Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






О н б е с і н ш і т а р а у. Ертең жетінші сәуір деген күні түнде, таң алдындағы күзетте тұрған Остин Дингоның өршелене






 

ГЭРРИС

 

Ертең жетінші сә уір деген кү ні тү нде, таң алдындағ ы кү зетте тұ рғ ан Остин Дингоның ө ршелене абалап ө зенге қ арай жү гіріп кеткенін кө зі шалды. Сол сә тте миссис Уэлдон, Дик Сэнд жә не негрлер ү ң гірден жү гіре шық ты.

– Динго адамның немесе бірер хайуанның дыбысын сезген,

– деді жасө спірім.

– Басқ а біреу болса болар, ә йтеуір Негоро емес, – деді Том, – Динго оғ ан ерекше ызалана ү реді.

– Негоро қ айда болды екен? – деп сұ рады миссис Уэлдон, Дикке кө з қ иығ ын тастап, мұ ның мә нісіне тек қ ана Диктің ө зі тү сінді. – Егер бұ л Негоро болмаса, онда кім болғ аны?

– Оның кім екенін қ азір білеміз, миссис Уэлдон, – деді Дик Сэнд. Сосын Бат пен Остинге жә нс Геркулеске қ арап:


– қ ане, достарым, мылтық пен пышақ алың дар да, менің соң ымнан ерің дер, – деп ү стеді.

Бә рі де белбеулеріне пышақ қ ыстырып, қ олдарына мылтық алды. Сосын тө ртеуі де мылтық тарын ә п-сә тте оқ тап алып, аяқ тарын тез басып, ө зен жағ алауына қ арай жө нелді.

Миссис Уэлдон, Актеон жә не Том қ арт ү ң гірдің кіре беріс аузында қ алды, ү ң гірде ұ йық тап жатқ ан кішкентай Джекті кә рі Нан бағ ып отыр.

Кү н жаң а ғ ана кө терілген. Оны биік жар қ алқ алап тұ рғ андық тан, жағ алаудың қ айраң ын ә лі кө лең ке басып жатыр. Бірақ тең іздің батыс жағ ы сонау кө кжиекке дейін алғ ашқ ы тү скен кү н сә улесімен жарқ ырап тұ р еді.

Дик пен ү ш негр жарды жағ алап, ө зен сағ асына қ арай тез аттап келе жатты.

Бұ ларды ө зен сағ асында Динго кү тіп алды. Ит тұ рғ ан жерінен табан серіппей ү ріп тұ р. Ол адамның ө зін кө рді немесе дыбысын сезді, ә йтеуір оның адамғ а ү ргені анық.

Том қ арттың айтқ аны келді: Динго ө зінің ескі дұ шпаны Негороғ а ү рмеген екен.

Қ ұ зды қ иядан тө мен тү сіп бір адам келе жатыр. Ол жағ алаудағ ы қ айраң ды бойлап, итке кү шімдей тү сіп, аяғ ын балпаң басып, ілгері жү рді, оның ашулы тө беттен қ орық қ аны кө рініп тұ р.

– Мынау Негоро емес, – деді Геркулес.

– Негороның орнына басқ а біреу келсе, зиян тарта қ оймаспыз, – деді Бат.

– Бұ л жергілікті халық тан болса керек, – деді жасө спірім.

– Мұ ның пайда бола кетуі, алысқ а ұ зап жер шолудан бізді қ ұ тқ аратын болды. Ә йтеуір ө зіміздің қ ай жерде екенімізді білетін болдық!

Тө ртеуі де мылтық тарын арқ аларына асынып, жат адамғ а қ арсы жү рді.

Бейтаныс бұ ларды кө ріп таң қ алды. Жағ алаудың осы бө легінен адам кездестірем деп кү тпеген тә різді ол.


«Пилигримнің» сынық тарын оның ә лі кө рмеуі мү мкін, ә йтпесе апатқ а ұ шырағ андардың жағ алауда екенін білер еді. Анығ ын айтқ анда, тү нгі соқ қ ан дауыл кеме қ аң қ асының быт-шытын шығ арып талқ андағ ан болатын, енді оның тең із бетінде тек кейбір сынық тары ғ ана қ алқ ып жү р.

Бейтаныс ө зіне қ арсы келе жатқ ан қ арулы адамдарды кө ріп, қ алт тұ ра қ алды, мылтығ ын дереу қ олына алды да, қ айтадан иығ ына асты.

Ә йтсе де Дик Сэнд оғ ан сә лем беріп, қ олын бұ лғ ады. Сірә, жат адам ө зіне қ арсы келе жатқ андардың бейбіт ниетте екенін тү сінсе керек, сә л уақ ыт толғ анып тұ рды да, сосын бұ лардың қ асына келді.

Дик Сэнд оны анық тап кө рді.

Бұ л ө ң іне қ арағ анда, жасы қ ырық тарды қ усырғ ан, сақ ал- шашы бурыл тартқ ан, ойнақ ы кө з, беті кү нге кү йіп қ арая тү скен бойшаң адам еді. Бұ л сияқ ты кү нге кү йіп тотығ ушылық кө шпелілерде, ө мір бойы орман аралап сахара кезіп таза ауада жү ретін адамдарда ғ ана болады. Бейтаныстың басында етекті қ алпағ ы, ү стінде тері кү ртесі, тері шалбары бар. Қ онышы тізесінен асқ ан былғ ары етігінің сірісіне ү лкен шпор байлап алғ ан, аттағ ан сайын сылдыр қ ағ ады.

Дик Сэнд ө здерінің алдында тұ рғ ан пампастың жергілікті адам емес екенін бір қ арағ аннан-ақ танығ ан еді, шынында да солай боп шық ты. Мұ ны шетелдік, сезікті авантюрист деуге болады, алыста жатқ ан шала жабайы елдерде мұ ндайлар аз емес. Оның тү рі мен жирендеу келген сақ алына қ арағ анда, ағ ылшын-саксон қ анды адам деуге болады. Ә йтеуір ол жергілікті халық та, испан да емес.

Дик Сэнд бейтаныс адамғ а ағ ылшын тілінде сә лем беріп еді, о да сол тілмен ешбір мү лтіксіз:

– Хош келіпсіз, жас достым! – деп жауап қ айырды.

Диктің жорамалдауы шынғ а айналды. Ол таяу келіп Диктің қ олын алды.

Жат адам Диктің негр жолдастарына тек қ ана басын изеп қ ойды.


– Сіз ағ ылшынсыз ба? – деп сұ рады ол жасө спірімге қ арап.

– Америкалық пын, – деп жауап қ атты бала жігіт.

– Оң тү стік пе?

– Жоқ, солтү стік.

Бұ л жауап бейтаныс адамды қ уантқ андай болды. Ол нағ ыз америка салтымен Диктің қ олын қ айта алып сілкіп-сілкіп қ ойды.

– Жас достым, бұ л жағ алауғ а қ алай келіп қ алғ аның ызды сұ рауғ а болар ма екен?

Бірақ Дик Сэнд жауап қ айырып ү лгірмей-ақ, бейтаныс адам басындағ ы қ алпағ ын алды да, иіліп тә жім етті.

Миссис Уэлдон қ ұ м ү стінде аяғ ын ептеп басып, олардың алдына келіп тоқ тағ ан еді.

Бейтаныс адамның сұ рағ ына миссис Уэлдонның ө зі жауап қ айырды.

– Сударь, – деді ол, – біз апатқ а ұ шырадық. Біздің кемеміз жағ алау маң ының су асты қ ұ зына соғ ылып, кеше ғ ана қ ирады.

Бейтаныс адам жаны ашып қ ынжылғ андай болды.

Мұ хитқ а бетін бұ рып, апаттың ізін кө зімен шолды.

– Кемеміздің тү гі де қ алғ ан жоқ, – деді Дик Сэнд. – Оның тас-талқ аны шық қ ан, қ алдық жаң қ аларын бү гін тү нде толқ ын шайып ә кетті.

– Бә рінен бұ рын, – деді миссис Уэлдон, – ө зіміздің қ ай жерде екенімізді білсек деймін.

– Оң тү стік Америка жағ алауындасыздар, – деп жауап қ атты бейтаныс. Ол миссис Уэлдонның сұ рағ ына таң данғ ан сияқ танды. – Сіздер мұ ны қ алайша білмейсіздер?

– Ие, сударь, анық білің кіремейтінім рас, – деді Дик Сэнд. – Біз бұ л жө нінде, кү мә нді едік, ө йткені жел кемені бағ ытынан тайдырып, басқ а жақ қ а айдап ә кетуі мү мкін, ал мен болсам, ө зіміздің қ ай жерде екенімізді анық тауғ а мү мкіндігім болмады. Бірақ менің сізден ө тініп сұ райтыным,


біздің нақ қ ай жерде екенімізді дә лелдең кіреп айтсаң ыз екен. Перу жағ алауында болсақ керек, дұ рыс емес пе?

– Жоқ, жоқ, жас достым! Аздап оң тү стікке таман. Сіздердің апатқ а ұ шырағ ан жерің із – Боливия1жағ алауы. Дә лдең кіреп айтқ анда, Боливияның оң тү стік бө легі, Чили шекарасында деуге болады.

– Сіздер мына мү йісті не деп атайсыздар? – деп сұ рады Дик Сэнд солтү стік жақ ты кө рсетіп.

– Бір ө кінішті жері, мен мұ ны білмеймін, – деп жауап қ атты бейтаныс. – Мен бұ л елдің орталық ө лкелерімен жақ сы таныспын, ө йткені онда жиі-жиі барып тұ руыма тура келді, бірақ бұ л жағ алауғ а келіп тұ рғ аным осы бірінші рет.

Дик Сэнд бейтаныс адамнан мына сө зді есітіп, ойғ а қ алды.

Жалпы алғ анда, жасө спірім оншалық ты таң данғ ан жоқ.

Ағ ыс кү шін білмеген соң, есептен жаң ылуы қ иын емес. Бірақ Дик Сэнд «Пилигримнің» апатқ а ұ шырағ ан жері оң тү стік ендіктің жиырма жеті – отыз градустардың аралығ ы деп шамалағ ан-ды, мынаның айтуына қ арағ анда, Дик онша кө п қ ателеспеген. Кеме жиырма бесінші градуста апатқ а ұ шырағ ан болды.

Ең соң ғ ы анық талғ ан жер Пасхи аралы еді, ол арадан шық қ алы кеме ұ зақ жү рді, қ ателесу мө лшерінің мұ ншалық ты аз болуы мү мкін емес.

Бейтаныс адамғ а шын айтпады деп кү мә нданарлық тай Диктің ешбір дә лелі болмады. «Пилигримнің» апатқ а ұ шырағ ан жері тө менгі Боливия екенін білген соң, бұ л жағ алаудың елсіздігіне Дик Сэнд таң данғ ан жоқ.

– Сударь, – деді ол бейтанысқ а қ арап, – сіздің айтуың ызғ а қ арағ анда, біз Лимадан2кө п қ ашық тамыз деп шамалаймын?

– Лима қ айда, алыс... Лима ана жақ та! – деп ол солтү стікке қ арай қ олын сілтеді.

 

1 Чилиге қ арсы жү ргізілген соғ ыста (1879-1884) Боливия тең із жағ алауындағ ы меншігінен айрылғ ан болатын, содан бері ол мемлекет мұ хитқ а шығ а алмай келеді.

2 Лима – Перудың астанасы.


Негороның жоқ болып кетуінен сезіктенген жас ә йел мына адамды зер сала бақ ылады. Бірақ ол мұ ның қ ылығ ынан да, қ айырғ ан жауабынан да сезіктенерліктей ешнә рсе таба алмады.

– Сударь, – деп бастады сө зін миссис Уэлдон, – егер менің сауалым сізге ың ғ айсыз тисе кешірің із! Сіз, Боливияда тудың ыз ғ ой, ә?

– Мен ө зің із сияқ ты америкалық пын, миссис... – Қ асында тұ рғ ан адамдардың біреуі ө зіне ә йелдің фамилиясын айтып жіберуін кү тіп, бейтаныс адам тына қ алды.

– Миссис Уэлдон, – деді Дик.

– Менің атым Гэррис, – деп бейтаныс сө зін жалғ астырды.

– Мен Оң тү стік Каролинада тудым. Бірақ менің туғ ан елімнен кеткеніме, мінеки, жиырма жыл, содан бері Боливия пампасында1тұ рып келемін. Мен ө з отандастарыммен жолығ ысқ аныма ө те қ уаныштымын, бұ ғ ан сенуің ізге болады!

– Мистер Гэррис, сіз Боливияның осы бө легінде ү немі тұ рып келесіз бе? – деп сұ рады ә йел.

– Жоқ, миссис Уэлдон, мен оң тү стігінде, Чили шекарасында тұ рамын. Бірақ мен қ азір солтү стік-шығ ысқ а, Атакамағ а бара жатырмын.

– Демек, біз Атакама сахарасынан қ ашық емес екенбіз ғ ой? – деп сұ рады Дик Сэнд.

– Дұ рыс айтасыз, жас достым. Ол сахара сонау кө кжиектен кө рінген тау бө ктерінің аржағ ынан басталады.

– Атакама сахарасы! – деп қ айталады Дик.

– Ие, жас достым, – деді Гэррис. – Бә лки, Атакама сахарасы Оң тү стік Американың ең қ ызғ ылық ты да, аз зерттелген бө лігі болар. Бұ л тамаша жер басқ а елдердің жерінен ерекше...

– Сіз, шө л далада жападан-жалғ ыз жол жү руге қ алай тә уекел еттің із? – деп сұ рады миссис Уэлдон.

 

1 Пампас – Оң тү стік Америка даласы.


– О, мен бұ л сияқ ты асулардан талай-талай асқ анмын, – деді Гэррис. – Осы арадан екі жү з миль жерде Сан-Феличе бар, онда гациенд – ірі ферма орналасқ ан. Ол менің бауырымның фермасы. Онда сауда ісімен жиі барып тұ рамын. Егер қ аласаң ыз, менімен бірге жү рің із, онда сізді шын ық ыласымен қ арсы алатындарына кепіл бола аламын. Сіз ол арадан Атакамағ а оң ай жетесіз, менің бауырым сізге қ уана-қ уана кө лік береді.

Америкалық тың мына сыпайы ұ сынысы шын ық ыласпен жолаушылардың пайдасына айтылғ ан сияқ ты еді. Гэррис бұ л ұ сынысының жауабын кү тпестен тағ ы да миссис Уэлдонғ а қ арап:

– Мына негрлер сіздің қ ұ лдарың ыз ба? – деді ол Томды жә не оның жолдастарын кө рсетіп.

– Осы кү ні Қ ұ рама Штаттарда қ ұ л жоқ, – деді миссис Уэлдон оның сө зіне наразы ү нмен тез жауап қ айырып. – Солтү стік Штаттар қ ұ лдық ты ә лдеқ ашан жойды, оң тү стіктер де солардың ө негесінен ү лгі алғ ан.

– Аһ, айтпақ шы, солай екен ғ ой, – деді Гэррис. – Бұ л маң ызды мә селені 1862 жылғ ы соғ ыстың шешкені есімнен шығ ып кетіпті ғ ой. Мына мырзалардан кешірім ө тінемін, – деп ү стеді Гэррис мысқ ылды ү нмен, қ ұ лиемденушілік жойылғ аннан кейін оң тү стік америкалық тар ә детте негрлермен осылай сө йлесетін.

– Бірақ бұ л джентльмендер сізге қ ызмет етіп жү ргенін кө рген соң, мен...

– Сударь, бұ л адамдар мағ ан қ ызмет еткен жоқ жә не етпейді де, – деп миссис Уэлдон оның сө зін бө лді.

– Сізге қ ызмет етуге борыштымыз, миссис Уэлдон, – деді Том қ арт. – Бірақ бізді ешкімнің иемденбейтіндігі мына мистер Гэрриске мә лім болсын! Менің қ ұ л болғ аным рас. Алты жасар кү німде мені қ ұ л саудагерлері Африкадан ұ стап алып, Америкағ а апарып сатқ ан. Ал менің балам Бат, мен қ ұ лдық тан қ ұ тылып ерікті адам қ атарына қ осылғ ан


уақ ытымда туды, жолдастарымның бә рі ерікті адамдардың балалары.

– Ендеше, сіздерді сол бостандық тарың ызбен қ ұ ттық таймын, – деп жауап қ атты Гэррис, миссис Уэлдонғ а оның ү нінде келеке бардай сезілді. – Дегенмен осы кү нгі ерікті Боливияда да қ ұ лдық жоқ. Олай болса қ орқ а қ оятын тү к те жоқ. Жаң а Англия1штатында жү ргендерің із сияқ ты, мұ нда да қ ауіп-қ атерсіз жү ре берулерің ізге болады.

Осы сә тте кішкентай Джек Нанғ а еріп ү ң гірден шық ты да, жұ дырығ ымен кө зін уқ алады.

Бала анасын кө ре сала, тұ ра ұ мтылды.

Миссис Уэлдон бө бегін аймалап бетінен сү йіп жатыр.

– Қ андай сү йкімді бала! – деді америкалық Джекке жақ ындап.

– Бұ л – менің ұ лым, – деп жауап қ атты ә йел.

– О, миссис Уэлдон! Мына ауыр кү ндерде сіз екі жақ тан бірдей – ө зің із ү шін де, бө бегің із ү шін де азап шеккен екенсіз ғ ой!

– Оның бә рі енді ө тіп кеткен уақ иғ а ғ ой, мистер Гэррис.

Джек те аман, басқ аларымыз да аманбыз.

– Бұ л сү йкімді бө бектің бетінен сү юге рұ қ сат етің із? – деп ө тінді Гэррис.

– Мейлің із, сударь.

Бірақ кішкентай Джек мистер Гэрристі оншалық ты жақ тырмаса керек, анасына тығ ыла берді.

– Қ арай гө р, мұ ны, – деді Гэррис. – Сен мені сү йгің келмей ме? Демек, мен сағ ан жексұ рын кө рінеді екенмін ғ ой?

– Кешірің із оны, сударь, – деп миссис Уэлдон асығ а жауап қ атты. – Джек – ө те ұ ялшақ бала.

– Біз екеуміз алдымен танысып алайық, сосын достасып та кетерміз, – деді Гэррис. – Гациендке барғ ан соң ол жерден сен мініп серуендейтін ә п-ә демі кішкентай ғ ана ат та

 

1 Жаң а Зеландия – Америка қ ұ рама штаттарының солтү стік шығ ыстағ ы ө ндірістік штаты.


табылады, ол жануар біз екеуміздің таза достасуымызғ а дә некер болады.

Бірақ «ә п-ә демі кішкентай атты» айтып Джекті қ ызық тырғ анымен, бала оғ ан оншалық ты елжірей қ оймады, бұ рынғ ысынша бетін анасының етегімен жауып жасырына берді.

Миссис Уэлдон ә ң гіменің бетін басқ а жақ қ а бұ руғ а асық ты, Джектің жылы шырай кө рсетпеуі ө з қ ызметін соншама сыпайылық пен ұ сынғ ан адамның қ ытығ ына тие ме деп қ орық қ ан еді ол.

Гэрристің ұ сынысы туралы Дик Сэнд ойғ а қ алды. Екі жү з миль жол жү ру миссис Уэлдон мен Джекті ө те қ ажытуғ а тиіс, ө йткені аяқ артарлық ешқ андай кө лік жоқ.

Дик Сэнд ө зінің неден қ ауіптенетінін Гэрриске айтты да, не дер екен деп оның жауабын кү тті.

– Шынында да бұ л ұ зақ жол, – деді Гэррис. – Бірақ жағ алаудан жү з қ адам жерде менің атым байлаулы тұ р. Мен оны миссис Уэлдонғ а шын ризалығ ыммен беремін. Еркектер жаяу жү реді, бірақ жаяу жү ру еркектер ү шін ешқ андай қ иын емес жә не қ ажытпайды да, бұ ғ ан сенуің ізге болады. Мен, баратын жеріміз екі жү з миль дегенде, ө зен жағ алауы мен ондағ ы жолдың жылан ізіндей ирек-ирек екендігін есепке алдым, осы жолмен қ азір ғ ана ө зім жү ріп келдім. Егер біз орман арасымен тө телеп жү рсек, онда біздің жолымыз кем дегенде сексен миль қ ысқ арады. Кү ніне он мильден жү ріп отырсақ, гациендке қ алай жеткенімізді білмей де қ аламыз.

Миссис Уэлдон америкалық қ а алғ ыс айтты.

– Егер айтқ ан алғ ысың ыздың шын екендігін дә лелдегің із келсе, менің шын ық ыласыммен айтқ ан ұ сынысымды қ абылдаң ыз, – деді Гэррис. – Расын айтқ анда, менің бұ л орманғ а келіп тұ рғ аным осы ғ ана, сонда да болса қ иналмай- ақ жол табатыныма кү мә нданбаймын, ө йткені мен орман аралап ү йренген адаммын ғ ой. Бізді азық мә селесі ғ ана


қ инаң қ ырайды. Мен Сан-Феличеге жету ү шін бір адамғ а ғ ана жетерлік азық алып шық қ ан едім.

– Мистер Гэррис, – деді миссис Уэлдон, – бізде азық кө п, бө лісіп жерміз.

– Міне, жарады, миссис Уэлдон! – деп айқ айлады Гэррис.

– Іздесе таптырмастай боп сә тінің тү се қ алғ анын қ араң ызшы, менің ше, ендігі қ алғ аны – тек қ ана жолғ а шығ у!

Гэррис тоғ айғ а байлап кеткен атын ә келейін деп жү ре беріп еді, оны Дик тоқ татып жаң адан сауал берді.

Тең із жағ алауынан ұ зап, ұ зындығ ы жү з мильге созылғ ан жыныс орманды кезу жасө спірімге ұ наң қ ырамады. Дик нағ ыз тең ізші еді, тең із жағ алауынан ұ зап кеткісі келмеді.

– Мистер Гэррис, – деді ол, –Атакама сахарасын кезіп, жү з жиырма миль жол жү ру мағ ан қ олайсыз кө рініп тұ р. Тең із жағ алап жү ргеніміз жө н болмас па еді? Мейлі, біз солтү стікке немесе оң тү стікке қ арай жү рсек те бә рібір, ә йтеуір тең із маң ына жақ ын қ алалардың біріне жетсек болғ аны.

Гэррис жайлап қ ана қ абағ ын кіржитті.

– Жас достым, – деді ол, – бұ л жағ алауды мен білетін болсам, тең із маң ына ең жақ ын қ ала біз тұ рғ ан жерден ү ш жү з немесе тө рт жү з миль...

Дұ рыс айтасыз, – Дик Сэнд оның сө зін бө лді, – бірақ оң тү стікте ме, ә лде солтү стікте ме?

– Оң тү стікте, – деді америкалық, – Чилидің ө зіне жеткенше тө мен қ арай жү руіміз керек. Демек, жол ұ зақ қ а созылады деген сө з. Мұ ның ү стіне, егер мен сіздің орның ызда болсам, Аргентина Республикасының пампастарына жуымауғ а тырысар едім. Бір ө кінішті жері, сіздерге еріп онда ө зім де бара алмаймын...

– Чилиден шығ ып Перуге баратын пароходтар ол жағ алауғ а жақ ындамай ма? – деп сұ рады миссис Уэлдон.

– Жоқ, – деді Гэррис. – Олар ашық тең ізбен кетеді. Сірә, сіздерге бірде-бір пароход кездеспеген болар?

– Дұ рыс айтасыз, – деді миссис Уэлдон. – Сө йтіп, Дик, сенің мистер Гэрриске тағ ы қ андай сауалың бар?


– Бір ғ ана сауалым бар, миссис Уэлдон, – деді жасө спірім оның ұ сынысына қ осылғ ысы келмей. – Бізді Сан- Францискоғ а жеткізетін пароход қ ай порттан табылар екен, осы жағ дайды сұ рап білейін деп ем.

– Расын айтқ анда, жас достым, сіздің бұ л сұ рағ ың ызғ а жауап қ айыру мағ ан қ иын соғ ып тұ р, – деді америкалық. – Сан-Феличедегі гациендтен сіздерді Атакама қ аласына жеткізіп салатын кө лік табамыз, мен осыны ғ ана білемін, ал сосын...

– Мистер Гэррис, – миссис Уэлдон оның сө зін бө лді, – сіздің ұ сынысың ыз Дикке ұ намай тұ р екен деп ойлай кө рмең із!

– Жоқ, жоқ, миссис Уэлдон, – деп айқ айлады жасө спірім.

– Мен мистер Гэрристің ұ сынысын жан-тә німмен алғ ыс айтып қ абылдауғ а ә зірмін. «Пилигрим» бірнеше градус солтү стікке немесе оң тү стікке таман қ ирамады, менің ө кінетінім осы ғ ана. Олай болғ анда бірер портқ а жақ ындап, елімізге қ айтуғ а біраз жең ілдік табар едік жә не мистер Гэррис бізге бола жолынан қ алып ә уре болмас еді.

– Ғ афу етің із, мен аса қ уаныштымын, – деді Гэррис. – Бұ л жерде отандас адам сирек кездеседі дедім ғ ой, сондық тан да шын ық ыласыммен сіздерге аз да болса қ ызмет кө рсеткім келді.

– Сіздің ұ сынысың ызды қ абылдаймыз, мистер Гэррис,

– деп жауап қ атты миссис Уэлдон. – Ә йтсе де сізді атың ыздан айырып, жаяу жү ргізгім келмей тұ р. Ө зім де асқ ан жү ргіш...

– Мен сізден де жү ргішпін, – деп Гэррис тағ зым етті. – Мен пампастарды жаяу кезіп шынығ ып қ алғ ан адаммын, егер біздің отряд жолда кідіріп қ алатын болса, оғ ан мен кінә лі емес шығ армын. Жоқ, миссис Уэлдон, сіз кішкентай Джекті алдың ызғ а алып атпен жү ресіз. Дегенмен гациенд қ ызметкерлерінің бірі жолшыбай ұ шыраспауы мү мкін емес. Егер салт бара жатса, бізге астындағ ы аттарын қ уана-қ уана тү сіп береді.


Дик Сэнд Гэрристің ұ сынысына наразылық білдіре берсе, келіншекті ренжітіп алатынын байқ ады.

– Мистер Гэррис, – деді ол, – олай болса, жолғ а қ ашан шығ уымыз керек?

– Тап бү гін, жас достым! – деп жауап қ атты америкалық.

– Бұ л араның жауынды маусымы май айынан басталады, лайсаң басталғ анша Сан-Феличедегі гациендке жетіп қ алуғ а асығ уымыз керек. Орман аралап жү ретін жол тө те, бә лки қ ауіпсіз де болар. Кө шпелі ү нділер орманғ а сирек келеді: олар кө бінесе жағ алаудағ ы елді талауды кө здейді.

– Ал, Том, достарым, – деді Дик негрлерге қ арап, – ендігі мә селе қ азірден бастап жол жү ру қ амына кірісу ғ ана. Азық қ орынан кө теріп жү руге ың ғ айлы жең іл-жең ілдерін ғ ана іріктеп алып, тайлап буамыз да, барлық жү кті ө зара бө лісіп аламыз.

– Мистер Дик, – деді Геркулес, – тілесең із жү ктің бә рін бір ө зім-ақ кө теріп жү рейін.

– Жоқ, болмайды, батыр, – деді жасө спірім, – ең абзалы, барлық жү кті бә рімізге тең бө лу.

– Геркулес, сіз кү шті кө рінесіз, – деді Гэррис, – бейнебір оны сатылғ алы тұ рғ андай басынан аяғ ына дейін қ арап шығ ып.

– Африканың еріксіздер базарында сізге бағ аны аз тө лемес еді.

– Мағ ан қ ұ нымнан артық ты кім тө лесін, – деп кү лді Геркулес, – бірақ сатып алғ ан кісі мені ұ стау ү шін талай жер жү гіруі керек болар.

Жолғ а шығ уды тездету ү шін бә рі жұ мыла іске кірісті. Дайындық жұ мысы ұ зақ қ а созылғ ан жоқ, ө йткені бұ лардың қ азіргі тұ рғ ан жерінен Сан-Феличедегі гациендке жету ү шін небары оншақ ты кү н уақ ыт керек.

– Мистер Гэррис, сіздің меймандостығ ың ызды пайдаланбас бұ рын, сізді ө зіміз қ онақ еткіміз келіп тұ р, – деді миссис Уэлдон. – Бізбен бірге отырып ас ішуден бас тартпассыз деймін. Бұ ғ ан риза шығ арсыз?


– Ә бден ризамын, миссис Уэлдон, ә бден ризамын, – Гэррис кө ң ілдене жауап қ атты.

– Бірнеше минутта ас дайын болады.

– Ә бден жақ сы, миссис Уэлдон, ас піскенше мен атқ а барып келе қ ояйын. Оның ендігі оты да қ анып қ алғ ан болар.

– Сізге еріп баруғ а рұ қ сат етің із? – деп сұ рады Дик Сэнд америкалық тан.

– Егер барғ ың ыз келсе, жас достым, – деді Гэррис, – мейлі, бірге барайық, сізге мына ө зеннің тең ізге қ ұ ятын сағ асын кө рсетейін.

Сө йтіп, олар атқ а бірге кетті.

Бұ л арада миссис Уэлдон энтомолог ғ алымды іздеуге Геркулесті жіберді. Айналада не боп жатқ анымен Бенедикт ағ айдың тү к жұ мысы жоқ. Тоғ ай шетіндегі бұ талардың арасынан сирек кездесетін жә ндіктер іздеп жү рген.

Ғ алымды Геркулес зорлап ә келуге мә жбү р болды. Миссис Уэлдон Бенедикт ағ айғ а, алыс елге жаяу кетуге ұ йғ арылғ анын, орман аралап жү ретіндерін жә не жолдың он кү нге созылатынын айтты.

Бенедикт ағ ай қ алағ ан уақ ытта жү ріп кетуге ә зір екендігін айтты. Тек қ ана оғ ан жолшыбай жә ндіктер аулауына рұ қ сат етілсе болғ аны, Оң тү стік Американың ол шетінен бұ л шетіне дейін жаяу баруғ а риза екенін білдірді.

Мұ ның соң ында миссис Уэлдон Нанды жә рдемшілікке алып дә мді ас дайындады. Ұ зақ жолғ а шығ ар алдында тамақ танып алудың ешқ андай артық тығ ы жоқ қ ой.

Бұ л уақ ытта Дик пен Гэррис ө зен сағ асындағ ы жарды жағ алап, бірнеше жү з қ адам ө зенді ө рлей жү рді. Біраздан соң ағ ашқ а арқ андаулы тұ рғ ан ат кө рінді, ат иесін кө ріп, оқ ырана қ арсы алды.

Бұ л бір асқ ан жақ сы ат екен, оның қ ай тұ қ ымнан екендігі Дикке мә лім емес. Бірақ аттың тұ ла бойында араб тұ қ ымның нышаны бар-ды, мұ ны анық тау ү шін, аттың жің ішке мойны мен жатағ андау шоқ тығ ына мал танитын тә жірибелі адам кө з жү гіртіп ө тсе, жетіп жатыр.


– Сіз байқ айсыз ба, жас достым, – деді Гэррис, – бұ л сондай кү шті жануар. Бұ ғ ан алаң сыз сенуге болады.

Гэррис ағ аштан атты шешіп алды да, жү генінің сулығ ынан ұ стап, Диктің алдына тү сіп ү ң гірге қ арай жү рді. Бала жігіт ө зеннің екі бетіндегі жарғ а тесіле қ арай тү сіп, Гэрристің соң ынан ерді. Бірақ ол сезіктенерліктей ешнә рсе кө ре алмады.

Ү ң гірге таяу келгенде, кү тпеген жерден:

– Мистер Гэррис, сіз бү гін тү нде португал Негоро дегенді кездестірмедің із бе? – деп сұ рады Дик.

– Негоро? – деп қ айырып сұ рады Гэррис, ө зінен Диктің кімді сұ рап тұ рғ анын білмеген кісіше, – Негоро дегенің із кім?

– Ол кісі «Пилигримнің» аспазы еді, – деп жауап қ атты Дик Сэнд. – Жоқ болды да кетті.

– Суғ а батты ма? – деп сұ рады Гэррис.

– Жоқ, жоқ, – деді жасө спірім. – Ол кеше кешкісін бізбен бірге болды, бірақ тү нде кетіп қ алыпты. Оның ө зенді жоғ ары ө рлеп кетуі ық тимал. Сіз оның кеткен жағ ынан келдің із ғ ой, сол себепті сұ рап тұ рмын.

– Мағ ан ешкім кездескен жоқ, – деді америкалық. – Егер сіздің аспаз орманның ит мұ рны ө ткісіз қ алың жеріне жападан-жалғ ыз барып енсе, оны адасты дей бер... Дегенмен, мү мкін, біз оны жол-жө некей қ уып жетерміз.

– Ие, мү мкін... – деп мің гірледі жасө спірім.

Дик Сэнд пен Гэррис келгенде, ас ә зір болғ ан еді. Кешегі сияқ ты, бұ л ас та ет консервісі мен кептірілген наннан істелген- ді. Гэррис асқ а аш қ асқ ырша килікті.

– Жолда аштан ө лмейді екенбіз, – деді ол. – Бірақ, жас достым, ә лгі португал сорлының халі нешік болар екен?

– А! – деп миссис Уэлдон оның сө зін бө лді. – Негороның ғ айып болғ анын сізге Дик айтып па еді?

– Ие, миссис Уэлдон, – деді жасө спірім. – Мистер Гэррис Негороғ а ұ шыраспады ма екен, соны білгім келіп еді.


– Жоқ, ұ шырасқ ам жоқ, – деді америкалық. – Енді ол қ ашқ ын туралы ойлауды қ оялық та, ө з ісімізбен болайық. Миссис Уэлдон, сіздің қ алағ ан уақ ытың ызда аттануғ а ә зірміз. Ә ркім кө теруге тиісті жү гін алысты. Геркулес жас ә йелді қ олтық тап атқ а отырғ ызды. Кішкентай Джек ө зінің ойыншық мылтығ ын арқ асына асып, анасының алдына мінді, ө зіне сондай тамаша ат берген адамғ а алғ ыс айтуды ойына да

алғ ан жоқ.

Тізгін ұ стауғ а асық қ ан Джек, «бұ л мырзаның атын» ө зім жү ргіземін деді анасына.

Тізгін Джекке берілгенде, жұ рттың бә рі ө зін отряд басығ ы деп танығ андай болды бала.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.