Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Подагра ОА




97. 55-жастағы әйел тізе буындарының алғаш басқанда (стартты) ауыруына шағымданады, зерттеу кезінде несеп қышқылының деңгейі - 0,47 мкмоль/л. Буындары өзгермеген, тофустар анықталмайды. Тізе буындарының рентгенограммасында сүйек буындары өзгеріссіз.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* Реактивті артриттің

* Бруцеллезды артриттің

* Подагралық артриттің

*+Асимптомдық гиперурикемияның

* Остеоартроз кезіндегі екіншілік синовиттің

98. 56 - жастағы әйел бірнеше жылдан бері тізе буындарының артрозымен хондропротекторлар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен ем қабылдайды. Зерттеу кезінде: қанда несеп қышқылының деңгейі аздап, 500 мкмоль/л жоғарлағаны анықталды. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының біркелкі емес тарылуы, субхондральды склероз.

Емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* Димексидті қосу

* Колхицинді тағайындау

* СЕҚҚ препараттардың мөлшерін жоғарылату

* Аллопуринол тағайындау

*+Хондропротекторлармен емді жалғастыру

*99.Диуретиктер қабылдайтын 57 - жастағы әйелде, кенеттен 1-ші плюснефалангалық буынында ауырсыну пайда болып, буыны гиперемияланып, ісінген, дене қызуы 37,8°С дейін жоғарлаған. Қанда – лейкоциттер – 9,2х109/л.

Төменде көрсетілген препараттар тобының қайсын тағайындаған БАРЫНША тиімді ?

* Антибиотиктерді

* Кортикостеройдтарды

* Базисті қабынуға қарсыларды

* Селективті ЦОГ-2 ингибиторларды

*+Селективті емес стероидты емес қабынуға қарсыларды

100. 47 -жастағы ер кісіде 8 жыл бұрын оңжақ 1-ші плюснефалангалық буынының жедел артриті дамыды. Сонан бері плюснефалангалық буынының ұзақ жүрген кезде күшейетін ауырсынуы мазалайды. Қарағанда; оңжақ тізе табан буынының дефигурациясы және оң жақта halux valgus үлкейгені анықталды. Қан анализінде – лейкоциттер 9,2х109/л, ЭТЖ -21 мм/сағ. СРБ +. Холестерин 6,6 ммоль/л, несеп қышқылы – 440 мкмоль/л. РФ латекс-сынама – 1:20.

Берілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін:

* Остеоартроз

* Реактивті артрит



* Бруцеллезды артрит

* Псориатикалық артрит

*+Созылмалы подагралық артрит

101. Соңғы 7 жыл көлемінде, 52 - жастағы ер кісіні ұзақ жүрген кезде күшейетін тізе, балтыр - табан, плюснефалангалық буындарының ауырусыну мазалайды. Өршуі жылына 2-3 рет емдәмді бұзғанда байқалады. Қарау кезінде: оңжақ тізе, балтыр- табан буындарының дефигурациясы, құлақ қалқанында тофустар. Несеп қышқылы – 790 мкмоль/л. РФ латекс-сынама – 1:20.

Емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* Хондроитин сульфат

*+Аллопуринол

* Преднизолон

* Азатиоприн

* Метотрексат

102. 55 - жастағы ер кісіде, рентгенограммада сол жақ 1-ші және 2-ші, оңжақ 1-2-3-ші плюснефалангалық буындар саңлауының тарылуы, шеттік остеофиттер, субхондральды склероз, эпифиз аймағында сүйек жасушаларының дөңгелек формалы «пробойник» типті ағаруы анықталады.

Осындай рентгенологиялық сурет кандай патологияға БАРЫНША тән?

* Реактивті артритке

* Бруцеллезды артритке

* Туберкулезді артритке

* Псориаздық артритке

*+Созылмалы подагралық артритке

103. 44 - жастағы әйелді, 5 жыл көлемінде тізе және шынтақ буындарының ісінуі, ауыруы мазалайды. Бір рет бүйректік шаншу мазалап, дизурия, бел аймағында ауырсыну қосылған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы1002–1007, рН-5,0, протеинурия 0,9 г/л дейін, эритроциттер 5-6 дейін к/а, лейкоциттер 12–13 дейін к/а, ураттар +++. Тәуліктік несеп қышқылының экскрециясы 1230 мг/тәл.



Төмендегі зерттеу тәсілдердің қайсысын тағайындау БАРЫНША мәліметті?

* Іш қуысы ағзаларының жалпы рентгенографияны

* Экскреторлы урографияны

* Ретроградты урографияны

* Хромоцитоскопияны

*+Бүйректі УДЗ

104. 56 жастағы ер адам 28-жасынан бастап рецидивирлеуші бүйректік шаншу және буындарындағы ауыру сезімі мазалайды. Көп мөлшерде етті тағамдар мен ішімдікті қолданғаннан кейін бірініші аяқ саусағында ауыру сезімі, қою зәр мазалайды. Келесі күні анурия пайда болды. Жағдайы ауыр, ісінулер, АҚҚ 150/90 мм сб. б. Креатинин – 932 мкмоль/л, зәр қышқылы – 784 мкмоль/л. УДЗ – тастар жоқ.

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША мүмкін пайда болды?

* зәртас ауруы, постренальді ЖБЖ

*+Жедел подагралық нефропатия, ЖБЖ

* созылмалы уратты нефрит, ЖБЖ

* жедел гломерулонефрит, ЖБЖ

* Жеделнефритикалық синдром

105. Ревматоидты артритпен ауыратын ер адам ұзақ уақыт диклофенак, ибупрофен және циклоспоринді қабылдағаннан ісінулер пайда болды, зәрдің қарқынды қою түске боялуы, бел тұсында ауыру сезімі пайда болды. анализде: белок - 1,1 г/л, эритроциттер 15–20 к.а, лейкоциттер 5–6 к.а. Зәр қышқылының тәуліктік экскрециясы 1230 мг/тәу.

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША мүмкін пайда болды?

* бүйрек амилоидозы

* Гломерулонефрит

*+екіншілік подагра

* Токсикалық нефрит

* зәртас ауруы

106. 44 жастағы әйелде жарақаттан кейін түнде қатты ауырсыну, балтыр табан буынының ісінуі, гиперемия; қалтырау, 38°С дейін қызба пайда болды. Қанда – лейкоциттер 11,2 х 109/л., ЭТЖ – 34 мм/сағ.

Бұл жағдайда салыстырмалы диагностиканы жүргізу үшін берілген зерттеу тәсілдерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША мәліметті?

* Қанды стерильділікке себу

* С-реактивті белокты анықтау

* Синовиальды сұйықтықты зерттеу

* Несептегі несеп қышқылы деңгейін зерттеу.

*+Қандағы несеп қышқылы деңгейін зерттеу

ЛНГ18

107. 20 жасар қыз білек және тізе буындарының ауру сезіміне және ісінуіне шағымданды. 2 апта ішінде ауырып келеді. 2 апта бұрын осы буындарда эритематозды бөрпеле және артралгия пайда болды, бір аптадан кейін буындары ісініп, жылы және ауру сезімді болды. Буындардың Р-графиясында патология анықталмады. ЖҚА өзгеріссіз. РФ теріс, АНА - оң. Өзігінен эффекті жақсы нимесулид қабылдады. 3 аптадан соң симптомдар басылды.

Аурудың өршуі кезінде диагнозды верификациялау үшін қандай анализ жасау керек?

* гепатита С маркерларға ИФА

*+парвовирус В19 IgM антиденелерге ИФА

* екіспиральды ДНК антиденелер

* Антицитруллинді антиденелер

* Антистрептолизин-О

108. 88 жасар науқаста қатты тершеңдікпен 38° дейін дене қызу, бұлшықетте, буындарда ауру сезімі, ауру сезімі әсерінен оң қолын көтере алмау, «сүйектер сыздайды» шағымдары пайда болды. Объективті: пальпация кезінде бұлшықеттері ауру сезімсіз, иық буындары сыртқы көзге өзгермеген, оң иық буынының белсенді әкетуі шектелген, пассивты қимылы сақталған. Науқас ауру сезімінің орнын толық айта алмайды. ЖҚА: Эр. 3,8*1012/л, Нб – 124 г/л, Л- 9*109/л, лимфоциты – 45%, СОЭ 55 мм/сағ. ЭКГ – синусты тахикардия. КТМ (ОГК) Р-графиясы – өзеріссіз. Оң және сол иық буындарының Р-графиясында симметриялық субхондральды склероз және буын саңылауының тарылуы анықталды.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақты анықтайды?

* зәр қышқылы деңгейін анықтау

*+бруцеллезге серологиялық реакция

* онкомаркерге зерттеу

* антинуклеарлы антиденелер

* ревматоидты фактор

109.\ Себебі белгісіз қызба синдромы деп,адамда дене қызуының үнемі немесе 3 апта сайын қаншадан жоғары көтерілуін айтады:

* 37,3 °С

*+38,3 °С

* 39,0 °С

* 37,0 °С

* 37,8 °С

11\0. Қалтыраусыз және жеңілірек өтетін жиі қай қызба?

* Бруцеллез

* Пиелонефрит

* Ревматоидты артрит

*+Туберкулез

* Хрониосепсис

111.Жасанды қызбаға қай белгі тән?

* қалтырау

* таңертеңгілік қызба

*+жүректің жиырылу жиілігінің қызбаға сәйкес келмеуі

* тершеңдік

* науқастың жағдайының жақсы болуы дене қызуына сәйкес келмеуі

112. 26 жасар ер адам дене қызуының 38,5°С дейін көтерілуіне, көбіне сол жақ тобық пен білезік буынының ауруына, бас ауыру, жалпы әлсіздік пен тершендікке шағымданады. Науқас өзін сәуір ацының ортасынан бастап (4 ай бойы) ауру деп санайды. Алғашында омыртқаның мойын бөлігі мен бас ауруынан басталды, дене қызуын өлшемеді, таңға жуық қалтырау мен қатты тершеңдік пайда болды. Мамыр айының жақ ұманың сол жағы ісінді. Хирургқа қаралды. «Іріңдікті» ашты, операциядан кейін жағдайы нашарлады – дене қызуы көтеріліп, бас ауруы және артралгия күшейді. Болжама диагнозыңыз?

* Реактивті артрит

*+Жеделдеу бруцеллез

* Созылмалы бруцеллез

* Өкпеден тыс туберкулез - туберкулезді орхит

* Жұмыртқаның семиомасы

113.40 жасар әйел адам 38-38,5С қызбаға, қалтырауға, бүкіл денесінің ауыруына, бас айналуына, жүрек айнуға, таңертелік қырысуларға, тізе буынының ауыруынан сол аяғына баса алмайды. Екі жылдай ауырады, қызба, буындарының ауыруы, сол тізе буының ісінуі, қолдарында тітіркену сезімі және ұюы пайда болды. Емханаға қаралғанда «Полиартрит» диагнозомен госпитализацияланды – ревматизмге қарсы ем тағайындалды, нәтижесі оң, бірақ қысқа әсерлі. Соңғы төрт айда етекірінің бұзылуын, бел аймағында және сегіз көздегі ауыру сезімі пайда болды. Болжам диагноз?

* Ревматоидты артрит

* Жедел ревматиалық қызба

*+Созылмалы бруцеллез

* Жүйелі васкулит

* Вирусты гепатит

114.45 жастағы әйел соңғы төрт айда дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Наурыз айында табан болтыр буынының ісінуі, дене қызыуының 37,5-38оС дейін көтерілуі анықталды. Латеральді тобықтың шыбық сүйегінің абсцессі бойынша ота өткерген. 2 жылдан кейін сол буынының ісінуі, табан фалангалық қосындының оң табанның 1 саусағы ісінген. Рентгенограммада: шыбық сүйегінің табанының остеопороз белгілерімен остеомиолиты, сол өкше сүйегінің, таранды сүйектің арты периоститтері, сол таран-табан буынының артриті анықталды. Гинекологиялық анамнез: бес жүктілік, екі босану. Қатып қалған үш жүктіліктен кейін (38 жаста) етекірі тоқталды. 10 жылдай жүктемеден кейін бел аймағындағы ауыру сезімі, оң аяғының және оң қолының ұюы мазалайды. Болжам диагноз?

* Созылмалы остеомиелит

* Септикалық артритпен созылмалы сепсис

*+Созылмалы бруцеллез

* Туберкулезді артрит

* Подагралық артрит

115.23 жастағы ер адам үш айдай ұзақ қызбаға, буындарының ауыруына, қатты таңдайындағы және жыныс ағзаларындағы ойық жараларға шағымданады. 10 кг салмақ жоғалтқан. Соңғы 2 аптада үдемелі ентігу, шырышты іріңді қақырықты жөтел мазалайды. Рентгенологиялық: екі жақты интерстициальді инфильтрация.қақырықтан Candida albucans анықталды.

Көрсетліген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* Бехчет ауруы

*+АИВ-инфекциясына

* Иерсиниоз

* Листериоз

* Сепсис

116. Капоши саркомасы бар 34 жастағы ер адамды 38°С дейін көтерілетін қалтыраумен өтетін қызбаға, айқын ентігуге, кеудедегі ауыру сезімі мазалайды. Аускультативті – тынысы әлсіреген, өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар. Рентгенологилық: өкпе түбірінің кеңеюі, екі өкпе тінінің инфильтрациясы, жергілікті кейбір жерлерде инфильтрация тығыздау. АИВ ИФА оң. Метронидазолды қолдану нәтижелі.

Қақырықты бактериологиялық зерттеуде көрсетілген бактериалардың қайсысы барынша мүмкін кездесуі мүмкін?

* Streptococcus viridans

* Staphylococcus aureus

* Streptococcus pneumonia

*+Pneumocista carinii

* Aspergillius flavus

117. 32 жастағы әйелде медициналық үзуден кейін іштің төменгі бөлігінде ауыру сезімі, жыныс ағзаларынан қанды ағындылар, әлсіздік пайда болды. Қатты қалтыраудан кейін дене қызуы 39,8°С дейін көтеріледі. Таңертен дене қызуы – субфебрильді. Қанда: гемоглобин 92 г/л, лейкоциттер-18 х109/л, таяқша ядерлі – 12%, ЭТЖ-48 мм/с, СРБ - +++.

Қандай емдеу тәсілін тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Левофлоксацин

* Цефазолин амикацинмен

* Цефазолин азитромицинмен

* Литиалық қосында және плазмаферез

*+Цефтриаксон нетромицинмен және метронидазолмен

118. 37 жастағы әйел 2 апта бұрын холецистэктомияны өткерді, кешкісін қалтыраумен қызбаға; оң қабырға астында ауыру сезімі, ықылықтың тиюі, жеген тамақпен құсу, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қанда: гемоглобин 112 г/л, лейкоцитер-12 х 109/л, таяқшаядерлі – 10%,ЭТЖ-49 мм/с, СРБ +++.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* Перитонит

* Жедел гастрит

* Жедел панкреатит

*+Диафрагмальді асты абсцесс

* Он екі елі ішектің ойық жарасы

119. 34 жастағы ер адамды 3 ай тұрақты түрде дене қызуының 38°С дейін көтерілуімен өтетін қалтырауға, түнгі тершеңдікке (су жастық), әлсізідік мазалайды. Науқас көп сөйлегіш, беттері қызғылт, жөтеледі.

Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы БАРЫНША ТИІМДІ?

*+Манту сынамасы

* Квейма сынамасы

* Видал реакциясы

* Хаддлсон реакциясы

* иерсиниозге РПГА

120.19 жастағы әйел 3 ай бұрын мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, әлсіздік, азу, тәбетініәң төмендеуі, түнгі тершеңдікті байқаған. Зерттегенде тығыз, қозғалмалы, ауыру сезімді, ауыру сезімді лимфатүйіндер, гепатоспленомегалия, лимфоцитоз анықталды. Иерсиниоз диагнозы қойылды, антибиотиктердің әсері болмады. Қанда анемия (гемоглобин 67 г/л), лейкопения, IgM титрі жоғары. Лимфа түйіннің биоптатты – лимфоцитарлы пролиферация.

Көрсетілген диагноздарың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* Лимфома

* Бруцеллез

* Туберкулез

* Жедел лейкоз

*+Лимфогранулематоз

121.22 жастағы қызда 2 ай бұрын 1,5-2 сағатқа дейін тұратын 39°С дене қызуымымен қалтырау пайда болды, дене қызуы басылғанда өзін жақсы сезеді. Дене қызуының көтерілуімен бірге тамағының ауыруына, бұлшық еттерінің, буындарының ауыру сезімі мазалайды; киіммен қажалған тері беттерінде «лосось» түсті бөртпелер. Мойын және қолтық асты лимфа түіндерінің ұлғайғаны, қол саусақтарының жергілікті гипертермиясы және ісінуі, спленомегалия анықталды. Қанда: гемоглобин – 108 г/л, лейкоцитер-19 х 109/л, таяқшаядерлі – 25%, ЭТЖ-55 мм/с. РФ–теріс. Антибиотиктермен ем нәтиже бермеді.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*+Стилл синдромы

* АИВ-инфекциясы

* Иерсиниоз

* Бруцеллез

* Сепсис

122. Вирусты С гепатитінің компенсирленген циррозбен ауыратын ер адамда тұрақты қызба анықталған. Альфа-фетопротеин-3 78 ретте жоғарлаған. Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Бауырдың УДЗ

* Бауырдың артериографиясы

* Лапароскопия биопсиямен

*+Компьютерлі томография

* Магнитті-резонансты томография

123. Алты апта бұрын түсік болған 24 жастағы әйелде 38,4°С дене қызуымен қалтырау, айқын ентігу, жүрек соғысы, әлсіздік пайда болды. 14-жасында жүрек тұсында ауыру сезімі және шу естілген. Қарап тексергенде: терісінің түсі «сүт қосылған кофе». Тырнақ астында геморрагиялар, ЖСЖ – 110 рет/мин. Қанда: гемоглобин – 98 г/л, лейкоциттер-19 х 109/л, таяқшаядерлі – 15%, ЭТЖ-56 мм/с, СРБ +++,Хаддлсон реакциясы, РФ - оң. Эхокардиографилық зерттеуде аортальді регургитация анықталды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* Бруцеллез

* Миокардит

* ТШҚҰ-синдромы

*+Инфекциялық эндокардит

* Жүйелі қызыл жегі


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.016 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал