тү йе таптырмас,
Балығ ы кө лге жылқ ы жаптырмас,
Бақ асы мен шаяны
Кежедегі адамғ а
Тү н ұ йқ ысын таптырмас.
(Бес ғ асыр жырлайды. Алматы, 1989. 29-б.).
Осы шумақ тағ ы “ботташық ” Бозан ө зені бойында ө сетін тамырлы жеміс, осы ө ң ір тұ рғ ындары арасында ә лі де ботташық деп аталады.
Мұ рат Мө ң кеұ лы “Ү ш қ иянда”:
Қ абыршақ ты, Қ арасу
Қ анатымды залым қ ияр деп,
Қ арғ абойлы, Қ азтуғ ан
Қ айғ ыланып кө шкен жер, – деп, Қ азтуғ анның ата қ онысы Қ абыршақ ты, Қ арасу деп кө рсетеді. (Мұ рат. “Арыс” баспасы, Алматы, 2001. 135-б.). Ә лбетте, осығ ан ұ қ сас жер аты ә р жерде кездесуі мү мкін. 1576-1586 жылдарда Қ азтуғ анның ұ лы атасы Ноғ айлығ а нұ радын болып, батыс шекараның жауапкершілігін мойнына алды. Бұ л қ ауым Сарай-Бату қ аласының ү йіндісі мен Сарай-джедид (Жаң а Сарай) аралығ ын қ оныстанғ аны белгілі. Демек, Қ азтуғ ан Еділді тө мең гі саласында Ақ тө бенің Бозанғ а қ ұ яр бұ рылысында туды деуге негіз бар.
Ал Дінбай ұ лдарының орыс лә шкерінің жазалауынан қ орқ ып, Жем сыртына кетіп, Орск маң ын жайлап, Еділ-Жайық арасынан ел кеткенде, Астрахан воеводасының шақ ыруымен Астраханның іргесі Бозан бойына кө шіп келгені анық.
Астрахан воеводасының, бір жағ ынан, ү гіттеп, бір жағ ынан, кү штеуімен Қ ырым бетке ауғ ан Ормамбет інілері мен балалары да Еділ-Жайық арасына қ айта оралды. Олар Естерек би мен нұ радын Шайтерек ө лген соң, қ арсылас екі топқ а бө лініп алғ ан-ды. Бірінші топты кейқ уат Жастерек басқ арды. Оның шылауындағ ылар Естерек пен Дінмұ хаммед балала-ры еді. Ал екінші топты тайбұ ғ а Ормамбет ұ лы Қ ара Келмұ хаммед басқ арды. Оның қ арамағ ында Ормамбет балалары мен марқ ұ м нұ радын Шайтерек ұ лдары еді. Жастерек тобы малды-жанды, іргелірек еді. 1519 жылдың мамырында Жастерек тобы қ арсыластарына тұ тқ иылдан тап берді. Бірақ тайбұ ғ а Қ ара Келмұ хаммед ат тізгінін белге байлап, қ аруды басқ а жастап ұ йық тап, кү тініп отырғ ан. Қ арсыластарын беттен ұ рғ андай қ ылды. Бірақ атыс-шабыста Дінмұ хаммед ұ лы Қ арагө з-Мамай тайбұ ғ аның інісі Мамайды ө лтіріп кетті.
Астрахан воеводалары жағ дайды Мә скеуге хабарлап еді, Елшілік басқ армадан (Посольский приказ) “араласпаң дар, мейлі” деген нұ сқ ау тү сті. Астрахан воеводалары А.А. Хованский мен А.М. Львов нұ сқ ауды асқ ан ептілікпен асыра орындады. “Олардың бір-бірімен араздығ ын ү рлеп бық сытып, бетпе-бет шайқ асуғ а дейін жеткізіп отырдық... Ым-жымымызды білгізбей екі жақ қ а да жасырын барып, бір-біріне айдап салудың арқ асында біржола қ ұ рып бітудің аз-ақ алдында тұ р” деген воеводалардың Елшілік басқ армасына жазғ ан хатын В.В. Трепавлов жария етеді (Сонда, 402, 403-бб.).
Жауласқ ан екі топқ а да воеводалар кө мекке деп атқ ыштар бө лімшесін жіберіп отырғ ан. Орыстан қ арулы арқ а тірек таптым деп ойлағ ан ә лгілер бір-бірін ө ршелене шабады. Атқ ыштар ешқ ашан оқ шығ ындап, шө п басын сындырмайтын, қ ызық ты қ ызық таушылар ғ ана еді.
1619-1620 жылдардағ ы атыс-шабысқ а Дінбай ауылы араласпады. Олар бес мың ү й болып Астрахан іргесінде отырды. Бұ л кездегі Дінбай ұ лысының жетекшісі Қ анай еді. Ол Қ азтуғ анның ү шінші атасы Тінікейдің туғ ан інісі. 1622 жылдың қ ысында воеводалар қ олдауымен би лауазымына тағ айындалғ ан Қ анай мен нұ радын Қ ара Келмұ хаммед сол жылдың сә уірінде Мә скеуге елшілерін жіберді. Ақ патша воеводалардың бұ л ұ сынысын бекітуі керек еді. Елшілік сә тті барып қ айтты да, 1622 жылдың 10-шы қ арашасында Астрахан қ аласында Қ анайды ақ киізге салып, би кө терді. Ол осы тізгінді 16 жыл бойы қ олында ұ стады. Қ анай иісі ноғ айлының соң ғ ы биі, одан кейін би қ ою дә стү рі жоғ алды. Осы ретте Қ азтуғ анның “Мадақ жырындағ ы”:
Билер ө тті, би соң ы,
Би ұ лының кенжесі, –
деген жолдар шындық қ а дө п келеді.
Қ анай 1638 жылдың орта шамасында дү ниеден озды. Оның орнына Тінікей ұ лы Абдол (Қ азтуғ анның тө те атасы) ұ сынылды. Бірақ ақ патша кең сесі енді би сайлаудың қ ажеті жоқ деп тапты.
Қ анай би туралы қ ұ жаттар ө те кө п, ал Қ азтуғ анның тө те атасы Абдол, туғ ан ә кесі Сү йініш туралы да деректер ұ шырасады (История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Алматы, 2005. Том І. Қ ұ жат №239. 355, 356-б.б.). 1645-1646 жылдың 29-шы қ азаны аралығ ын қ амтитын аталмыш шолу қ ұ жатта Абдол да, Сү йініш те Жетісан ұ лысының билеушілері ретінде ауызғ а алынады. 1645 жылдың 13-ші қ ыркү йегімен таң баланғ ан қ ұ жатта олардың Жем бойында отырғ аны айтылса, 1646 жылдың 29-шы қ азанында Жетісанның ү ш мырзасы, ішінде Абдол да бар, Дендер тауы тұ сынан Жайық тан ө тіп, Нарынның шет пұ шпағ ында отырғ анын куә ландырады (Сонда, 356-б.). Олардың Астраханғ а барып, орысқ а берілуді мақ сат еткені хабарланады.
Қ азтуғ анның Ноғ айлыдан кетуі туралы ә деби дереккө з жеткілікті. Оның ең бастысы Қ азтуғ анның “Туғ ан жұ ртпен қ оштасу” толғ ауы:
Қ айран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың.
Қ айырлы болсын сіздерге
Менен қ алғ ан мынау Еділ жұ рт!
(Бес ғ асыр жырлайды. Алматы, 1989. 29-б.). Ноғ ай ғ алымы А.И-М. Сакалиев Қ азтуғ анның “Жембойлық ” атты ұ зақ толғ ауы болғ анынан хабар береді. Жембойлық тар Ноғ айлының бір ұ лысы бола тура Ноғ айлының қ алмақ қ а қ арсы аттаныстарына қ осылмай, қ айта қ алмақ пен ауыз жаласып ө з жұ ртына жасағ ан опасыздығ ы дастанғ а арқ ау болғ анын, былайша толғ айды:
Алдаспан мен мақ сым (ішімдік – Ә.С.) тапса,
Бұ жембойлық дегенің
Алты атасын сатады.
Ә лемге ә лек келгенде,
Алып ноғ айлым арқ а бойында
Қ ан тө гісе ө лгенде,
Бұ жембойлық туғ аным
Атандай шеке беріп жатады...
(Сикалиев А.И-М. Ногайский геройческий эпос. Черкесск, 1994. 49-50-бб.).
Екінші аса мә нді дереккө з Мұ рат Мө ң кеұ лының “Қ азтуғ ан” жыры. Ә жептә уір кө лемді бұ л толғ аудың мазмұ ндық қ ұ рылымы айрық ша ден қ ойғ андай. Мұ рат ырың -жырың, бит-қ ұ рт болғ ан Ноғ айлыдан безінген Қ азтуғ ан тақ ырыбын жырлай отырып, атақ ты жыраудың артында қ алғ ан мұ расы ұ мытылып, ө ліп қ алмасын дегендей, Қ азтуғ ан толғ ауларын дастанғ а тү гел қ осып жіберген. Ол толғ аулардың кө бінің сө збе-сө з жырлағ ан да, жадында кө мескіленгендерін мазмұ ндап жырлағ ан. Мә селен:
Еділді қ оныс етпең із,
Жағ алай қ алмақ алады,
Жайық ты қ оныс етпең із,
Сыдыра біткен кө к жиек
Кә пірлер қ ала салады.
Астарханды қ оныс етпең із
Шаһ арын оның алады.
(Мұ рат. “Арыс” баспасы, Алматы, 2001. 171-б.).
Осы толғ аудан Қ азтуғ ан жырларын сү зіп алып, жыраудың мұ расына енгізер шумақ тар аз емес. Одан Мұ рат ақ ынның айдыны ортаймайды.
Мен неткенмін, неткенмін,
Қ урайлы жү ріп кеткенмін.
Тайсойғ ан мен Дендерден,
Сағ ыз бенен Жемдерден
Қ ұ ралайдай шұ бырып,
Гулеп те желіп ө ткенмін.
Ойылдың Тамдыкө ліне
Бір тү стеніп кеткенмін.
Маң ғ ыстаудың ойына
Етек-жең ім жыртылып,
Ақ қ ырауда жеткенмін.
Мұ рат ақ ын Қ азтуғ анды Маң ғ ыстауғ а жеткізіп салады.
Ал Қ азтуғ анның бұ дан кейінгі басынан ө ткендері Мұ рын жыраудың “Қ арғ абойлы, Қ азтуғ ан” жырында баяндалады.
Орыстан опа таппай, қ алмақ тан қ ашып-пысып жан созғ ан Абдол, Сү йініш мырзалар орысқ а берілуден басқ а амал жоқ деп шешкен сияқ ты. Мұ рын жырау да Жемде Ноғ айлы мырзаларының он сегіз қ ұ ң кең есін, мә мілеге келмей, бет-бетіне бытырағ аны, Қ арғ абойлы мен Қ азтуғ анның ө зге Ноғ айлыдан жырылып Шам аспақ болып, Оқ -Балқ анғ а бет тү зегені айтылады.
Қ олда бар деректерді жиынтық тай келгенде 1638 жылы Астрахан іргесіндегі Бозанды тастап шық қ ан Қ анай ауылдары, Тайсойғ ан, Дендер арқ ылы Жемге ө ткен. Қ алмақ тар екі-ү ш кү ншілік жерде еді. Аралас қ онғ ан кездері де болғ ан. Қ азақ хандығ ына жол жабық болғ анымен, Маң ғ ыстау арқ ылы Ү ргеніш, Бұ хар асу мү мкіндігі жоқ емес-ті. Ноғ айлының билеуші қ аймағ ын қ ұ рағ ан ағ айындарының дені Қ ырым тарапта еді. Абдол мен Сү йініш Бұ харғ а ұ замай, Астраханғ а қ айта барып орысқ а берілуді жө н кө рген. Ата, ә келерінің бұ л шешімімен келіспеген Қ арғ абайлы мен Қ азтуғ ан ағ айындарымен Жемде ажырасып, Оқ -Балқ анғ а ұ зайды. Демек, бұ л 1645 жылы болғ ан уақ иғ а.
Қ уғ ыннан қ айтып оралғ ан Ә білғ азы баһ адү р қ алмақ тайшысының шақ ыруымен Жемге барып, қ онақ тап қ айтқ анда, Маң ғ ыстаудың осы тұ стағ ы жағ дайын ө з кө зімен кө ріп, шежіре кітабына енгізген. Ол Маң ғ ыстаудың ұ зына бойында 100 қ аралы тү рікмен шаң ырағ ы барын, басқ а ө ң ірінің қ ұ лазып бос жатқ анын жазып кеткен. Мұ рын жырау Ә білғ азы жазбаларымен таныс адамдай, тарихи қ ұ жаттың баянын қ аз-қ алпында айнытпай суреттейді. Жемнен Оқ -Балқ анғ а дейінгі бір айлық жолда қ алмақ тың жол торығ ан жасақ тарынан басқ а жан баласы жоқ -ты.
Оқ -Балқ анғ а жетіп, бұ лақ қ а малдарын суарғ анда, су лайланып кетіп, боз мая суғ а қ анбай қ алады. Ә лгі жануар ботасын тастап, бұ рылып алып кері салады. Содан Жем суына жеткенше Қ азтуғ анғ а қ айыру бермейді. Ырың -жырың кесірінен елден безген Ноғ айлығ а қ арағ анда мал екеш малдың да туғ ан жерді қ имағ анын қ иыстыра суреттейді. Эпос астарлы философиялық мә нге ие боп, кө ркем туынды ретінде шырқ ап сала береді. Қ азақ ә дебиетінде бұ л сюжет талай жырланды, ал ол Мұ рын шығ армасының жаң ғ ырығ ы екені айтылғ ан емес.
Эпоста елден ажырай кө шкен Ноғ айлының шағ ын тобының ел ағ алары Қ арғ абойлы мен Қ азтуғ анның бірге тумағ анмен, ү зең гі жолдас, бастас-достас адамдар екені ә ң гімеленеді. Қ арғ абойлының бірінші боп аталуына қ арағ анда Қ азтуғ аннан бір иткө йлек бұ рын тоздырғ ан ү лкендігі болса керек. Ұ лы жоқ Қ азтуғ анның ү лкен қ ызы Асылзат – 15-те, ал Қ арғ абойлының ұ лы – 10-да. Осығ ан қ арағ анда ол екеуі де 40-45 жас шамасындағ ы кү ші қ айтпағ ан, дер шағ ындағ ы батырлар. Біз жоғ арғ ыда қ ұ жаттан Қ азтуғ анның ә кесі Сү йінішті айтпағ анда, атасы Абдолдың ел-жұ ртын қ орғ аштап, ат арқ асынан қ алмағ ан адам екенін кө рдік. Атасы Абдолғ а – 80, ә кесі Сү йінішке – 60 жас бергеннің ө зінде Қ азтуғ ан – 40 жас шамасындағ ы азамат. Мұ рын жырау ө з қ аһ армандарының жас мө лшерін дұ рыс шамалады десек, ендеше Қ азтуғ ан 1600 жылдары туғ ан болады.
Сонымен Қ азтуғ анның ү шінші атасы Тінікені Ноғ айлы қ ұ жаттарынан кезіктіре алмағ анмен, Тінікенің туғ ан інісі 1622 – 1638 жылдар аралығ ында би болғ ан Қ анайдың іс-ә рекеттерінен, Қ азтуғ анның тө те атасы Абдол мен ө з ә кесі Сү йініш туралы хатталғ ан қ ұ жаттарғ а иек сү йей отырып, Қ азтуғ анды ХVІІ ғ асырдың бірінші ширегінде ө мір сү рген тұ лғ а деп таң балай аламыз.
200-250 мың ғ а жуық жауынгер атты жасақ ұ стап орысты қ амыстай қ алтыратқ ан, 200 жыл бойы Ресейден албана алып тұ рғ ан Ноғ айлының алауыздық тан аяқ асты болғ анына кү йінген намысшыл жырау тесік тау ө тіп, Шамғ а кетуді ниет етіп, Оқ -Балқ анғ а маң дай тіреді. Одан кейінгі тағ дыры белгісіз. Тү рікмендер ол туралы лә м-мим ештең е білмейді. Қ азтуғ анның ө зі Ноғ айлыдан кеткенмен, ұ рпағ ының туғ ан топырақ та қ алғ анына Мұ рын жырау куә лік етеді. Ол Қ азақ Ғ ылым академиясының сұ рауымен қ андай жырларды жатқ а білетінін айтып, хаттатқ анда: “Қ азтуғ ан батыр. Оның ұ лы Манаш батыр. Оның ұ лы Тұ яқ бай батыр” деп кө рсеткен. Бұ л дерек Қ.И. Сә тбаев пен Н.Т.Сауранбаевтың Мұ рын жырау мұ раларын жазып алу туралы Халық комиссарлары кең есінің тө рағ асы Н.Д.Оң дасыновқ а жолдағ ан мә лімдеме хатында сақ талғ ан (Батырлар жыры, Алматы, 1990. Том. 6. 258-260-бб.). 1645 жылдар шамасында қ алмақ шапқ ыншылығ ына тап болып, қ атты кеміп қ алғ ан атасы Абдол, ә кесі Сү йініш ауылдары орысқ а берілу ү шін Астраханғ а қ айтып оралып, Қ азтуғ ан мен Қ арғ абойлы олардан бө лініп Оқ -Балқ анғ а ұ зағ анда, Қ азтуғ ан баласы Манаш атасымен бірге кеткен. Олар Астраханғ а қ айтып оралғ анмен, Бозандағ ы байырғ ы қ оныстарын ала алмай, Бозанның сә л шығ ысына Қ иғ аш сыртына орналасқ ан. Манаштың моласы Атырау-Астрахан тас жолының іргесінде ә лі де Манаш деп аталады. Манаш моласының орны ғ ана қ алып, ол елді мекен атына айналғ ан. Исатай мен Махамбет Қ арауылқ ожамен алғ ашқ ы шайқ асын осы моланың іргесінде ө ткізді. Осы Манаштан Тұ яқ бай туып, ә келі-балалы екеуі де жырдың қ аһ арманына айналды.

 

Қ орытынды:

Оның дастандары ө з ө мірі жайлы кө п мә лімет беретінін білдік. Ә сіресе, «Бұ дырайғ ан екі шекелі» дастанында ө з портретін жазғ андай. Сонымен қ атар, қ олда бар деректер арқ ылы Қ азтуғ анды ХVІІ ғ асырдың бірінші ширегінде ө мір сү рген тұ лғ а деп таң балай аламыз. Оның шежіресі арқ ылы ол ноғ ай ұ лтының тө л перзенті екенін білдік. Ол кө птеген жырлардың қ аһ арманына айналғ аны белгілі болды.

 

Дереккө здері:

https://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/231-kazak-adebieti/4239-2012-03-15-09-46-33.html сайты

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Концепция сайта | Конституционный суд в РФ.




© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.