Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пассаттар мен муссондарға анықтама беріңіз




Пассаттар – экватордың екі жағында батыстан шығысқа бағытталған тұрақты ауа ағыны. Пассат экватордың екі жағында орналасқан антициклондардың арқасында пайда болады. Пасаттар – субтропиктік ендіктерден экваторға соғатын желдер. Дәлірек айтсақ, бұл субтропиктік антициклондардың экваторға қараған бөліктеріндегі желдер. Пасаттар қоңыржай ендіктерден келетін субтропиктік антициклондармен байланысты болғандықтан, қоңыржай ендіктерде болып жатқан прцестерге пассаттардың тіуелді екендігі байқалады. Экваторға қарай пассаттардың вертикаль қалыңдығы арта түседі. Пассаттардың жылдамдығы – 5-8 м/с жетеді. Пассаттар экваторға қарай мұхит үстінде азырақ қызған беттен қаттырақ қызған бетке орын ауыстырады, сондықтан да бұлар да күшті конвекция туады. Бірақ бұл тек төменгі қабатта дамиды, өйткені 1200-2000 м биіктікте қалыңдығы бірнеше метр инверсия қабаты жатыр. Пассат инверсиясы дегеніміз пассаттармен байланысты болып келетін антициклондарға тән ауаның шөгу нәтижесі. Қарама қарсы жарты шарлардың пассаттары біріне бірі қарсы бағыттала отырып экваторға жақын бірігеді.

Муссондар – құрлық пен мұхиттар арасында байқалатын, бағытын маусым бойынша ауыстыратын ауа айналымы (жазда құрлыққа бағытталады – жауынды кезең, қыста мұхитқа бағытталады-құрғақ кезең).

Муссондар дегеніміз – жылына екі рет бағытын мүлде дерлік қарама қарсы өзгертіп отыратын (қыстан жазға ж/е жаздан қысқа қарай) ауа ағыстары. Жа бен қыыста бұлар өте орнықты келеді, өтпелі маусымдарда муссондардың орнықтылығы бұзылады. Муссондар қысым айырмашылығы ерекше зор материктер мен мұхиттар аралығындағы алқапта пайда болады. Қыста материк үстіндегі қысым Мұхит үстідегіге қарағанда едәуір жоғары ж/е ауа бар градиентінің бағытымен сәйкес құрлықтан мұхитқа қарай қозғалады (қысқы муссон). Жазда керісінше, материк үстінде қысым төмен болғанда, ауа қозғалысының бағыты мұхиттан құрлыққа қарай қозғалады. Муссондардың атмосферадағы циклондық ж/е антициклондық әрекетімен байланысы жақсы көрінеді. Бұлар циклондар мен антициклондар орнықты болған ж/е бірінен бірінің маусымдық басымдылығы бар жерде байқалады. Қысқы орнықты антициклондар мен жазғы циклондар қоңыржай ендіктерде материктердің үстінде орнауының арқасында муссондар материктердің шығыс шеткі аймақтарында дамыған.муссондар тропосфераның тек төменгі қабатын қамтиды, бұлардың үстінде ауаның қарсы ағыстары болмайды (антимуссон). Қыста муссон құрлықтан соққанда ол батыс тасымалымен сай келеді, жазда ол, төменде, тропосферада мұның үстінде үстемдік ететін батыс тасымалын бұзады. Муссондардың таралуы қоңыржай ендіктермен шектелмейді, ол тропиктік ендіктерде де жақсы білінеді.Тропиктік муссондардың туу себебі – маусымға қарай жарты шарлардың түрліше қызыуы ж/е осыған бай/ты қоңыржай ендіктерде құрлық үстінде орналасқан кушті қысқы антициклондар мен жазңы циклондардың ықпалымен күшейтілген экваторлық депрессиямен тропиктік антициклондардың маусымдық ығысуы. Қытай мен Үндістанда муссон деп материкке ауаның тек жазғы ауысын ғана айтады.



 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Пожаловаться на материал