Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сұраныстар жасау




Сұраныстарды қолдану МБ-нан ақпараттарды алудың ең жылдам тәсілі болып табылады. Сұраныс бір немесе бірнеше өзара байла­нысқан кестелерден керекті мәліметтерді таңдап алуға, есептеулер жүргізуге және нәтижелерді кесте түрінде алуға мүмкіндік береді. Access-те тұтынушыға қолайлы болып саналатын үлгі бойынша сұраныстар қалыптастыру – QBE (Query By Example) мүмкіндігі бар, оның көмегімен күрделі сұраныстарды оңай құрастыруға болады. Сұранысты бастапқы МБ кестелері арқылы, басқа сұра­ныс­тар нәтижесінде алынған кестелер және құрылған сұраныстар негізінде де тұрғызуға болады. QBE сұраныстары пайдаланылатын кестелер мен сұраныс бланкы бар мәліметтер схемасынан тұрады. Сұраныстар құру үшін мәліметтер схемасында көрсетілген кестелердің керекті өрістерін тышқан арқылы белгілеп алып, сұраныс бланкына тасымалдап, жазбаларды таңдап алу шарттарын енгізсе болғаны. Әрбір кесте өрістері тізімінің бірінші орнында «кестенің барлық өрістері» деген мағынаны білдіретін * символы бар, оны таңдасақ, сұранысқа барлық өрістер енгізілетін болады.

Сұраныс құру үшін «Сұраныстар» («Запросы»)парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту керек. Сондағы сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі 69-суретте көрсетілген.

 

69 сурет. Сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі

 

Сұранысменюі сұраныстармен жұмыс істеуге арналған, оның мынадай пункттері бар:

Іске қосу (Run) – сұраныстың орындалу нәтижелерін кесте режимінде экранға шығарады,

Кесте қосу (Show Table )«Кесте қосу» ("Добавление таблицы")терезесін көрсетеді,

Кестені жою (Remove Table) – белгіленген кестені немесе сұранысты ағымдағы сұраныстан жояды,

Таңдау (Выборка) (Select) - ағымдағы екпінді сұранысты таңдаудағы сұранысқа (запрос на выборку) түрлендіреді,

Айқасқан (Перекрестный – Crosstab) – айқасқан сұраныстар жасау қызметін атқарады,

Кесте жасау (Make Table) - ағымдағы екпінді сұранысты жаңа кесте құру сұранысына түрлендіреді,



Жаңарту (Update) - екпінді сұранысты жаңарту сұранысына түрлендіреді,

Үстемелеу (Append) - екпінді сұранысты үстемелеу сұранысына түрлендіреді,

Жою (Delete) - екпінді сұранысты жою сұранысына түрлендіреді,

SQL сұранысы (Query SQL) - екпінді сұранысты біріктіру, басқару немесе сервер сұранысына түрлендіреді,

Параметрлер (Parameters) – сұхбаттасу терезесінде сұраныстың керекті параметрлерін тағайындау үшін қолданылады.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал